Материалдар / ШҚО экономикасы

ШҚО экономикасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырып бойынша қмж
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Ақпан 2024
186
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті











Реферат







Орындаған:Төлеуғажина П.А

Тексерген: Балтабаева А.Д
















Семей-2023

Тақырыбы: ШҚО экономикасының даму ерекшелігі

Жоспары:

  1. Шығыс Қазақстан — ҚР өнеркәсіп өндірісіндегі көшбасшылардың бірі

  2. ШҚО — отандық машина жасау индустриясының көшбасшысы

  3. Шығыс Қазақстан облысындағы агроөнеркәсіптік кешен

  4. Шығыс Қазақстан облысы туризмді дамыту бойынша елімізде көш басында

  5. Ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдары өнеркәсібі


Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның ең ірі индустриялды-аграрлық аймағы саналады. Шаруашылығының басты саласы – өнеркәсіп. Оның құрамында кен өндіру, түсті металлургия, энергетика, машина жасау, құрылыс материалдар өнеркәсібі, ағаш өңдеу, тамақ және жеңіл өнеркәсіптері дамыған. 2006 ж. облыс өнеркәсібінің барлық салалары 399,1 млрд теңге көлемінде өнім өндірді, бұл бүкіл ел өнеркәсібі өндірісінің 6,2%-на тең.Шығыс Қазақстан облысы еліміздің өнеркәсіп орталығы бола отырып, бүгінде заманауи әрі қуатты мал шаруашылығы инфрақұрылымын құру бойынша бірқатар жобаларды қарқынды іске асырып жатыр, туристік индустрияны дамытуда, тірек ауылдарын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Шығыс Қазақстан облысы пайдалы қазбалардың басты «қоймасы» болып саналады, мырыш, титан, магний, тантал және басқа да сирек кездесетін металдарды еліміз бойынша бірден-бір өндіруші. 1992 жылы ақпанда осы жерде егемен Қазақстанның алғашқы алтыны қорытылды.

Тәуелсіздік жылдары облыста ірі өнеркәсіп нысандары: Малевский, Артемьевский және Юбилейно-Снегирихинский кен орындары, Сегіз тау-кен кәсіпорны; Қаражыра көмір разрезі, «Данк» ЖШС, «Тасқара» ЖШС алтын өндіретін кәсіпорын, Ақтоғай тау-кен байыту комбинаты пайдалануға берілді.

Бүгінде облыс аумағында жұмыскерлерінің саны 53 мың адамнан асатын 48 ірі өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істейді. 2020 жылдың 4 айының ішінде өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 731,2 млрд теңгеге жетті, өсу қарқыны 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 115% құрады.

Тау-кен өндірісі саласында 185,8 млрд теңгеге өнеркәсіптік өнім өндірілді, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 131% құрады. Саладағы негізгі кәсіпорындар - «Қазмырыш» ЖШС, «Востокцветмет» ЖШС, «KazmineralsAktogay» ЖШС, «Бақыршық тау-кен өндірісі кәсіпорны» ЖШС. Өңірдегі жер қойнауында бағалы металдардың 50 кен орны шоғырланған.

Өңірдегі өнеркәсіп өндірісінің 70%-ы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. 2020 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша өңдеу секторындағы кәсіпорындар 500 млрд теңге сомасына өнеркәсіп өнімін өндірді, өсім 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111% құрады.

Химия өнеркәсібі өнімдерін «УМЗ» АҚ, «Орика Казахстан» АҚ, «KAZFOAM» ЖШС, «Магелан» ЖШС кәсіпорындары өндіреді. 2020 жылдың 3 айында өндіріс көлемі 6,4 млрд теңгені құрады.

2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында ағаш өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары 1,3 млрд теңгеге өнім шығарылды, қолданыстағы бағаларда өндіріс көлемінің өсімі 4,3 есені құрады. Саладағы негізгі кәсіпорындар: «Мелисса» ЖШС (Өскемен қаласы), «Фаворит» (Зубовка ауылы), «Жаңа Семей Шпал Зауыты» (Семей қаласы).

Облыстағы жеңіл өнеркәсіптің өндірістік қуаттылықтарының негізгі үлесі Семей қаласында шоғырланған — «Семспецснаб» ЖШС, «УК Юнис» ЖШС«Семей аяқ киім фабрикасы» ЖШС, «Роза-ВВК» ЖШС, «BayazitLife» ЖШС, «Корунд» ПРК, «Технология комфорта» ЖШС. Өскемен қаласында «ПКФ Рауан» ЖШС және «Иснар» ЖШС жұмыс істейді.

2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары 1,1 млрд теңгеге өнеркәсіптік өнім өндірді, бұл өткен жылғы деңгейден 30%-ға артық. 2020 жылдың наурыз айынан бері облыстағы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары көп рет пайдаланылатын маскаларды тігуге тартылған. Негізгі мердігер «Семспецснаб» ЖШС болды.


Өңірдегі серпінді дамып жатқан экономика секторларының бірі облыстың машинажасау кешені. Республикамыздың барлық машинажасау өнімдерінің 20%-ы Шығыс Қазақстан облысында өндіріледі. «Азия-Авто» АҚ (жеңіл автомобильдер), «Сем-Аз» ЖШС (ауыл шаруашылығы техникасы), «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС (автобустар) әлем нарығында бәсекелесе алатын өнімдерді шығарады. 2020 жылы 3 айда машинажасау саласында өндірістік өнім көлемі 73 млрд теңгені құрады. Машинажасау кешенінде тау-кен шахтасы жабдықтары, кен байыту фабрикалары мен металлургия зауыттарына, мұнай-, газ өндіруге арналған жабдықтар, өнеркәсіптік конденсаторлар, автотартпақтар, кабель-сым өнімдері, автокөлік құралдары және т.б. өндіріледі.


Шығыс Қазақстан облысы түрлі аграрлық жобалар үшін аса қолайлы жағдайлар тудыратын аса бай табиғатымен ерекшеленеді. Қуатты мал азығы базасы мал шаруашылығын дамыту үшін шексіз мүмкіндіктерге ие. Облыстағы ауыл шаруашылығы өзінің ерекшелігі жағынан дамыған өсімдік шаруашылығын қамтумен мал шаруашылығы бағытында. Мал шаруашылығы облыстағы жалпы өнім көлемінің 62% құрайды. Облыс сүт, бал, панта, күнбағыстың майлы дәндерін өндіру бойынша елімізде 1 орынды, ал ет өндіру бойынша 2 орынды алады. Сүтті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясындағы салынған инвестициялар өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығын 29%-дан 75%-ға дейін жүктемелеуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, ет өңдеу кәсіпорындарын салу бойынша 2 жоба іске асырылуда.


Өңірде қуатты және заманауи мал шаруашылығы инфрақұрылымын құру бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатыр


2020 жылдың қаңтар-сәуір айларында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісі 82,9 млрд теңгені немесе 2019 жылғы деңгейге 111% құрады.


2019 жылы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 30,86 млрд теңгені құрады. 2020 жылдың қаңтар-сәуір айларында ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар 4,6 млрд теңгені құрады.


2019 жылы облыста азық-түлік өнімдерінің өндірісі 132,3 млрд теңгені құрады. 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында 33,2 млрд теңге сомасына азық-түлік өнімдері шығарылды.


ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті мен Статистика комтетінің мәліметтері бойынша 2019 жылы $343,3 млн сомасына ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталды, оның ішінде өңделген өнім ШҚО ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы экспортынан 22,7% немесе $77,8 млн сомасында болды.


Өңірдегі өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 20-дан аса еліне экспортталды: Ресей Федерациясы, Қытай, Иран Ислам Республикасы, Тәжікстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Түркіменстан, Германия, Түркия, Италия және басқа да елдерге.


Шикізаттық емес экспорттың негізгі түрлері: бидай ұны, қарақұмық жармасы, сұйық май, құс еті, балық және балық өнімдері, шұжықтар мен консервілер, ақ май, сыр.


ҚР Мемлекеттік инспекция және Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің мәліметтері бойынша 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында 11,6 мың тонна өңделген ауыл шаруашылығы өнімі экспортталды, оның ішінде:


өсімдік шаруашылығы өнімдері — 11,5 мың тонна.


мал шаруашылығы өнімдері — 137,2 тонна.


Бүгінде облыстағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидиялау және жеңілдікпен несие беру тәрізді мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілуде.


2019 жылы облыстағы ауыл шаруашылығын дамытуды қолдау үшін 30,7 млрд теңге субсидия бөлінді. 2020 жылы бұл бағытта 26,98 млрд теңге субсидия бөлінген, оның ішінде өсімдік шаруашылығын қолдауға — 5,5 млрд теңге, мал шаруашылығына — 9,9 млрд теңге, инвестициялық субсидиялауға — 4,98 млрд теңге,басқа бағыттар бойынша — 6,5 млрд теңге.


12.05.2020 ж. мәліметтер бойынша несиелендіру бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалдары арқылы облыстағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 4 104,2 млн теңге сомасына несие берілген.


Шығыс Қазақстан облысының мәдени-танымдық туризмді дамыту үшін үлкен әлеуеттік мүмкіндіктері бар. ШҚО-ның тек қазақстандық қана емес, сонымен қатар әлемдік туристік нарықта әлеуетті бәсекеге қабілеттілігін көрсете алатын айырықша табиғи-географиялық, климаттық, бальнеологиялық, мәдени-тарихи ресурстары бар.


ШҚО туристік саласының дамуына байланысты Алматы мен Астана қалаларынан кейін 3-орынды иеленеді. 2020 жылдарға дейінгі Қазақстан Республикасының туристік саласын дамыту Тұжырымында «Шығыс Қазақстан кластері «Табиғат таңғажайыптары әлемі» және экологиялық туризмді дамыту орталығы ретінде» белгіленетіні жайлы айтылған.


Шығыс Қазақстан кластеріне ШҚО-ның солтүстік және шығыс бөліктері енеді. Кластердің орталығы кластердің орталығы болады, оған туристік қызығушылық тудыратын 8 басты жер енгізіледі:


1) «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының нысандары;


2) Бұқтырма су қоймасы;


3) Ертіс өзені мен Жайсан көлі;


4) Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;


5) Қалжыр өткелі;


6) Риддер-Анатау және Иванов таулары;


7) Алакөл көлі;


8) Семей қаласы.


Қазақстанның халықаралық туризмге енуінің өзіндік болашағы бары белгілі. Біздің әлеуетті нарықтарымыз - Ресей, Қытай, Еуропа, Таяу Шығыс. Тек Ресей мен Қытаййдың өзі ғана 150 миллионнан астам туристермен қамтамасыз етеді. Бүгінде Қазақстан 52 елмен визасыз режимге көшу жөнінде келісімдер жасалған. Одан басқа «ЭКСПО-2017»-ні өткізуге айындық барысында басқа да көптеген елдермен виза реимін қарапайымдандыру жұмыстары жүргізілуде.


Солай бола тұра Қазақстан туризмінің бүгінгі даму қарқыны бар әлеуетті толық пайдалануға мүмкіндік бермей отыр. Әлемде біз жайлы туристік мақсатпен баруға тұратын ел ретінде әлі өте аз біледі. Бірнеше халықаралық жәрмеңкелерге қатысу күтетін әсерге қол жеткізуге мүмкіндік бермей отыр. Туристік саланың дамуының төмен деңгейі елдің туристер үшін жағымды имиджін қалыптастыру мәселесіне қатысты ғылыми зерттеулердің жоқтығымен де тікелей байланысты. Қазақстанда туризм саласында белсенді PR-кампаниялар, имидждік жобалар жасау мәселесі бойынша кешенді және жүйелі талдаулар жүргізетін ғылыми-зерттеу құрылымы жоқ. Елімізде қалалар мен аймақтардың туристік имиджін көтерумен шұғылданатын мықты мемлекеттік-жекеменшік ұйымдар да жоқ. Аналитиктердің айтуынша, «туркомпаниялардың 80 пайызынан астамы қазақстандықтардың шет елдерде демалуын ұйымдастырумен шұғылданады, демек, олар шетелдік турөнімдерді сату-сатып алумен айналысады».


Осыдан келіп, республиканың қазіргі туристік нарығындағы жағдай маркетингті қолдануды, жаңа тұтынушының басты ерекшеліктерін зерттеуді, туристік қызметтерді


олданушының уәждемесі мен мінез-құлық ерекшеліктерін айқындауды талап етеді. Сол себепті туристерге арналған экспресс-жолсілтеуші ақпараттық өнімдерді дайындаудың маңыздылығы өз-өзінен айқындалады.

2019 жылғы ресми статистика бойынша туристердің саны 612 689 адамды құраы, бұл еліміз бойынша 4-ші орын.


2018 жылмен салыстырғанда туристер саны 8,4%-ға ұлғайды. Кірушілер туризмі (резиденттер емес) бойынша келушілер саны өткен жылмен салыстырғанда 3,1%-ға артып, 29 741 адамды құрады.

Ішкі туризм бойынша келушілер саны (резиденттер) өткен жылмен салыстырғанда 8,7%-ға артты және 582 948 адамды құрады. Соңғы үш жылда келушілер динамикасы біршама артты, мәселен 2016 жылдан 2019 жыл аралығында туристер ағымы 33%-ға артты.

Бүгінде облыста 576 орналастыру орны бар, оның ішінде 10 743 нөмір қамтылған.

Шығыс Қазақстан облысы еліміз бойынша орналастыру орнының саны жағынан және оның бір мезеттегі сыйымдылығы бойынша көш басында екенін атап өткен жөн, яғни 33 629 төсек-орынды құрайды, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 5,7%-ға артық.

Жалпы, облыс бойынша 2020 жылы жалпы сомасы 2 933 млн теңгеге 25 туристік нысанның құрылысы басталды, олар орналастыру орындары: отельдер мен демалыс үйлері.

Сонымен қатар 2020 жылы Алакөл көлінің жағалауында ашық аспан астындағы сахна мен би алаңының құрылысы басталды. Құны 200 млн теңге тұратын жоба «Ақ ниет» өңірлік бағдарламасы аясында қаржыландырылды.

Кешенде 3000 отыратын орынды қамтитын алаңды, жазғы терраса мен балалар алаңының құрылысын қамтиды.


Сонымен қатар көл жағалауында «Керуен Плаза» ірі туристік кешенінің құрылысы басталды, ол 220 төсек-орынға шақталған, мейрамханасы, жазғы дәмханасы мен бассейні бар. Жоба құны — 1,5 млрд теңге, 2022 жылы іске асырылады.

Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру көл жағалауында 130 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.


Ағаш өңдеу өнеркәсібі

Шығыс Қазақстан облысының ағаш өңдеу өнеркәсібі негізінен “Ертістрансойл”, “Жаңасемейшпалзауыты”, “Өскемен Иннотекс”, "Өскемен жиһаз комбинаты" сияқты құрамында бірнеше нысандары бар 4 ірі және орташа қуатты кәсіпорындарды қамтитын ЖШС-терден тұрады. Олар кесілген ағаш материалдарын, дайындамалар, үй салуға қажет бөренелер, терезе мен есік жақтауларын жасауға маманданған. Жиїаз жасау өнеркәсібінің құрамында 119 кәсіпорын бар, олардың алтауы ірі және орта қуатты. Жылына 30 мың м3 фанера, жиһаздық тақта, ДСП шығаратын өндіріс Бородулиха ауданында іске қосылды.


Жеңіл өнеркәсібі

Облыстың жеңіл өнеркәсібі тігін және тоқыма бұйымдарын, мата-жүн, аяқ киім, құрылыс киізін, тон және былғары бұйымдарын өндіретін “Рауан” АҚ-н, “Семмамжабдық фирмасын”, “Ника”, “Семей байпақ-шұлық фабрикасы”, “НИМЭКС-Текстиль” ЖШС-терін, “Қазруно” СФ АҚ-ын, “Роза”, “Тыныс-V” және “Семей былғары-аң терісі комбинаты” ЖШС-ын қамтиды. Бұлардың құрамында 133 кәсіпорын бар, олардың 118 тоқыма және тігін саласына, 15 былғары, былғары аяқ киім және бұйымдар шығаратын салаға жатады. Бұл өнімдердің біраз бөлігін зағиптар мен кереңдер қоғамдарының оқу-өндірістік кәсіпорындары жасайды.


Тамақ өнеркәсібі

Шығыс Қазақстан облысыда тамақ өнеркәсібі саласы да жақсы дамыған. Оның құрамында "Семей ет комбинаты" АҚ, “Шемазат” ЖШС (Риддер ет комб.), “Эмиль” ЖШС, “Шығыс-сүт” корпорациясы жұмыс істейді. 2005 ж. бұл сала (толықты):


Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылындағы балық өңдейтін “Балық Продукт Восток”

Глубоков ауданындағы “Аргонавт ШҚ”

Зырянов ауданындағы картоп өңдейтін “Плюс”

Вафли өндіретін “Смик” ЖШС-і

Шұжық бұйымдарын өндіретін “Хорс”

Аягөз қаласында салынған мал соятын және ет өңдейтін “Рауан”

Қатонқарағай ауданындағы “Заготпромторг” ЖШС.

Құрылыс материалдары өнеркәсібі

Құрылыс материалдары өнеркәсібінің құрамында “Силикат”, “Өскемен арматура зауыты”, “Семейцемент зауыты” АҚ-тары, т.б. ірі және орташа қуатты кәсіпорындар жұмыс істейді. Ең ірі кәсіпорындарда құрылыс материалдарын өндірудің жаңа технологиялары енгізілуде.


Ауыл шаруашылығы

Шығыс Қазақстан облысында 1997 жылға дейін ауыл шаруашылығымен әр түрлі саладағы -


55 ұжымшар

199 кеңшар

57 мемлекеттік

ауыл шаруашылық кәсіпорындар айналысты. Таратылған ұжымшарлар мен кеңшарлар негізінде облыста жаңадан әр нысандағы шаруашылықтар құрылып, олардың саны 15,5 мыңға жетті. Оның ішінде 15,1 мыңы – шаруа қожалықтары. Облыс бойынша 10,48 млн га ауыл шаруашылық жер бар:


1419,6 мың га егістік

736,1 мың га шабындық

8247,9 мың га жайылым

2005 ж. облыста егіс аумағы 1018,5 мың га-ға жетті, оның 65,4%-ы Бородулиха, Үржар, Шемонаиха, Глубокое және Көкпекті аудандарында орналасқан. Шығыс Қазақстан облысының өсімдік шаруашылық дәнді-бұршақ дақылдарын, картоп, көкөніс, күнбағыс, мал азықтық дақылдар өсіруге маманданған. 2005 ж. шаруашылықтың барлық санаты бойынша (жетті):


дәнді бұршақ дақылдар егісі 586,4 мың га-ға

картоп 25,7 мың га-ға

көкөніс 9,7 мың га-ға

малазықтық дақылдар 128,3 мың га-ға

күнбағыс егісі 264,6 мың га-ға - бұл бүкіл Қазақстандағы күнбағыс егісінің 58,2%-на тең.

Мал шаруашылығы ірі қара, жылқы, қой мен ешкі, шошқа, құс және ара өсіруге маманданған. 2005 ж. облыста (жетті)


ірі қара мал саны 734,8 мың (оның 312,1 мыңы сиыр)

жылқы 149,6 мың

қой мен ешкі 1762,7 мың

шошқа 104,3 мың

құс саны 2877,6 мың

Соның негізінде облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттары бойынша


91,3 мың ет

634,6 мың сүт

3,5 мың т жүн

280,9 млн дана жұмыртқа

өндірілді.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.https://egemen.kz/article/235276-shyghys-qazaqstan-oblysynynh-aleumettik-ekonomikalyq-damuyna-sholu

2.https://kk.wikipedia.org/wiki/шығысқазақстаноблысы


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ