Материалдар / спорттық сайыс "Көңілді старт"

спорттық сайыс "Көңілді старт"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшаға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2018
475
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тәуелсіздік тұғырым» Мақсаты: Қазақстан Республикасының тұңғыш президентіі,тәуелсіздік күні мерекесі туралы түсінік беру. Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу.Көрнекілігі: рәміздер, шар, жалаушалар, Н.Ә.Назарбаевтің суреті Өту барысы:Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар және балалар! 16- желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік алған күніне арналған «Тәуелсіздік – ел тілегі» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Тәуелсіздігімізге арналған салтанатты мерекемізді еліміздің әнұранымен бастайық.Әнұран орындалады.Құрметті қонақтар, сүйікті балалар!Еліміз тәуелсіздік алып, нарықты заман орнады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына аяқ басты. Болашағы жайнаған бақ тұғыры, Бұл да болса қазақтың мықтылығы. Еркіндік, тәуелсіздік аңсаған ел, Жиырма жылға қыр асып шықты міне.
  • Балалар, Отан дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Бәздің мемлекетіміз қалай аталады?
  • Қазақстан Республикасы қандай ел?
Балалардың жауаптары тындалады.Малика: Қазақстан - өте үлкен республика. Оның табиғаты алуан түрлі, жері бай. Талай қиындықтарды бастан кешкен қазақ халқы бүгінгі күні – егемендікке қол жеткізіп отырған ел.Отан туралы өлең шумақтарды қабыл алыңыздар.Амир: Отан – жерім, Отан-суым, Отан қуат, нәр береді. Отан-ұран, Отан-туым, Отан мәңгі гүлденеді.Саша: Отанды біз атамекен Деп аялап атаймыз. Өйткені оны мекен еткен, Бабамыз бен атамыз.Ерболат: Отанды Жас, кәріміз де Туған жер деп сүйеміз, Өйткені онда бәріміз де, Туып, өмір сүреміз.Рамазан: Отанды әркім анасындай, Қастерлейді, бағалап. Өйткені, Отан баласындай Бізді өсірер аялап.Нұрым: Отан деген-атамекен, Отан деген-туған жер. Отан-ана, Отан-үлкен Қазақстан-туған ел!Амина: Отан-сенің ата-анаң, Отан-өлкең, аспаның. Отан-досың, бауырың, Отан-аудан, ауылың.Хормен «Достық» әні орындалады.Тәрбиеші: Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері болады.
  • Қазақстан мемлекетінің рәміздерін айтып беріңдерші.
Балалардың жауаптары тыңдалады.Айлана: Рәміздерім – елдігімнің белгісі, Білу керек бала-дағы ең кіші. Рәміздерім - Әнұран, Ту, Елтаңба, Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.Амир: Қазақстан туыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік туы тік бұрышты көгілдір мата. Тудың ортасында шұғылалы күн бейнеленген. Оның астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнесі алтын түсті бояумен берілген. Матаның сол жағында ұлттық өрнек салынған тік жолақ бар. Тудың ені – , ұзындығы – .Рамазан: Көк аспандай көкпеңбек, Қазақстан жалауы. Көк емес ол тектен-тек- Елдің ашық қабағы Ақ ниеті – алтын күн, Асқақ арман – қыраны. Жалауы бұл - халқымның, Мәртебесі, мақтаны.Айзере:Қазақстан елтаңбасыҚазақстанның Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясындағы шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Оны аңыз әңгімелердегі пырақтардың қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғарғы жағында жұлдыз орналасқан, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының реңдік бейнесі екі түсті – алтын және көгілдір түс.

Аяулым: Елтаңбасы елімнің, Қайсар: Қанатты қос арғымақ, Неткен әйбат, әдемі!. Екі жақтан көмкерген. Тұнығындай көңілдің, Тәуелсіздік жолында, Ортада-аспан әлемі. Талай-талай тер тамған. Құт, береке-шаңырақ, Билігім өз қолымда, Орын алған ол төрден. Еркіндігім-Елтаңбам.Тәрбиеші: Әр жыл сайын, Тәуелсіздік таңы атты. Топқа бардың, тойға мініп ақ атты, Дүниені қуанышқа бөлеп тұр, Ән айтылып, жыр төгіліп қанатты.Би: «Қаражорға»Тәрбиеші: Көз тіккен төрткүл дүние алты алашы, Бұл бүгін қазағымның бас қаласы. Елордам халқым үшін ерен бөлек- Тәуелсіз еліміздің Астанасы!Елорда Астанаға арналған өлең шумақтарды қабыл алыңыздар.Аяжан: Қадамың бар баспаған, Асуың бар аспаған. Халқым жетсін мұратқа, Ей, бас қала – Астанам!Каусар: Тың жолдары бастаған, Жалған атын тастаған. Қайта түлеп, құлпырған, Ей, бас қала – Астанам!Рамазан: Жетпіс тоғыз жас жаран Жау дұшпанын жасқаған. Намысың бар найзадай, Ей, бас қала – Астанам!Алдияр: Кенесары-бас бабаң, Озық туған басқадан. Арыстарды ардақта, Ей, бас қала – Астанам!Айлана: Шырқап көкке аспан-ән, Болашаққа бас қадам. Қазақ рухын биіктет, Ей, бас қала – Астанам!Амир: Жас астана-жас ғалам, Тарихың бар ашпаған. Ордасы бол, ойшылдың, Ей, бас қала – Астанам! Тәрбиеші: Тал шыбықтай бұралған, Қазағымның қыздары-ай. Сүйсіндірген биімен, Өнерлі ғой қыздар-ай.Би: «Домбыра биі»
  • Қазақстан Республикасының президенті кім?
  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.


Хор: «Әрқашан күн сөнбесін» Қорытынды Әрқашан бейбітшілік заман болсын, Ел іргесі аман болсын. Ертеңге жол ашатын, Бүлдіршіндер бақытты болсын.Осымен, Қазақстан Республикасының тұңғыш президентімізге ,тәелсіздік мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Ел тыныш, халқымыз аман болсын, бейбіт күніміз жарқын болсын. Тәуелсіз еліміздің көк байрағы желбіресін!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ