Материалдар / Соңғы қоңырау - 2017

Соңғы қоңырау - 2017

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларды патриоттық сезімге баулу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
526
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Дәмді орта мектебі ММ






САЛТАНАТТЫ ЖИЫН:































2016-2017 оқу жылы






Сыңғырла, соңғы қоңырау-2017 атты салтанатты жиын сценарийі

25 мамыр 2017 жыл

(мектеп алаңы безендірілген, шарлар, қоңырау, гүлдер ілінген, Сыңғырла, соңғы қоңырау!)
Жүргізушілер: ДТЖО Байгенжина Д.Е.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Костин О.Б.
І. Сапқа тұрғызу.

1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!
1-Жүргізуші: Менің Қазақстаным! Туған жер! Алтын ұя мектебім! Сен бізге күш-жігер, қайрат, сенім беріп отырасың! Сенің бауырыңда талай ұлттың баласы ер жетіп, өзіңніңжүрек жылуң мен меіріміңді сезінеді. Балапандай баптап, ұядан қияға өз қолыңмен мыңдаған ұлдарың мен қыздарыңды биікке самғаттың!
2-Жүргізуші: Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, таудай болып түлеп ұшқалы отырған, мектеп түлектері мен қаншама білім нәрін сусындатқан ардақты ұстаздарымыздың ұлы мерекесі!
Мерекелеріңіз құтты болсын мектеп түлектері, ұстаздар, ата-аналар , қонақтар!
1-Жүргізуші:
Думанды дүбір ән жырлы
Жайқалған өмір жас бағы
Мінеки, тағы бір жылды
Сырғытып ары тастады.

Ұстаздардың – жаны нұр
Шаттық күйін бөліскен.
Аяқталды тағы бір
Оқу жылы жеміспен-
дей отырып ортамызға бастауышпен қоштасып 4-сынып және сынып жетекшісі Кикбаева Күлмайра Мәдіғалиқызын шақырамыз.
2 -Жүргізуші:
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға,
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді шақырайық ортаға.
Қарсы алыңыздар. Мектеп түлектері мен сынып жетекшісі Байгенжина Динара Темірболатқызы.

1-Жүргізуші. Тарихы терең қазақ деген көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді ту болмады дегенге?!
Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, -дей отырып, салтанатты жиынымызға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы әкелінсін.
(Ту әкелінеді)
2-Жүргізуші. 2016-2017 оқу жылының аяқталуына арналған Сыңғырла, соңғы қоңырау! атты салтанатты жиының ашық деп жариялаймыз!
Өзіңмен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа,
Қош келдің, айналайын халқым менің!
1-Жүргізуші. Батырлыққа уызынан жарыған Ер қазақты жалауынан таныған. Өзі батыр, өзі әнші халыққа Жарасады жігер берер әнұран.
Салтанатты жиынымызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын.(Ән ұран орындалады)
2-Жүргізуші.
Қазекем қонақ десе көсіледі,Мұндайда жай түйіні шешіледі.Ақ тілеулі ырыс қой қонақ дегенӨзімен ала келер несібені. – демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар:1. Мектеп директоры – Күзембаев Мұратбек Баяханұлы

2. Ауыл әкімі – Оразбаев Сағындық Ғалымжанұлы

3. Науырзым ауданының _______________________________________________________

4. Науырзым ауданының білім беру бөлімінің әдіскері _____________________________

5. Ауыл ардагерлер кеңесінің төрағасы - Махмұтов Оразбек Жақияұлы
6. Зейнеткер ұстазы – Дәулетбекова Гүлзада Абдрахманқызы
7 . Зейнеткер ұстазы – Рахметалина Бағытжан Сүлейменқызы
8. Ата-аналар кеңесінің төрайымы – Абилова Гүлдерайым Ғалымжанқызы
1-Жүргізуші:
Бүгінгі күн еліміздің тарихы үшін де ерекше күн. Сан мыңдаған жас түлек балалық шақпен қоштасып, жаңа өмір жолын бастайды.
2-Жүргізуші. Бұл күн –мектеп тарихында , мектеп бітіруші түлектер есіңде мәңгі өшпесі анық. Құрметті түлектер! Еліміздің қай түпкірінде болсаң да сен міндетті түрде алтын ұя мектебіңді, бірге өскен достарыңды, осы салтанатты толғандырар минутты естен шығарма.
1-жүргізуші: Ажырамай ұжымынан бір елі сіз
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз
Сөз берелік мектептің басшысына
Түлектерге арналсын тілегіңіз-Алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Күзембаев Мұратбек Баяханұлына беріледі .
2-Жүргізуші:
Қонақ деген ырысың мен мерейің,
Енді аяңдап қонақтарға келейін
Уақыт бөліп бізге тілек білдірер
Сөз кезегін қонақтарға берейін, -дей келе, келген қонақтарымызға құттықтау сөз кезегін береміз.
1-Жүргізуші.
Күмбірлей күй естілсе домбырадан
Көңілге шаттық сезім қондырар ән.
Шымырлай шыққан кезде шырқау көкке
Елітіп тұла бойың балбыраған.
Балдәурен балалық шақ пен қоштасып, болашаққа қанат қағатын бұл жыл - сіздер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас жыл ретінде естеріңізде мәңгілік қалары сөзсіз. Бұл жыл сонымен бірге тәуелсіз Қазақстанның тарихынан ойып алар өзіндік орны бар жыл. Биыл республика, облыс, аудан көлемінде қоғамдық маңызы бар бірқатар мерейтойлар аталып өтілуде. Атап айтар болсақ, Бұл жыл –
- Ұлы Отан Соғысына 72 жыл- Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне- 25 жыл- Қазақ Хандығына 550 жыл
-Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғанына 20 жыл- Науырзым ауданына 50 жылЕндеше бұл жыл бүкіл қазақ үшін ұмытылмас тарихи жыл ретінде ел жадында мәңгі сақталмақ.
2 жүргізуші:
Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлшірдер баршаңды, дегендей бітіруші түлектерге ізбасарлары атынан мектеп оқушылары ақ тілегін жолдайды.
Құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндері мен сынып жетекшісі Тоқаева Рагүл Сүлейменқызына беріледі.
1-жүргізуші: Бала деген бақтт еліменен
Құдіреттің қолында әлем деген.
Құрметті аға-апалар тілектері,
Жалғассын мұрагерлер сәлемімен – дей отырып бастауышпен қоштасқалы отырған 4-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Кикбаева Күлмайра Мәдіғалиқызын шақырамыз.
2-жүргізуші:
Жазуларымды қаттаған
Жақсымды көріп мақтаған
Ардақты ұстаз - жақсы адам,
Айтқанын ұғып жаттағам...
Жетелеп әрі сынып та
Жеткізген мені мұратқа
Ұлаған ісін сүйемін,
Ұстазға басымды иемін.
Қазір мектеп бітіруші түлектер өздерінің мектеп қабырғасындағы ең соңғы тілектерін, тебіреніс сезімдерін білдіргелі тұр, ендеше сөз түлектерде.

1-жүргізуші: Бүгін мына кеш жүректі тербейді,
Бал дәурен балалық айналып келмейді.
Алғашқы ұстазым әліппе ұстатқан
Жүректен ешқашан, ешқашан сөнбейді.
Алғашқы ұстазы Кикбаева Күлмайра Мәдіғалиқызына құттықтау сөз кезегін береміз.

2-Жүргізуші.
Сыныпты келдің басқарып,
Көрмедім ойлап бас қамын.
Шәкірттер жатыр ұшқалы
Өмір дегенің қас-қағым
Бірге өткізген күндерін, қыс-жазында,
Жазып шықты қаншама іс-қазына.
Балапанын ұшырған ұясынан
Сөз берейік жетекші ұстазына
Келесі сөз кезегін Сынып жетекшісі Байгенжина Динара Темірболатқызына береміз.

1-Жүргізуші:
Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата-анадан бата алады,
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін
Ортаға шақырайық ата-ананы, -дей келе, сөз кезегін алыстан арқаланып, баласы үшін бар жақсылықты шашу шашуға әзір ата-аналар келіп отыр. Сөз кезегін ата-аналарға берейік.

2-Жүргізуші:
Ғылымды терең меңгеріп,
Үмітті бұлақ ақтады.
Мектепті жақсы бітіріп,
Ұстаздың болдың мақтаны.
Шығыңдар білім шыңына
Батамыз осы сендерге.
Болыңдар үздік тағы да,
Оқуда да, еңбекте.
2016-2017 оқу жылының қорытындысы туралы мектеп басшысының бұйрығымен таныстыру және де оқу озаттары мен мектептің қоғамдық жұмысына белсене қатысқан оқушыларды, ұстаздар қауымын мақтау қағаздарымен марапаттау үшін сөз кезегін мектеп директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бабырова Күляш Қойбағарқызына беріледі.

Марапаттау рәсімі
1-Жүргізуші: Көгершіндей самғаңдар түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің
Үнімен Соңғы естіген қоңыраудың
Дірілдейді –ау ерекше жүректерің , - деп ақын жырлағандай зымыраған уақыт жаңа бір оқу жылының аяқталғанын хабар беріп тұр.
Кешегі алғашқы қоңырау сыңғырығы оқушы мен мектепті табыстырса, бүгінгі соңғы қоңырау негізгі мектепті бітірушілердің алтын ұя мектебінде соңғы рет еститін қоңырау үні. Алдарыңнан нұрлы күн тусын дейді мұндайда қазақ.

2-Жүргізуші: Соңғы қоңырау соғу салтанаты құрметпен 11-сынып оқушысы
__________________________________________мен 1-сынып оқушысы
_______________________________________________тапсырылады.

1-Жүргізуші:
Құрметті түлектер, сіздерге арналып соңғы қоңырау қағылды. Сіздердің алдарыңызда барлық қуаныш –күйінішімен, қиындығымен және шексіз жолдарымен үлкен өмір есігі ашылғалы тұр.
Өз жолыңды таңда да, сеніммен адымда!
2-Жүргізуші: Үлкен өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын! Жас түлектер!
1-Жүргізуші:
Көрмеген арттық сөйлеп, артық күліп,
Шәкірттерін баулиды тәртіпті қып.
Қоштасамыз біз бүгін ұстаздармен,
Мектеп вальсін билеп тұрып , - ортаға түлектерді мектеп вальс биіне шақырамыз.
2-Жүргізуші:
Жаны асыл ұстаздарды еске алыңдар,
Жаңа ғасыр аттаған жас дарындар.
Шәкірті жаман екен дегізбеңдер,
Санас биік, адал дос табыңдар - дей отырып ақбата сұрайық.
1-Жүргізуші:
Қоштасады алтын ұя мектебің,
Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн
Сәт сапар! деп қол бұлғайық бәріміз,
Тілейік біз армандарға жеткенін.
2-Жүргізуші: Келешек өмір қандай болса да, қуанышы мен реніші қатар келсе де, еліміздің қай түпкірінде болсаң да сен міндетті түрде алтын ұя мектебіңді, бірге өскен достарыңды, осы салтанатты, толғандырар минутты естен шығарма, жолдарың болсын!

1-Жүргізуші: Тарихы терең қазақ деген көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді ту болмады дегенге?!
Сап түзелсін, салтанатты жиынымыздан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы әкетілсін. (Ту әкетіледі)
2-Жүргізуші: 2016-2017 оқу жылының аяқталуына арналған Сыңғырла, соңғы қоңырау! атты салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз!.
1-Жүргізуші:
Жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылына амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар!!!

Дайындаған: ТЖО Байгенжина Динара Егеубаевна
Қостанай облысы, Науырзым ауданы
Дәмді а.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ