Материалдар / "Сөйлемнің бірыңғай мүшелері" такырыбында ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Сөйлемнің бірыңғай мүшелері" такырыбында ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
839
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Оңтүстік Қазақстан Облысы Түркістан қаласы

«Е. Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектеп»

коммуналдық мемленкеттік мекемесі

Ашық сабақ

Сөйлемнің бірыңғай

мүшелері

Мұғалімі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Садулла Шерметов







Түркістан- 2015


Пән: Қазақ тілі

Сынып: 8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің біріңғай мүшелері

Мақсаттары: Тақырып ұғымын меңгерте отырып тапсырмаларды орындауда олардың қасиеттерін ажыратуға дағдыландыру.

Күтілетін нәти же:Тақырыпты меңгерген оны жатқа біледі, қолданып тапсырмалар орындай алады

Модульдері: АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)

Бағалау: Өзін өзі (ӨӨБ), жұптық (ЖБ), топтық (ТБ), жиынтық (ЖБағ)

Деректер: тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары

Әдіс тәсілдер: Миға шабуыл, Сөзжұмбақ, «Фиш баун» әдісі «Ақылды доп» ойыны, «Почта» әдісі «Ыстық орындық» әдісі Сәйкестендіру тесті

Сабақ кезеңдері

Уақыт


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті


Білім


Қызығушылық

тарын ояту

2мин

Миға шабуыл арқылы

Сұрақ жауапты пайдалану

Сурет сызу, сол суретке қарап үй жұмысын қорғау.

Топ ережесін құру

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы әр топты диалогқа түсіру

Сызылған суреттер арқылы үй жұмысы пысықталады.

Топ ережесі құрылады.

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды қатесіз топпен орындау, білімдерін тексеру.

Топ ережесін құрады.

АКТ

Түсіну

7мин


Өткен сабақтарды қайталау

«Почта,конверт» әдісін қолдану арқылы топқп атау қойылады.

Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға арнайы тапсырмалар таратылады. Конвертте жұмбақ жасырынған. Жұмбақты шешу арқылы топ атауы шығады.

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды қатесіз топпен орындау, білімдерін тексеру.


ЖТ

ЖЕ

Қолдану





Деңгейлік тапсырма

10мин

Постер

1 топ Білім тобы

2топ Талант тобы

Жаңа сабақ мұғалім тарапынан шағын шолу жасалынады.

Жаңа материалды меңгергенін анықтау мақсатында деңгейлік тапсырмалар беремін.


Әр топ өз топ атауын қорғайды және білетіндерін қағаз бетіне түсіреді, постер арқылы қорғайды



1-деңгейлік тапсырма:

Берілген сөйлемнен бірыңғай мүшелерді тауып,тыныс белгісін қой.

  1. Туған жеріңді еліңді мектебіңді сүй.

  2. Мынау тастар Жезқазған Алтай,Алатау қаратау кендерінен табылған.

  3. Бұғыбай – көрікті ашық-жарқын ақ көңіл жігіт.

  4. Көл бетінде су құстары үйрек қаз аққу бірқазандар жүр.

  5. Халық болған соң өзіндік тарихы тілі мәдениеті дәтүрі болуы шарт.

  6. Абай қажымай жалықпай ылғи ғана ынтыға тыңдайтын.

2-деңгейлік тапсырма:

1) Сөйлемнің бірыңғай мүшелері бастауыш болып келген бірнеше сөйлем жазып,олардың қай сөзбен байланысқанын,қай сөз табынан екенін айт.

2) Сөйлемнің бірыңғай мүшелері пысықтауыш болып келген бірнеше сөйлем тауып жаз.


Барлық топ өз ойларын тапсырма бойынша қағазға салып, ойларын постерге салады, не білгендерін постер арқылы көрсетеді



Оқушылар деңгейлік тапсчырмаға жауап береді.



СТО

Сергіту сәті

1 мин

«Ақылды доп» әдісі бұнда оқушылары топ мүшелеріне тілектерін айтып шығады.

Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау

Ынтымақтастық отмосферасы құрылады.

АКТ

Талдау

15мин


«Ойлан, бірік, бөліс»



«Ыстық орындық» ойыны


Әр топқа жеке тапсырма беріліп сабақ пысықталады.

Бұл әдісте әр топ көшбасшысы шығып өтілген сабақтарға шолу жасайды.

Оқушылар мәтіннен бірыңғай мүшелерді табады.


Жинақтау

5мин

«Фишбаун» әдісі арқылы сабақ жинақталады.


«Интервью» әдісі арқылы сабақты жинақтайды

Әр топқа балықтың қаңқасы беріледі. Сол балықтың қаңқасы арқылы сабақ пысықталады.

Әр топ өзара тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап беріп тақырыпты қалай түсінгендерін көрсету арқылы сабақты жинақтайды


Бағалау

2 мин

Өзін-өзі бағалау (2 мин)

Бағдаршам, бағалау парақшалары

Қызыл өте жақсы

Жасыл жақсы

Сары қанағат

Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату

Өзін өзі топпен бағалайды


Рефлексия

2 мин

Стикерлерді толтыру


Үйге тапсырма беру: 65-жаттығу.

«16-шы желтоқсан – Тәуелсіздік күні» (ойтолғау жазып келу).


Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерді толтыру




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!