Материалдар / сөз және оның мағынасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сөз және оның мағынасы

Материал туралы қысқаша түсінік
еліміздегі барлық бастауыш ұстаздары пайдалана алады, сонымен қатар өзінің қалауына байланысты да түрлі өзгертулер енгізсе де болады. осы арқылы ашық сабақты сәтті өтуге болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2019
456
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сынып: 4 «Г»




Мектептің аты:

«№7«Тұран» мектеп-гимназия»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Күні: 23. 11. 2017ж.

Мұғалімнің аты-жөні: А.Оспанова


Пәні: қазақ тілі

Қатысқандар саны: 15

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы:

Сөз және оның мағынасы.


Сабақтың мақсаты:



а) Оқушылардың сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдете түсу. Мағынасы қарама-қарсы сөздер туралы түсінік беру.

ә) Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сол арқылы сөз байлығын арттыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу.

б) Көркем жазу арқылы әсемдікті түсінуге тәрбиелеу.



Тілдік мақсат

Термин сөздермен жұмыс.


Бағалау критерийлері

Смайликтер арқылы бағалау.


Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды сауаттылыққа баулу. Заман талабына сай тәрбиелеу.


Бастапқы білім

Сөз және оның мағынасы (мәндес сөздер).


Сабақтың барысы


Сабақтың

жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар


Сабақтың басы












1. Ұйымдастыру бөлімі.

-оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

- түгелдеу.

2. Психологиялық дайындық :

Қазақ тілі – бал тілім,

Өзің барда шалқимын,

Тілімнен нәр табармын,

Тіліме кім тағар мін.

3. Үй тапсырмасын «Миға шабуыл» әдісі арқылы тексеру.

4. Үй жұмысын бағалау.

5. Жаңа сабақ.

6.Жеке жұмыс.

7. Сергіту сәті.

8. Топпен жұмыс.

9. Сабақты бекіту.

10. Үйге тапсырма.

11. Рефлексия жазу

12. Бағалау.





оқулық


тақта


суреттер




Сабақтың ортасы/ сабақтың негізгі бөлімі



Сөз және оның мағынасы.

(Қарама-қарсы сөздер)

Төле би

Аталы ұлдың сөзі баянды,

Атасыз ұлдың сөзі шаянды.

Қазыбек би

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,

Көшінің ең соңы болады.

Ескелді би

Ақылды елді оздырады,

Ақымақ елді тоздырады.

Майқы би

Тұлпардан тұлпар туады,

Сұңқардан сұңқар туады,

Асылдан асыл туады.

Жалқаудан масыл туады,

Масылдан малбақпас туады,

Тілазардан қылжақпас туады.

Аталар сөзі

Ақымаққа күнде той.

Ақылдыға күнде ой.

Екі жақсы қосылса, бірін-бірі сыйлап өтер.

Екі жаман қосылса, бірін-бірі қинап өтер.

Жақсылық ағаш басында.

Жамандық аяқ астында.

Күн мен түн

Жел әкелгенді сел әкетер. Тау жақтан баяу жел соқты. Қатты желдің екпіні қайықты аудара жаздады. Бүлдіру –оңай, түзету- қиын. Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар.

Алыптар мен ергежейлілер

қатты - тәтті -

ұзын - ішінде -
жылы - ескі -

Жеке жұмыс.

Семантикалық карта.

Тапқырлар

Зат есім: жаз-қыс, күн-түн.

Сын есім: ақ-қара, ыстық-суық.

Етістік: айту-тыңдау, қону-ұшу.

Сергіту сәті

Шаршасаңдар балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерің шынықсын,

Саналарың тынықсын.

«Мен таптым» әдісі.

Жұмбақ шешу.

Әлемнің бар күзетшісі,

Бірі –күндіз шығады.

Бірі – түнде шығады. (Ай мен күн)

Сабақты бекіту.

Топпен жұмыс. «Моншақ» әдісі.

  1. топ. Берілген сөздерге сөйлем құрау.

  2. топ. Берілген сөздерге қарама-қарсы сөздер жазу.

  3. топ. Мақал-мәтелдердегі қарама-қарсы сөздерді табу.



Үйге тапсырма

5-жаттығу. Мәндес сөздерді бір бөлек, қарама-қарсы сөздерді бір бөлек жазу.

Смайлик арқылы бағалау


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дене белсенділігі – бұл шипа күш. Әйгілі ғалым Н.М.Амосов былай деген: «Ден сау болу үшін қозғалу керек. Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы ғана жетуге болады!»

Дене белсенділігі адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу қабілетін арттырады, ауруды алыстатып, өмірді ұзартады.


Денсаулығына назар аудару


Сабақ бойынша рефлексия

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін, ішкі сезімдерін білдіреді. Сабақта түйген ойларымен бөліседі.


Бағалауа



Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:


















































Сынып: 4 «Г»




Мектептің аты:

«Тұран» мектеп-гимназия»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: А.Оспанова


Пәні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы:



Сабақтың мақсаты:



а) 1. Оқушылардың оқу қабілеттерін, білім-білік, таным ерекшеліктерін арттыру.

2. Білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау.

3. Әр пән бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру.

4.Оқушының өз жетістіктерін өздеріне талдатып, өзіндік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру.

ә) 1. Есте сақтау қабілетін дамыту.

2. Сауатты сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

3.Ой-өрісін дамыту.

б)1. Азаматтыққа тәрбиелеу.

2. Өз елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

3. Еңбек мәдениетіне тәрбиелеу.


Тілдік мақсат



Бағалау критерийлері



Құндылықтарды дарыту



Бастапқы білім



Сабақтың барысы


Сабақтың

жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар


Сабақтың басы








Сабақтың ортасы/ сабақтың негізгі бөлімі


I. Ұйымдастыру бөлімі.

-Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

Психологиялық дайындық :

Ішке тартып ауаны,

Деміңді алшы тереңнен.

Денсаулықтың  жауабы,

Қайталасаң менімен.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Үй жұмысын бағалау.

1.

IҮ. Үй тапсырмасын қорытындылау

2.






оқулық

тақта

плакат































Үйге тапсырма


Бас бармақ арқылы бағалау


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дене белсенділігі – бұл шипа күш. Әйгілі ғалым Н.М.Амосов былай деген: «Ден сау болу үшін қозғалу керек. Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы ғана жетуге болады!». Дене белсенділігі адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу қабілетін арттырады, ауруды алыстатып, өмірді ұзартады.



Сабақ бойынша рефлексия










Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:


Ермағамбетова Айсұлу





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!