Материалдар / Спорт денсаулық кепілі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Спорт денсаулық кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пәні бойынша ғылыми зерттеулер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2020
1447
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады











Мазмұны

  1. Кіріспе бөлімі.

Экология – тірі ағзалардың қоршаған ортамен қарым – қатынасы.

  1. Негізгі бөлім.

    1. Қоршаған ортаның қоқыс қалдықтарымен ластануы.

    2. Тұрмыстық және көп таралған қоқыстардың негізгі типтері

    3. Пластмассаның құрамы мен құрылысы

    4. Ағаш, шыны және басқа да қалдықтар – пластиктердің тірегі

    5. Пластикалық бөтелкенің шығу тарихы

    6. Жүргізілген сауалнама қорытындысы

    7. Тәжірибе жұмыстарының талдауы

    8. Пластикадан жасалған бұйымдар

  2. Қорытынды.

  3. Қолданылған әдебиеттер тізімі

  4. Жетекші пікірі























Экология дегеніміз – тірі организмдердің бір – бірімен қарым – қатынасын, оларды қоршаған ортамен байланысын зерттейтін биология ғылымының бір саласы. «Экология» терминін ғылымға алғаш 1866 жылы неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді.

Экологиялық зерттеу обьектісіне биологиялық макрожұйелер және олардың кеңістіктегі динамикалық өзгерістері жатады.

Экология ғылымының мақсаты – биосфера шегіндегі әлемдік жағдайларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, адам – қоғам – биосфера арасындағы қарым – қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.

Экология ғылымының негізгі міндеті – популяция, биоценоз және экожүйені динамикалық зерттеу, экологиялық үдерістердің заңдылықтарын ашу, индустриализация және урбанизация жағдайындағы ғаламшар проблемаларын зерттеу.

Экология ғылымының даму кезеңдері:

І кезеңде (1707 – 1924жж) экология ғылымының алғышарттары қалыптасты.

ІІ кезеңде (1924 – 1980 жж) экология ғылымы дара ғылым деңгейіне көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат – міндеттерін жетілдіре түсті.

ІІІ кезеңде (1980 – 2000жж) экология әлеуметті, саяси – экономикалық, нарықтық жағдайлар мен мәселелерді зерттейтін деңгейіне жетті.

Экологияның зерттеу әдістері:

  1. Негізгі теоретикалық әдістерге сипаттама, жүйелік анализ, моделдеу жатады.

  2. Негізгі эмпирикалық әдістерге бақылау, салыстырмалы талдау, эксперимент жатады.

Ж

Экология

алпы экология ғылымының негізгі құрылымы күрделі.

Shape5 Shape4 Shape3 Shape2 Shape1

Биоэкология

Геоэкология

Адам экологиясы



Әлеуметтік экология

Қолданбалы экология





Биоэкология

Геоэкология

Адам экологиясы

Әлеуметтк экология

Қолданбалы экология

Аутэкология

Құрлық

Қала экологиясы

Жеке адам экологиясы

Өнеркәсіптік

Синэкология

Тұщы су

Халықтар экологиясы

Адамзат экологиясы

Технологиялық

Популяциялық экология

Теңіз

Экологиялық сәулет

Мәдениет экологиясы

Ауыл шаруашылық

Биогеоценология

Жоғары таулар


Этноэкология

Медициналық

Ғаламдық




Кәсіпшілік

Өсімдіктер




Химиялық

Жануарлар




Реакциялық

Микроорганизмдер




Геохимиялық

Су ағзалары




Табиғатты пайдалану



Ғылым мен техникалық прогрестің даму барысында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым – қатынастың қарама – қайшылықтары айқын байқалады. Біз өмір сүріп отырған ғасыр адамзат баласының мекен ортасында бұрын – сонды болмаған іс – әрекеттің ерекшелігімен сипатталады. Осының нәтижесінде адамзат табиғатты өзгертудің келеңсіз жағдайына кез болуда. Әсіресе адам тіршілік етіп отырған биосфераға тікелей әсерін тигізіп, жер бетінің климатын, атмосфера, мұхиттардың табиғи қалпын өзгертуде: су, ауа, топырақ, өсімдік, жануар және адамдар зардап шегуде.



















Қазіргі табиғаттағы басты мәселелердің бірі қоршаған ортаға қоқыс қалдықтарын көптеп тастау. Ал бұл қоқыстарды кім тастап жатыр? Әрине, адамдар. Бірақ сол адамдарға қоқыс қалдықтарын бей – берекет жерге тастай беруге болмайтыны жөнінде, арнайы қоқыс төгілетін жерлерге тасталу керек екендігі айтылмай жатқан жоқ. Қоршаған ортаның ластануы өмір сүрудің барлық нысанына әсер етеді. Одан қалса, қоқыстың болуы тірі ағзаның ауруға шалдығу қаупін төндіреді. Жарақат алуға немесе тіпті өлімге әкеледі. Мысалы, су жанындағы құстар аяқтарымен ауға оралып қалуы мүмкін. Бұл құстардың көпшілігі ұшып кетуі үшін біраз жерлерді шарлап өтуі керек болады. Тұмсығы ұзын құстар ауда жиі орлып қалады. Олар тұмсығын тамақ жеу үшін аша алмай аштан өледі.

Кейде балықтар немесе құстар полиэтилен пакеттер, құтылар және басқа да заттарға шиеленісіп қалады. Мұндай заттар суда жүзетін құстардың аяғын орап тастауы мүмкін. Жартылай ашық темір шыны ыдыстар көптеген жануарлар үшін үлкен қатер болып табылады. Мысалы, бұғы сияқты жануарлар өткір заттарға тілін кесіп алуы мүмкін. Кейде ұсақ аңдардың басы құтыға қыстырылып, ештене жей алмай аштан өліп қалады. Жәндіктер мен тышқандар тектес кеміргіштер ашық шөлмектердің ішінде қалып қояды, шыныда сырғанап, кішкене аузынан шыға алмай қалады.

Жануарлар шылым қалдықтарын, целофан орамдарын, пластик стақандарды жеп және олармен өзінің ішкі құрылысын зақымдауы мүмкін. Сынған шөлмектер және басқа да шыны заттармен адамдармен бірге үй және жабайы жануарларға зиян келтіруі мүмкін.

Әрбіреуіміз қоқыстарды көп мөлшерде лақтырамыз. Орташа статистикалық есептеулер бойынша әр адам 360 кг астам қоқыс, қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайды.

Қоқысты жою – қазіргі өркениеттің басты мәселелерінің бірі. Әсіресе, ұйымдаспай тастаған қоқыстарды жою қиындықтар туғызады, қоқысты жою мәселесінен басқа ұйымдаспай тасталған қоқыстарды жинау мәселесі туындайды.

Әзірше адамзат ұстанымдары әр түрлі жоюдың3 әдісін тапты: қоқыс тастау орындарын ұйымдастыру, қалдықтарды екінші рет қолдану және оларды жағу. Бірақ олардың біреуін де нағыз қолайлы деп есептеуге болмайды.

Қалдықтарды екінші рет пайдалану – қор сақтаудың жолы, бірақ ол экономикалық және экологиялық жағынан да тиімді бола алмайды. Сондықтан мұның бірнеше мәселелері болады.

Бірініші мәселе – қоқысты пайдаланудан бұрын оны іріктеп алу керек. Қағаз, темір, сынған шыны – барлығы бөлек жатуы керек. Тастау жерінде түскен қоқысты іріктеу мүмкін емес, өйткені ондай автоматтар жоқ, ал адамдар мұндай жұмыстарды баяу істейді және ол денсаулыққа зиян келтіреді. Сондықтан қоқысы тастау кезінде іріктеу керек. Осы мәселе бойынша қалаларымызда пластикалық бөтелкелере арналған арнайы қоқыс жәшіктері орналастырылған. Жиналған пластикалық бөтелкелерді қайтадан өндеп пайдаға жарату үшін. Сол сияқты әр үйде тамақ қалдықтары, қағаз, пластмасс және т.с.с. үшін жеке шелектер болу керек.

Екінші мәселе – қоқысты қайта өңдеу орындарына жеткізу. Егер қоқыстар және оның қайта өңдеу өнімдерін тұтынушылары көп болса, онда осындай типті қалдықтарды қайта өңдей алатын зауыттар көп салу керек.

Үшінші мәселе – қоқыс дегеніміз – қалыпты емес шикізат, өйткені әрбір жаңа әкелген қоқыстар тобының бір – бірінен айырмашылықтары болады. Сондықтан жоғарғы сапалы өнімдерді өндіру үшін қоқысты пайдалануға болмайды. Тұрмыстық қоқыстарды өндеу әзірше өз қолданысын таппай отыр. Ерекше болатыны тағам және өсімдік қалдықтары – бау – бақша жерлерінде және ауыл үйлерінде бір жерде үйіп, пайдалы тыңайтқыш алады. Сондықтан қоқысты не бір жерге тастап, не жаққанды қажет етеді.

Қоқысты бір жерге тастау ең арзан, бірақ жоюдың ең тиімсіз әдісі. Өйткені алайда тиімсіз қоқыс болып табылады. Тастау жерлері үлкен алаңдарды алып жатады. Осындай жерлерге тасталған жарамсыз батарейкалар, аккумуляторлар, термометрлер және т.б құрамында болатын улы қосылыстар, сонымен қатар шіріген тамақ қалдықтары, бөлшектенген плпстмассалар жерасты суларына кетеді, ал оларды ауыз су көзі ретінде жиі қолданады, желмен таралып, қоршаған ортаға зиян келтіреді. Сонымен қатар, ауа қатысынсыз шіру процестері нәтижесінде, түрлі газдар түзіледі. Олар қоқыс жерлердің атмосферасын ластайды. Кейбір шіру өнімдері өз – өзінен жануы мүмкін, сондықтан қоқыс жерінде үнемі өрттер пайда болады, осының нәтижесінде атмосфераға күл, фенол, бензапирен және басқа да улы қосылыстар түседі.







    1. Тұрмыстық және көп таралған қоқыстардың негізгі типтері

  1. Қағаз

Табиғатқа зардабы: қағаз зардап әкелмейді. Қағаз құрамына енетін целлюлоза – табиғи материал. Бірақ қағаздың бетіне жазылған бояулар улы қосылысты болады.

Адамға зияны: бояу бөлшектенуі кезінде улы қосылыстарды бөлуі мүмкін. Бөлшектенудің соңғы өнімі: шымтезек, түрлі микроағзалар денелері, көмірқышқыл газы және су.

Бөлшектену уақыты: 2 – 3 жыл

Жоюдың қауіпсіз әдәсә: жандыру

Азық – түліктің қасында қағазды жандыруға болмайды. Өйткені, диоксиндер пайда болады.

  1. Матадан жасалған өнімдер

Маталар синтетикалық және табиғи болып 2 түрге бөлінеді. Табиғи маталар табиғатқа зардап әкелмейді. Мата құрамына енетін целлюлоза – табиғи материал. Бірақ матаның бетіне салынған суреттерде улы қосылысты болады.

  1. Сусындардың құтылары.

Табиғатқа зардабы: құтылардың үшнір шеттері жануарларды жарақаттайды.

Адамға зардабы: құтыларда су жинақталады, қан сорушы жәндіктердің дернәсілдері көбейеді.

Бөлшектену уақыты: жерде – 100жыл, тұщы суда – 10 жыл, тұзды суда – бірнеше жыл.

Жоюдың қауіпсіз әдісі: қайта балқыту.









    1. Пластмассаның құрамы мен құрылысы

Ғылыми-техникалық прогресті, оның даму қарқыны мен бағытын химия өндірісі анықтайды десе болады. Ал химияландырудың негізгі бағыты пластикалық массамен басқа синтездік полимерлерді қолдану екенін өмірдің өзі көрсетіп келе жатыр.

Жақында ғана «пластмассалар болашақтың материалы» дейтін едік, қазір «пластмассалар – осы күннің материалы» деп батыл айтуға болады.

Пластмассалар күнделікті өмір мен техниканың тұрақты серігі болып алды. Пластмассадан жасалған бұйымдардың негізгі артықшылығы жеңілділігі, жоғары диэлектрикалық қасиеттері, температура өзгерісіне, сыртқы ортаның, агрессивтік қосылыстардың әсеріне тұрақтылығы, механикалық беріктігі.

Пластмассаның тағы бір ерекшелігі – оларға қажетіне қарай кез келген арнаулы қасиет беруге болады. Мысалы, көпшілік пластмассалар ток өткізбейді, ал қажет болса ток өткізгіш пластмасса алуға болады. Шыныпласттар, көміртекті пластиктер болаттан да берік болуы мүмкін, ал газ толтырылған пластиктер өте жеңіл келеді, жылу жібермейтін, дыбыс өткізбейтін қасиеттерімен бағаланады.

Пластмассалар негізінен байланыстырушы қызметін атқаратын табиғи не синтездік полимерлерден тұрады. Оның құрамында тағы да әртүрлі толықтырғыштар, пластификаторлар, стабилизаторлар, бояғыш заттар болуы мүмкін.

Пластмассалар құрамындағы полимерлердің қасиетіне байланысты термопластикалық және термореактивті болып бөлінеді. Термопластикалық пластмассаларды қыздырып әртүрлі пішінге келтіруге болады, одан полимердің химиялық қасиеті өзгермейді. Термопласттер полиэтилен, полистирол, поливинилхлорид т.б. сияқты құрылысы түзу сызықты полимерлердің негізінен алынады.

Термореактивті пластмассалар қыздырғанда алдымен жұмсарып, пластикалық жағдайға келеді де, одан әрі қыздырғанда химиялық өзгеріске ұшырайды. Термопласт алу үшін фенол-альдегид, мочевинаальдегид, эпоксид-анилин, кремнийорган шайырлары, олигоэфиракрилаттар сияқты олигомерлер қолданылады. Олар қызудың не әдейі қосылған қыздырғыштардың әсерінен торланған үлкен молекулалы қосылыстарға айналады. Термореактивті пластмассадан жасалған бұйымдар қызуға төзімді келеді, термиялық диструкция басталғанша сыртқы түрін сақтай алады.

Пластмасса өндірісі жедел қарқынмен өсуде. Соңғы 30 жылда пластмасса өндірісі 25-30 есе артса, болат өндірісі осы мерзімде 3,5 есе ғана өсті.

Практикада кең тараған пластмассалардың негізгі 50-дей түрі бар. Олардың 36-сы термопласттар десек, қалғаны реактопласттар. Әрқайсысы 50-ден астам модификацияланған типтен тұрады. Пластмассадан жасалған бұйымдардың 300 мыңдай түрі бар.

Қазіргі пластмасса өндірісінің 70% негізгі 5 термопласттың үлесіне тиеді. Олар тығыздығы төмен полиэтилен, тығыздығы жоғары полиэтилен, полипропилен, полистерол және поливинилхлорид түрлендіру арқылы (пластификациялау, толықтыру, басқа олигомер не полимер қосу, ұластыру, сополимеризациялау, радияциялау т.б) олардан әрқилы қасиеттері бар алуан түрлі пластмассалар дайындайды. Мұндай көп тоннажды пластмассалар техниканың барлық саласында дерлік пайдаланылады.Өндірілетін пластмассалардың басым үлесі құйылған, престелген, үрленген бұйымдар, құбырлар мен құбыр жолдарының бөлшектерін, үлкен табақ беттер, полимерлі қабыршықтар жасауға кетеді.Мысалға, 1990 жылы құбырлар мен құбыр бөлшектеріне 422, полимерлі қабыршаққа - 56,3, термопласт табағына – 106, пластмасса бұйымдарына 1324 мың тонна термопласт жаратылмақ.Мұның өзі барлық жоспарланған синтездік шайырлар мен пластмассаның 34%-і.

Аталған көп тоннажды пластмассалардың бәрі бірдей қажетті талаптарға сай келе бермейді.Олардан басқа физико-химиялық көрсеткіштері жоғары конструкциялық пластмассалар бар.Мұнда полиамид, полиацеталь, поликарбонат, полимид, полиэтилен-терефталат т.б.полимерлерін атап кетуге болады.Ең көп қолданылатыны полиамидтер мен полиацетальдар.Олардың өндірілу көлемі бүкіл конструкциялық пластмассалардың 75 процентіндей.

Конструкциялық пластмассалар электроника мен электротехникада, космонавтикада, электронды есептеу машиналарында, автомобиль құрылысында, тағы басқа салаларда қолданылады.

Пластикалық массаны өңдеу арқылы алынатын өнімді пайдалану зор экономикалық тиімділік береді.Мысалы, бір тонна термопластан жасалған құбырлар мен оған қажетті бөлшектерді қолдану жылына орта есеппен 2000 сомдай пайда келтіреді.

Металды пластмассамен алмастыру оны үнемдеп қана қоймайды, сонымен қатар әртүрлі бөлшектер мен бұйымдардың қызмет ету уақытын біршама ұзартады.

Мысалы, тыңайтқыштың, шаң сорғыштың, кір жуатын машинаның, әртүрлі автоматтардың басқару пульттерінің корпусын пластмассамен айырбастағанның өзінде-ақ 170 мың тонна конструкциялық болат табақтары үнемделеді.

Томат-паста, какао, кофе, қойытылған сүт сақтауға пайдаланылатын ақ қаңылтырдың орнына полимер табақшасы мен фольгамен біріктірілген полимерлі материалдарды пайдалануға әбден болады.

Лак-сыр материалдары мен әртүрлі химиялық өнімдер сақталатын кеспектер, бидондар және басқа ыдыстар жасауға кететін қара қаңылтыр пластмасса бұйымдарымен алмастыру аса тиімді.

Бөлшектерді пластмассадан жасау металл мен ағаштан жасағаннан оңайға, әрі арзанға түседі.

Заводта бір шойын бөлшекті дайындау үшін бұрын 23 операция жасалатын. Шойынды пластмассамен айыр бастағаннан кейін керекті бөлшекті даяр қалыпқа құйып шығара алатын болды. Бұдан бұйымның салмағы үш есе кеміп, соның нәтежесінде цехтың ауданын кішірейтуге мүмкіндік туды.

Пластмасса металды алмастырып қана қоймайды, оған жақсы қасиет те береді.Пластмасса бөлшектері приборлардың шуын 50-75 процентке дейін азайтады.

Қазір көптеген машина, прибор бөлшектері капроннан жасалады.Мысалға қола мен түсті металдардан жасалатын мотовоздардың біліктері, кардандардың подшипниктері, әртүрлі тісті дөңгелектері капрон бөлшектермен алмастырылған.Мұндай бөлшектер ұзаққа төзеді және арзанға түседі.Орта есеппен алғанда капронның бір тоннасы 3-5 тонна болат пен 6-7 тонна қоланың орнына пайдаланылады.

Химия өнеркәсібінде қолданылатын винипласт құбырларының бағасы пайдалану мерзімінің ұзаруы нәтижесінде болат құбырынан 10 есе, қорғасын құбырынан 30 еседей арзанға түседі.



    1. Ағаш,шыны және басқа да қалдықтар-пластиктердің тірегі

Көптеген бағалы пластмассалар әртүрлі толықтырғыштар қосу арқылы алынады.Бұрын толықтырғышты пластмассаны арзандату үшін пайдаланса,кейін оның механикалық қасиеттерін арттыру мақсатын көздей бастады.

Толықтырғыш ретінде кремний қосылыстары (құм, кварц, тальк, слюда, асбест, шыны талшықтары), көмір(күйе, графит, мұнай коксі), металл ұнтақтары, әртүрлі бейорганикалық қосылыстар (кальций карбонаты, барий сульфаты және т.б.), органикалық материалдар(ағаш жаңқасы, целлюлоза, крахмал, қағаз, мата, ағаш шпаны ) алынады.

Қазір біз көптеген пластиктерді білеміз.Олардың ерекшелігі құрамындағы толықтырғыш полимерден көп болады.Мұнда толықтырғыш ретінде қағаз, ағаш, шыны, мата қолданылады.

Жоғары механикалық қасиеті бар көлемді пластмассалар алуға шыны талшығының маңызы орасан зор.Дүние жүзінде толықтырғышқа 1 миллион тонна әйнек талшықтары жұмсалады.

Шыны пластигін алу үшін шыныдан жа

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!