"Сөз зергері" интеллектуалды сайыс 6 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сөз зергері" интеллектуалды сайыс 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мұғалімдерге көмегін тигізеді. Жас мұғалімдер осы ашық сабақтан әр түрлі әдіс-тәсілдерді түртіп алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Сөз зергері» интеллектуалды сайыс

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың тілге деген қызығушылығын ояту.

2. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәдениетін

көтеру.

3. Сөздерді орынды қолдана білудегі білімдерін байқап,

дамыту.

Сабақтың түрі: жарыс-сабақ

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, маркер, А4

Сабақтың барысы:

Кіріспе сөз. Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, оқушылар. Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін, мемлекеттік тіл – қазақ тілі болып бекітілді. Мемлекеттік тілді үйрену, білу, дамыту – болашағымыздың міндеті және парызымыз.

Жүргізуші:

Орыс тілін түсінемін, білемін,

Шет тілін де жаттап, оқып жүремін.

Ата-бабам қастерлеген жанындай,

Ана тілім-менің нағыз жүрегім.

Абай жазған осы тілде жырларын,

Түсіндірген өмірдің не сырларын.

Ана тілім, қасиетіңнен айналдым,

Сенің арқаң-келе берсе жырлағым!

Ендеше, «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігініне арналған «Сөз зергері» ойын-сайысымызды бастамас бұрын, қазылар алқасын сайлап алайық.(Қазылар алқасын сайлау)

Садвакасова М.У.

Есенғалиева А.Е.

Альмишева А.Ж.

Байтенова Г.Ж.

1-кезең: Таныстыру

2-кезең: Бәйге

3-кезең: Зеректік

4-кезең: Шапшаңдық

5-кезең: Тапқыр болсаң, тауып көр

6-кезең: Шешендік

1-кезең: Таныстыру. Ұпай - 5

-топты таныстыру.

-топтың аты;

-топтың ұраны.

2-кезең: Бәйге. Бір минут ішінде қойылған сұрақтарға нақты әрі тез жауап беру. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.

1-топ:

1.Қыс айларын ата.

2. Әкеміздің әкесін кім деп атаймыз?

3. ҚР рәміздері.

4.Беташар қай уақытта айтылады?

5. ҚР - ның мемлекеттік тілі қай тіл?
6. Бие сүтінен жасалатын емдік сусын? Қымыз

7. Киіз үйдің төбесі.

2-топ

8. Мектепке не алу үшін келеміз?

9. Қазақ тіліндегі әріптердің реті бойынша орналасу жиынтығын не дейміз?
10.”Кел, балалар, оқылық” өлеңінің авторы кім?
11.Қазақ тіліне ғана тән әріптер саны нешеу?9
12. Оттан ыстық не?
13. Адамның төбе шашы тік тұрады ма, қай кезде?
14. Ердің атын не шығарады?

3-топ
15. Ұрлықтың түбі бар ма, бар болса не?
16. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?
17. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?
18. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
19. Ел рәміздерінің қайсысында қанатты пырақ суреттелген?
20. Аптаның 1-інші күні қалай аталады?
21. Қазақтың бас ақыны

4-топ
22. Тілімізге енген жаңа сөздерді термин тілінде не дейміз?
23. Жылататын да, жұбататын да не?

24. Етістіктің сұрақтары.
25. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілі қандай тіл?
26. Ілік септігінің сұрағы.

27. Заттың сынын білдіретін сөз табы.

28. Қарасөздерді жазған қай ақын.
3 - кезең “Зеректік”
Бұл кезеңнің шартымен таныс болыңыздар. Қазір мақал - мәтел,жұмбақтар, тұрақты тіркестер оқылады, олардың бір сөзі түсіріліп оқылады. Сол сөзді тауып, оны 3 тілге аударасыңдар. 3 тілде де дұрыс жауап айтсаңыздар 30 ұпай, 2 тілде дұрыс жауап айтса 20 ұпай, тек 1 тілде дұрыс жауап айтылса 10 ұпай қосылады.
1. Ер қанаты -..... (ат, лошадь, horse)

2. Төбе.... тік тұрды. (шашы, волосы, hair)

3. Қас пен.... арасында. (көздің, глаза, eyes)

4. Отанды сүю.... басталады. (отбасынан, семья, family)

5. Көп сөз – көмір, аз сөз -..... (алтын, золото, gold)

6. Сөйлейді ол – тілі бар,

Алуан-алуан түрі бар.

Көз алдыңда – жер шары,

Қане, мұны біліп ал? (теледидар, television, телевизор)

7.Әуре болма теріп бекер,

Ұстай қалсаң, еріп кетер. (қар, снег, snow)

8.Балдай тәтті,

Мұздай қатты. (балмұздақ, мороженное, ice cream)

9.Түк білмей барасың,

Тәлімін аласың.

Есейіп кетсең де,

Қарыз боп қаласың. (мектеп, школа, school)

10.Ойыңды жазасың,

Аласың мазасын.

Беттері біткен соң,

Бастайсың тазасын. (дәптер, тетрадь, note book)

11.Тышқанға қауіпті,

Иттерге жау мықты. (мысық, кошка, cat)

  1. Көп жазсаң, қолың талады,

Қағазға бәрін салады. (қалам, ручка, a pen)

4 - кезең “Шапшаңдық”
Бұл бөлімде сайысқа қатысушыларға бір сөз беріледі, сол сөзден жеке сөздер құрастыру керек. Барлық сөз таптарын қатыстыруға болады.Әр дұрыс жауап – 1 ұпай.
Берілетін сөз – “Құрметтеулерінің”
5-кезең. «Тапқыр болсаң, тауып көр». Сөз тіркестерінің мағынасын ашу. Әр дұрыс жауап – 5 ұпай.

  1. Ат ізін салмау. (хабарласпау)

  2. Дәм-тұзы жараспады. (Тату-тәтті тұра алмады)

  3. Екі аяғын бір етікке тығу. (қысымға алу)

  4. Жаны зәр түбіне жету. (қорқу)

  5. Көз жазып қалу. (адасу)

  6. Қолы ашық (жомарт)

  7. Мұзға отырғызу (алдау)

  8. Мысы құру (амалы біту)

  9. Тас жүрек (қатігез)

  10. Терісіне сыймау (ашулану)

  11. Түс шайысу (ұрысу)

  12. Тіс жармау (айтпау)

6-кезең. “Шешендік” Ұпай саны - 10
1. «Қазіргі кездегі қазақ тілінің қолданысы»

2. «Мен өз тілімді қалай құрметтеймін?»

Жүргізуші:

Үміт күтіп кейінгі ұрпақ жастардан,

Сенім арту бабалардан бастаған!

Қазақ тілін мойындату әлемге –

Жастар үшін болса екен басты арман! – деп, құрметті мектеп оқушылары сендерге сенім арта отырып, сөзді әділ қазылар алқасына береміз.


Әділ қазылардың қорытынды сөзі.

Жеңген топты марапаттау.





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.03.2019
2633
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі