Материалдар / Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Материал туралы қысқаша түсінік
бірдей тұлғада айтылған сөздердің сөйлемнің бірыңғай мүшелері болатынын түсіндіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2018
683
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі 4-сынып Авторлары: Г.И.Уәйісова, Ә.Е. Жұмабаева
Сабақтың тақырыбы:Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
1.Білімділік : Оқушылардың бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздердің сөйлемнің бірыңғай мүшелері болатынын түсіндіру, бірыңғай мүшелердің өзіне тән ерекшеліктеріне сипаттама беру және оқушылардың жеке тұлға құзіреттілігін дамыту;
2.Дамытушылық : Оқушылардың танымын кеңейту, материалды тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін айтуға төселдіру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тіл мәдениетін дамыту;
3.Тәрбиелік: Өз - өзіне сенімділіктерін арттыру, Отан деген сүйіспеншілігін арттыру. Елордамыз – Астана туралы мағлұмат беру.
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы.
Сабақтың әдісі: көрнекілік. түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу, іздендіру, жүйелеу.

Кіріктіру: ана тілі, математика, бейнелеу,
Сабақтың көрнекілігі: Астана туралы суреттер, кітапшалар, слайдтар.
1.Ұйымдастыру.

2. Психологиялық тренинг:
Қол ұстасып бәріміз,

Жылылықты сезейік!

Шуақ шашқан күндей боп,

Күлімсіреп жүрейік!
3.Ой қозғау:
- Балалар,
біздің Отанымыз қалай аталады?
-
Республикамыздың бас қаласы қай қала?
- Олай болса,
Астана туралы не білесіңдер? (слайдтар)


- Бүгін біз
Астана қаласындағы өте тамаша ғимарат, қаланың бас символы «Бәйтерекке» басқышпен жоғары көтерілеміз.
- Басқыштар жай емес, сиқырлы әр басқышта кім тапсырмаларды жақсы орындап отырса, оларға геометриялық фигураларды беріп отырамыз. Сабақтың соңында, қай топ көбірек
ұпай жинаса, сол топ жеңімпаз жалауына ие болады.
«Алғырлар» ----------- ---- «Тапқырлар»-
Бірі бәрі үшін, ------------- -Жеңіскер боп өсеміз,
Бәрі бір үшін. --------------- Азамат боп өсеміз.
4.Үй жұмысын тексеру. 1.Мәтінді аяқтау ,мәтінге ат қою.

Қайталау сұрақтары:

Shape2 Shape1 2.Сөйлем мүшелері

Сөйлемнің дара мүшесі дегеніміз не? Сөйлемнің күрделі мүшесі дегеніміз не?

(ережелерін сұрау , мысал келтір)
5.
«Бәйтеректің тамыры»
Бірыңғай мүшелерді түсіндіру үшін, күнделікті өмірде кездесіп, пайдаланып жүрген нақты заттардың төңірегінде әңгіме жүргізу.
Мысалы, бір оқушы партасының үстіне оқу құралдарын жайып қояды. Оқушының дәптерін, кітабын, қаламын, қарындашын көрсетіп, бұл заттардың бәрі
Асылайдікі екені аңғартылады. Содан кейін оқушылар Асылайда кітап, дәптер, қалам, қарындаш, сызғыш бар. Бұл сөйлемнің ішінде 5 сөз бірдей сұраққа жауап береді.Не? сұрағына жауап беріп, бастауыш болып тұр. Бұлардың сұрағы бірдей болғандықтан олардың сыртқы тұлғалары да, бірдей болып келеді. Бір сұраққа жауап беретін сөздердің орнын ауыстырып, қолдана беретіндігі аңғартылады.

Shape5 Shape4 Shape3 Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Бір сұраққа жауап береді Бір сөз табы болады.


Сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызыметін атқарады.

Берілген мысалдарға дәлел айтады.
Күтілетін жауап: Мысал - Дәлел

1. Орманда не өседі?

Орманда қайың, тал, терек өседі.

2.Асан не істейді?
Асан оқиды , үйренеді, жазады, сызады.

1 - ереже: Бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздерді сөйлемнің бірыңғай мүшелері дейміз. Бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады.

2 - ереже: Бірыңғай мүшелер жеке сөзден де, сөз тіркесінен де тұрады.
3 - ереже: Қосымша бірыңғай мүшелердің соңғы сөзіне ғана немесе әрқайсысына жалғанады
4 - ереже: Бірыңғай мүшелер және мен, бен, пен шылаулары арқылы жазылғанда үтір қойылмайды, ал да, де, та, те, шылаулары қайталанып келсе олардың арасына үтір қойылады.
Қызықты грамматика

Біз бірыңғай мүшеміз,

Қызмет те ортақ, сұрау да.

Жауап беріп тұрамыз,

Бәріміз бір-ақ сұрауға.

Әр сұраққа жауап боп,

Дараланып жүрмейміз.

Бір мүшеге бағынып,

Бірдей қызмет істейміз.

Синтаксис деген кітаптан,

Арнаулы бізге бет берген.

Бірлігімізді ұстанып

Бірыңғай деген ат берген.

Бәйтеректің діңі”

1-топ: “Алғырлар” 47-жаттығу. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою, көшіріп жазу.

2-топ: “Тапқырлар” 49-жаттығу. Бірыңғай мүшелерді табу, олардың қандай мүше болып тұрғанын айту.

Тақтамен жұмыс. Жеке оқушылармен жұмыс.

Сұрақ қою арқылы бірыңғай мүшелерді табу.

1.Құстар зиянды жәндіктерді , құрт-құмырсқаларды жейді. Оларға біз ұя жасап, қорғаймыз, баптаймыз.

7. Сергіту сәті: « Бағдаршам» ойыны

Shape6

Shape7

Shape8

8. “Қызықты математика”

Картоп, сәбіз, қызылша, қызанақ қосылғыштар. Қосындысы не болады?

Көкөністер болады.
Орындық, үстел, шкаф, диван қосылғыштар.

Қосындысында үй жиҺаздары.

Картоп + сәбіз + қызылша = көкөністер

Сары + көк + ақ =түстер

Үй жиһаздары = кереует+ үстел+ сандық

Бағдаршам= қызыл, сара, жасыл

Аңдар=қасқыр+ аю+түлкі

9. “Сөз ойла, тез ойла.”

Мен Астана қаласынан (нелер?) көрдім.Астанада (қандай?) ғимараттар бой түзеуде.Айзере демалыс кезінде (қайда?) болды.Астананың қысы (қандай?).

10.Шығармашылық жұмыс . «Астана » сөзіне сатылай кешенді талдау жасау.

1-топ. Математикалық тәсілмен дауысты, дауыссыз дыбыстарға дыбыстық мінездеме беру.

Берілгені: Астана сөзінде қанша дыбыс бар.Оның нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз екенін бізден сұрайды.

БShape9 Shape10 ерілгені:Астана = -----------= ?


Шешуі: Астана сөзінде алты дыбыс бар.оның үшеуі- олар :үш а дауысты дыбыстар. Себебі:

Үшеуі – олар: с,т, н дауыссыз дыбыстар. Себебі:

3( 3 а)дауысты о

6о =

3( с,т,н) дауыссыз о

Shape12

- дауысты дыбыстар

а) Тілдің қатысына қарай.

Shape13 3( 3а) тіл арты немесе жуан

3Shape20 Shape19 Shape15 Shape17 Shape16 Shape14 =

Сөзде тіл алды немесе жіңішке дауыстылар жоқ

ә) Жақтың ашылу дәрежесіне қарай.

Shape22 Shape21 Shape23 3(3а)ашық дауысты + о жартылай ашық дауыстылар жоқ.

3Shape26 Shape24 =

Shape27 О сөзде қысаң дауыстылар жоқ

б) Ерін мен езудің қатысына қарай :

Shape28 3( 3а) езулік

3Shape29 Shape31 =

Shape32 О еріндік дауысты дыбыс жоқ

-Shape33 дауыссыз дыбыстар

а) Үн мен салдырдың қатысына қарай .

Shape36 Shape35 Shape34 2( с,т) қатаң +О ұяң жоқ

3Shape38 =

Shape39 1( н) үнді

ә) Айтылу, жасалу тәсіліне қарай .

Shape40 Shape41 1( т) шұғыл + 1(с) ызың

3Shape43 =

Shape45 Shape44 Shape46 О+1( н) мұрын жолды

б) Жасалу орны мен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай.

3Shape49 Shape48 Shape47 Shape50 = 1( с) тіс + 1( т) тіл мен тіс +1( н) тіл алды

2-топ. Сөзге сөзсазындық (фонологиялық) талдау жасау.

Shape51

Астана


Shape58 Shape52 Shape57 Shape54 Shape53 Shape55 Астана

1.Бұл сөз айтылу, жасалу жолдарына қарай – жуан буынды сөз.

Себебі сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар жуан дауыстылар.

2. Бұл сөз : Ас –та –на болып үш буынға бөлінеді. Себебі сөздің

құрамында үш дауысты дыбыс бар.Ас буыны – тұйық буын. Себебі

буын дауысты дыбыстан басталып,дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр.

та, на буындары – ашық буындар. Себебі буындар дауыссыз дыбыстан басталып , дауысты дыбысқа аяқталып тұр.

3.Бұл сөз:

Ас- болып екі жағдайда тасымалданады.Себебі сөз үш буыннан тұр

та- немесе сөз буын жігіне сәйкес тасымалданған.

на

4. Қазақ тілінде сөз екпінінің орны біршама тұрақты. Сөзге қосымша жалғанған сайын екпін сөздің соңғы буынына қарай ығысып отырады. Сондықтан бұл сөзде екпін на буынындағы а дауысты дыбысына түсіп тұр.

Астана

5. Сөзде дыбыс үндестігі жоқ .Себебі түбір сөз.

6.Сөзде буын үндестігі жоқ .Себебі түбір сөз.


Сабақты қорыту: Сөздік диктант

Хан-Шатыры, монумент, Пирамида , ағаш глобус.

1.Сұрақтар:
- Сабақта нені өттік? - Сабақтың мақсатына жеттік пе?
- Бірыңғай сөйлем мүшелері деген не?
- Оның өзіндік қандай ерекшеліктері бар?
2.Ойын - жаттығу
Аспан көгіндегі күн болсаңдар, адамдарға қандай жылы сөздер сыйлар едіңдер?

Сол жылы сөздерді күн шуақтарына жазыңдар.

Күтілетін жауап: мейірімділік, жылулық, жарқындық, сұлулық, сергектік, кішілік, кісілік.т. б. Плакатқа маркермен жазу
Үй тапсырмасы: 51 - жаттығу (өлеңді оқып, көшіріп жаз. Бірыңғай мүшелердің астын сыз). `Атырау ` сөзіне сатылай кешенді талдау жасау.
Бағалау. Геометриялық фигураларды санау арқылы қай топ жеңгенін аңықтау, жеңімпаз жалауын тапсыру.



































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!