Шоқан Уәлихановтың географиялық ерлігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шоқан Уәлихановтың географиялық ерлігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ш.Уәлихановтың географиялық зерттеулерінің ішінде Қашқар саяхаты ерекше орын алады.Олай дейтініміз егер қазақ далалары ме ТяньШаньдағы зерттеулері Шоқанды орыс ғылымдарына танытса, Шығыс Түркістандағы зерттеушілері оның есімін бүкіл дүниежүзі ғылымы алдында паш етті.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебі











Шоқан Уәлихановтың географиялық ерлігі

(Мақала)

Дайындаған: Кәрім Г.И





















Арқалық – 2022-2023 ж.ж

Шоқан Уәлихановтың географиялық ерлігі.

Небәрі 30 жылға жетер-жетпес өмір сүрсе де, мәңгі із қалдырған ғұлама ғалым және ағартушы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен ғылыми зерттеулері жайында қыруар әдебиет жинақталған. Заманында дүниежүзі ғылымына елеулі үлес қосқан Ш.Уәлихановтың барлық саладағы еңбектері әр кезеңде де жоғары бағаланады.

Ш.Уәлихановтың географиялық зерттеулерінің ішінде Қашқар саяхаты ерекше орын алады.Олай дейтініміз егер қазақ далалары ме ТяньШаньдағы зерттеулері Шоқанды орыс ғылымдарына танытса, Шығыс Түркістандағы зерттеушілері оның есімін бүкіл дүниежүзі ғылымы алдында паш етті.

Қашқар саяхаты әдеттегідей жаңа жер іздеуге немесе оның табиғаты мен шаруашылығын зерттеу үшін қатардағы экспедиция емес, қай жағынан алып қарағанда да ерекше сапар еді. Олай дейтініміз бұл сапараға тек ғылыми қоғам ғана емес, бәрііәнен бұрын үкімет орындары мүдделі болды. Сондықтан оны ұйымдастыруға Ресей империясы Сыртқы істер министрлігінің Азия департаменті басшылық жасады. Қажетті қаржы бөліп, экспедицияны бүкіл керек-жарағымен жабдықтаған да осы мекеме. Әрине, экспедицияны ұйымдастыруға Орыс география қоғамы да өзінің лайықты үлесін қосты.

Қашқария – Қытайдың терістікте Тянь-Шаньмен, түстікте Памир және Куньлуньмен тұйықталған батыс бөлігі. Жан-жағынан тау қоршаған ояң алқапты түгелінен дерлік Такла-Макан шөлі алып жатады. Куньлуньнің мәңгі қар мен мұзынан басталатын көптеген өзендері құмға сіңіп аяқталады. Халқы шөлдегі өзен бойына шоғырланған.

Шоқан ыстықкөл алқабынан Тянь-Шань арқылы Қашқарияға басты үш жол апаратынын анықтады. Ең шығыстағысы Үшқақпақ және Көкжар өткелінен асып барып, Текестің бойымен Үш Тұрфанға шығады. Бұл жолмен жүгіруге он күн кетеді. Аса қиын үш асу арқылы өткенімен мұнда отын жағы баршылық. Жолда әр жерде майқарағай орманы кездесіп қалады. Екінші – Ақсай жолы. Түрген, Зауқы, Қашқасу, Дүңгіреме өзендерінің аңғарларын басып Тарағайға шығады. Бұл жолда қиын асу – екеу. Қашқарға дейін 18 түн қонып барады. Жолда малдың тезегінен басқа отын кездеспейді. Үшіінші жол Алабаш пен Жуанырақ өткелдерінен өтіп, Нарын аңғары мен Шатыркөл арқылы Қашқарға шығады. Жол айтарлықтай үш асуды басып жүреді. Сапар шамамен 16 күнге созылады. Оның басқа жолдардан тиімділігі – отын жеткілікті. Ағаш, бұта және тезек қанша жақсаң да, жетіп жатыр. Керуен басындағылар «осы үш жолдың ішіндегі тиімдісі – Ақсай жолы» деген тұжырымға келді. Өйткені жолдың біраз бөлігі Ыстықкөл қазаншұңқырының табанындағы жазық жерді бойлап жүреді және қиын асу екеу ғана. Бірақ қырғыздың сарыбағаш тайпасының қарақшыларынан запы болған қашқарлық саудагерлер бұл пікірді қостамады. Олар қайткен күнде де Ыстықкөл қазан шұңқырына соқпай, Үшқақпақ асуы арқылы жүруді жөн көрді. Мұсабай мен Шоқанға оған көнбеске амал қалмады.

Ш.Уәлиханов Қашқарда 1 қазаннан 13 наурызға дейін 5 айдан астам уақыт тұрды. Ол осы уақыттың ішінде алты шаһар елін географиялық, этнографиялық, тарихи және саяси тұрғыдан жан-жақты зерттеп үлгерді. Саяхатшы сауда сылтаумен елдің алыс түкпірлеріне – Янысарға, одан әрі Жаркент төңірегіне дейін барып қайтты. Бұл сапарында өсімдік гербарийлері мен тау жыныстарының біраз үлгісін жинады.

Қашқар саяхатының маңызды орта ғасырдан бері белгісіз жатқан алты шаһар елін әлемге танытумен ғана шектелмейді. Ш.Уәлиханов Қашқарға бару және қайту жолында да ауқымды географиялық бақылаулар жүргізді. Ол кезде Ішкі Азияның орографиялық құрылысы әлі ғылымға белгісіз еді. Шоқан Тянь-Шань мен Куньлуньнің жоталары мен тау аңғарларының орналасуларының алғашқы нобайын жасады, оларды сызбалық картада белгіледі. Бұл материалдар ғалым кейінірек Петербургте жасаған Орталық Азияның картасына енді (1860). Ш.Уәлиханов сапар кезіндегі бақылауларына сүйеніп, жаңа жерледің нағыз ғылыми географиялық сипаттамасын берді.

Қашқар саяхатының нәтижелерін орыс және еуропа ғалымдары өте жоғары бағалады. Орыс география қоғамының ұзақ жылдар бойындағы басшысы П.П.Семенов-Тянь-Шанский саяхатты «тамаша географиялық ерлік» деп ерекше атады. Сыртқы істер министрлігінің Азия департаментінің директоры, белгілі саяхатшы әрі ғалым Е.П.Ковалевский саяхаттың жазба есебіне «данышпандықпен жазылған» деген баға берді. Саяхат нәтижелері Лондонда ағылшын тілінде басылды, жеке үзінділері неміс және француз тілдерінде жарық көрді.

Саяхатшының еңбегін үкімет орындары да жоғары бағалады. II Александр патшаның арнаулы жарлығымен Ш.Уәлиханов 4-дәрежелі Владимир орденімен марапатталып, штабс-ротмистр шенін алды.

Қашқар саяхатының нәтижесінде Шоқан Уәлихановтың есімі ержүрек саяхатшы, дарынды ғалым ретінде географиялық және шығыстану ғылымдарының тарихынан мәңгілік орын алды.









Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Ә.Бірмағанбетов «Шоқан Уәлиханов – география және саяхатшы», Алматы кітап баспасы 2015.

  2. Б.Тоғысбаев, А.Сужикова «Тарихи тұлғалар», Алматы кітап баспасы 2012.

  3. Р. Иманжүсіп «Шокан Уалиханов в истории науки казахстана», ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, Астана, Казахстан

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.05.2023
534
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі