Тақырыбы: «Соғыста қарумен,бейбіт күнде
қаламмен қызмет еттім..»
Қалмұқан
Исабай.
Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отан соғысы
туралы әңгімелей отырып,қазақстандықтардың ерлігімен
таныстыру,соның ішінде сыныпқа бөлініп берілген Қалмұқан Исабаевтың
ерлікке толы өнегелі өмір жолын үлгі етуге,Отанға деген
сүйіспеншілікті арттыруға,Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен
боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге
тәрбиелеу.
Көрнекіліктері:Ұлы Отан соғыс
батырларының портреттері,буклет,батырлық туралы нақыл
сөздер,Қалмұқан Исабаев туралы
видео,суреттері
Түрі:сынып
сағаты
Әдісі:баяндау,ақпараттық
технология,сұрақ- жауап,әңгімелеу
Жүру барысы:І.Ұйымдастыру
бөлімі
ІІ.Негізгі
бөлім:
Жүргізуші: Құрметті
ұстаздар,оқушылар!
Биылғы Ұлы Жеңістің 73
жылдығына байланысты »Соғыста қарумен,бейбіт күнде қаламмен қызмет
еттім...» деп жырлаған Қалмұқан Исабаевтың ерлікке толы өнегелі
өміріне арналған сынып сағатымызды ашық деп
жариялаймыз.
Жеңіс жырын айтсын бүгін тіл
көмей,
Абзал досым,мүгедекті жүр
демей!
Ел дегенде еңіреп туған
ерлерді
Еске алайық бір сәт
тұрып,үндемей.
Адамзаттың бейбіт
дамуының,тұрмыс тіршіліктің рахатына кенелуінің бақыты үшін
миллиондар жанын пида етті,қане барлығымыз Ұлы Отан соғысында
құрбан болған жандарды 1 минут тыныштықпен еске алайық!
Рахмет,отырыңыздар!
1.ХХ ғасырдың ең бір қанды
қасіреті қайсы десек,ол Екінші Дүние соғысы еді.Себебі оған әлем
халықтарының 80 пайызы қатысты,майдан орталығына 61 мемлекет
тартылды,40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды,110 мемлекет адамы
қолына қару алды. Олардың арасында көп ұлтты Кеңес Одағы деген алып
ел бар еді.
Сол кездегі КСРО үшін Ұлы Отан
соғысы болды.Осы ел бақайшағына дейін қаруланған фашистік
Германияны тізе бүктіріп,тек өздерін ғана емес,бүкіл әлемді құлдық
бұғауынан құтқарып қалды.Бұл 1418 күнге созылған шайқастың әр 6-
секунды сайын 1 адам опат болып отырды десек артық айтқан болмас
едік.1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысына Қазақстан 1 млн.366 мың адам
аттандырды.Статистикаға сүйенсек,олардың жартысы ғана аман жеткенін
айтады, қалғандары ұрыс даласында көз жұмды.Олар бізге «Жеңіс» атты
қасиетті де қастерлі сөзді сыйлап кетті.
2.Енді біздің сыныптарға
бөлініп берілген Қалмұқан Исабаев деген кім? Осы батыр атамыз
туралы деректі фильмді тамашалайық.
3.Қалмұқан Исабаев туралы не
білдік?
Қалмұқан Исабаев 1925 жылы 25
тамызда Павлодар облысындағы Баянауылда дүниеге келген. 1943 жылдың
қаңтарында 10 сынып партасынан Совет Армиясы қатарына шақырылады
да, одан 1954 жылдың күзінде запасқа шығады. Ұлы Отан соғысына
қатысқан. 1954–1955 оқу жылында Алматы қаласының кешкі жастар
мектебінде 10 сыныпты бітірісімен, Қазақ мемлекеттік университеті
филология факультетіне сырттай түсіп, оны 1961 жылы бітіріп шығады
және осы уақытта «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен
Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер болып
істеген.
Қ.Исабаевтың әңгіме,
очерктері баспасөзде 1954 жылдан жариялана бастады. Алғашқы «Баян»
әңгімелер жинағы 1959 жылы жарық көрді. Кейін «Ажал құрсауында»
(1961), «Жұмбақ үй» (1962), «Бетпе-бет» (1963), «Соңғы тәулік»
(1966) повесть, әңгіме, очерктер жинақтады. «Сұңқар самғауы»
(1966), «Айқыз» (1967), «Жолдас комендант» (1975), «Көгілдір
қазына» (1978), «Серт» (1982), «Арна» (1984) т.б. романдары
басылды. «Қызыл жұлдыз», Еңбек Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы
ордендері және медальдарымен марапатталған. 2003 жылы Президент
Жарлығымен «Құрмет» орденімен
марапатталды.
4.Енді кезекті оқушыларға
берсек:
-Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс
күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды
міне.
Аспан бетін қаптаған қара
тұман
Серпіліп зұлымдықтың сөнді
түні.
-Балалардың тілеймін
күлгендерін,
Күн бетінде ешбір дақ тұрмасын
деп.
Планета ең ғажап гүлдеп
жерім,
Мәңгі үстінде бейбіт күн
орнасын деп.
-Тапталмайтын түнгі
ізі,
Ұланы болам
Отанның.
Жарқырап жанған
жұлдызы
Жалғаймын жолын
ағаның.
-Жер бетінде
тыныштық!
Жер бетінде
туыстық!
Баянды бақыт
адамға!
Орнатуға
далаға!
Хормен: Ант етеміз таза
көңілмен!
Жүргізуші:
Биыл Ұлы Жеңіске неше жыл
болатынын сіздер білесіздер ме?
Батырлық дегенді қалай
түсінесіңдер?
Ұлы Отан соғысына қатысқан
батырларды атайық?
Жеңіс туралы жырлаған қандай
жазушыны білесіңдер?
Бүгінгі күн - көптен күткен
салтанатты күн,зымыраған уақыттың қанатында жеңістің міне,73-ші
көктемі де келіп жетті.
73 рет бейбіт көктем таң
атқалы,
73 жыл шуақты күн таратты
әнін.
73 рет көктемде содан
бері
Ашылды жеңіс күннің
парақтары.
Хор: »Әрқашан күн
сөнбесін!»
Қорытынды:
Жас
ұрпақ!
Асыр сап,шырқайды ерлікті ән
қылып,
Небір заңғар таулар құлазып
шөксе де
Батырлардың бейнесі жасайды
мәңгілік!
Ендігі сөз сынып сағатымызға
қатысып отырған ұстаздарға беріледі.
№11.Ыбырай Алтынсарин атындағы
орта мектеп
Ұлы Жеңіске 73
жыл!
Тақырыбы:
«Соғыста қарумен,бейбіт күнде
қаламмен қызмет еттім..»
Қалмұқан
Исабай.
Өткізген
сыныптар: 7
«а»
Сынып
жетекшілері:Қабдолова
Балу