Материалдар / Сөмкенің оқушы сымбатына әсері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сөмкенің оқушы сымбатына әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Сәуір 2023
309
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ЫРҒЫЗ АУДАНЫ

«Т.ЖАМАНМҰРЫНОВ АТЫНДАҒЫ ЖББОМ» КММ





ТАҚЫРЫБЫ: « СӨМКЕНІҢ ОҚУШЫ СЫМБАТЫНА ӘСЕРІ»





СЕКЦИЯСЫ: МЕДИЦИНА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ





АВТОРЫ: ЗАРЛЫҚ АЙШАТ



СЫНЫП : 4






ЖЕТЕКШІСІ: МҰҚАШЕВА АҚМАРАЛ ӘДІЛҚЫЗЫ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ЫРҒЫЗ АУДАНЫ

Т.ЖАМАНМҰРЫНОВ атындағы ЖББО мектебінің бастауыш класс мұғалімі











2019-2020 оқу жылы


Мазмұны:




  1. Кіріспе.......................................................................4


  1. Негізгі бөлім..............................................................6

2.1.Сөмкені дұрыс таңдау..............................................8

2.2. Зерттеу бөлімі.........................................................10



3. Қорытынды.................................................................15


4. Қолданылған әдебиетер.............................................17





































Аннотация


Зарлық Айшат Шынболатқызының "Сөмкенің оқушы сымбатына әсері " тақырыбындағы ғылыми жобасы қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі.Болашақ ұрпақ саулығы бізді алаңдатады.Зерттеу жұмысында Айшат оқушы сөмкесінің салмағын,әр оқулықтың салмағын және әр күнгі оқушы сөмесінің салмағын анықтап,ауыр аспалы сөмкенің өз өмірлеріне тигізетін кері әсері туралы жақсы анықтап көрсеткен.Жұмыстың соңында оқушыларға,ата-аналарға арналған кеңестер ұсынылған.




Аннотация



Научный проект Зарлык Айшат Шынболатовны "Влияние сумки на ученический строй" является одной из актуальных проблем современности.Здоровье будущих поколений нас беспокоит.В работе исследования раскрыли вес сумки школьника,вес каждого учебника и вес одной учебной сумки в каждый день, а также показали негативное влияние тяжелых подвесных сумок на свою жизнь.В конце работы были предложены советы для учащихся,родителей.



Аnnotation



Zarlyk Aishat Shynbolatovna's scientific project "The influence of the bag on the student System" is one of the urgent problems of our time.The health of future generations worries us.The study revealed the weight of a student's bag, the weight of each textbook and the weight of one study bag per day, and also showed the negative impact of heavy hanging bags on their lives.At the end of the work were offered tips for students, parents.


















Кіріспе.Тақырыптың өзектілігі

Оқушы денсаулығы-болашақ ұрпақ саулығы, бұл бізді аландатады. Бұл зерттеуде біз мынадай сұрақтарды қарастырамыз: Аспалы сөмке бала омыртқасына қалай әсер етеді? Жүк салмағы қанша болуы тиіс? Сөмкені қалай таңдау керек?

Мақсаты: Оқушыларды «Адам» тақырыбын оқытуда танымдық әрекеттерін белсендіру, күнделікті арқаға асқан ауырлықты қадағалау жолымен өз денсаулығын (омыртқасын) күтуге көңіл бөлгізу.

Міндеттері

1. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерге шолу

2. Өсіп келе жатқан жас ағзаға аспалы сөмкенің әсері қандай және ол неге әкеп соқтырады?

3. Ауыр сөмкенің денсаулыққа зиянын дәлелдеу

4. Осы мәселені шешу тәсілдерін ұсыну.


Зерттеу объектісі : адам

Зерттеуге қатысушылар:Т.Жаманмұрынов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып оқушылары.

Зерттеу болжамы

Ауыр аспалы сөмке-оқушы денсаулығына зиян екенін ұсыну

Зерттеу әдістері

Талдау, сұрақтар, бақылау, іздену,кітап, журнал, газеттерден, интернеттен ақпарат жинақтау, сұхбат жүргізу

Өзектілігі

Әр оқу жылының басында оқушылар ата-аналарымен бірге мектепке арналған сөмке таңдауға дүкендер мен базарларға барады. Біз үшін бұл қуанышты да, маңызды іс. Сөмке бұл қажетті де, маңызды оқу құралдарының бірі. Оның әдемі де, ыңғайлы болуын барлығымыз қалаймыз ғой. Оқу жылының басында біз үзіліс кезінде құрбыларымыздың сөмкелерін қарастырып, қызықтаймыз. Өзіміздікімен мақтанамыз. Барлығымыздың сөмкелеріміз әр-түрлі. Түстері де,суреттері де. Сонымен оқушы сөмкесі қашан және қалай пайда болды екен? Оны қалай таңдау керектігін, дәрігерлердің пікірін білу мақсатында мен мектеп оқушыларының сөмкелерін зерттеуге кірістім және дұрыс таңдалмаған мектеп сөмкесінің оқушы ағзасына кері әсер ететінін дәлелдемекпін.

Адамдарға өз денсаулығы-үнемі өзекті мәселе.Мектеп оқушыларының іші толы «қоржындарының» ауырлығы мен шамадан тыс заттарды тасуы денсаулыққа кері әсерін тигізбей қоймайды .Баланың әлі қатая қоймаған кеуде сүйектерінің қисаюына әкеп соғады. Ол аз болса, мұның салдары мидың қалыпты жұмысына кері әсерін тигізеді.Қандай да болмасын ауыр салмақ оқушының омыртқа жотасымен арқа бұлшық еттеріне нашар әсер етеді. Және жас ұлғайған сайын оның зардабы үлкейе түседі.



Негізгі бөлім

Біз өзіміздің зерттеу жұмысымызда бастауыш сынып оқушысының аспалы сөмкесі қандай болуы керек сұрағынан бастадық және Сан Пин-нің 2.4.2.2821-10 нұсқауында міндетті түрде сай болуы тиіс.

Аспалы сөмке -өзімен бірге заттарын алып жүруге арналған арқаға асатын сөмке дегенді білдіреді. Оны рюкзак деп те атаймыз.

Өз денсаулығын сақтау адамдар үшін өзекті сұрақтардың бірі. Омыртқаныз сау және сымбатты болу өте маңызды, өйткені адам ағзасы оның денінің саулығына байланысты. Сондықтан біздің жасымыздағы баларға ауыр көтеруге шектеу қою қажет. Еліміздегі бекітілген санитарлық талаптар бойынша оқушылардың күнделікті мектепке көтеріп баратын сөмкелерінің жалпы салмағы 1-4 сыныптар үшін 2-3 кг.Мамандар аспалы оқушы сөмкесі оқушы салмағының 1\10 бөлігінде болуы тиіс дегенді айтады. Мысалы ,менің салмағым 23кг болса,сөмкем 2кг 300 грам болуы керек.10 пайызы ғана артып кетуіне рұқсат етіледі екен. Ал менің сөмкем бейсенбі күнгі сабақ кестесі бойынша 3кг200грамды тартты. Бір оқулықтың салмағы 300грамнан аспауы тиіс. Алайда, бұл талаптын сақтала бермейтіні белгілі. Бұл мәселе үнемі талқылануда. Қазіргі біздің оқулықтарымыз бірнеше бөлімдерге бөлінген. Сырты жұмсақ, салмағын жеңіл етіп шығаруға тырысып жатыр. Жалпы медициналық әдебиеттерде де ауыр көтеру омыртқаның қисаюына, тіпті бойдың өсуінің тоқтауына әкеп соғады. Біз күнделкті метепке аспалы сөмкемен барамыз, кейбір күндері сөмкеміз өте ауыр болып кетеді, сондықтан да осы сұрақ бізді қызықтырады.


-4-тен 10 жас аралығында омыртқа дұрыс қалыптасады(ең маңызды кезең)

-Дұрыс қалыптаспаған омыртқа мынаған әкеп соғады:

-Созылмалы ауру;

-дұрыс демалмаудың жетіспеушілігі;

-сабақ үстінде денені дұрыс ұстамау;

-жиһаздың оқушы бойына сәйкес келмеуі;

-ыңғайсыз аяқ-киім және киім(размері үлкен немесе кіші)

Барлығының мөлшері (нормасы) болады.

Жалпы оқулықты шығарудағы гигиеналық талаптар

Бір оқулықтың салмағы:

-1-4 сыныптарда-300г

-5-6 сыныптарда -400г

-7-8 сыныптарда- 500г

- 9-10-11 сыныптарда -600г




Аспалы сөмке


Санитарлық –гигиеналық мөлшер бойынша асатын сөмке оқу-құралдарының салмағы оқушының дене салмағының 10 пайызынан аспауы керек

Біздің экперимент,яғни

.Әр түрлі әдебиеттерді талдау

. Балалармен жұмыс

. Балалар асатын аспалы сөмкені зерттеу.

. 4 сыныпқа арналған оқулықтарды зерттеу.

. Оқушының сабақ кестесін қарастыру.

Эксперимент жоспары мынадай бөліктерден тұрады:

1.Мектептің медициналық қызметкерінен бастауыш сынып оқушысының тірек-қимыл жүйесі, әсіресе омыртқаларының жағдайы жөнінде ақпарат алу

2.Бастауыш сынып оқушыларының аспалы сөмкелерін оқу-құралдарсыз, бос өлшеу.

3.Бағдарлама бойынша оқулықтарының салмағын өлшеу және оларды гигиеналық нормамен салыстыру.

4.Апта бойы аспалы сөмкенің салмағына, оқу жүктемесіне құралған сабақ кестесі бойынша өлшеп бақылау.

5.Мына позициялар бойынша қорытынды шығару:

-ең дұрыс аспалы сөмке (500 г)

-ең ауыр аспалы сөмке

-ең ауыр оқу-құралдары салынған аспалы сөмке

-ең жеңіл оқу-құралдары салынған аспалы сөмке

-ең ауыр оқулық

-сабақ кестесі бойынша сабақ көп күн

- сабақ кестесі бойынша сабақ аз күн

6.Оқушыларға, ата-аналарға, мұғалімдерге кеңес беру.

Бастауыш сынып оқушыларына арналған аспалы сөмкенің мөлшері мынандай болуы керек.

-Ұзындығы- 30-36 см

-Биіктігі- 32-40 см

-Ені- 16-20 см

-Иық ременінің ұзындығы - 60-70 см

-Иық ременінің ені 4-6 см, тағы 2-2,5 см

Рисунок 1

Сөмкенің арқасы қатты әрі ортопедиялық бөлшегі болуы керек. Салмағы400-550 грам. Иықбау жалпақ болуы тиіс. Бала терлемес үшін сөмкенің арқа тұсы торлы матадан тігілуі тиіс. Сөмке сыртында жарық бергіш элемент болуы тиіс(қараңғы жерде қауіпсіздік үшін.)

Жетекшіміз екеуіміз бастауыш сынып оқушыларының салмағын, сөмке және оқулықтарын өлшемес бұрын өзіміздің салмағымызды өлшесек деп шештік.

Менің салмағым 23 кг, ал аспалы сөмкемнің салмағы 3 кг300г. Сонда ережеге сүйенсек, менің сөмкемнің салмағы 1/10-2300+230г 2кг 530г болуы керек.

1 сынып оқушысы Жангелді Асылгүлмен сұхбатастық.

Асылгүл 1 сынып оқушысы



-Мен бірінші сыныпта оқимын. Бүгін сәрсенбі. Сабақ кестесі бойынша бес сабақ:Математика, сауат ашу, ағылшын тілі, өзін-өзі тану, осы пәндерге арналған оқулықтарымнан басқа дәтерлерім, пеналым бар.

-Сен бізбен бірге барып өзінің сөмкеңдегі бүгінгі пәндер бойынша салынған оқулықтарынды өлшеуге келісесің бе? Асылгүл бірден келісті.

1 сыныпта оқитын Асылгүл үшін сәрсенбі «ауыр» күн болатын. Өйткені, дәл осы күні оның сөмкесінде математика, сауат ашу, ағылшын тілі,өзін-өзі тану және дәптерлері, қарындаш, қаламдары салынған пеналы, қайнаған су құйылған ыдысы бар екен. Сөмкесін бірден таразыға қойып өлшедік. Кестеге қараңыз 1 - кесте

Сәрсенбі күнгі Асылгүлдің

сөмкесіндегі оқулықтар

Салмағы

Сауат ашу

360 грамм

Математика

440 грамм

Сауат ашу жұмыс дәптері

55 грамм

Математика жұмыс дәптері

225 грамм

Ағылшын тілі

350 грамм

Ағылшын тілі жұмыс дәптері

320 грамм

Өзін-өзі тану

295 грамм

Өзін-өзі тану жұмыс дәптері

155 грамм

Пенал

280 грамм

Жәй дәптер

35 грамм

Бос сөмке

445 грамм

Барлығы:

2кг 620 грамм

Таразының тілі 2 кг620 грамды көрсетті. Бұл 1 сынып оқушысы кішкентай Асылгүлге ауыр емес пе?Өзінің салмағы 20 кг.Сонда Асылгүлдің сөмкесінің салмағы 2кг немесе 2кг200грам аралықта болуы керек. Ал Асылгүдің анасы өзінің бізге назын айтты: «Күніне 5 сабақ. Әр пәннің өз оқулығы бар.Оның үстіне, қарындаш қалам салынған пеналы, дәптерлерін қосыңыз. Ал, мысалы үшін ,ағылшын пәніне арналған жұмыс дәптері тіпті оқулықпен бірдей.»

Әрине, ата-аналардың пікірімен келісеміз. Тым ауыр сөмке баланың омыртқасына зиян ғой.

Бірден мектеп медбикесіне бардық.Кеңесін тыңдадық. Бәймен ағай бізге ауыр аспалы сөмкенің бала денсаулығына омыртқа,тіпті жүрекке,көзге кері әсер тигізетінің ашып түсіндіріп, сыныпқа профилактика ретінде брошюралар таратты.


Мектеп медбикесі:

-Бала бүкірейе бастағаннан дәрігерге қаралу керек. Сонда ғана сколиоздың алдын-алуға болады. Қазіргі кезде сколиозға ұшырағандардың 80 пайызында мектеп жасындағы оқушылар. Негізі оқушының аспалы сөмкесі бала салмағының 10 пайызын құрау керек.Ал денсаулығы нашар ұрпақ болашақтың негізін қалай қалайды? Оқушы балаңыздың сөмкесін таразыға салып өлшеп көрдіңіз бе? Әр сөмкенің салмағы 500 граммнан аспауы тиіс.Бұл міндетті.Осыны есте сақтау керек! Шамадан тыс тым ауыр сөмке арқалаған оқушылар сколиозға дұшар болып жатыр.Сколиоздың алдын алу маңызды мәселелердің бірі. Сондықтан, оған ерте жастан көңіл бөлуіміз керек.Сколиоз- омыртқалардың ығысуымен және қисаюымен омыртқа бөлігінің дамымауы салдарынан болады. Бұл –қисаюдың негізгі доғасы бел бөлігінде орын алады. Ерте жастан баланың сымбатын омыртқа жотасына жүктеме түспеуін қадағалау қажет. Мысалы, баланың өзі отырғанға дейін ертерек отырғызуға тырысудың қажеті жоқ, баланы үнемі бір жағымен қолға алып көтеруге, бір қолымен алып жүруге болмайды.Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін жиһаз қатаң түрде бойына сәйкес болуы керек, үстелдің арқасы омыртқа жотасының табиғи иілулерін дұрыс қайталауы қажет. Омыртқа жотасының дұрыс дамуына спортпен, жекелеп алғанда, жүзумен, бимен, гимнастикамен, дене шынықтырумен шұғылданған пайдалы. Егерде баланың ата-анасы қандай да бір ауытқуды байқап қалса, бірден баланы дәрігерге көрсету қажет.(ортопед маманына). Массаждың және басқа да дене шынықтыру емінің курсын алу керек.ауытқу негұрлым ерте анықталса, соғұрлым аурудың зардапсыз тез жоюдың мүмкіндігі жоғары. Рахиттік сколиоздың алдын алу үшін бала жыл бойы таза ауада серуендеуі қажет. Келешекте сабақта, оқуда, компьютерді пайдаланған кезінде баланың дұрыс отыруын қатаң бақылау керек. Басы көтеріңкі, иықтары жазыңқы , жаурындары шығып тұрмайтын, іш сызығы көкірек қуысы сызығынан алға шықпай отыруы дұрыс болып саналады. Баланың тамақтану рационында минералдар кальций мен фосфоры жеткілікті азық-түліктер, сонымен қатар, «С» және «Д» витаминдері мол сүттен жасалған тағамдар, балық, көкөніс және жемістер жеткілікті болуы тиіс. Осындай жалпы қабылданған ережелерді сақтау балаға құнды өмір салтын, және барынша денсаулығын ұзақ сақтауға мүмкіндік тұғызады.

Сондай-ақ жұмыс түрінде ұзақ отыратындарға да жаттығулар жасап тұрған абзал.

Омыртқа жотасының бүйірлік ауытқуы шамамен алғанда:

Бірінші кезең-8 жасқа дейін

Екінші кезең -8-14 жасқа дейін

Үшінші кезең-15-17 жасқа дейін

Туа біткен сколиозға омыртқалардың тұтас бітуі қосымша жарты омыртқалардың болуы, қабырғалардың тұтас бітуі және т б себепші болады. Бұл ерте балалық шақта байқалатын омырқа жотасы осуінің ассимметриясына әкеліп соғады. Аурудың баяу білінуі омыртқаның шектелген телімінде қисаюы және конпенсаторлық қарсы қисаюы сколиоз ағымының ерекшеліктері болып саналады.

Бұл омыртқа қисаюын білдіреді. Дәрігерлер бұны айтып дабыл қағуда.(дәрігердің бақылауы)






2-кесте

Оқу-құралсыз аспалы сөмкенің салмағы


р\с

Оқушының аты-жөні

Сөмке

Салмағы(бос)

1

Бақтыгерей Алтынбек

400 грамм

2

Жангелді Мадияр

775 грамм

3

Жұмажан Ақмаржан

560 грамм

4

Жұмажан Жәңгірхан

665 грамм

5

Зарлық Айшат

720 грамм

6

Мирамбекқызы Гүлнұр

500 грамм

7

Шаттыққызы Ақтілек

410 грамм

8

Рәтбай Асылжан

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!