Екінші кіші,Айгөлек тобының
ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі
Күні:16.11.2018
жыл Тәрбиеші:Дүйсенбаева
Асыл
Білім беру
саласы: Таным
Бөлімі:
ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып: «Дені
саудың-жаны сау.»
Тақырыбы:
«Сопақшалармен
таныстыру».
Мақсаты:
Тәрбиелік: Балаларды тиянақты болуға
тәрбиелеу. Дамытушылық:
Тілдері мен шығармашылық
ойындарын дамыту. Білімділік: Балаларға геометриялық пішіндерді олардың
түстері туралы түсініктерін бекіту .
Әдіс-тәсілдері: Таныстыру,сұрақ-жауап,түсіндіру.
Көрнекіліктер:
Тақырыпқа байланысты
суреттер.
Билингвальді
компонент: Сопақша-
пішіндер-фигура.
Ұйымдастырушылық
кезеңі:
Шаттық
шеңбері.
Қолды көкке
созайық,
Азайтайық,
қосайық.
Сан есептің
сарайын,
Кәне бірге
ашайық.
Негізгі
бөлім:
Балалар,міне сопақша.Ол неге
ұқсайды? Жұмыртқа,адамның басына.
-Балалар, міне дөнгелек. Ол
неге ұқсайды?Дұрыс, допқа ұқсайды және
көліктін доңғалағына .
-Ал мынау пішін :
Шаршы.Ол неге
ұқсайды.
Шаршынын төрт бұрышы бар. Олда домала
алмайдыма өйткені шаршынын да бұрыштары бөгет
жасайды.
-Балалар, сендер білесіндерме Ұшбұрышты неге
ұшбұрыш деп атаған?Өйткені үш бұрышы бар.Ұшбұрыш домала алмайды ма
өйткені бұрыштар бөкет жасайды.
Сергіту
сәті:
Кәне түзу
тұрайық,
Кесіндіні
құрайық.
Сәуле болып
созылып,
Нүкте болып
қалайық.
Ойын: «Жоғалған пішінді тап!».
Мақсаты: Балалардың ой өрісін,зейінің
дамыту. Ойын шарты:
тақтада үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, сопақша
пішіндер ілулі тұрады. Балаларға көзін жұмғызып, бір пішінді алып
тастаймын. Балалар көзін ашып қай пішін жоқ екенін
айтады.
Қорытынды:
-Балалар
бүгінгі сабақта не өттік?
-Сендерге ұнады
ма?
Балаларды
мадақтаймыз
Екінші кіші,Айгөлек тобының
ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі
Күні:15.11.2018
жыл Тәрбиеші:Дүйсенбаева
Асыл
Білім беру
саласы: Коммуникация
Бөлімі:
Көркем
әдебиет
Өтпелі тақырып: «Дені
саудың-жаны сау.»
Тақырыбы:
Ыбырай
Алтынсарин«Бір уыс
мақта».
Мақсаты:
Тәрбиелік: Балаларды
адалдыққа,имандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін
дамыту,сөздік,қорларын молайтып,байланыстыра сөйлеуге
дағдыландыру. Білімділік: Балаларды қазақ халқының
тұңғыш ағартушысы Ы.Алтынсарин өмірімен таныстыру.Оқылған
шығарманың мазмұнын әңгімелеуге ,мәнеріне келтіре айта білуге
үйрету.
Әдіс-тәсілдері: Таныстыру,сұрақ-жауап,түсіндіру.
Көрнекіліктер:
Тақырыпқа байланысты
суреттер.
Билингвальді
компонент:мақта-.вата,әже-бабушка.
Ұйымдастырушылық
кезеңі:
Шаттық
шеңбері.
-Үлкенге де
сіз,
Кішіге де
сіз
Баршаңызды құрметтеп
,
Бас иеміз
біз.
-Бір-бірлеріне жылы
сезім,күлкі сыйлау.
Негізгі
бөлім:
-Балалар,бүгінгі сабағымыздың
тақырыбы
«Бір уыс
мақта».
Әңгіменің авторы туралы
қысқаша мәлімет беру.Ыбырай Алтынсарин қазақтың аса көрнекті
ағартушы педагогі.Балаларға арнап көптеген ертегілер,әңгімелер
жазып қалдырған. Әңгімелері: Қарға мен құрт,Сауысқанмен қарға, Әке
мен бала,Түлкі мен ешкі.
Бүгінгі танысатын әңгімеміз
«Бір уыс мақта» деп аталады.
Әңгімені мәнерлеп оқып
беру.
Бір кішкентай қыз,әкесінің
шапанын жамап отыр екен,шешесі қасына отырып,ақыл
айтты.
-Балам дүниедегі жаратылған
жанды-жансыздардың ешқайсысының да керексіз болып жерде қалатыны
болмайды,-деп, Сол сөзді айтып отырғанда қыз бала киімін жамап
болып, жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып,далаға
тастады.
-Әже осы қиқымның еш нәрсеге
керегі бола қалмас,-деп
-Шешесі:
-Балам сол да жерде
қалмайды,-деді.Осылайша сөйлесіп ,терезеден қарап отырса ,манағы
мақтаны жел көтеріп ұшырды,мұны бір торғай көріп қуып барып мақтаны
тұмсығына тістеп қана алып ұшып кетті.Қыз
әжесінен:
-Манағы мақтаның қиқымын бір
торғай алып кетті.оны неғылады?-деп сұрады.Әжесі
айтты.
-Көрдің бе балам,күн айналмай
манағы айтқан сөздің келгенін.Ол кішкентай мақтаны торғай ұясына
төсеп,жас балапандарына мамық етеді,-деді.
Сұрақтар қою.
-Әңгіме не туралы?
-Қыз бала не істеді?
-Әңгіме немен аяқталды?
Шапан-астарына жүн не мақта
салып,сырып тігілетін бас киім.
Қиқым –бір нәрсенің майда,ұсақ
қалдығы .Мақтаның қиқымы.
Мамық-құстың үлпілдеген жұмсақ
жүні.
Сергіту
сәті: Тербеледі
ағаштар,
Алдымнан жел
еседі.
Кіп кішкентай
ағашатар,
Біп биік болып
өседі.
Дидактикалық ойын: «Кім
тапқыр»
Ойынның шарты:Өлеңді оқи отыра
торғай деген сөзді естігенде шапалақ ұру.
Торғай,торғай
торғайсың,
Ұшып қонып
қорғайсың.
Сенің өзің
қандайсың,
Қарғаға да
ұқсамайсың,
өзің кіші
торғайсың,
түсің қоңыр
торғайсың,
ұяңа мамық тасып
ап
өзің сондай
торғайсың.
Қорытынды:
-Балалар,бүгін кіммен
таныстық?
-Ол ақынның қандай әңгімесімен
таныстық?
-Әңгіме кім туралы
айтылған?
-Қандай ойын
ойнадық?
-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады
ма?
Сұрақ-жауап
,мадақтау,қортынды.