Зеренді
ауданы
Абай орта
мектебі
Тақырыбы:
«Сөз таптарын
пысықтау»
(ашық саяхат
сабақ)
Өткізген: Бастауыш сынып
мұғалімі Шәріпхан Б.
2013-2014 оқу
жылы
Қазақ
тілі
3-сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз
таптарын пысықтау (саяхат сабақ).
Сабақтың
мақсаты:
-
Зат есім, етістік, сан есім
және сын есім туралы білімдерін пысықтау.
-
Оқушылардың ойлау, есте сақтау
қабілеттерін дамыту, сөздік қорын, тіл байлығын
арттыру.
-
Өз ойын еркін жеткізе білуге
және ізденімпаздыққа, ынтымақ пен бірлікке, достыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
слайдтар, ребустар, кестелер.
Әдіс-тәсіл: сын тұрғысынан
ойлау технологиясы
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
сабақ
Сабақтың
жоспары:
І. ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ
ОЯТУ.- 3минут
1. Таңғы
тілек.
2. Өткенді
шолу.
ІІ. МАҒЫНАНЫ ТАНУ –
12 минут
-
Зат есімді
пысықтау.
-
Етістікті
пысықтау.
-
Сан есімді
пысықтау.
ІІІ. Ой толғаныс: - 5
минут
-
Барлық сөз таптарын
пысықтау.
-
Үйге
тапсырма.
-
Сәттілік
тілегі.
Сабақтың
барысы:
Ана тілін ұмытқан
адам
өз халқының өткенінен
де,
болашағынан да қол
үзеді...
Ғ.Мүсірепов.
І. ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ
ОЯТУ.
- Бүгін біз «Сөз таптары
патшалығына» саяхат жасаймыз.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты –
сөз таптары туралы білімдерімізді
пысықтау.
Сәттілік тілегін
айту:
«Қайырлы таң деп
айтамыз
Түсте бірге
қайтамыз.
Отбасының
гүліміз
Көңілді өтер
күніміз».
Стикерлер арқылы топқа
бөлу.
Топтардың аттарын
белгілеу.
1-топ: 1-вагон – Зат
есім
2-топ: 2-вагон –
Етістік
3-топ: 3-вагон – Сан
есім
«Сөз таптары паташалығына»
саяхат.
Өткен сабақты тест арқылы
пысықтау.
«Артық сөзді тап»
тапсырмасы.
Мағынаны
тану:
1-бекет:
«Зат есім»
бекеті.
Тапсырмалары:
-
Ребус шешу.-топпен
жұмыс.
-
Зат есімді тәуелде. – жеке
тапсырма
Ребус
шешу.
Ребустың
шешуі:
1-оқулық
2-балық
3-достар
Бұл зат есімдерді тәуелде –
жеке тапсырма
2-бекет:
«Етістік»
бекеті.
Сергіту сәті. (музыка пәнімен
байланыс)
3 –
бекет:
«Сан есім»
бекеті.
Математика пәнімен байланыс.
Есеп шығару. Есептік сан есімдерді реттік сан есімге айналдырып
жаз.
1-топ:
2-топ:
Жүз досың
болсын.
3-топ:
ІІІ. Ой
толғаныс:
4-«Сын есім»
бекеті
1-вагон: Кластер құру – топтық
тапсырма: сын есім.
2-вагон: Венн диаграммасы –
топтық тапсырма: сын есім мен зат есімді
салыстыру.
3-вагон: Бес жолды өлең. –
топтық тапсырма.
«Сөз таптары»
патшалығы.
Сөз таптары патшалығына
келдік.
Бағалау: Оқушыларды сабаққа
қатысуына қарай бағалау.
Үйге тапсырма: әркім өз ойынан
тобының атына сәйкес сөзжұмбақ құрастырып
келу.
Қорытынды: Балалар, сабақ
ұнады ма? Бүгінгі сабақта нені қайталадық? Зат есім дегеніміз не?
Сұрақтары?
Сын есім деген не? Сұрақтары.
Етістік деген не? сұрақтары.
Оқушылар тілек ағашына тілек
жазып іледі.
-Сендерге бүгінгі сабақ ұнады
ма?
-Қандай тапсырма
ұнады?
-Алдағы уақытта осындай
сабақтар болғанын қалар ма едіңдер?