Материалдар / Сөйлем құрай білеміз.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сөйлем құрай білеміз.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары . тәрбиешіоерге тақырып бойынша қажетті дайын жұмыс.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: Сөйлем құрай білеміз.

Мақсаты: сөйлем туралы алған білімдерін пысықтау.

Міндеттері: 1. Сөйлем құрау жəне сөйлемді толықтыру, өз ойларын толық жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.

  1. Графикалық тапсырмаларды орындату арқылы саусақ бұлшық еттерін дамыту.

  2. Ұқыптылыққа, досқа адал болуға тəрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құрал-жабдықтар: № 2 жұмыс дəптері. Билингвалды компонент: мысық – кошка, тышқан – мышка.

ҰОҚ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Педагог оқу қызметін «Жалпы атауын ата» дидактикалық ойынымен бастайды.

  1. Əке, аға, ана, əпке – . . .

  2. Орындық, үстел, сөре, керует – . . .

  3. Шалбар, тымақ, шалма, жейде – . . .

  4. Кітап, дəптер, қалам, сызғыш – . . .

  5. «Тығылыспақ», «Қуаласпақ», «Мысық - тышқан», «Ақ серек – көк серек» – ...

2. Негізгі бөлім

«Сұрақ-жауап» əдісі арқылы қайталау.

  1. Дыбыс деген не?

  2. Дыбыстар қандай болып бөлінеді?

  3. Дауысты дыбысты, дауыссыз дыбыстан қалай ажыратамыз?

  4. Дауысты дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?

  5. Дауыссыз дыбыстарды ше?

  6. Сөзді буынға қалай бөлеміз?

  7. Буынды қалай белгілейміз?

  8. Сөйлем деген не?

  9. Сөйлем неден тұрады?

  10. Сөйлем сызбасын қалай белгілейміз?

Дидактикалық ойын-жаттығу: «Жалауша»

Педагог дыбыстар айтады егер дыбыс дауысты болса, балалар қызыл жалаушаны, егер дыбыс дауыссыз болса, көк жалаушаны желбіретеді.

Дидактикалық жаттығу: «Тиісті белгіні көтер»

Педагог жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды араластырып айтады, балалар жуан дауысты дыбысты айтқанда, сары түсті дөңгелекті, жіңішке дауысты дыбыстарды айтқанда, қызыл дөңгелекті көтереді.

Дидактикалық ойын: «Буынды қос»(доппен)

Балалар, шеңберге тұрайық. Мен буынды айтып, бір балаға допты лақтырамын, бала допты ұстап алып, бір немесе бірнеше буынды қосып, сөзді жалғастырады. Кім дұрыс айта алмаса немесе тез буынды айтпаса, айыбын өтейді. Мысалы:(ай- на, алты-бақан, ба-қа, маймыл, жыл-қы, түйме- дақ, ). Ойынды өзгертуге болады.

Дидактикалық жаттығу: «Сөйлемге қажетті сөзді қос»

Мен сендерге бір сөзі жетпейтін сөйлем айтамын, ал сендер сөйлем дұрыс құрылу үшін, мағынасы бойынша келетін сөз қосуларың керек.

Мысалы:

Əкем балғамен шегені ... (шегеледі).

Əжем шұлық ... (тоқыды).

Көбелек гүлге ... (қонды).

Бағдаршамда қызыл түс ... (жанды).

Құрылысшы кірпіш ... (қалады).

Дəрігер науқасты ... (емдеді).

Атам газет ... (оқыды).

Балалар далада ... (ойнады).

Əпкем ыдысты ... (жуды).

Ағай күй ... (тартты).

Дидактикалық ойын: «Сөйлемді толықтыр»

Мақсаты: Сурет бойынша сөйлемдерді құрауға, жай сөйлемдерді толықтыруға үйрету.

Көрнекілігі: «Аулада» тақырыбындағы мазмұнды сурет.

Мазмұны: педагог балаларға суретті көрсетіп, жай сөйлемді құрап айтады, мысалы: Əсем ойнап жүр.

Балалар сөйлемді қайталап, бір-екі сөзді қосып айтады, мысалы: Əсем аулада ойнап жүр.

Келесі бала тағы бір-екі сөзді қосады. Əсем аулада досымен ойнап жүр.

Дидактикалық ойын: «Көп-аз»

Педагог: -Мен сендерге сөзді көпше түрінде айтамын да допты лақтырамын, допты қағып алған бала сол сөздің жекеше түрін айтады да допты кері лақтырады.

Мысалы: балықтар – балық, керіктер – керік, алмалар – алма, гүлдер – гүл, ағаштар – ағаш, қоңыздар – қоңыз, ұлулар – ұлу, орындықтар – орындық, тарақтар – тарақ, кеселер – кесе, қасықтар – қасық, қозылар – қозы, лақтар – лақ, тайлар – тай, құстар – құс, көбелектер – көбелек, мысықтар – мысық, үйлер – үй, достар – дос, көліктер – көлік, кітаптар – кітап, қаламдар – қалам, үстелдер – үстел, саусақтар – саусақ т.б.

Дəптермен жұмыс

  1. Суреттегі ойын түрлерін ата. Сөздерді буынға бөл. Ойын атауларын қатыстырып, сөйлем құра, сызбасын сыз.

(«Мысық-тышқан», əткеншек, асық, батпырауық, сырғанақ, доп).

  1. Суреттерді ата. «П» дыбысының орнын анықта. Сөздің басында болса – бірінші бөлікті, ортасында болса – екінші бөлікті, соңында болса – үшінші бөлікті көк түспен боя.

Сергіту сəті

Мысық

Басты иіп алға созыл керіліп, Жиналамыз артқа қайта шегініп. Тағы созыл алға қара қиылып,

Бүкірейтіп көтер арқаны жиырып. Дəптермен жұмыс (графикалық жұмыс) 3. Үзік сызықтарды бастыр.

4. Үзік сызықтарды бастыр, жалғастырып жаз.

Педагог графикалық жұмысты бастамас бұрын үстелде отыру ережесін естеріне түсіріп қайталайды. Дұрыс отырмаудың денсаулыққа, адам сымбатына зиян екенін айтып өтеді.

Педагог балаларға қарындашты қолдарына алғызып, жазу үлгісін алдымен ауада жаздырады.

Саусақ жаттығуы

Кіп-кішкентай саусақтар Шаршамайды, тынбайды.

Себебі бұл саусақтар Жаттығулар жасайды.

Түрлі-түрлі сызықтар, Дəптерлерге жазады. Еңбексүйгіш саусақтар, Бəрінен де озады.

3. Рефлексия.

Педагог ҰОҚ-ны қорытындылайды. Балаларды мақтап, оларға жетістікке жету үшін еңбектену керектігін айтады.

Оқу қызметінің қызықты өткенін жəне ұнағандығын сұрап білу.

Тапсырмаларды орындау барысында қиналған сəттерің болды ма? Қай тапсырмада? Күтілетін нəтиже:

Жасайды: суретке қарап сөйлем құрайды, сөйлемге қажетті сөзді қосады.

Түсінеді: сөздердің жалпы атауын, көп-аз ұғымын түсінеді.

Қолданады: дыбыстарды ажыратады, сөйлемнін сызбасын.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!