Сөз тіркесін меңгертуге арналған қызықты 11 үлестірмелі тапсырма.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөз тіркесін меңгертуге арналған қызықты 11 үлестірмелі тапсырма.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөз тіркесі,сөз тіркесін жасау,басыңқы,бағыныңқы сыңарды байланыстыру,сөздердің байланыс түрі,сөйлем құрау,сөз тіркесіне ажырату.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Берілген сөздерді басыңқы сөз етіп сөз тіркесін жасаңдар.


Көйлек,чемодан,гүл,келу,байқау,үйрену,жауын,сүйену,аспан.


Берілген сөздерді бағыныңқы сөз етіп сөз тіркесін жасаңдар.


Жібек,ағаш,зәулім,көркем,екі,бұл,оқыған,ерінбейтін,

су жаңа,ақырын,мектепке,күлімсірей,жалт-жұлт.



Көп нүктенің орнына бағыныңқы сөзін қойып,сөз тіркесін жасаңдар.


... жарыс, ... мектеп. ... сынып, ... көл, ... тау, ... жетекші,

... директор, ... Қазақстан, ... балалық, ... болжау, ... қатынасу, ... үй.



Көшіріп жазып,басыңқы сөзінің астын сызыңдар да,қай сөз табынан болғанын айтыңдар.


Жақсы баға,мақтау сөз,мақтаулы дәрігер,қызметтен оралу,күнге күю,қызыға қарау, бабымен пісіру,бес дәптер,ауылдан алыс,Аяннан үлкен,бұлттан жоғары.



Бірінші топта басыңқы сөз,екінші топта бағыныңқы сөз берілген.

Әр сөздің тіркесу қабілетіне қарай бір-бірімен сәйкестендіріп сөз тіркесін жасаңыз.


1.Киіну,бала,астық,қозғалмау,жету,шұғылдану,сөзі,таныс,тізілу, тыңдау.


2.Әдемі,үш,шахматпен,Қайраттың,елу,пұт,орнынан,мақсатына,бұрыннан,тым-тырыс,қаз-қатар.



Мысалдардың қайсысы есімді тіркес,қайсысы етістікті тіркес

екенін ажыратып,әрқайсысын бөлек топтап жазыңдар.


Халық қазынасы,бақташылар еңбегі,айқын мақсат,ақылшы ана,жан-жақты әзірлік,кандидаттармен кездесу,ұлыма хат,үш нәресте, болаттың сынығы, ақталған сенім, малшыға қамқорлық,заводтарды жаңартушылар,кенге бай,таудағы мұнаралар,дәрігерге алғыс,мерекеге ұласты.



Сөйлемдегі сөздерді сөз тіркестеріне ажыратып, басыңқы сөз бен бағыныңқы сөзді көрсетіңдер.


Құрылысшылар жұмысына кетті.Сағын мектептің ауласына қарай бұрылды.Алма бақтарына жас көшеттерді отырғызғанына көп болмаған екен.Түптерінің топырақтары басыла қоймапты.Меруерт жоғары сынып оқушыларына жақсы басшылық етіпті.Алма ағаштарында сары ала жапырақтар сыбдырлайды.



Бірінші топта бағыныңқы сыңар,екінші топта басыңқы сыңар берілген.Әр сөздің тіркесу қабілетіне қарай бір-бірімен сәйкестендіріп сөз тіркесін жасаңдар.


1.Жаңа,көк,кең,екі,гүлденген,жақсы,қатты,бірнеше,бұл,тас,әсем,қалаң,самал,сыңғырлаған,ойнақтаған,темір,баяу.


2.Өмір,дала,ауыл,шөп,құлын,оқиды,адам,бала,шаршау,үй,ән,жел,дауыс,

бота,орман,қозғалу,жол.



Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қай сөз табынан болғанынын анықтаңдар.(бұл жерде барлық сөз тіркесі қабысу жолымен болып тұр)


Бақытты жастар,жаңа өмірлі ел,қара көк шұға,кестелі орамал,екі құлынды бие,терең сай,шаншылған өр,жарқын жүзді малшылар,кенеп қап,екі-үш киіз үй,сегіз минут, үш сағаттық жол,қырық екі гектар егіс.




Көп нүктенің орнына қабысудың басыңқы сөзін ойлап тауып,сөз тіркесін жасаңдар да, сосын сөйлем құрастырыңдар.


Айдын шалқар ..., асқар тау ..., ну ..., көркейген ..., жиналған ..., қоралы ..., үйірлі ..., үлгілі ..., екі тонна ... балалық ..., таудағы ..., кең пейілді ..., күміс көмей ..., көк орай ..., мына ..., сол ... .





Берілген сөз тіркестерін байланыс түріне қарай топтап,кестеге түсіріңдер.


Алғашқы миллиард,жинақталған мол тәжірибе,халықтың еңбегі,білгенге маржан,екі дос,кең көше,уақыттан озған,дала дауылпаздары,ақсақалдармен сәлемдесу,жеміс өсіру,тас диірмен,біздің мақсатымыз,көпшілікпен әңгімелесу,моторлы қайық,малды ауыл,елді байыту.


Мысалдар

меңгеру

матасу

қабысу

1.Оқушының күнделігі

2.

3.

-

+

-





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.03.2023
569
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі