Материалдар / Сөз қадірі-өз қадірің
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сөз қадірі-өз қадірің

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз ұйымдастырушы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2020
7717
58 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған қаласының облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп-интернаты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Рухани - адамгершілік тәрбие сағаты




Сөз қадірі - өз қадірің







Ұстаз үйымдастырушы : Абдрасилов Д.К.


















Талдықорған 2020 ж.





Сөз қадірі - өз қадірің


Мақсаты : Балаларды әдепке, қоршаған ортада өзін - өзі дұрыс ұстауға, дұрыс сөйлеуге,үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге үйрету. Адам бойындағы асыл қасиетті сөздердің мағынасын түсінуге үйрету. Адамдармен адамгершілік қарым - қатынасын көтеру. Балалардың есту, сөйлеу қабілетін дамыту, есте сақтау қабілетін жаңғырту.


Көрнекіліктер: Слайдтар, суреттер, карточкалар, әр түрлі қанатты сөздер.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.


  1. Өзек қуа ағады өзен судың саласы,

Алыстан сәлем береді әдепті елдің баласы: - деп әдептілігімізді көрсете отырып, ұстаздарымыздың қалын - жағдайын сұрай отырып, амандасайық.


Жанат: Сәлеметсіздерме қонақтар!?

Бақытжан: Амансыздарма қадірлі аналар мен әкелер!?

Ақбаян: Есенсіздерме құрметті ұстаздар!?

Ержас: Ассалаумағалейкум құрметті қауым!

Томирис: Қайырлы күн ұстаздар!

Еркебұлан: Ел жұртыңыз аман ба!?

Олжас: Қош келдіңіздер!

Елдар: Сіздерді біздің сыныбымызда көруге, куаныштымыз!

Жақсы! Дұрыс амандасу адамың мәдениеттілігін, әдептілігін, адамгершілігін көрсетеді.Яғни дұрыс және орынды сөйлеу керек екен.


  1. Жаңа сабақ.

Бүгінгі тақырыбымыз қандай ?

Сөз қадірі - өз қадірің!

Сөз – адам үшін тәрбие құралы, білім-білік, мәдениет, өнер бастауы, ақыл –ой, әсемдік қазынасы. Сондықтан да сөзді шашпа – тегін дүние көріп, оңды-солды талғаусыз айта берсең, жұғымы, қадірі болмайды. Білімпаздар айтқандай: «Сөз қадірі – адамның өз қадірі, сөзі құпсыздың өзі құпсыз».

Сөз өнері – атаулының ең қиыны мен күрделісі. О. Бальзак

Айналасындағы адамдарға «Ей», «Сен» - деп, дөрекі тіл қатпай «Сіз» - деп сыпайы сөйлеудің мәдениеттілік, ізеттілік қана емес, қарым-қатынасқа жұмсақтық, жайдарылық дарытатын күш екенін ұғынып отырған жөн. Жылы шырай - тек сәлемдескенде ғана емес, адамдарға тіл қатқанда, сөйлескенде де керек нәрсе. Сөйлесуге «ғафу етіңіз!», «құлағым сізде», рұқсат етіңіз, өтінемін, «ләббай» - деген сияқты сөздерді орнымен кірістіріп отыру жағдайды жайландырып отыратыны есте болуы тиіс.



3.Аз сөз алтын, көп сөз көмір! Көрінісімізді орындайық.

Сөздің атасы мен анасы

Б. Адамбаев

Қаз дауысты Қазыбектің атағы шығып тұрған кезде ауылына бір саудагер келіпті. Түстеніп, демалып болған соң Қазыбекке былай дейді:

  • Биеке, бір сөз сұрайын деп едім?

  • Сұраңыз!

  • Біз бір керуен адам едік, өзара дауластық та, ойластық та, бірақ шешуін таба алмай қойдық. Сөздің атасы кім, анасы кім? - деп сұрады саудагер.

Сонда Қазыбек би ойланып, былай дейді:

  • Сөздің атасы - бірлік, анасы - шындық! Жолың болсын жүрген жерінде айта жүр!

- деп жауап береді. Саудагер ризашылығын білдіреді.

  • Рахмет, Қаз дауысты Қазыбек би. Сөзіңізге қанағатпын.



Мәтінге байланысты Сұрақ - жауап.



  1. Мына нақыл сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Су анасы – бұлақ.
Жол анасы – тұяқ.
Сөз анасы – құлақ.



Таза мінсіз асыл тас,

Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.


Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез,
Нұрын, сырын, көруге,
Көкірегіңде болсын көз.



  1. Әдептілікке тәрбиелейтін ырымдар мен тыйым салу сөздері:


• Біреумен сөйлескенде, бетіне қадала қарап, тақалып тұрма.
• Біреумен сөйлескенде, керексіз нәрсені қазбалап сұрай берме.
• Өзіңе қатысы жоқ сөзді естуге құмартпа.
• Дастархан басында көп сөйлеме.
• Жаман, бұзақы сөзден тыйыл.
• Біреу сұрақ қойса, ойланып, анық жауап бер, аузыңа түскен сөзді айта салма.
• Өзің білмегеніңді басқалардан сұрап алуға намыстанба.
• Қолыңнан келмейтін істі тыңдырамын деп ешқашан уәде етпе. Ал уәде бердің екен, қайткенде де орындауға тырысып бақ.
Сөзіңде тұр!



  1. Сөйлеу үлкен өнер. Оған көп көп тыңдап, көп оқып, халықтың ауыз әдебиетін, әсіресе, айтқыштық пен терең ойдың інжу-маржандары – мақал-мәтелдерді жетік біліп, сырына үңілу, кітапты көп оқу арқылы жаттығып, төселеді. «Ақылдыадамсөздінақылсызайтпайды» — дегенсоданшыққан.

Олай болса қазағымыздың нақыл сөздері мақал - мәтелдерді айтайық.Берілген мақал мәтелдерді дұрыс айтып, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойындар.



Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді.

Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.

Көлді жел қозғайды, ойды сөз қозғайды.

Жанған от тәнді жылытады, жақсы сөз жанды жылытады. Жауынмен жер көгереді, батамен ел көгереді.

Айтылған сөз – атылған оқ.

Қотыр қолдан жұғады, пәле сөзден жұғады.

Сауатсыздың сөзіне сүрініп құларсың.

Артық сөйле, кем сөйле, таразылап тең сөйле.

Жаман сөз жылатады, жақсы сөз жұбатады.

Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар.

Жақсы сөз – жарым ырыс.

Құлаққа кірген суық сөз – көңліңе барып мұз болар.

Жаман сөз – жанға кірген тікен.

Таудай сөздің тарыдай түйіні бар.

Тіземнен сүріндірсең сүріндір, Тілімнен сүріндірме.

Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады

Орынсыз сөз - өзіңе тиер.

Сөзің қысқа болсын, қолың ұста болсын.

Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді.

Қарағым деген жылы сөз -

Тон болып тәнді жылытпаса да, жанды жылытады.

Орынды айтылған сөз -Орнына қағылған шеге сияқты.



7.Менің пікірім (келісемін, келіспеймін, өйткені...)



Менің пікірім

1 Сөз - сөйлеушінің ойын, сезімін, мінезін, тәртібін де көрсетеді. 2 Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

  1. Жақсы байқап сөйлер, Жаман шайқап сөйлер.

4 Өлеңді қосылып айтқан жақсы, Сөзді тосып айтқан жақсы.

5 Бастың көркі – жүз, жүздің көркі – көз. Ауыз көркі – тіл, тілдің қөркі – сөз.



8. Сөйлеудегі ең жақсы қасиет – ой-пікірін қысқа әрі дәл айтып жеткізушілік. Алтын-гауһардың қымбат саналуы – олардың аздығынан. Олардың аздығы тазалығы десек, қысқа, қоспасыз, ұғымды сөз де қадірлі. Орыстың аса шебер жазушысы А.П.Чеховтың:«Қысқалық-таланттың сыңары» — деуі де сондықтан Ал, қазақтың «Көп сөз көмір, аз сөз алтын», «Көп сөйлеген я жолдасынан, я құрбысынан айрылады», «Жақсы байқап сөйлейді, жаман шайқап сөйлейді», «Аңғармай сөйлеген- ауырмай өледі», «Сөз қуған бәлеге жолығады», «Жақсы сөйлесе аузынан нұр төгіледі, жаман сөйлесе аузынан жын төгіледі», «Жақсының сөзі назалы, жаманның сөзі ызалы». Ғұламалар: «Көп нәрсенің қадірі болмайды»-дегенді айтуының сөйлеуге де тікелей қатысы бар.Олай болса мына суреттерге қараңдаршы...(Егер жапырақ жалғыз болса )

Сол сияқты сөздің де қадірін түсіну керек. Әр сөзді байқап, терең ойланып барып, тіл қату керек!



«Айтылған сөз - атылған оқ» - дейді екен. Көрінісімізді тамашалайық.



Не айтатыныңды ойлап ал.

Күндердің күнінде бір байлыққа мақтанған әйел данышпанға келіпті.

- Ата мен сіз сияқты данышпан болғым келеді. Бірақ менің кемшілігім бар, адамдарды өсектегенді жақсы көремін. Осы мінезімнен қалай арылсам екен?

- Жақсы, Базарға бар, тауықтын қанатын сатып ал, қайтарда үйіңе жеткенше бір қанатын жолға тастап отыр.

Әйел таң қалды, алайда өзі сыйлайтын адмның айтқанын ені етпей орындап келеді.

  • Өте жақсы, енді базарға бар да қайтарда сол қанаттарды жинап кел.

  • Ол мүмкін емес қой? Оларды жел ұшырып кетті ғой?

  • Ендеше айтқан сөз де солай өсек айтпас бұрын не айтарыңды ойлап ал- деді қария.



  1. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сыйласымды қарым - қатынас жасауға негіз болатын адам мінезінің сипаттарын бір бөлек, кедергі келтіретін сипаттарды бір бөлек етіп жазыңдар.

Сыйласымды, жағымды. Жағымсыз сипаттар.

От тигендей лап ете қалу; жұмсақ; икемге көнгіш; келісімпаз; бір сөзге шарт етіп тұтану; бәріне бас шұлғи беру; қызыл кеңірдек болып таласу; сәл нәрсеге бола ренжу; тау қозғалса да қозғалмайтын сабырлы; өзін жоғары ұстау; менмен; кішіпейіл; мақтаншақ; сыпайы; ұшып қонба жеңілтек; байсалды.



Сөз қадірі.

Елдар: Сөз — сәуле, Күннің нұрын шашыратқан.
Тынысы тіршіліктің — Шашу Хақтан.
Аймалап бар дүниені жерде, көкте,
Нәр сепкен жан біткенге жапырақтан.

Томирис: Сөз — шырақ, Көз алдыңды жарқыратқан.
Сөз — бұлақ, таудан суын сарқыратқан.
Сөз — теңіз, төлегейін тулататын,
Сөз — тұлпар, сәйгүлік ой арқыратқан.
Ержас: Сөз — қуат, Құлын жүрек жұлқынтатын.
Бойыңнан бура бұлшық бұлқынтатын.
Жер тарпып көк дөненнің тақымында,
Желдіртіп жөнелердей зіркінді атың.

Бакытжан: Сөз — жалын, Ошақ ішін маздататын.
Қуат мол лапылындаазғанатым.
Жандырыпөртесе де алауында,
Наздыүн, нәзікәуен саз жататын.

Еркебулан: Сөз — ұстаз, Ақжағасынкіршалмаған.
Ашуыкернесе де ұрсаалмаған.
Шапағатшашыпмейірайналаға,
Жүзінен, жанарынаннұрсаулаған.

Жанат: Сөз — ұстаз, Жан сарайыжарқыраған.
Білімніңақбұлағысарқыраған.
Күй толы көкірегікүмбірлеген.
Таусылмасақылкені алтын адам.

Акбаян: Сөз — ұстаз, Минуты кем шалқымаған.
Күні кем қорғасынбопбалқымаған.
Шарқұрып, биіккеөрлеп, асқарасып,
Күні кем қыранқұстайқалқымаған.

Аспайдытүсінгенгеназданөкпем.
Асығысадаскетіпжұрттысөкпен.
Қаймағынқалыңдатсабұлқазекем,
Кетпейдіжелге, құмғатерімтектен.



Қорытынды:

Сөйлеудің қасиеті әдептілігі мен әдемілігіне қоса, шындығында жалған айту, өтірік сөйлеу кісілікке жатпайды. Халық өтірікшіні жексұрын ретінде жек көре отырып, айыптайды. Жеткіншек ұрпақты: «Өтірік сөз өрге баспайды», «Өтірікшінің шын сөзі зая кетеді» - деп, жалған сөйлеуден жирендіріп, шындыққа үндейді. Тегінде шын сөйлеу - әдептіліктің ең негізгі белгісі. Данышпан Абай: «Адамның бес дұшпаны бар: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек бекер мал шашпақ» - деп көрсетеді. Сондықтан өз пікіріңді алдымен өзің құрметте, айтылып, аяқсыз қалып қоятын сөзді айтпа. Әрбір сөзің мен ісің табиғатыңа, өмірлік қағидаларыңа сай болса «Адамдар қалай ойлап қалады екен» - деп жалтақтама. Егер ісің мақұлдана қалар болса, «ісіме берілген баға артықтау болып кетті - ау» - деп те қысылма. Сөз бен ақиқат екі түрлі болған кезде сөзіңнен тез қайтқаның дұрыс. Айтқан сөзің түсініксіз болса - айтар ойың түсініксіз болғаны. Кейде үндемей қалғанда үлкен сөз айтқанмен бірдей. «Сөйлесем, сөзім - өзіме төре, үндемесем өзім - өзіме төре» - депті Сағди.


Бағалау : Сендерге сабақ ұнады ма? Сабақтан не үйрендік? Жақсы.



Бүгін барлық оқушылар сабаққа жақсы қатысып отырды, сондықтан барлығымыз жақсы баға алдық!

Тәрбие сағатымыз аяқталды.Қонақтарымызбен қоштасайық!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!