Сабақтың тақырыбы:
Спорт-денсаулық кепілі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың
салауатты өмір сүруге, еңбекке, спортқа баулу, спорт түрлерімен
таныстыру.
Оқушылардың салауатты өмір
сүруге деген қызығушылығын арттыру. Балаларды заман талабына сай
денсаулықты сақтауға,дұрыс жүруге
тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар:
тақырыптың аты, қанатты сөздер, спорт құралдары, спорт туралы
буклет, ертеңгілік жаттығудың суреттері
т.б.
Сабақтың
жоспары:
1.Ұйымдастыру
кезеңі
2. Кіріспе
сөз
3. Көрнекіліктермен
жұмыс
4.Бекіту
5.
Қорытынды
Ұйымдастыру: Сәлеметсіңдер ме
балалар! Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: «Спорт-денсаулық
кепілі»
Сұрақ: Балалар, сендер қалай
ойлайсыңдар, спорттың денсаулыққа қандай пайдасы
бар?
Жауап: Спортпен шұғылданған
адамның дені сау, күші көп, шаршамайды, ауырмайды,
т.б.
1
мақал:
Ауырып ем іздегенше аурмайтын
ем ізде. (Оқушы ойлары тыңдалады)
2-мақал:
Тазалық саулық негізі, саулық
байлық негізі. (Оқушы ойы)
Енді сөзжұмбақ
шешейік.
-
Нашақор адам не пайдаланады? (
анаша)
-
Маскүнем не ішеді?
(арақ)
-
Сигареттің қазақшасы (
шылым)
-
Аурулар қай жерде емделеді?
(аурахана)
-
Адамдар не үшін жауапқа
тартылады? ( қылмыс)
-
Мектеп қабырғасындағы бала?
(оқушы)
-
«Өлім» сөзінің антонимі
(өмір)
-
Кір сөзінің синонимі
(лас)
-
... – зор байлық ( мақалды
толықтыр) (денсаулық)
-
Біздің ұлт (
қазақ)
Сұрақ: Қазақстан
Республикасының Президенті Қасымжомарт Тоқаев қандай мәселеге назар
аударып отыр.
Жауап: Салауатты өмір салтына.
Дұрыс айтасыңдар балалар! Әрбір Қазақстанның азаматының дені сау,
шымыр болып өсуі керек.
Сұрақ: «Шынықсаң шымыр
боласың» - дейді халқымыз. Сондықтан да адам өмірінде дене
шынықтырудың маңызы өте зор. Өмірде денсаулықтан артық еш нәрсе
жоқ. Бірақ оны екінің бірі біле бермейді.Білсе де құнттамайды,
немқұрайды қарайды.Әсіресе, дені сау кезінде түсінбеген адам,
ауырған кезінен бастап біледі.Сол үшін денсаулықты ауырмай тұрып
сақтау керек.
Қанекей айтайықшы, деніміз
сау,шымыр, аурмауымыз үшін не істеуіміз
керек?
Жауап: Ертеңгілік жаттығу
жасау, жүгіру, таза ауада демалу қажет. Дене қозғалысын жасамаған
адамда қан жүрмейді, ол үнемі сылбыр әрекет жасап, шаршап жүреді.
Сол үшін спортпен айналысуымыз керек.
Сұрақ: Мына, суретке назар
аударайықшы, бала ертеңгілік жаттығуды қалай орындап жүр
екен?
Жауап: Бір оқушыны шығарып,
суретті таңдатамын.
Сұрақ: Жалпы сыныпқа сендер
ертеңгілік жаттығу жасайсыңдар ма? Кім қалай орындайды? Қане
айтайықшы.
Жауап: Өте жақсы! Бәріміз....
сияқты күнделікті жаттығу жасауымыз керек.
Енді, ойын ойнайық.
Ойынымыздың аты «Қай заттың орны ауысты?»
Ойынның шарты: Оқушыларды екі
топқа бөлемін, топ басшысын сайлап, топтың атын тағайындаймыз.Спорт
туралы заттар қоямын. Балаларға заттарды мұқият қарап алыңдар.Сосын
көздеріңді жұмасыңдар. Мен бір заттың орнын ауыстырамын.Сендер
көздеріңді ашып, сол затты табыңдар. Үш рет ойнатамын, қай топ тез
тапса, сол топқа бал қосылады.
Сұрақ: Балалар, осы заттардың
ішінде адам денсаулығына не зиянды?
Жауап: Шылым. Шылым шеккен
адам өзіне, өзгелерге де зиян келтіреді.Темекі ауаны, қоршаған
ортаны ауаны, айналаны ластайды. Осыдан қандай қорытынды шығаруға
болады. Темекі тартпау керек.
Сонымен балалар, денсаулық
әркімнің өз қолында. Салауатты өмір сүру үшін, жаман әдеттен аулақ
болып, спортпен шұғылдануымыз керек.