Материалдар / Сөйлеу тілінің жалпы дамуында бұзылыстар бар балаларға арналған түзету-дамыту бағдарламасы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сөйлеу тілінің жалпы дамуында бұзылыстар бар балаларға арналған түзету-дамыту бағдарламасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы дегеніміз ол –есту қабілеті мен ой-өрісі қалыпты дамыған балалардың дыбыстық және мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің жүйесінің қалыптасуының бұзылуынан болатын күрделі тіл кемістігі деп қарастырады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2021
2155
14 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШҚО білім басқармасының

«Облыстық психологогиялық

-медициналық-педагогикалық

консультациясы»КММ

Орындаған логопед : Курмангалиева А.Б


Сөйлеу тілінің жалпы дамуында бұзылыстар бар балаларға арналған түзету-дамыту бағдарламасы.

Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы дегеніміз ол –есту қабілеті мен ой-өрісі қалыпты дамыған балалардың дыбыстық және мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің жүйесінің қалыптасуының бұзылуынан болатын күрделі тіл кемістігі деп қарастырады.

Қазіргі таңда бұндай балалардың саны күннен-күнге көбеюде. Сөйлеу тілінің жалпы дамымауын түзетіп, оны алдын –алу шаралары уақытында жүргізілмесе, балалардың мектепте оқуы қиынға түседі. Оның салдарынан бала қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа түсуі де күрделенеді. Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы балалармен түзету жұмысын жүргізу мәселелерін Р.Е.Левина,Г.В.Чиркина және т.б көптеген ғалымдары қарастырып зерттеген. Ұсынылып отырған бағдарлама интеграцияланған ұстанымға негізделген, Л.С.Выготский ұсынған және де ол сөйлей алмайтын балаларға бейімдетілген. Бағдарламаның негізгі мәні ол біртіндеп сақталған анализаторлардың интеграцияланған жұмысына үйлесе отырып және оның кемшіліктерін орнын толтыра отырып, біртіндеп сөйлеу қабілеті жоқ баланың потенциалын дамытуды ұсынады. Бағдарламаның педагогикалық әсері ол сөйлеу қабілеті шектеулі балаларды түзетуде әр-түрлі ойын іс –әрекет түрлері мен мазмұнына, әлеуметтік дәрежесіне байланысты бағытталған.

Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы балалармен түзету бағыттары:

  1. Есту қабілеттін дамыту

  2. Қарым-қатынасқа түсуді дамытуға ауызша емес компонентерді қолдану

  3. Ұсақ қол және артикуляциялық маторика мен көру –іс-әрекет уйлестіруін дамыту

  4. Көру –бағдар бағытын талдау мен анықтауды дамыту

  5. Сенсорлы перцептивті іс-әрекеттін дамыту

  6. Дауыс пен тыныс алу функциясын дамыту

  7. Ырғақ сезімін дамыту

  8. Экспрессивті және импрессивті сөйлеуін дамыту

  1. Есту қабілеттін дамыту

Міндетті: есту қабілеттін кеңейту, сенсорлық функцияларды дамытуда есту мен есте сақтау қабілеттіне бағыттау.

Ойын түрлері: «Ненін даусы», «суретті тап», « шапалақтайық», «қуыршақты оятайық», «мұқият тында», «ақырын-қатты».

  1. Қарым-қатынасқа түсуді дамытуға ауызша емес компонентерді қолдану

Үзінді сабақтың мақсаты: қимылын сезінуді белсендіру (енжар және белсенді қозғалыстарды ересек адамның қолымен) елестетін заттармеен таныс әрекеттерді орындауға ынталандыру.

Фрагмент 1. Балаға қалай шаш тарауды көрсету (шашын қолмен сипау); көжені ішуін ( үстелден ауызға қолмен бағыттап іс-әрекет жасау); кеседен шай ішу (қолмен аузына апарып ішуді көрсету). Бұл іс-әрекеттерді шынайы қылып ойыншықтармен көрсету.

Үзінді сабақтың мақсаты : сюжеттік суретте бейнеленген қимылдарды көрсету,мимиканы дамыту.

Фрагмент2. Бала сюжеттік суреттерді қарап, сұрақтарға ым іс әрекетпен жауап береді.

Сюжеттік суретте «көбелек ұшып барады»,- бала қолмен қанат жайып көрсетеді; «қыз бала тамақ ішеді»- қолымен үстелден аузына апарып іс әрекет көрсету; «мысық сүт ішіп»- тілімен іс әрекет көрсетеді.

Бұл сюжеттік ойындарды балабақшаның бекітілген лексикалық тақырыптарға байланысты өткізіп көрсету жұмыстарын жасаймыз тәрбиешілермен бірге.

Ойын түрлері: «Отбасы», «дәрігер», « қуыршақты жуындырамыз біз», « қуыршақ машинаға отырғыз», « тоқаш пісіреміз», « қуыршақ серуенде», «гүлдерді күту», « шаштарзшы» және т.б.

3.Ұсақ қол және артикуляциялық маторика мен көру –іс-әрекет үйлестіруін дамыту

Міндетті : манипуляциялық белсенділігі мен ұсақ қол моторикасын дамыту

  • Көзқозғалыстың-тактильді-проприоцептивті-статистикалық динамикалық сезінуі

  • Нақты артикуляциялық кинестезия мен тактильді есте сақтау

  • Бет және дене мүше пішіндері туралы түсінік қалыптастыру

  • Сөйлеу бұлшықеттерінің ұтқырлығын дамыту, бет қимылдарын өзгешелеу және саралау, мимика мен бұлшықет сезімдерін кинестетикалық бақылау

  • Визуалды кинестетикалық сезімдерді дамыту арқылы дыбыстардың артикуляциылық заңдылықтарын қабылдауын дамыту

Тәсілдер:

  • Үстінен астына-астынан-үстіге-оңнан солға-солдан оңға бағыты бойынша бағыттау

  • Түзу - бөлінген-ирек сызбаларға қарау

  • Массаж жасау

  • Әр түрлі заттар (жүн,щетка т.б) бетінен қолмен бағыттау

  • Тактильді кесте арқылы әр түрлі заттарфактурларын сезіну мен тану

  • Дауылпаз-доп –орамал –флажоктармен қозғалыс жаттығулар жасау

  • Қолмен ауада сурет салу

  • Көзге елестету арқылы әр түрлі заттарды елестету және қол мен көрсету

  • Активті және пассивті саусақ іс әрекеттерін жеттілдіру

  • Ермек сазбен жаттығу ойын ойнау

  • Ойыншықтарды қолданып (қуыршақ ,машина, сиыр, ит, ат т.б.) арқылы буын дыбыстар айту

  • Артикуляциялық жаттығулар

  • Ауыз қуысына арналған тапсырмалар

  • Жеке дыбыс артикулын автоматизациялау

Сабақтың мақсаты: «саусақ бассейн» ойынын қолдану арқылы қол моторикасын дамыту.

« саусақ бассейн» ойына үлкен бес бұрышты аласа жәшік болу керек, ішінде фасоль немесе бұршақ салынған. Логопед мәтін немесе тақпақ оқыған кезде бала»бассейнге» қолын салып іс әрекет жасау керек.

  1. Анасы мен қызы орамал жуды ( саусақтарды ашып –жұмып бассейнге қолын салып жоғары төмен қимыл жасау ).

Осылай алақай жуамыз біз орамал (қолымызды оңға солға бағыттаймыз). Саусақ ойын түрлері: « Күлте қызға көмектес», « үй жануарлары», « тесто», «чайға кәмпит», «серуенге шығайық».

Артикуляцилық жаттығулар: «күрекше», «сағат», «кесе», «ине», «төбешік», «түтікше», «дәмді тосап», «ат шауып келеді», « саңырауқұлақ», «әткеншек» және т.б.

4.Көру –бағдар бағытын талдау мен анықтауды дамыту

Міндетті: іздеу тұрақтылығын қалыптастыру; көрнекілікпен есте сақтау қабілеттінің көлемін артыру; жазықтықта және кеңістікте жүру қабілеттін дамыту; көру кескінін талдау.

  • Бөлменің кеңістігінді ойыншықтарды табу

  • Берілген кеңістікте қозғалу

  • Заттарды іздеу

  • Ойыншықтарды суреттегі бейнесімен сәйкестіру

  • Суреттегі бейнеленген бойынша адам дене мүшесін анықтау және де өз дене мүшесін қарау

  • Бағдарлау дағдысын қалыптастыру

  • Бағдарлауға арналған жаттығулар түрлері

  • Берілген нұсқаулытар бойынша заттармен және ойыншықтармен іс әрект орындау

  • Суреттегі заттардың жетпейтін бөліктерін анықтау

  • Суретте берілген бет әлпет пен дене мүшені тану және оларды өз дене мүшесімен сәкестендіру

  • Заттардың элементерін есте сақтау

  • Заттардың орналасқан жердегі өзгерістерді бекіту

  • Заттардың ішінен таңдау

  • Заттардың кеңістікте орналасуын есте сақтау( жоғары, орта да, оң жақата, сол жақта, төменде т.б)

  • Берілген тақырып бойынша көрнекі суреттеді анықтау

  • Заттардың суреттедегі айырмашылықтарды анықтау

  • Визуалды бейнесінде ұқсас заттарды салыстыру

  • Үлгі және нұсқаулықтар бойынша құрастыру

Сабақтың мақсаты: адам бейнелейтін объектілік суретте дененің және беттің бөліктерін танып атауды үйрену, оларды өз денесінің бөліктерімен салыстыру, еліктеу қимылдарын дамыту.

Фрагмент 1. Балаға адамның немесе қуыршақтың суреті көрсетеді содан кейін балаға өзінін аяғын және суреттегі қуыршақтың аяғын көрсетуді ұсынады және де басқа дене мүшелерін көрсетуін талап етеді. Дене мүшесімен бет бөліктерін жуамыз деп нұсқаулық береміз және оныда бала өзінің дене мен бет бөліктері мен суреттегі қуыршақта көрсетеді.

Сабақтың мақсаты: заттарды түсі мен контуры бойынша тануды үйрету, зейіні мен есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Фрагмент1. Түрлі түсті сурет бейнеленген заттарды тану. Біртіндеп (бір бірлеп) сол заттың контурлы бейнелерін береміз. Түрлі түсті және контурлы суреттерді бір бірінің үстіне қойып жұпстастыруды ұсынамыз. Логопед барлық суреттерді араластырып жібереді де балаға әр қайсысын жұптастыруын сұрайды.

  1. Сенсорлы перцептивті іс-әрекеттін дамыту

Міндетті: сенсорлық және тактильді гнозисты қалыптастыру; жалпақ және көлемді заттардыі түсі мен кеңістік белгілерін қабылдау; орташа түмті реңктер мен геометриялық фигураларды саралау; суреттердің кеңістік моделін және конструктивті праксисын қалыптастыру.

Тәсілдер :

  • Сыртқы ортаға бағдарлау дағдыларын дамыту

  • Тактильді кестелермен жұмыс; түсті бөліктеу

  • Мөлшері мен пішінімен таныстыру

  • Дидактикалық ойыншықтармен іс әрекет орындау (матрешкалар, пирамидалар және т.б.)

  • Заттар материалдар мен геометриялық фигурадағы дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш пішіндерін саралауды дамыту

  • Заттардың суреттері бойынша түсі мен контурын сәкестендіру

  • Жазықтық және көлемді бейнелерді саралау

  • Бөлшектердің бүтіндігін салу

  • Түсі бойынша жіктеу, белгілі бір түсі бойынша бөлу

  • Геометриялық фигуралар және заттарды сәйкестендіру

  • «Сеген тақтасы» мен «Кооса текшелермен» жұмыс

Үзінді сабақтың мақсаты: шарды бірнеше заттардан ажырата білуге үйрету, және онымен ойын әрекеттерін орындауға үйрету ( домалату, жәшікке жинау, мойыншақ жасау ( қандай да бір іс әрекеттер баланың мүмкіндіктерін еске отырып жасалады).

Фрагмент1. Ғажайып дорбаның ішінде әр түрлі заттар бар, «әр түрлі мөлшерде шарлар, қарандаш, пирамида және т.б.». балаға қолын ғажайып дорбаға салып сезіну арқылы аталған шарды алып шығу керек және алып шыққан шар туралы айтып беру керек (үлкен шар,кішкентай шар). Оларды мөлшерлеріне байланысты үлкен шарды үлкен жәшікке ал кішкентай шарды кіші жәшікке салу керек.

Ойын түрлері : «паравоз», «кірпі», «осындай затты тап», «қай жәшікте», әқай түс жоғалды», «шарлар», «көбелек», «аққала», «үй», «тактильді жәшік», «таяқшаларды жина».

  1. Дауыс пен тыныс алу функциясын дамыту

Міндетті: тыныс алу көлемін жоғарлату; үйлестірілген тыныс алу мен артикуляция қызметін дамыту; дауыс ырғағын, тембырын, интонациясын дамыту; көмей бұлшық еттерін ынталандыру; мақсатты түрде ауыздан дем шығаруды белсендіру; дауыс күшінің кейбір сипаттамасымен танысу, дыбыс былдырлау жаттығу жасауда негізгі дауыс диапозан көлемін қалыптастыру.

Тәсілдер:

  • Мойын бұлшықеттерін босаңтуға арналған жаттығулар

  • Жұмсақ таңдай қозғалыстарын белсендіру, шайнауға еліктеу

  • Мұрынмен дем шығару жаттығулары

  • Ерікті сойлеу тыныс алуды дамыту

  • Қозғалыстың көлемі мен қарқынын ерікті бақылауын шығару

  • Әр түрлі тыныс жолын шығару

  • Ауа ағыны мен тыныс шығару жолдарынның күштерін бақылауға арналған жаттығу

  • Дауысты көтеру және төмендету қабілеттерін дамыту

  • Ауанның суық және жылы ағындарының арасындағы айырмашылықту айыру.

Үзінді сабақтың мақсаты:мұрын тыныс алуын қалыптастыру.

Фрагмент1. Ойынды өткізу үшін бізге екі жәшік қажет және олардың іші әр түрлі заттарға толы ( шырша немесе емен кішкентай бұтағы, апельсин қабығы және т.б.). балаларға исін искеп мұқият қарауды ұсынамыз.

Ойын түрлері : « қаздар ұшады», « кірпі», «ғажайып шар», « көбелек», « тауық», «мамық», «насос», «сағат», «қайшы».

7.Ырғақ сезімін дамыту

Міндетті: сөйлеудің ырғақты интонациялық жағының қалыптасуы; сөйлеудің қарым-қатынас функциясының негізін қамтамасыз ететін анализаторладың ( көру, есту, сөйлеу моторикасы) жұмысына негізделген, лексикалық бірлік ретінде сойлем сезімін қалыптастыру,дауысты дыбыстардың А,О,У,И,Ы,ырғақты интонациялық сипаттамасымен танысу.

Ритмдік сезімінің сенсомоторикалық компонентерін дамыту.

Тәсілдер :

  • Қимылдар мен ойындардағы ырғақты жаңғырту.

  • Әуенмен жүру немесе шеру жасау

  • Ырғақты дыбыстық жаттығулар

  • Аяқ пен қолға арналған ырғақты жаттығулар

  • Берілген суретті ырғақты шапалақтау мен дыбыс арқылы шығару

  • Қозғалғыш іс әрекетпен ритмикалық интонациялық белсенділікті дамыту

  • Дауыс күшімен және сөйлеу емес , сөйлеу дыбыстарының әр түрлі қарқындылығымен танысу

  • Сөйлеу тілінің вокализациясын дамыту

  • Ырғақ схемасымен танысу

  • Кескінді сызбалық ырғақты сәйкестендіру

  • Дауысты дыбыстар және дыбыстық тізбектерді еркін, ырғақты айту

  • Ырғақты суре ттерді саралау;қозғалыстың белгілі бір қасиеттерін көрсету.

  • Көрнекі қабылдау негізінде обьектілердің ырғақты ауысуы

Үзінді сабақтың мақсаты: анализаторлардың (есту, көру, қимыл қозғалыс) үйлестірілген жұмыс негізін дамыту да сөйлеу жүйесін қалыптастыру.

Фрагмент 1. Балаға жәшіктен ойыншықтарды еденге лақтырып тастауды ұсынамыз, және де әр ойыншық жерге тастаған сайын (бах) деген дыбыс еліктеуді айтамыз. Барлық ойыншықтар жерге тастаған нан кейін оларды барлығын жәшікке саламыз Жаттығулар түрлері: « дауыстар», «жануарлар», « мысық», «керік», аю», «автобус».

8.Экспрессивті және импрессивті сөйлеуін дамыту

Міндетті: тұрмыстық және ситуативті сөйлеу тіліні түсінуін қалыптастыру, дыбыс еліктеу және дыбыс шығару арқылы алғашқы қарым қатынас дағдысы мен лексикалық тақырып бойынша сөздік қорын дамыту (мысалы: жануарлар мен құстардың дауыстарын айту, көп қолданылатын заттар мен қарапайым әрекеттерді білдіретін сөздер (мысалы: ням-ням- нан, ботка, алма, қасық), қарым қатынасқа түсудің қарапайым түрлерін сөздік ынталандыру бойынша жұмыс.

Тәсілдер:

  • Заттарды атауымен тану (ойыншықтар, жемістер, көкеністер, жиһаздар,көліктер, киімдер, жануарлар, құстар,аяқ киісдер)

  • Белгілері, сипаттамасы бойынша заттарды көрсету

  • Берілген суреттер бойынша заттарды топтастыру

  • Нұсқаулық бойынша таныс заттармен іс әрекет орындау

  • Дыбыс еліктеуді дұрыс қолдана отырып, ауызша нұсқаулықты орындау

  • Эмоциональды жауап қайтару, өтініш айту ояту және дыбыс еліктеу немесе сөздерді қолданып айтуды дамыту

  • Көзге елестету және ойыншыққа сәйкестендіру барысында ерікті түрде немесе қайталау арқылы дыбыс еліктеуін дамыту

  • Екі ашық буынды сөздерді қолдануға ынталандыру (аға, ата, апа, шеше, қара,ана,әке, таға, шана, дала,соқа,шыны, тоты және т.б).

  • С.В. Батаяева, Е.В.Севостьянованың «Альбом по развитию речи для самых маленьких» 2 –ші бөлімін қолданамыз.

  • Нищева Н.В «Картотеки методических рекомендаций для родителей дошкольников с ОНР» .

  • Жукова,Мастюкова, Филичева «Преоделение задержки речевого развития».


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Тулебиева Г.Н. Қазақ тіліне тән дыбыстардың бұзылуы және түзету жолдары. Әдістемелік құрал. - Алматы, 2018.

2. Төребаева К.Ж. Логопедия негіздері. Оқулық - Ақтөбе, 2015.

3. Тілашар логопед. Республикалық педагогикалық-әдістемелік журнал №4 2015.

4. Ахметова Р.М. Бала тілін дамытуда ойын технологиясын пайдаланудың теориялық негіздері. 2009ж

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!