Материалдар / Сөз мәйегі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сөз мәйегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың әдебиет пәні бойынша алған білімдерін тереңдету, тез жүйелеуге дағдыландыру. Ойлау қабілетін, тапқырлығын, таным белсенділігін арттырып, өз ойын ашық, еркін жеткізуге жағдай жасау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қырқүйек 2021
587
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы: Аргимбаева Асем Елюбаевна

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы «Тауағаш орта мектебі» КММ

Тақырыбы: Сөз мәйегі

Мақсаты: Оқушылардың әдебиет пәні бойынша алған білімдерін тереңдету, тез жүйелеуге дағдыландыру. Ойлау қабілетін, тапқырлығын, таным белсенділігін арттырып, өз ойын ашық, еркін жеткізуге жағдай жасау.

Өткізілу түрі: танымдық ойын

Жоспары:

І. Кіріспе. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Негізгі бөлім: ойын кезеңдері

  • Топ таныстырылымы

  • Жорға

  • Мақал сөздің – мәйегі

  • Мазайка

  • Жұмбақ бейне

  • Полиглот

  • Поэзия минуты

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Мұғалім кештің мақсатымен таныстырып, ойын шартын түсіндіреді. Кезеңдерімен таныстырады. Үш топқа бөліп,әділ қазылар мүшелерін сайлайды. Олар бағалау критерийлеріне сүйене отырып топтарға әділ бағаларын береді де, ойын соңында жеңімпаз топты анықтайды.

ІІ. Негізгі бөлім:

1-кезең : Топ таныстырылымы

Әр топ өздерін шығармашылықпен таныстырады. Ұрандарын айтады.

2-кезең: Жорға (сұрақтардың жауаптарын қағазға жазып, әділ қазыларға береді)

1. Үш биді жаз.

2. Жеті атаны тізбектеп жаз. (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)

3. Қазақ халқының алғашқы ағартушысы кім? Ы.Алтынсарин

4. Абылай ханның шын аты кім? Әбілмансұр

5. Әдебиетте адамдардың кескін-келбетін, жүріс-тұрысын суреттеуін қалай айтамыз?

Портрет

6. Бес асыл іс? Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым

7. Күйші Динаның ұстазы? Құрманғазы

8. Өмірде болған адамға қатысты құралған халық шығармасы. Аңыз

9. Қабанбайдың азан шақырып қойған аты? Ерасыл

10. Жылдың 4 мезгіліне өлең жазған ақын? Абай

3-кезең: Мақал – сөздің мәйегі

Мұғалім әр топқа сұрақтар жазылған парақша береді. Оқушылар сұрақтарға сәйкесінше мақалмен жауап беріп, қазылар алқасына тапсырады.

1-топ

1.Жыланды қалай інінен шығарамыз? 
(Жылы-жылы сөйлесе, жылан інінен шығады) 
2.Инемен құдық қазуға бола ма? 
(Білім инемен құдық қазғандай) 
3.Аппақ қарға бола ма? 
(Қарға баласын аппағым дейді) 
4.Ең тәтті не? 
(Ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті) 
5.Оттан да не ыстық? 
(Отан оттан да ыстық) 

2-топ
1.Шашу мен жинаудың қайсысы оңай? 
(Шашу оңай,жинау қиын) 
2.Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр? 
(Көз қорқақ,қол батыр) 
3.Отқа түсіп күймеуге бола ма? 
(Отан үшін отқа түс күймейсің) 
4. Судың көзі бола ма? 
(Су – тіршілік көзі) 
5. 100 теңге ақшаға дос сатып алу мүмкін бе? 
(100 теңгең болғанша, 100 досың болсын) 

3- топ

1.Қарның қай уақытта тояды?

(Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей)

2. Қоян мен ержігітті не өлтіреді?

(Қоянды қамыс өлтіреді, Ержігітті намыс өлтіреді)

3. Білімді мен білекті қаншаны жығады?

(Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады)

4. Ата-анасын мақтатып, қақсатып жүрген кім?

(Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

5. Көрдім,көрмедім деген неше сөз? 
(Көрдім деген көп сөз,көрмедім деген бір сөз) 
4-кезең: Мазайка

Топтарға конверттегі қырқылған ертегінің суреттері беріледі. Оқушылар мазайка құрастырып, ертегінің тақырыбын айтады. Ертегінің мазмұнына, не кейіпкерлеріне байланысты мақал-мәтел айту.

«Ер тарғын» «Екі жолдас» «Бауырсақ»

Батыр туса, ел ырысы. Досы көпті жау алмайды, Ас атасы – нан.

Жаңбыр жауса, жер ырысы Ақылы көпті, дау алмайды

5-кезең: Жұмбақ бейне

Слайдтан ақын-жазушыларды танып, оқыған шығармасын айту.

Абай Құнанбаев Ахмет Байтұрсы Жамбыл Жабаев «Өнер, білім, бар жұрттар» «Маймыл мен көзілдірік» «Алатау»

Ыбырай Алтынсарин Бердібек Соқпақбаев Мұхтар Әуезов

«Таза бұлақ «Менің атым – Қожа » «Жұт алдында»

6-кезең: Полиглот

Әр топқа төрт жұмбақтан жасырылады, сол жұмбақтардың шешуін тауып, оны орысшаға аудару.

І - топ
1. Өзі сондай ақ, Жесең тәтті - ақ. (Қант - сахар)
2. Қыс бойына жатады, Тәтті ұйқыға батады. (Аю - медведь)
3. Жазу жазып жалықпаған Жаза - жаза арықтаған. (Бор - мел)

4. Жазда тұрып жоғары, Күзде жерге қонады. (Жапырақ-листья)


ІІ - топ
1. Өзі таудың бөктерінде өседі Жаңа жылда үй төріне көшеді. (Шырша - елка)
2. Білімнен мол сый асы, Балғындардың ұясы. (Мектеп - школа)
3. Қабат - қабат қаттама Ақылың болса аттама. (Кітап - книга)

4. Әуре болма теріп бекер, Ұстай қалсаң еріп кетер (қар-снег)

ІІІ - топ
1. Мамықтай ұлпа, қанттай ақ Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады. (Қар - снег)
2. Ұшып, қонып тынбайды, Жерге соқсаң сынбайды
Суға салсаң батпайды, Түскен жерге жатпайды. (Доп - мячь)
3. Бұдан кір қорқады, Судан бұл қорқады. (Сабын - мыло)

4. Көктемде ақ гүлге оранады, Күзде қолға доп болып оралады (алма-яблоко)


7-кезең: Поэзия минуты

Топ басшыларының өлең оқудан жарысы.


ІІІ. Қорытынды бөлім.

Апта бойы өткізілген ойындардың қорытындысы шығарылады. Әділқазылар оқушылардың жұмыстарын бағалайды. Жеңімпаз топтарға 1,2,3 орын беріледі. Белсенді оқушыларға алғыс айтылып, мадақтамамен марапатталады. Бастауыш сынып арасында оқу жылдамдығының жеңімпазы «Жылдам оқу шебері» марапатталады.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!