№3СӨЖ
Топта психологиялық ахуалды қалыптастыру –
эссе
Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың
білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат.
(К.Д.Ушинский)
Осы айтылған сөздің ішінен ақ балаға білім
берудің алдында оның қызығушылығын ояту керек екен. Осыдан
қызығушылықты қалай оятамыз?-деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа
жауап бермес бұрын психологиялық ахуал дегеніміз не? –деген
мәселеге тоқталайық. Ахуал - өзара қарым-қатынас, көңіл-күйін
білдіретін психологиялық ұғым. Көбінесе топтық психологияға
байланысты айтылады. Сондықтан ол, көбінесе
“әлеуметтік-психологиялық ахуал” немесе “психологиялық атмосфера”
түрінде түсіндіріледі. Бұған қоғам мен ұжымдағы адамдардың өзара
қарым-қатынасы, көңіл-күйі мен ынтымағы, бірін-бірі түсінуі, тәртіп
пен жауапкершілік, ортақ борыш пен намыс, үйреншікті жұмыс стилі,
ортақ пікір, өзара сын т.б. кіреді. Оң (жақсы) ахуалға бір
қоғамдағы не ұжымдағы адамдардың ынтымағын, бір-біріне деген шексіз
сенімін, шынайылық пен сыйластықты жатқызуға болады. Қоғамның
орнықты дамуы немесе белгілі бір ұжымдағы еңбек өнімділігінің
нәтижесі ұжымдағылардың кәсіби шеберлігі мен дағдысына, білімі мен
икемділіктеріне ғана тәуелді емес, көпшіліктің мұнда қалыптасқан
тұрақты көңіл-күйіне де байланысты. Сары-уайым, жабырқау, теңілу,
жалғызсырау, ұрыс-керіс қоғамда да, ұжымда да қолайсыз ахуал
туғызып, ортақ мүддеге кесірін тигізеді.
Жасөспірімдер мен ұстаздар арасындағы өзара
қарым-қатынас жасау мәселесі-психология ғылымындағы және
тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі проблемалардың
қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген бірсыпыра зерттеулер мен
осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жасөспірімдер мен
ұстаздар, оқушылар мен тәлімгерлер арасындағы қарым-қатынас
орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар түрліше түсініктер
бар екендігін көрсетті. Міне, мұндай мәселедегі елеулі жәйттің
бірі-мұғалім мен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас жасауда әрқилы
қиыншылықтардың үнемі кездесіп отыратындығы.
Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін мұғалім
барлық бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін
тұлға болып саналатын болса, ал ересек балалар мұғалімнің әрбір
қимыл-қозғалысына, іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл
кеңесіне, өзге адамдармен қарым-қатынасына, шәкірттерге қоятын
түрлі талаптарына өздерінше іштей сын көзімен қарайды. Осы мәселені
анықтау бағытында арнайы жүргізілген психологиялық және
педагогикалық зерттеулер төменгі сынып оқушыларынан гөрі ересек
оқушылар арасында үлкендердің айтқан сөздеріне құлақ аспау және
айтқанынан қайтпайтын мінез көріністерінде әрқилы кедергілер мен
себептер болатындығын анықтады. Әрине, мұндай мәселенің түпкі
себептерін психологиялық жағынан тереңірек зерттеу-тәлім-тәрбие
ісінде маңызды мәселе болып саналады.
Тиімді жұмыс атқару үшін маман өзінің беретін
пәнін, әр түрлі әдіс- тәсілдерді жетік білуі керек, оқушылармен
тығыз қарым – қатынаста болуы қажет. Осы мәселелерді әрдайым
сабақта, сабақтан тыс уақытта, белгілі бір мақсатта емес, әр түрлі
жағдайларда қолданып отыру, атқарылған жұмыстардың нәтижесін
көрсетеді. Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасының
калыптасуы, ой - өрісінің кеңейуіне, сабақта жұмысының тиімділігіне
психологиялық ахуалдың қосар үлесі мол. Микроклимат топтағы әрбір
тұлғаның көңіл күйін, топпен қанағаттанушылығын, қолайлылығын
анықтайды. Бұдан басқа, сыныптың психологиялық атмосферасы нақтылы
құндылықтарды қамтып көрсетедi және сыныптағы моралдiк сана және
мiнез-құлықтың түрiн анықтауға көмектеседi.Сонымен қатар, мұндай
өзара қатынас балаларды тәрбиелеуде әдептік және адамгершілік
құндылықтарды жоғарылатуға әсерін тигізеді.
Көтеріңкі көңіл-күй есте сақтау процесін арттыра
түсіреді. Сезімталдықты жады арқылы бұрынғы бастан кешкен оқиғалар
мен соған байланысты ақпарат та есте берік сақталады. Осыдан сезім
күйі мен ойлау сапасы арасындағы белгілі бір заңдылықтар байқалады:
психологиялық комфортты жағдай танымдық мәселелерді шешуге
мүмкіндік туғызады. Ал психологиялық дискомфортты жағдай оның
орындалуын тежейді. Мейірімді, көтеріңкі көңіл-күймен істеген жұмыс
қыза түседі.
Ұтымды психологиялық ахуал:
-оқушылардың шығармашылықпен қатар қиялдану
процестерін арттыруға;
-оқушыны қарым-қатынастың елеулі өнегесінде
тәрбиелеуге;
-жаңа ақпаратты меңгеруге дайындығын көтере
отырып, жаңа білімді игеруге сананың барлық саңылауларын
ашуға;
-танып-білу әрекетін жоғары қанағаттанушылық
күйінде өтуге;
-есте сақтау процесін арттыруға;
-оқу еңбегін өнімді, сапалы болуына жетелейтін
құдыретті фактор болып табылады. Атап өтілген жағдайлардың
салдарынан ұтымды психологиялық ахуал балалардың психикалық
дамудағы ауытқудың алдын алып, жүйке ауруларына тосқауыл қою
арқылы, денсаулығы мықты, бiлiмi сапалы, адамгершiлiгi мол жас
ұрпақ тәрбиелеуге жол ашады.Сабақ басында психологиялық ахуал
туғызу үшін сан түрлі жағдай жасағанды жөн көремін. Бұл баланың
бойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түседі,
оқушылар бір-бірімен тиімді жұмыс істеп, сабақтың тиімділігі арта
түседі, оқушылардың барлығы ат салысып, сабаққа қатысусыз қалмайды.
Қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру бойынша педагогикалық
жұмысты ұйымдастыру әрекеттің әр түрін қамтиды: уақытты бірге
өткізу, ұжымдық және жеке әңгімелер, ойын-тренингтер және т.
б.
Сонымен қорытындылай келсек,ұстаздың ең басты
парызы – сабақта көңіл қанағаттанарлық жағдай, көтеріңкі көңіл-күй,
жалпыға бірдей өзара сыйластық кеңістігін қалыптастыру. Сондықтан,
сабақты бастамай тұрып, психиологиялық ахуал тудырып, балаларды
оятамыз.