Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Сөйлеу мәдениеті
Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәніне арналып құрылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
22 Қараша 2018
740
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Пәні: | Қазақ тілі | ||
Сыныбы: | 4 «а» | ||
Сабақтың тақырыбы: | Сөйлеу мәдениеті | ||
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:А) ақпараттық құзыреттілік Ә) коммуникативтік құзыреттілікБ) проблеманы шешу құзыреттілігі | Ақпарат көздері арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениеті туралы алған білімдерін жетілдіру. Оқу - танымдық бағдарлы құзыреттілігін арттыру мақсатында ситуациялық сұрақ, дидактикалық ойындарды оқушыларға ұсыну. Мәтінді дұрыс оқып, әдемі жаза білуге меңгерту.Оқушыларды үлкенді сыйлауға, құрмет көрсетуге, дөрекі сөздер айтпауға тәрбиелеу. Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру.Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды, жаттығуларды, сұрақтарды өз бетімен орындауға дағдыландыру. | ||
Сабақтың типі: | аралас сабақ | ||
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: | АКТ технологиялары, білім беруді ізгілендіру. | ||
Сабақтың әдісі: | Сөздік, көрнекілік, практикалық, морфалогиялық талдау. | ||
Пәнаралық байланыс: | Әдебиеттік оқу | ||
Оқыту құралдары: | оқулық, суреттер, слайд. | ||
Сабақтың барысы: | Мұғалімнің қызметі | Оқушының қызметі | Күтілетін нәтиже |
І. Ұйымдастыру бөлімі | Балалармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, кезекшінің қызметін қадағалау, сабақтың мақсат-міндеттерін таныстыру, оқушылардың қызығушылығын ояту, назарын сабаққа аудару.Психологиялық дайындық Жарқырап күн де ашылды,Айналаға нұр шашылды.Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.Мақсатымыз - білім алу,Міндетіміз - еңбектенуЕңбектену арқылы“5 “- ке қолды жеткізу! | Амандасады, оқу-құралдарын дайындайды, кезекшілік міндеттерін атқарады;сабақтың мақсат-міндеттерімен танысады. Психологиялық дайындықЖарқырап күн де ашылды,Айналаға нұр шашылды.Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.Мақсатымыз - білім алу,Міндетіміз - еңбектенуЕңбектену арқылы“5 “- ке қолды жеткізу! | Сынып сабаққа психологиялық тұрғыдан дайын, кезекшілік атқарылды, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы орнайды. |
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру | -Балалар үйге қандай тапсырма берілді? | - Үйге «Кешірім» тақырыбында әңгіме жазып келу. | Жазып келген әңгімелерін оқиды. |
ІІІ. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық. | - Біз бүгін «Жеті ата ауылына саяхатқа шығамыз»- Саяхатқа шығу үшін өзімізге көлік сайлап алайық. Бұрын ата - бабаларымыз техника дамымаған, машина болмаған кезде көлік ретінде нені пайдаланған, оны әлі күнге дейін ауылдарда қолданады?- Сендер соның қайсысын қалайсыңдар?- Жарайды атты жолға әзірлейік. Ол үшін өткен сабаққа тоқталайық? Оқушылар біздер «Ата» ауылына келдік, ал «Ата» ауылы біздерге тапсырма дайындап қойған. Ақселеу.Жаздыгүні екі дос үй-үйдің арасымен әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі – Ақселеу де, екіншісі – Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты болатын. Бір үйдің жанынан өте бергенде, дәу қара төбет абалап үріп шыға келді.- Ақселеу, қаш, әне, ит келіп қалды!- деп, Абыз айғайлап жүгіре жөнелді.- Ақселеу жерден бір шыбық алып, қашпастан итке қарсы ұмтылды. Бірақ оның шалбары жырым-жырым болды. Абыз Ақселеудің жанына келіп:- Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашсаң, сен де аман қалатын едің,- деді.- Мен қашсам, денсаулығың жоқ,алысқа жүгіре алмайтын сен тұтылып, мен құтылатын едім. Сені қорғап қалу үшін әдейі қашпадым,- деді Ақселеу.- Ақселеу бала да болса, азамат екен!- деді екеуінің әңгімесін тыңдап тұрған бір ақсақал сүйсініп.1. Мәтін не туралы?2. Достық ұғымын қалай түсінесің?3. Екі баланың аты кім?4. Олар неден қорықты?5. Ақселеу қандай ерлік көрсетті? 6. Сөйлемде мезгілді көрсетіп тұрған сөзді ата. - Дұрыс балалар «Ата» ауылының сұрақтарынан дұрыс өттіңдер, әрі қарай «Әке ауылына саяхатқа шығамыз. | - Атты, түйені, өгізді. - Атты. Ақселеу.Екі дос үй-үйдің арасымен әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі – Ақселеу де, екіншісі – Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты болатын. Бір үйдің жанынан өте бергенде, дәу қара төбет абалап үріп шыға келді.- Ақселеу, қаш, әне, ит келіп қалды!- деп, Абыз айғайлап жүгіре жөнелді.- Ақселеу жерден бір шыбық алып, қашпастан итке қарсы ұмтылды. Бірақ оның шалбары жырым-жырым болды. Абыз Ақселеудің жанына келіп:- Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашсаң, сен де аман қалатын едің,- деді.- Мен қашсам, денсаулығың жоқ,алысқа жүгіре алмайтын сен тұтылып, мен құтылатын едім. Сені қорғап қалу үшін әдейі қашпадым,- деді Ақселеу.- Ақселеу бала да болса, азамат екен!- деді екеуінің әңгімесін тыңдап тұрған бір ақсақал сүйсініп. Мәтін екі дос туралы.Достық дегеніміз екі адамның бір-біріне қиын жағдайда қол ұшын беруі.Ақселеу мен АбызОлар иттен қорықты.Ақселеу жерден бір шыбық алып, қашпастан итке қарсы ұмтылды.-Жаздыгүні-Алақай | Оқушылар жеті ата ауылына саяхатқа шығу арқылы өздерінің жеті аталарын еске түсіреді. Оқушылар өткен материалды «Ақселеу» мәтіні арқылы қайталайды. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы, өз ойларын анық және еркін айтуға дағдыланады. |
ІІІ. Жаңа материалды меңгерту. | -Балалар, сөйлеу мәдениеті дегеніміз не? -Әдеби тіл - дұрыс сөйлеудің үлгісі. 1-жаттығуМәтінді түсініп оқы.Есік алдындағы құмда бірнеше бала абыр-сабыр ойнап жатты.Біреуі мшинасымен құм тасып жүр.Ал енді біреулері қамал тұрғызып жатыр.Олардың ішіндегі ең үлкні және күштісі-Дастан.Ал ең кішкентай және әзілдеуі-Айнаш.Бірақ бүгін Айнаш Дастанды жеңді.Айнаш пен Әсем қамал тұрғызып болды.Дастан:-Ха-ха-ха!Осы да қамал ма?-деп екеуінің қамалын аяғымен таптамақ болды.Осы кезде:-Таптама!-деп,Айнаш айғай салды.-Біз саған не істедік?Дастан күтпеген қарсылықтан аяғын көтерген күйде тұрып қалды.Қамалды бұзбады. Балалардың ішіндегі ең күштісі қайсысы? 2-жаттығуПайдалы кеңестерді түсініп оқы.Бірнеше ереже құрастырып жаз.1.Кез келген адаммен ақжардын және байыппен сөйлес.2.Ересек адамдармен де,өзіңнен кішілермен де сыпайы сөйлес. 3-жаттығу.Мәтінді түсініп оқы Әңгімені өз қалауыңмен аяқта. 5-жаттығу.Өлеңді жатқа жаз.Дастарқан басында Әдептен біз озбаймыз.Үлкендердің қасындаҚолды бұрын созбаймыз. Тамақ ішер кезде ендіСөйлемейміз,күлмейміз.Астан басқа өзгеніЕлемейміз,білмейміз! | - Сөйлеу мәдиенеті деп - қазақ тілін дұрыс және орынды қолдану. Ата - анаң, мұғалім мен құрбыларынмен сөйлескенде сөзі дұрыс, орынды қолдану керек. Өз ана тілінде де басқа тілде де дұрыс сөйлесу адамның қаншалықты мәдиенетті екенін көрсететінін жадымыздан шығармайық. -Айнаш пен Әсем. - 2-жаттығу.1.Кез келген адаммен ақжардын және байыппен сөйлес.2.Ересек адамдармен де,өзіңнен кішілермен де сыпайы сөйлес.3.Ешкіммен дөрекі сөйлеспе.4.Сөйлесіп отырған адамның сөзін бөлме,керісінше,оны мұқият тыңда.Сонан соң байыппен ойыңды жеткіз.5.Қандай ортада болсаң да,өзіңді мақтай берме. 5-жаттығу. Дастарқан басында Әдептен біз озбаймыз.Үлкендердің қасындаҚолды бұрын созбаймыз. Тамақ ішер кезде ендіСөйлемейміз,күлмейміз.Астан басқа өзгеніЕлемейміз,білмейміз! | Мәтінді оқып шығып, жақсы кейіпкерлерді табады. Өз ойларынан пайдалы кеңестерді толықтырып жазады. -ауызша орындайды. Өлеңді жатқа жазады. |
IҮ. Жаңа материалды бекіту. Сергіту сәті | - Бағанадан бес ауылға саяхат жасап шаршадық, енді сергіту сәтін жасап алайық.Орнымыздан тұрамызАлақанды ұрамызБір отырып, бір тұрыпБіз тынығып аламыз- Бойымыз сергіп алды, енді келесі «Шөпшек» ауылына жол тартайық. -Балалар бұл ауыл сендерге жағдаяттар әзірлепті. Соны шешеміз бе?1.Көлікте орын жоқ, бір қария мінді, ол кезде сен отырғансың. Не істейсің? 2.Көшеде бір әже ауыр сөмке көтеріп келе жатыр екен. Сен аулада ойнап жүргенсің. Не істейсің? 3. Жақын досың ауырып жатыр. Сен не істейсің -Оқушылар «Шөпшек» ауылына келіп, тапсырмаларын орындап кеттік. Енді біздің соңғы ауылымыз «Немене» ауылына барайық.- « Немене» ауылына барып ойын ойнасақ «Тез ойла, сөз ойла»Сөздерін пайдалана отырып, оқушылар қысқа уақыт ішінде сөз ойлап табуы тиіс. Сыйластық: Кішіпейілділдік: Инабаттылық: | Орнымыздан тұрамызАлақанды ұрамызБір отырып, бір тұрыпБіз тынығып аламыз -Иә -Мен орнымнан тұрып, «Ата мына жерге отырыңыз» - деп, орнымды ұсынамын. - «Әже маған беріңіз, сізге көмектесейін»- деп ауыр сөмкесін алып, үйіне апарып саламын. - Досымның үйіне барып оның жақсы көретін кітабын апарып үйіне жағдайын білуге барам. \ Сыйластық: сыйла, тас, ас, тал, сыйлы....Кішіпейілділдік: кіші, ішік, пейіл, іл, іш...Инабаттылық: ана, ат, Инабат, ит, балық | Сергіту сәтін орындайды, бойлары сергиді, сабаққа белсенділіктері артады. Берілген жағдаяттарды шешді. Ойлана отырып сөздер бірнеше сөздер жазады. |
V.Үй тапсырмасы VI.Қорытындылау. Бағалау. | Оқушылар үйге 108- беттегі 4-жаттығу. -Оқушылар сабақ аяқталды сау болыңыздар! | - 4- жаттығу. | Оқушылар үй жұмысын жазып алады.Оқушылар үзіліске шығып, келесі сабаққа әзірленеді. |
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)