400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Сөйлеу тілін дамыту жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
баланың тілін дамытумен бірге біз оның ойында дамытамыз. баланың таза, дұрыс сөйлеуінің оның ойын дамуы үшін де үлкен маңызы бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Біздің тіліміз ойлаумен тығыз байланысты. Тіл- ойдың құралы деп аталады. Біз сөздің жәрдемімен ғана ойлай аламыз. Адамның ойлауы тіке тіл арқылы ғана туып және де сол арқылы қолданылады. Тілдің сөйлегенде бұзылып,дыбыстың дұрыс қолданылмауы адамның әлеуметтік белсенділігіне, жеке басының қызметіне, сонымен бірге психикалық дамуына әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан баланың тілін дамытумен бірге біз оның ойында дамытамыз. Олай болса баланың таза, дұрыс сөйлеуінің оның ойын дамуы үшін де үлкен маңызы бар. Сөз қорының таяздығы, тілдің толық жетілмеуі ақыл-ойдың дамуын кешеуілдететін нышаны болады. Сөйлеу тілінің әр түрлі кемшіліктері бар балалар тіл ақаулықтарын сезініп, көп сөйлемеуге тырысады, ұялшақ келеді. Мектепке барғанда оқу үлгерімі нашар болып, өскенде мамандық таңдауы да қиындық туғызады. Бала 4-5 жаста ана тіліндегі барлық дыбыстарды дұрыс айта білуі керек. Кейбір ата-аналар «жүрекеле» өзі түзеліп кетеді-деп, көбінесе ондай ақаулықтарға көңіл бөлмейді. Мұндай балаларға мінедетті түрде логопидиялық арнайы көмек көрсету қажет. Мектепте оқитын ересек және орта жастағы балалардың арасындағы ең көп тарағаны дыбыстарды айтудағы ақаулықтар, әсіресе жиі бұзылатын дыбыстар: ч, қ, ш, щ, р, ң. Тіл кемістігі көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларда кездеседі. Тұтықпа сияқты тіл кемістіктерінің едәуір пайызы мектеп жасына дейінгі балаларда кездесетіні анықталды. Егер, осы кемісіктерді дәл уақытында жасамаса, олар барған сайын ұлғайып нығаяды да баланың дұрыс сөйлеуіне кесірін тигізеді. Балаларда тұтығу қорыққаннан пайда болады.Баланың қорқатынын біле тұрып қараңғы бөлмеге т.б жерлерде қалдыруға болмайды. Үйде бала үшін тыныш жағдай жасау қажет. Ұзақ уақытқа дейіен баланы қонаққа апаруға немесе баланы қатыстырып, қонақ күтуге болмайды. Жанұяда балаға кітап оқып бермеу, оқығанын айтып бермеу, онымен тақпақ жаттамау, аз сөйлеу, дұрыс сөйлемеген жерінде түзетпеу де үлкен зиян келтіреді. Арнайы балабақшадағы баланы тәрбиелеу үшін оның құрдастарының ортасында болатын, қауымды қойындармен және әртүрлі сабақ түрлерін пайдалану қажет. Сол сияқты жалпы сөйлеу режимінің, дұрыс тамақтанудың, міндетті түрде күндізгі ұйқының, таза ауада дем алу мен шынығудың тәртібін сақтау маңызыды рөлде шығармаған жөн. Баланың көзінше, оның кемшілігін басқаларға айтуға болмайды. Ата-аналар мен тәрбиешілер баланы асыұпай, ақырын, тәсіланық сөйлеуге үйрету керек. Баланың 4 жастан кейін ғана артикуляциялық аппараты бекіп, сөйлеудегі дыбыстарды толық айта алмайтынын естен шығармаған жөн Логопедияда тіл кемістігінің жекекелеген кейбір түрін жоятын арнаулы тәсіл бар. Бұл тәсілді ыңғайына қарай медециналық және педогогигалық екі топқа бөледі. Тіл кемістігі бұл ауру емес. Басқа бір ауру мен сырқаттанғанда, соның зардабынын солай болып қалуы мүмкін. Сондықтан тілінің мүкістігі бар адамды науқас деуге болмайды Дәрі-дәрмекпен емдеу логопедияда қолданылатын медициналық тәсілдің ең қажетті бір түрі. Баланы тексерген дәрігер психневролог жүйке жүйесін нығайту үшін дәрі-дәрмекпен емдейді. Орталық сөйлеу аппараты адамның миында орналасқан. Жалпы тіл кемістігі 3 деңгейге бөлінеді. Сөйлеу тіл дамуының 1-нші тіл деңгейінде тілдің мүлде қалыптаспауы жатады. Ондайларды «мылқау» балалар дейді. Сөйлеу тілі дамуының 2-нші деңгейіне онда ымдау мен былдыр сөздерден басқа бұрмаланған болса да, айтарлықтай тиянақты жалпы қолданылатын сөздер пайда болды. Сөйлеу тілі дамуының 3-нші деңгейінде сөйлем құрылысында лексикалық-грамматикалық және фонематикалық элементтердің жетілмейтіндігін сипаттайды. Осындай дәрежедегі, әсіресе мектеп жасына дейінгі балалар айналасындағылармен тілдесіп, сөйлесе алады, бірақ қанша дегенмен де өзінің айтайын деген ойын анықтап түсіндіре алмайды. Ата-анасымен алдын ала жүргізген әңгімеге логопед баланың қандай жағдайда тәрбиеленіп жатқанын, балабақшаға баратынын, бармайтынын анықтайды. Сөйлеу тілі дамуы әр түрлі дәрежедегі балалармен түзеті-тәрбие жұмысы сөйлеу тілі жалпы жалпы толық дамымаған балалардың арнайы топтарында жүргізіледі.

Сол қолымен жұмыс істейтін балаларға ерекше көңіл аудару қажет. Өйткені олардың оң қолымен істеуді талап ететін болса, кей жағдайда балада тұтығу пайда болады. Сондықтан оларды қайта үйретуге болмайды. Баланың көңіл күйіне әсер ететін жағдайларды болдырмау крек . дегенмен баланың өз еркімен қайта үйренуі үлкен жетістікке жеткізеді.
Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
20.02.2019
1895
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі