Лекция –
2сағат
Лекция тақырыбы: Салауатты
өмір салтын қалыптастырудың өзекті мәселелері
және АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу
шаралары
Жоспары:
-
ҚР 2011-2015 жылдарға арналған «САЛАМАТТЫ
ҚАЗАҚСТАН» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен
міндеттері.
-
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі қағидалары.
-
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда атқарылатын
жұмыстар мен іс-шаралар.
-
АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу
шаралары.
-
ҚР
2011-2015 жылдарға арналған «САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» мемлекеттік
бағдарламасында қоғамымыздың ең құнды капиталы, ол адам денсаулығы
деп атап көрсеткен. Бағдатрламаның мақсаты: қауіптің мінез-құлық
факторларын бақылаудың алдын алу және күшейтуге жүйелі және
кешендік ұстаным арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру
Міндеті:
-
Қоғамда темекі шегудің әлеуметтік жағымсыз имиджін жасау;
-
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда үкіметтік емес ұйымдардың және
бизнес қоғамдастықтың қатысуын жандандыру;
-
Алкогольді шектен тыс тұтынудың, активті және пассивті темекі
шегудің және есірткіні тұтынудың салдарлары туралы халықтың
хабардар болуын арттыру;
-
Туберкулезге, АИТВ/ЖИТС-ке қарсы күрес
-
Темекі бұйымдары мен алколольді шектен тыс тұтынуды төмендету;
-
Спорттық-бұхаралық іс-шаралармен қамтуды ұлғайту.
Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің
бірі- жас ұрпаққа сапалы білім беріп, салауатты өмір сүруге,
олардың денсаулығын сақтауға, табиғатты қорғауға, табиғат
байлықтарын тиімді пайдалануға, спортпен шұғылдануға тәрбиелеу.
2. Мектепте оқушының салауатты өмір салтын
қалыптастыру бұл:
-Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған ортамен жан-жақты үйлесім
тауып, уақытын барынша пайдалы өткізуі;
-Екіншіден денсаулықты нығайтуда дене шынықтырумен айналысу және
спорт секцияларына қатысу.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі қағидалары:
-
Тәртіпті және міндетті болу;
-
Сапалы білім алу;
-
Қоғамға пайдалы азамат болу;
-
Спортпен шұғылдану;
-
Санитарлық және гигиеналық талаптарды сақтау;
-
Темекі, алкогольдік ішімдіктер, есірткі заттардың зияндылығын
түсіну және оларды пайдаланбау;
-
Бос
уақытын тиімді пайдалану;
-
Дұрыс
тамақтану;
-
Ұйқы
режимін сақтау
Қазақстан Республикасының туын көкке көтеретін еліміздің болашағы
саналы әрі білімді, денсаулығы мықты жастар. Ендеше сол елдің
елдігін танытатын бүгінгі ұрпақ қандай болуы керек?
Өкінішке орай, қазіргі кезде жасөспірімдердің арасында салауатты
өмір салтына қайшы келетін іс-әрекеттерге баратыны белгілі.
Сондықтан да, бүгінгі таңда білім беру жүйесі: еліміздің өсіп
өркендеуіне сай,
заман
талабына жауап беретін рухани-адамгершілік қасиеттерін
қалыптастырған, қоғамдық өмірге икемделген, білім және өнер
сырларын бойына мұқият сіңірген, қоғам, мемлекет және отбасы
алдындағы жауапкершілігін сезінетін, салауатты өмір салтын
қалыптастыру мен денсаулықты сақтау және нығайтуда мектепішілік
іс-шаралар өткізіліп, түрлі мекемелермен жұмыстар жүргізілуі
керек.
І.
Мектепішілік іс-шаралар:
-
Ғылыми
конференцияларға қатысу;
-
Олимпиадалар;
-
Әдеби
шолулар, баяндамалар;
-
Спорттық жарыстар;
-
Психолог маманның өткізетін
тренингтері;
-
Медициналық
дәрістер;
-
Дөңгелек үстелдер;
-
Пікірталастар;
-
Презентациялар;
-
Іскерлік ойындар;
-
Байқаулар мен
сайыстар;
-
Тапқырлар мен көңілділер
клубы.
І. Мектептен тыс мекемелермен
байланыс
АҚТҚ
(ВИЧ)/ЖҚТБ (СПИД)-ның алдын алу шаралары
Алдын
алу шаралары:
-
Мектеп әкімшілігі мен құқық қорғау органдарының тығыз
байланысы;
-
Ата-ана мен сынып жетекшінің бақылауында болу;
-
Бос
уақытын тиімді пайдалану;
-
Оқушыларға темекі, алкогольдік ішімдіктер, есірткі заттардың
денсаулыққа келтіретін зияны туралы түсіндіру жұмыстарын
жүргізу;
-
Шприц
пен инелерді бірге пайдаланбау;
-
Тексерілмеген қанды құйдырмау;
-
Жеке
бастың гигиенасын сақтау;
-
Жыныстық қатынасқа бармау;
-
Басқаның тіс щеткасын пайдаланбау;
-
Стерильсіз құралмен денеге сурет салмау, құлақ теспеу;
-
Өзгенің сақал қырғышын қолданбау;
ЖҚТБ (СПИД)
дегеніміз – жұқтырған қорғаныш тапшылығының белгілері.
ЖҚТБ
ауруын бір кішкентай қоздырғыш тудырады (вирус), оны АҚТҚ деп
атайды.
АҚТҚ
(ВИЧ) дегеніміз – адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы.
АҚТҚ-ны (ВИЧ-ті) жұқтырып алған адам:
-
Алғашқыда аурудың белгілерін сезбейді;
-
Дені
сау сияқты болады;
-
Өзінде бар қоздырғышты басқаларға жұқтыра алады;
-
2-10
жыл бойы сау болуы да мүмкін.
ЖҚТБ
(СПИД) толық жетілгенде:
-
Қоздырғыштар қатты көбейеді;
-
Қорғаныш жүйесі жойылады;
-
Адам
ауыр науқастарға шалдығады;
-
Осы
аурумен ауырады;
-
Ақырында адам қайтыс болады.
АҚТҚ
(ВИЧ) тарау жолдары:
-
Құрамында АҚТҚ бар қан арқылы;
-
Сондай қанды құйғанда;
-
Егу
кезінде сондай қанмен ластанған шприцті пайдаланғанда;
-
Сондай қанмен ластанған басқа да өткір, теріні кесетін не тесетін
құралдарды пайдаланғанда.
АҚТҚ
(ВИЧ) таралмайды:
-
жәндік шаққанда;
- құшақтасып, қол алысқанда;
- монша, ванна, бассейн, әжетхананы бірлесіп қолданғанда;
- төсек-орын, ыдыс-аяқ және басқа да тұрмыстық заттарды бірлесіп
қолданғанда;
- түшкіргенде және жөтелгенде;
- достастық сүйісулерде;
- қауіпсіз жыныстық қатынаста.
ЖҚТБ
(СПИД) - ның басты белгілері:
-
Дененің қызуы (бір айдан асса);
-
Жүдеп, салмақтың азаюы (дене салмағының 10%-нан аса жүдеуі мыс.
Адамның салмағы 50кг болса 5кг.астам салмақ тастаған жағдайда, 1
айда);
-
Іштің
өтуі (бір айдан асса)
Aдамның қорғаныш
тапшылығының қоздырғышы (АҚТҚ)
АҚТҚ-ның құрылысы
-
gp 120
-
gp 41
-
3,4-екі қабатты липидті
қабық
-
р 17
-
р 24
-
РНК
-
р 7, р 9
-
протеаза
-
интеграза
-
кері
транскриптаза
Пайдаланылған
әдебиеттер:
-
ҚР
Конституциясы – А, 1995
-
«Денсаулық» еліне саяхат - «Аруна» баспасы, 2010
-
Жалғасбек Т. «Спорт –салауатты өмір салтының кепілі» - Спорт,
2011
-
Тәрбие құралы - №4, 2008
-
«Қазақстан мектебі» - А, №1, 2011
-
Қаңтарбаев С. «Оқушы психологиясының
психологиялық-педагогикалық
диагностикасы» - Ақтөбе, 2009
-
Интернет материалдары.