Материалдар / "Шоқан Уәлиханов еңбектерінің тәрбиелік мәні" баяндама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Шоқан Уәлиханов еңбектерінің тәрбиелік мәні" баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге, пән мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2020
299
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Нұр-Сұлтан қаласы

14 мектеп-гимназиясының

география пәні мұғалімі

Ергалиева Н.У

ergalieva.n@mail.ru

"Сүйер ұлың болса,

Сен де сүй.

Сүйінерге жарар ол"

(Абай)

Шоқан Уәлиханов еңбектерінің тәрбиелік мәні

Бүгінгі таңда өскелең жас ұрпаққа білім негізін қалаумен қатар оларды адамгершілік құндылыққа тәрбиелеудің маңызы зор. Еліміздің болашағын қалайтын ұрпақтарымыздың тарихтан өткен ата-бабаларымыздың өмірі мен еңбектерін бағалауы, құрметтеуі қажет.Абай атамыз айтқандай,нағыз ел сүйетін ұл бола білген, қазақ халқының білім –ғылым саласынан өз орнын ойып тұрып алған, дүниежүзі мойындаған, қазақ халқының қайталанбас тұлғаларының бірі –Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов деп білемін.

Шоқан Уәлихановтың еңбектері туралы еліміздің білім беру орындарында бірнеше пәндерде, атап айтатын болсам қазақ тілі мен әдебиеті, география, тарих сабақтарында сөз қозғалады. Оның әрбір сала бойынша жазған еңбектері мен оның өмір жолына тоқталады.

Мен мектепте география және өзін өзі тану пәндерінен дәріс беретіндіктен,оқушыларды ғалымның еңбектерімен таныстыра отырып, Шоқан Уәлихановтың бойындағы адамгершілік қасиеттері де оқушыларға үлгі ретінде атап көрсетуге тырысамын. Оқушыларды әсіресе оның балалық шағы мен саяхаттары көбірек қызықтырады.

Ол өзінің қысқа өмірінде қоғамдық ғылымдардың алуан саласында - тарихта, шығыстануда, географияда, этнография да, экономикада, филологияда, өнертануда -көптеген құнды еңбектер қалдырды. Шоқанның «Қазақтың шежіресі», «Жоңғария очерктері», «Қазақтар туралы жазбалар», «Абылай», «Көне замандағы қазақтың қару-жарақ, сауыт-саймандары», «Даладағы мұсылмандық», «Қазақтағы шаман дінінің қалдықтары», «Қазақтың көшіқоны», «Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы туралы пікірлер», «Ыстықкөл күнделіктері» тағы басқа еңбектерінде Қазақстан мен Орта Азиядағы түрік халықтарының келелі мәселелері кеңінен зерттелді және де зерттеулерде, мәселелер қою мен шешуде қазақ ғалымы дұрыс ғылыми бағыт ұстағаны кейінгі оқымыстылар зерттеулері арқылы расталды, бүгінгі күні де ғылыми мәні сақталды.

Әсіресе Шоқанның ғалымдық атағын көкке көтерген оның Қашқарға жасаған саяхатының қорытындылары еді. Осы сапардан кейін батыр саяхатшы, қажымас ғалым ретінде Шоқан есімі бүкіл дүние жүзіне белгілі болды.Ол қауіпті сапарға 1858-жылғы 28-маусымда Шоқан шықты. Ол сапарын Қапал қаласының маңындағы Қарамола тауынан бастап, Ыстықкөл арқылы, қырғыз халқының байтақ жерін аралай отырып, 1-қазанда Қашқар қаласына барып кіреді. Бұл сапарында Шоқан күнделік дәптер жүргізіп отырады. Бұған ол өзінің жолшыбай көрген-білгендерін, атап айтқанда, Орталық Тянь-Шаньның, Ыстықкөл бассейнінің, Нарын, Арпа, Атбас, Шатыркөл және Тарим өзенінің географиялық жағдайын, табиғат байлықтарын, ауа райын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін жазады. Шоқанның бұл күнделік дәптері Ресей Ғылым академиясының архивінде осы күнге дейін сақтаулы.

Шоқан Қашқарияда жарты жыл тұрып, Шығыс Түркістан қалаларын әсіресе, Қашқар қаласын жетік зерттейді. Одан әрі саяхатты жүргізуге сәті келмей, кері қайтады. Сол сапарында бұл елдің саяси қайраткерлері, ғалымдары, қалың бұқарасымен аралас-құралас болып, осы күнге дейін жұмбақ, жат саналған елмен танысып достасып, қымбат мағлұматтар жинап, ғылымды байыта түседі. 1859-жылдың сәуір айында ол Отанына оралады. Орыс ғалымдары оның бұл сапарын нағыз ғылыми ерлік деп бағалап, Шоқанды Қашқарияны тұңғыш зерттеуші ғалым деп таныды. Уәлиханов Қашқариядан аса бай ғылыми материалмен келді. Мәселен, ол сирек кездесетін шығыс қолжазбаларын, тау жыныстары мен өсімдіктер коллекцияларын, ежелгі мәдениет ескерткіштері мен ісмерлік өнерінің көптеген нұсқаларын әкелді. Оның ішінде Шығыс Түркістан тұрғындарының түрі мен тұрмысын бейнелейтін суреттері де бар.

Оқушыларға Шоқанның еңбектерімен таныстыра отырып, ғалымның бойындағы еңбекқорлық, шыдамдылығы мен алғырлығы жайында сөз қозғалады. Уәлихановтың Қашқарияға жасаған саяхатының басты жемісі оның «Алты шаһардың немесе Қытайдың Нан-лу өлкесінің шығысындағы алты қаласының жағдайы туралы» деген еңбегі болып табылады. Бұл еңбек өзінің материалының молдығы, талдауының ғылыми тереңдігі жөнінен тек отандық қана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзінің ғылымына қосылған үлкен қазына болып табылады. Бұл сапар және әлгі еңбек ІІІоқанды «Қашкария колумбысы» деп атауға толық құқық береді.

Оқушыларды Шоқанның Қашқарияға жасаған саяхатын оқыту арқылы отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа тәрбилейді.

Шоқанның балалық шағы мен өмірі туралы білім бере отырып, оқушылардың өздерінің ізденуіне де мүмкіндік беру арқылы оларды қосымша мәліметтер жинауға, баяндама немесе көрсетілім жасау сияқты тапсырмалар беріледі.

Шоқанның балалық шағы мен өмірін білгісі келетін жас ұрпақ оның қиын да қысқа өмірімен таныса отырып, оның бойындағы адамгершілік қасиеттері мен қазақ халқына деген құрметін бағалай біледі.

Оның білімге деген құштарлығын оның досы Г.Н.Потанин бір естелігінде былай деп жазды: «…Мен Шоқанмен қатты араласа бастадым. Бұл уақытта мен үшін ең сүйікті нәрсе қазақ даласы­ның географиясы мен этнографиясы болды. Ал Шоқан өзінің әңгімелерімен маған дәптерімді толтыруға жәрдем етті. Ол айта беретін, мен жазып ала беретін­мін, содан кейін ол мен жазып алған текстерге сурет салатын (…). Осы кезден бастап біз достасып кеттік те, біздің ойларымыз ешқашан ажыраған емес, екеуі­мізді де қызықтыратын бір нәрсе – Қазақ даласы мен Орта Азия еді». Г.Н.Потаниннің Шоқанмен достығы, Шоқанға деген сүйіспеншілігі өмір бойы суыған емес. Досы мезгілсіз қайтыс болғаннан кейін де Г.Н.Потанин оның ата-анасымен, ауылымен, туыстарымен байланысын үзген емес. Оларға арнайы барып, қонақ болып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап жүрген, ал Шоқанның әкесі мен нағашысынан қажетті материалдар да алып отырған. Демек, Шоқанмен бірге болған шағы Г.Потаниннің кейінгі бүкіл саналы өмірінде із қалдырып, оның фольклорист ретінде қалыптасуына зор ықпал еткен деуге негіз бар.

Г.Н.Потанинмен достығынан адалдықты байқап, оқушыларға достықтың берік болуы қажеттілігін өзін өзі тану пәнінде түсіндіріп, үлгі ретінде көрсетіп отырамын.

Шоқанның отбасындағы тәрбиесі, әжесімен қарым-қатынасы тәрбиелік жағынан ұрпаққа үлгі болады. Әжесінің еркелетіп оырып қойған атымен «Шоқан» атанып кетуінің өзіндік мәнінің жоғарылығы, әже тәрбиесін алған ұрпақтың адамгершілік қасиеттері жоғары болатыны белгілі. Қазіргі таңда өкінішке орай ертегі айтып, жыр оқып беретін әжелер санының азаюы да көңілге кірбің ұялатады......

Мен сабақтан тыс іс-шаралар өткізу барысында мектептегі театр үйірмесінің болуын пайдалана отырып «Аққан жұлдыз» атты іс-шара өткіздім.Ш.Уәлихановтың өмірі мен еңбектері туралы сөз қозғалды. Оқушылар еңбектеріне жеке жеке тоқталып, оның шығармашылығы жайлы мәліметтер мен оған арналған өлең жолдарын оқыды, оның салған суреттерін (презентация арқылы) көрсетті. Осы аталған іс шара барысында Ш.Уәлихановтың өмірін сахналап театрланған қойылым көрсетілді. Шоқанның өмірге келуінен бастап оның өмірден өткен кезеңіне дейінгі өмірінен шағын көрініс тапты. Сахналық қойылымда оқушылар ролдерді сомдап тамаша ойнап шықты. Іс-шараға келіп қатынасқан ұстаздар мен оқушылар көріністің аяғында көздеріне жас алып қимастық сезіммен Шоқанмен қоштасқандай болды.

«Мен өмірімнің ең жеңіс беретін шағын, қайрат-қуаты мол жылдарын Шоқанды әлемге танытуға арнадым. Мүмкін сол себептен кезектегі өзімнің еншімнен қағыс қалған шығармын, көкіректе сайраған талай ойлар бар еді. Бірақ, өкінбеймін. Шоқан көп адамдар ғұмырын арнауға тұратын жан. Ол өте алғыр, көптеген ұшқыр ойдың иесі еді, оның еңбегінің ұрпаққа түгел жеткізбеу обал болатын болды» деген екен Шоқантанудың негізін қалаушы Әлкей Марғұлан. Сондықтан Шоқанды тану білу тек білім ғана емес оның адамгершілік құндылықтарының жоғарылығын көрсетеді

Шоқан тек мамандықты ғана  жақсы білетін ғалым емес, ол - әр жақты ғалым. Бұл, бір жағынан, Шоқанның зеректігін, ғылыми жұмысқа қабілеттілігін көрсетсе, екіншіден, ол кездегі қазақ елінің тарихи жағдайы Шоқанды ғылымның әр саласын зерттеуге мәжбүр етті. Өйткені ол қазақтың бірден-бір оқыған адамы болды. Сондықтан да қазақтың тарихи шежіресі, этнографиясы, әлеуметтік құрылысы, тағы басқа жақтарымен байланысты мәселелерді сол кездегі орыстың мәдениетті, оқымысты ғалымдар жұртшылығының алдына салу үшін оған көп оқып, көп зерттеу, ғылымның қай саласынан да білімді болуы керек болды.

Қорыта келе Шоқан Уәлихановтың еңбектерін ХІХ ғасырдың өзінде орыс ғалымдарынан жоғары бағаланған, ал Шоқан ХХІ ғасырда да ғылым үшін маңыздылығын еш жоғалтқан жоқ. Өз халқы үшін оның ағартушылығы мен этнографтығы, ауыз əдебиетін жинаған еңбегі бір төбе және өмірі мен еңбектерінің тәрбиелік маңызы өз алдына бір төбе. Қамшының сабындай аз ғана ғұмырында халқына мол мұра қалдырған Шоқанды қай қырынан да жан-жақты, терең зерттей түсу, аша түсу -бүгінгі жəне кейінгі ұрпақтың ең қасиетті міндеттерінің бірі болып қала бермек.



Библиографиялық тізім

  1. Әлкей Марқұлан. Шоқан Уәлиханов. Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары (ІХ-ХІх ғасырлары). Құраст: Исқақов Б. -Алматы, 1964. 282-292 б.

  2. Орыс геогр.қоғ. 1865ж. - С-П, 1866ж.

  3. Шоқан шығармалары. ХХІХ том, С-П.

  4. .Шоқан Уәлиханов. Шығармалары /ред. басқарған Н.И.Веселовский, басып шығарған Империялық географиялық қоғамы, С-П, 1904ж.

  5. Чокан Валиханов в воспоминаниях современников. Казгосиздат, А-Ата, 1964.

  6. Шоқан Уәлиханов. Мақалалары мен хаттары. - Алматы, 1949ж.




2


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!