Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Стартер құрылысын жөндеу
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………………………................….............................….3
1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ……………………...........................................................4
1.1 Стартердің атқаратын міндеттері ...............……....................................4
1.2 Стартер құрылысының ақаулары..........................................................5
ІІ. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ ………………….........................................9
2.1 Стартер құрылысын жөндеу......................................................................9
2.2 Стартердің тарту релесін тексеру шешу және орнату..........................11
ІІІ. ЕҢБЕК ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ................................14
3.1. Еңбек қорғау және өндірістегі өрт қауіпсіздігі...................................14
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………….……………….…..17
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………........….….................18
КІРІСПЕ
Автомобиль көлігі сандық және сапалық жағынан қарқынды түрде дамып келеді. Қазіргі уақытта әлемдік автомобиль паркінің жылдық өсімі 10-12 млн. данаға, ал оның саны – 400 млн данаға тең. Әр бес автомобильдің төртеуі жеңіл көлік және оның үлесіне, жолаушыларды тасымалдайтын көліктің 60 % астамы тиесілі.
Бірақ та автомобильдендіру үрдісі, автомобиль паркін тек кеңейтумен ғана шектелмейді. Автокөліктерді қарқынды дамыту, ғылыми ізденіс пен мағыналы материалдық шығынды қажет ететін мәселелерді туындатады. Олардың негізгілері: көшелердегі өткізу қабілеттілігінің жоғарылауы, жол құрылысы мен көріктендіру, тұрақтар мен гараждарды ұйымдастыру, жол қозғалысы қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станциялар, қоймалар, жанар май құятын станциялар мен басқа кәсіпорындар құрылысы.
Жеке азаматтарға тиесілі автомобиль паркінінің қарқынды дамуы, автомобиль құрылысының күрделігі, өздеріне тиесілі автомобильдерге қажетті техникалық қызметті білікті түрде көрсете алмайтын адамдар санының өсуі, жолдардағы қозғалыс идентификациясы мен басқа да факторлар жаңа автотехникалық қызмет өнеркәсібі саласын құруға жағдай жасады.
ТҚ жетілдіру мен жеңіл автомобильдерді жөндеудің маңызды бағыттары: алдыңғы қатарлы технологиялық үрдістерді қолдану, өндірісітік қызметтерді басқару мен ұйымдастыру деңгейін жоғарылату, негізгі өндірістік қаржыларды тиімді пайдалануды көтеру, технологиялық және құрылыс жағынан алғанда неғұрлым жетілдірілген жаңа жобаларды қолдану және қолданыстағы автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станцияларын қайта құру және оны сатылы түрде дамыту, қызметтер сапасы кепілділігін арттыру мен оларды қамтамасыз ететін шараларды материалдық және моральдық жағынан қолдау.
Сондай-ақ автокөлік құралдарын техникалық пайдаланудың актуальды міндеттерінің бірі болып, ТҚС өндірістік қызметтерінбасқару, еңбек шарттарын жақсарту, еңбекке кететін шығындар мен негізгі өндірістік қаржыларды пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады.
Техниикалық қызметтер көлемі мен сипаты, және әсіресе ағымдық жөндеу жұмыстары жыл мезгілдері, жол және ауа райы жағдайына, автомобильдің шыққан жылы мен құрылысына байланысты өзгеріп отырады.
Бұл шығындарды азайтуға тиімді шараларды ұйымдастыру арқылы белсенді түрде әсер етуге болады. Автомобильдерге ТҚ пен ТЖ жұмыстарын сапалы қазіргі заман талаптарына сай ұйымдастыру арқылы ағымдық жөндеу жұмыстары жүйелігін жоғарылатуға және осы арқылы қосымша бөлшектерге кететін шығындарды азайтуға болады.
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Стартердің атқаратын міндеттері
Қазіргі кезде автомобиль жасау күннен-күнге дамуда. Сонымен қатар оның көптеген бөлшектерінің де құрылысы өзгеруде. Бірақ стартерлердің қолданылу мақсаты мен жұмыс істеу принципі көптеген стартерлерде бірдей болып келеді. Стартерлерде электр қозғалтқыштар тұрақты магнитті қозу арқылы және электр магнитті қозу арқылы болады. Жаңа автомобильдердің екі түрдегі стартерлері келесі суретте көрсетілген.
Автомобильдердің іске қосу жүйесінде зэкір білігінен маховик тегергішті бос жүріс жалғастырғыш арқылы тік берілсе, қазіргі кезде стартерлердің кейбір түрлерінде планетарлы бәсеңдеткіш қолдану арқылы беріледі. Жаңа стартерлер зәкірінің айналу жиілігі көп болғандықтан және жоғары айналымда айналғанда, зәкірді теңгеру мақсатында планетарлы бәсеңдеткіш қолданылады. Ол зәкірдің айналу сәтін азайтып және оны айналу кезінде теңгеріп, тегергішті бос жүріс жалғастырғыш беруге арналған.
Елімізде қүрастырылатын Нива Шевроле автомобильдерінің іске қосу жүйесінде қашықтан басқарылатын және 12 В-ті 5722.3708 типті стартерлер орналастырылған. 5722.3708 типті стартердің құрылысы 1.1-суретте көрсетілген. Бұл стартерлердің қуаты - 1,55 кВт, тұрақты магниттен қозғыш тұрақты токты электр қозғалтқышты, айналмалы жетектеуіштегі сателлитті және қозғалмайтын планетарлы тегергішті басеңдеткішті, электр магнитті екі орамды тартқыш релелі стартер болып саналады.
1.1-сурет. 5722.3708 стартер:
1 - коллектор; 2 - артқы қақпақ; 3 - статор тұрқысы; 4 – тартқыш реле;
5 –реле зәкірі; 6 - жетек жағындағы қақпақ; 7 - иінтірек; 8 - иінтірек кронштейні; 9 - қымтағыш төсеме; 10 - планетарлы тегергіш; 11 - жетек тегергіші; 12 — қақпақ ішпегі; 13 - шектеткіш сақина; 14 - жетек білігі; 15 - басып озу жағастырғыш; 16- қайтарғыш сақина; 17 - жетек білігінің ішпекті тірегі; 18 - ішкі іліністі тегергіш; 19 - жетектегіш; 20 - орталық тегергіш; 21 – зәкір білігінің тірегі; 22 - тұрақты магнит; 23 - зәкір;
24 - щетка ұстагыш; 25 – щетка.
Зәкір (23) білігінен жетек білігіне (14) айналу сәті орталық тегергіштен (20), үш планетарлы тегергіштен (10), жетектегіштен (19) және ішкі іліністі тегергіштен (18) тұратын планетарлы бәсеңдеткіш арқылы беріледі. Планетарлы тегергіш ине тәріздес мойынтіректе айналады.
Стартерді іске қосқан кезде аккумулятор батареясынан оталдыру ажыратқыш арқылы өтеді және стартердің қосымша релесінің түйіспелерінен стартер тартқыш релесінің екі орамына ток беріледі. Содан кейін тартқыш реленің түйіспелері түйықталғаннан кейін тартқыш орамы өшеді.
Қазіргі кезде автомобильдерді ұрлау және айдап кету кеңінен тарағандықтан, көптеген автомобильдерде айдап кетуге қарсы құрылғы — иммобилизатор қолданылады. Нива Шевроле автомобильдерінде де иммобилизатор орнатылады. Онда стартердің желіге жалғануы басқа автомобильдердің іске қосу жүйесінің жалғануына қарағанда басқаша. Мұнда стартер қосымша релесінің шығыны 86 қозғалтқышты басқару
жиынтығының (контроллер) стартердің қосымша релесін басқарушығынына жалғанған. Сондықтан контроллер стартердің қосымша
релесіне электр тоғы берілмейінше, стартер іске қосылмайды.
Контроллер стартердің қосылып-ажырауын қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігі мен иінді білікті стартермен айналдыру уақытына байланысты басқарады.
Стартер (1.2-сурет) –тізбекті қоздыру орамы бар және жүргізуші отырған жерден дистанциялық қосылыстың төрт полюсті электір қозғалтқышы. Стартердің іске қосқыш қозғалтқыштан ерекшелігі қосымша электір магнитті релесінің болуы. Олар қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда стартерді қосу мүмкіндігін болдырмаиды.
Аккумулятор батерясын разряттамау үшін стартерді аз уақытта (5- 15 с) қосып қоятыды. Егер осы уақыт ішінде қозғалтқыш оталмаса, онда стартерді сөндіріп, бірнеше секундтан кеиін қосу қажет. Бұл үзіліс аккумулятор батерясының жұмыс қабілетін қалпына келтіру үшін қажет. Егер қозғалтқыш оталмаса, ақауын тауып, жою қажет.
Стартерлерге тән ақаулар: ол оталмаиды, якоры иінді білікті бұрмайды, оны қосқан кезде оның тістерінің күшті шықыры естіледі.
Егер стартер жұмысқа қосылмаса, онда фараларды немесе кбинадағы қалпақты шамды қосып, қызудың қалаи өзгеретінін бақылау қажет.Егер ол өзгермесе, стартер тізбегінде ток болмаған.
1.2 - сурет. Стартер: 1-еркін жүрудін муфталы іске қосқыш шестернясы, 2 - қосу рычагы,3 - тартқыш реле якоры, 4 - ішке таратылатын якорь, 5 - ұстатқыш (шунтты) орам, 6 - котактілі дискі, 7 - ұстатқыш және ішке таратылатын орамдар шеттерінің қысқыштары, 8 - ішке таратылатын орам шеттерін қысқыш, 9 - аккумулятыр батерясы сымының қысқышы, 10 - ток жеткізгіш щеткалар, 11 - коллектор, 12 - полюс табаны,13 - фаза орамдарынын катушкасы, 14 - якорь пластиналарының пакеті,
15 - якорь білігі, 16 - аралық тірек подшипнигі.
Стартерді қосқан кездегі тістердін күшті шықырынан іске қосқыш шестеріня тістерінін немесе маховик тәжінің тозуы немесе жанжылуы байқалады.
1.2 Стартер құрылысының ақаулары
Стартердің негізгі ақаулығы. Оған мыналар жатады: щеткалардың тозуы немесе ластануы; щетканы коллекторға қысып тұрған серіппелердің босаңсуы; коллектордың ластануы немесе күйіп кетуі стартер орамдарындағы тұйықталу немесе үзілу; тарткыш реле немесе стартер қосқышы контактілерінің күйіп кетуі; стартердің сыртқы тізбегіндегі контактілердің босаңсуы. Акаулықтың көрсетілген түрлері орын алған жағдайда стартер қажетті куатты арттыра алмайды немесе жұмыс істемей қалады. Егер ақаулық жетекте болса, стартердің шестернясы маховиктің тісті тәжімен косылмайды немесе двигательді оталдыру кезінде күшті шу естіледі.
Егер стартер жұмысқа қосылмаса, онда фараларды немесе кабинадағы калпакты шамды қосып, қызудын қалай өзгеретінін бақылау қажет. Егер ол өзгермесе, тізбегінде ток болмағаны. Ток тізбектін үзілуі, қозғалмалы контактылы дискінің жеке стартер релесі қыс-қыштарынын күйіп кетуі, коллектордын ластануы, шетқалардың тозуы, шетқа ұстайтын серіппелердін әлсіреуі нәтижесінде түспеуі мүмкін.
Стартердің көп кездесетін негізгі ақауларына:
- Бекіткіш болттардың босауы;
- Аккумулятор батареясынан келген және стартерден шығатын сымдардың босауы;
- Щеткалардың желінуі және ластануы;
- Коллектордың желінуі, тозуы, ластануы;
- Ажыратқыш контактілерінің сілтіленуі (окисления);
- Орамдардағы сымдардың үзілуі және қысқа тұйықталудың болуы;
- Бос жүріс муфтасы бөлшектерінің және тістерінің тозуы, сынуы.
Стартерді іске қосқан кездегі естілетін шырт еткен дыбыс стартер релесі мен іске қосқыш реленін жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Мұндай дыбыстын жиілігі мен маховик тәжіне шестернянын жиі соғылуынын себебі стартер релесінін ұстатқыш орамында үзіктің болуы. Бұл кезде реле якоры ұстатқыш орамнын көмегінсіз, тек қана ішке тартылатын орам арқылы тартылады.
Егер стартер іске қосылса, ал қозғалтқыштың иінді білігі баяу немесе мүлде айналмаса, оның себебі аккумулятор батареясынын разрядтануынан, қысқыштардын тотықтануынан, коллектордың күйіп кетуінен, щеткалардың тозуы мен салбырауынан болуы мүмкін.
Стартерді қосқан кездегі тістердің күшті шықырынан іске қосқыш шестерня тістерінін немесе маховик тәжінін тозуы немесе жаншылуы байқалады.
Стартер тізбекті қоздырғыштың тұрақты тоғының жабық түріндегі элеуктр қозғалқышы болып табылады. Ол аккумулятор батареясының электр энергиясын механикалық энергияға айналдырады. Стартер полюсті корпустан және қоздыру орамынан, якорьден, щеткадан, тартқыш реле мен іске қосу шестерния механизінен тұрады. Якорь білігі қола төлкелерде айналады. Якорь ойығына жуан мыс лентадан жасалған орамның бірнеше секциясы төселген. Әрбір секция ленталарының шеті қолектордің пластиналарына жалғастырылған, серіппе екеуі массамен, ал қалған екеуі қозтыру ормның шетымен жалғанған.
Қоздыру орамының екынші шеті тарытықыш реленің қысқышына жалғанған. Қоздыру орамының екінші шеті тартқыш реленің қысқышына жалоғанған. Тартықыш реле ішке тартылған және ұстағыш орамдары бар өзектемыр мен іске қосқыш шестерния ричагымен жалғасқан қозғалы якорьден тұрады. Стартер кілтпен іске қосылады, ол аспаптардың қалқанына орналасқан құлыпқа бекітілген. Құлып түиіспелеріне ішке тартылатын орам мен аккумулятор батареясынан сым тартылады.
Қозғалтқыштың кілт тұтқасын сағат тілі бағытымен шегіне дейін бұрай отырып, яғни ішке тартылатын орамның тізбегін тұйықтандыра отырып, іске қосады. Ішке тартылатың орам өз бойымен тоқ өткізген кезде өзек темірді магниттейді, ол қозғалмалы якорьді өз ішіне тартады. Қозғалмалы якорьдің бір шетіне іске қосқыш шестернья рычагын жылжытады, сөйтіп оны іске қосқыш қозғалтқыш шеті – аккумулятор – стартер тізбегін түйіспелі дискімен тұйықтайды. Екі магнит өрісінің өзара әрекеті нәтижесінде (бірі тоқ арқылы қоздыру орманыда, екіншісі – якорь орамында жасалады) стартердің якорі айнала бастайды, ол іске қосқыш шестерня арқылы иінді ілікпен бірге маховникті айналдырады. Қозғалтқышты жүргізген сәттен бастап іске қосқыш шестернясын маховниктің нәтижесіне айнала бастайды және еркін жүргіс муфтасы көмегімен якорь бөлігінен бөлінеді.
Еркін жүріс муфтасы қозғалтқышты іске қосқаннан кейін стартер якорін кенейтуден сақтандырады, өйткені ол айналуды тек бір бағытқа ғана: стартер якорінің білігінен ішке қосқыш шестерняға береді.
Қозғалтқышты іске қосқаннан кейін кілтті кері қарай бұрады, ішке тартылатын орам тізбегі ажырайды, оның өзек темір магнитсіздігінен, ал іске қосқыш шестерня серіппесінің әсерінен аралықтан алшықтайды.
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде иінді біліктің кез келген айналу жиілігінде В блоктау релесінің түйіспелері ажыратылған, сондықтан жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштың стартерін қосуға болмайды.
Сартер электр энергеиясын көп тұтынатын болғандықтан, аккумулытор батареясын разрядтамау үшін оны аз уақытқа (5-15с) қосып қояды. Егер осы уақыт ішінде қозғалтқыш от аламаса, одан стартерді сөндіріп жүргізуді 30-40с –тан кейін қайталайды. Бұл үзіліс аккумулятор батаресянын жұмыс қабілетін қалпына келтіру үшін қажет. Егер стартерді 2-3 рет қосқаннан кейін қозғалтқыш от аламаса ақауын тауыа, жою қажет.
Ақаулы стартерді шеберханада тексеріп, жөндейді бұл ақаулар нәтижесінде стартердің мүлде істен шығуына әкеліп соғады. Стартер жеткіліксіз айналым жасап аз мөлшерде қуат береді. Стартер іске қосылып айналады бірақ иінді білік айналыссыз. Стартердің жұмысы кезіндегі шудың көп болуы сияқты ақаулар кездеседі.
Егер стартер жұмысқа қосылмаса, онда фараларды немесе кабинадағы қалпақты лампаны қосып, қызудың қалай өзгеретінін бақылау қажет. Егер ол өзгермесе, стартер тізбегінде ток болмағаны.
Стартерді қосқан кездегі тістердің күшті шықырынан іске қосқыш шестерня тістерінің немесе маховик тәжінің тозуы немесе жаншылуы байқалады.
Стартерді қосу кезінде якорь айналады, бірақ иінді білік қозғалыссыз. Бұл ақаудың себебі муфтаның бос жүрісінің тығылуынан, муфта рычагының сынуынан және остің желінуінен болады.
Стартерді қосу кезіндегі шудың көп болуы. Стартердің бекітілуінің босауынан, тарту релесінің орамдарыңың босауынан. Және маховик венецінің тістерінің немесе тарту релесі тістерінің сынуынан болады.
Қозғалтқышты қосқаннан кейінгі шудың болуы, стартер өшпей жатқанын көрсетеді. Қозғалтқышты дереу өшіріп , аккумулятор батареясын ажыратып стартердің бекітілуін тексеру. Қажет болса оны шешіп алып жетектің шестерня тістерін және тарту релесінің орамдарын тексеру қажет.
Стартердің негізгі ақаулары
Кесте – 1
Себебі |
Жөндеу әдістері |
Стартер жұмыс істемейді |
|
Аккумулятор батареясының отыруы |
Аккумулятор батареясын зараядтаңыз |
30 және 50 клеммаларын қосқанда стартер жұмыс істейді |
Стартердің электр сымдарын ауыстырыңыз |
Стартер сымдарының үзілуі немесе тұйықталуы |
Сымның жағдайларын тексеріңіз, қажет болса ауыстырыңыз |
Сым контактілерінің сілтіленуі немесе сымдардың босауынан токтың аз болуы |
Контактілерді тазартыңыз және мықтап бекітіңіз |
50 клеммасында кернеудің болмауы |
Стартердің байланысы мен сымдардың үзілуі жалғау |
Стартер жай айналады, иінді білік айналмайды |
|
Аккумулятор батареясы разрядталған |
Аккумулятор батареясын зарядтаңыз |
Сым контактілерінің сілтіленуі немесе сымдардың босауынан токтың аз болуы |
Контактілерді тазартыңыз және мықтап бекітіңіз |
Көміртекті щеткалар коллекторға нық отырмаған немесе дефектері бар |
Щетка жағдайын тексеріп қажет болса ауыстырыңыз |
Көміртекті щеткалар мен коллектор арасындағы контакт жоқ |
Көміртекті щеткаларды ауыстырыңыз |
Коллектордың жұмыс бетінде сызықтар, ақаулар бар |
Коллектордың жұмыс бетін тазалап немесе якорьді ауыстырыңыз |
Стартерге берілетін кернеу 10 В төмен |
Стартер релесін немесе тарту релесін тексеріңіз |
Тарту релесінде ақау бар |
Тарту релесін ауыстырыңыз |
Стартер қалыпты жұмыс істеуде бірақ қозғалтқыштың иінді білігі айналмайды |
|
Стартердің жетек шестернясының дефектісі немесе ластануы |
Жетек шестернясын тазалаңыз немесе ауыстырыңыз |
Маховиктің тісті венецтерінің тозуы |
Маховикті ауыстырыңыз |
Стартермен маховиктің тістерінің ілініспеуде |
|
Статердің жетек шестернясы ластанған немесе зақымданған |
Жетек шестернясын тазалаңыз немесе ауыстырыңыз |
Тарту релесі ақауы бар |
Тарту релесін ауыстырыңыз |
Кері қайтару серіппесінің серпімділігі жоғалған немесе сынған |
Кері қайтару серіппесін ауыстырыңыз |
Стартер кілт өшкеннен соң жұмыс істей береді |
|
Тарту релесінің контактілерінің күюі |
Кілтті дереу өшіріңіз немесе аккумулятор батареясының масса сымын ажыратыңыз |
Тұтандыру кілті стартерді өшірмеуде |
Аккумулятор батареясынан дереу массаны ажыратыңыз |
ІІ. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2.1 Стартер құрылысын жөндеу
Күнделікті баптау. Приборлардың күйін, бекітілуін және жұмыс істеуін тексеру үшін, оларды байқап қарау.
Бірінші және екінші техникалық баптау:
1) приборларды және оларға жалғастырылған сымдарды шаң-тозаңнан, ластан және майдан тазарту;
2) приборлар мен сымдардын, бекітілуін тартып бұрау;
3) коллекторды және стартердің щеткаларын байқап қарау және қажет болса, коллекторды тазартып, щеткаларды алмастыру;
4) қозғалтқышты қосу арқылы жұмыс істеуін тексеру және қажет болса, олардың ақауын тауып, реттеу.
Техникалық қызмет көрсету операцияларының орындалуы. Стартерге техникалық қызмет көрсету. Коллектор мен стартер щеткасын тексереді, сондай-ақ генератор щеткаларын алмастырғандай, едәуір тозған щеткаларды алмастырады (6-суретті қара).
Стартердің қалыпты жұмыс істеуі үшін әрбір 45000 км сайын, қажет болса одан да ертерек оны автомобилден шешіп алып бөлшектерін тазалап, майлап және тексереміз. Сонымен қатар коллектордың және қажет болсатозған щеткаларды ауыстырасыз, якор білігінің остік жетегін реттейміз.
Карбюраторлы қозғалтқышты иінді біліктің айналу жиілігі минутына 60-80 айн\мин.болғанда сенімді түрде іске қосуға болады. Айналудың мұндай жиілігін қодан жасау жүргізушіге едәір куш түсіреді. Жүргізушінің жумысын жеңілдету үшін іске қосу кезынде электр стартерлерын қолданады. Іске қосқіш және негізгі қозғалтқыштарда қолданатын стартер түрлері бар. Стартер тізбекті қоздырғыштың тұрақты тоғының жабық түріндегі элеуктр қозғалқышы болып табылады.
Ол аккумулятор батареясының электр энергиясын механикалық энергияға айналдырады. Стартер полюсті корпустан және қоздыру орамынан, якорьден, щеткадан, тартқыш реле мен іске қосу шестерния механизінен тұрады. Якорь білігі қола төлкелерде айналады. Якорь ойығына жуан мыс лентадан жасалған орамның бірнеше секциясы төселген. Әрбір секция ленталарының шеті қолектордің пластиналарына жалғастырылған, серіппе екеуі массамен, ал қалған екеуі қозтыру ормның шетымен жалғанған. Қоздыру орамының екынші шеті тарытықыш реленің қысқышына жалғанған. Қоздыру орамының екінші шеті тартқыш реленің қысқышына жалоғанған. Тартықыш реле ішке тартылған және ұстағыш орамдары бар өзектемыр мен іске қосқыш шестерния ричагымен жалғасқан қозғалы якорьден тұрады. Стартер кілтпен іске қосылады, ол аспаптардың қалқанына орналасқан құлыпқа бекітілген. Құлып түиіспелеріне ішке тартылатын орам мен аккумулятор батареясынан сым тартылады. Қозғалтқыштың кілт тұтқасын сағат тілі бағытымен шегіне дейін бұрай отырып, яғни ішке тартылатын орамның тізбегін тұйықтандыра отырып, іске қосады. Ішке тартылатың орам өз бойымен тоқ өткізген кезде өзек темірді магниттейді, ол қозғалмалы якорьді өз ішіне тартады. Қозғалмалы якорьдің бір шетіне іске қосқыш шестернья рычагын жылжытады, сөйтіп оны іске қосқыш қозғалтқыш шеті – аккумулятор – стартер тізбегін түйіспелі дискімен тұйықтайды. Екі магнит өрісінің өзара әрекеті нәтижесінде (бірі тоқ арқылы қоздыру орманыда, екіншісі – якорь орамында жасалады) стартердің якорі айнала бастайды, ол іске қосқыш шестерня арқылы иінді ілікпен бірге маховникті айналдырады. Қозғалтқышты жүргізген сәттен бастап іске қосқыш шестернясын маховниктің нәтижесіне айнала бастайды және еркін жүргіс муфтасы көмегімен якорь бөлігінен бөлінеді.
Еркін жүріс муфтасы қозғалтқышты іске қосқаннан кейін стартер якорін кенейтуден сақтандырады, өйткені ол айналуды тек бір бағытқа ғана: стартер якорінің білігінен ішке қосқыш шестерняға береді.
Қозғалтқышты іске қосқаннан кейін кілтті кері қарай бұрады, ішке тартылатын орам тізбегі ажырайды, оның өзек темір магнитсіздігінен, ал іске қосқыш шестерня серіппесінің әсерінен аралықтан алшықтайды.
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде иінді біліктің кез келген айналу жиілігінде В блоктау релесінің түйіспелері ажыратылған, сондықтан жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштың стартерін қосуға болмайды.
Сартер электр энергеиясын көп тұтынатын болғандықтан, аккумулятор батареясын разрядтамау үшін оны аз уақытқа (5-15с) қосып қояды. Егер осы уақыт ішінде қозғалтқыш от аламаса, одан стартерді сөндіріп жүргізуді 30-40с –тан кейін қайталайды. Бұл үзіліс аккумулятор батаресянын жұмыс қабілетін қалпына келтіру үшін қажет. Егер стартерді 2-3 рет қосқаннан кейін қозғалтқыш от аламаса ақауын тауыа, жою қажет.
Стартердің ақаулары. Стартерлерге тән ақаулар төмендегідей: стартер от алмайды, стартердің якорі білікті бұрамайды, чстартерді қосқан кезде оның тістерінің шықыры қатты естіледі.
Стартерге техникалық қызмет көрсету. Коллектор мен стартер щеткасын тексереді, сондай-ақ генератор щеткаларын алмастырғандай, едәуір тозған щеткаларды алмастырады.
Стартердің қалыпты жұмыс істеуі үшін әрбір 45000 км сайын, қажет болса одан да ертерек оны автомобилден шешіп алып бөлшектерін тазалап, майлап және тексереміз.
Сонымен қатар коллектордың және қажет болсатозған щеткаларды ауыстырасыз, якорь білігінің өстік жетегін реттейміз
Стартерді шешу және орнату Шешу Орындалу барысы
1. Кілтті ажыратып аккумулятор батареясынан масса сымын шешіп алыңыз.
2. Тұрақ тежегішін қосып, автомобильдің алдыңғы бөлігін көтеріңіз және сақтандырғыштар қойыңыз.
3. Қозғалтқыштың төменгі шаң-лай ұстағышын шешіп алыңыз.
4. Кронштейнді (1) босатып, стрелкамен көрсетілген болттарды босатыңыз.
5. Клеммадан (50) тарту релесін (стрелкамен көрсетілген) шешіп алыңыз.
6. Стартерді шешіп алыңыз.
Орнату
Орындалу барысы
1. Стартерді қойып гайкаларын бекітіңіз, болттарды 60 Нм сәтімен тартыңыз.
2. 30 клеммасына (1) болтын бекітіңіз. Бекіткіш гайкаларды қажетті 13Нм сәтпен тартып бекітіңіз. (2 – клемма 50, 3 – клемма 15А, 4 – стартердің қоздыру орамдарының бекітілетін жерлері).
3. 50 клеммасына электр бекіткішін жалғаңыз (3).
4. Салқындату сұйығының трубасының кронштейнін бекітіңіз.
5. Қозғалтқыштың астыңғы лай-шаң ұстағышын орнатыңыз.
6. Масса сымын аккумуляторға бекітіңіз.
2.2 Стартердің тарту релесін тексеру шешу және орнату
-
Стартерді шешіп алыңыз
-
Қосымша сымдарды қолдану арқылы стартер корпусына теріс (-) аккумулятор батареясына жалғаңыз. Ал оң клемманы 50 клеммасына жалғаңыз.
-
Егер стартердің шестернясы алға жылжыса, бірақ стартер қозғалтқышы айналмаса, онда ақау стартер қозғалтқышында немесе тарту релесінің контактілері күйген.
-
Егер стартер шестернясы алға қозғалмаса, онда оның тарту релесі істен шыққанын көрсетеді, оны ауыстыру керек.
-
Стартердің электр қозғалтқышынан тарту релесінің төменгі контақтісіне баратын сымды босатыңыз.
-
Болттарды босатып тарту релесін стартерден босатып алыңыз.
Орындалу барысы
-
Тарту релесінің стартер бетімен беттесетін жеріне жұқа етіп, герметик жағамыз.
-
Тарту релесін орнына нықтап бекітіп болттарын бекітеміз.
-
Тарту релесінің жұмысын тексереміз.
-
Стартерді орнатыңыз.
Стартердің ақауларын жөндеу жолдары Чарльза Кеттеринга ең алғаш стартердің жобасын 1912 жылы жасап сынаудан өткізді.
Стартер дегеніміз— жүргізгенде двигательдің иінді білігін бұру үшін пайдаланатын тұрақты токтың электр двигателі.
2.4-сурет Генератордың құрлысы
1- Алдыңғы қақпағы және артқы қақпағы, 2- Бендикс, 3- Ротор, 4- Стартердің обматкасы, 5- Щетка, 6- Реле, 7- Рычаг.
Алдыңғы және артқы қақпақтары
Роторды ұстап тұрады. Стартерді қозғалтқашқа орнату үшін. Алюминийден жасалады.
Ротордың тулкасына ток береді соның әсерінен ротор айналады.
Бендикс маховикті айналдыру қызметін атқарады
Үштілді орам орнатылған болат вал. Оның табақшалары болаттан жасалады
Обматка магниттен турады оның көмегімен магниттік индукция пайда болады да ротор айналады.
Рычаг бендиксті итереді сол арқылы маховик айналады
Бұл рычагты итеріп береді рычаг бендиксті итереді.
-
Щетканың желінуі. Желінген щетканы ауыстыру.
-
Валдың желінуі. Егер вал желінген жағдайда валды жондырып қайта салады.
-
Сымдар үзілген жағдайда олар балқып жанады, сондықтан оларды балқыған сымдарды алып жаңартып салынады
-
. Орамдардың бір -бірімен жабысып қалуы. Орамдары бір-біріне жабысып балқыған болса, онда сымдардың орындарын жаңартып саламыз
Ток
генераторы деп энергияның қандай да бір
түрін электр энергиясына айналдыратын қондырғыны айтады.
Электростатикалық машиналар, термобатареялар, күн батареялары, т.б.
генераторға жатады.
Қазіргі кезде айнымалы
токтың электромеханикалық
индукциялық генераторлары өте кең
таралған.
Бұл генераторлардың артықшылығы — олардың құрылысының қарапайымдылығында және жеткілікті түрде жоғары кернеу мен үлкен токтарды алу мүмкіншілігінде. Электромеханикалық индукциялық генераторларда механикалық энергия электр энергиясына айналады. Магнит өрісінде айналып тұрған сым орамада айнымалы индукциялық ЭҚК-інің пайда болады. Токты сыртқы тізбекке шығару үшін сақиналарға жабыстырып қойған щеткалар қолданылады. Кез келген индукциялық генератордың негізгі бөліктері мыналар:
1) индуктор — магнит өрісін тудыратын қондырғы. Бұл тұрақты магнит не электромагнит болуы мүмкін;
2) якорь — ЭҚК индукцияланатын (пайда болатын) орама;
3) щеткалар мен сақиналар — айналып тұрған бөліктерден индукциялық токты шығарып алатын немесе электромагниттерге қоректенетін ток беретін қондырғылар.Тізбектей жалғанған орамаларда индукцияланған ЭҚК-тері қосылады, сондықтан якорь көп орамнан тұрады.
ІІІ. ЕҢБЕК ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
3.1. Еңбек қорғау және өндірістегі өрт қауіпсіздігі
Еңбек қорғау жұмысының басты міндеті — еңбек етудің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін және өндірістік процестерді жеңілдететін шараларды жүргізу. Еліміздің үкіметі бұл мәселеге зор көңіл аударып, еңбек қорғау шараларына қыруар қаржы бөлуде. Техника қауіпсіздігі бойынша жүргізілетін жұмысты автотранспорт кәсіпорнының бас инженер маманы ұйымдастырады. Цехтар мен автоколонналарда қауіпсіздік ережелерінің орындалуына цехтар мен автоколонналардың бастықтары, механиктер мен шеберлер жауап береді. Жұмысқа жаңадан қабылданатын жұмысшыларды техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаумен таныстырған соң ғана жұмысқа жібереді.
Оқушылар техника қауіпсіздігінен нұсқау алған соң арнаулы журналға қол қояды.
Төгілген жанар май мен майлау материалдарын құм немесе ағаш үгіндісін қолдана отырып, дереу жинап тазартады. Пайдаланылған сүрту материалдарын үй-жайлардан тыс жерге орналастырылған металл жәшіктерге жинастырады. Жөндеу жұмысындағы жұмысшылардың жұмыс орны жақсы жарықтандырылып, автомобильдер кездейсоқ өтіп кетпейтін етіп қоршалған болуы керек. Автомобильдің астында тұрып істелетін жұмыстарға арналған үй-жайдың көтергіштермен, байқап қарайтын жыралар немесе эстакадалармен жабдықталғаны жөн. Байқап карайтын жыралар мен эстакадалардың бағыттаушы сақтандырғыш бұдырлары болуы тиіс.
Автомобильдерді жүргізу жэне техникалық баптау кезіндегі қауіпсіздік ережелері. Жүргізуші жолға шығар алдында автомобильдің ақаусыздығына көз жеткізуі тиіс. Экскаватормен немесе кранмен жүк тиеп-түсірген кезде жүргізуші кабинадан тыс жерде болуы керек. Жол үстінде доңғалақтардың астына орнатылған сақ-гандырғыш тұғыр және таянышсыз (тірек төсемсіз) домкратқа койылған автомобильдің астында жұмыс істеуге тыйым салынады. Жүргізуші автомобильдің астында жұмыс істегенде автомобильді бойлай немесе автомобильдер көп жүріп жаткан бөліктің қарама-қарсы жағынан жатуы керек.
Техникалық баптау постына қойылған автомобиль астында жұмыс істеуді бастау алдында көрнекі жерге «Қозғалтқышты оталдыруға болмайды, жұмыс істеп жатырмын» деген жазуы бар кішкене тақтайшаны іліп қою керек және майдың, жанар май мен электролиттің ақпайтындығына көз жеткізу қажет. Жұмыс кезінде саймандар мен детальдарды автомобильдіц рамасына, есігініц баспалдағына және басқа бөліктеріне қоймау керек, өйткені олардың жұмыс істеп жатқан адамға құлап түсуі мүмкін.
Бензин мен антифризді пайдалану ережелері. Бензин — теріге тисе тітіркендіретін, тез тұтанғыш зат. Бензин сақталған ыдыстармен (шелектер, бөшкелер, банкалар) жұмыс істегенде ерекше сақтық жасау керек, ейткені ыдыста бар бензин буы ашық отпен жанасқанда тұтанып, қопарылыс береді.
Этильденген бензиннің кұрамында күшті у болып саналатын тетраэтилді қорғасын болады. Оның зиянды әсері тек организмге сіңгенде ғана емес, сондай-ақ теріге тигенде де байқалады. Сондықтан этильденген бензинді шелекпен құюға болмайды және бензинді шлангі арқылы ауызбен соруға тыйым салынады. Сондай-ақ этильденген бензиннің буымен тыныс алуға болмайды.
Этильденген бензин теріге тиген жағдайда бұл жерді алғаш керосинмен, соңынан сабынды жылы сумен жуу қажет. Жерге төгілген этильденген бензиннің үстіне құм сеуіп, оны тазартқан соң бұл жерге 2—3 сағаттай жұқа қабатпен хлорлы ізбес тегеді. Жөндеу жұмысы кезінде этильденген бензинге жанасқан детальдар мен агрегаттарды керосинде 10—15 мин ұстау арқылы зиянсыздандырады. Детальдарды тазартып, оны жуу кезінде резеңке қолғап пайдалану керек. Жұмысты арнаулы шкафта сақталатын өндірістік киімдерді киіп алып істеу керек. Қоғамдық орындар мен тұрғын үй-жайларға бұл киіммен кіруге болмайды.
Этильденген бензин және антифризбен жұмыс істеуге оқушылар жіберілмейді.
Бұдан басқа, барлық автотранспорт кәсіпорындары мемлекеттік өрт бақылау органдарының жарлықтары мен жергілікті өрт күзетінің автомобильдерді пайдалану, құрылыс-жөндеу жұмыстары мен автотранспорт кәсіпорындарын қайта құру кездерінде өрт қауіпсіздігін сақтау жөніндегі нұсқауларын орындауға міндетті.
Автомобильдерді жөндеуге арналған үй-жайлар мен қосымша орындарда шылым шегуге, ашық отты, тасымалданатын кәрікті, дәнекерлеуіш лампыны пайдалануға, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды сақтауға тыйым салынады. Автомобильдер тұратын, жөнделетін және оларға техникалық баптау жасалатын үй-жайларда жанар май мен майлау материалдарынан босаған бос ыдыстарды сақтауға тыйым салынады.
Автомобильдер тұратын жер аймағында автомобиль жана бастаған жағдайда баска автомобильдердің жануын болдырмау үшін оны бұл аймақтан дереу буксирлеп шығарып, отты сөндіру шараларын қолдану керек. Автомобиль өртенгенде өртті қою көбікті немесе көмір қышқылды өрт сендіргішпен сөндірген жақсы. Жолда кетіп бара жатқанда өрт шығатын болса, жалынын кенеппен немесе басқа тығыз материямен жауып, от ордасын сөндіреді де жанып жатқан жерге құм, топырақ сеуіп кемеді. Жанып жатқан двигательді сумен сөндіруге болмайды, өйткені ол өрттің ордаланып таралуына себепші болады.
Еңбекті қорғаудың негізгі мақсаты барлық жұмысшылардың қауіпсіздік техникалық ережелерін, өндірістік санитарияны және гигиенаны сақтаулары. Жұмысшылардың осы ережелерді сақтамаулары көптеген жағдайда бақытсыз жағдайларға әкеліп соқтырады.
Еңбекті қорғау үшін күрделі жөндеу кәсіпорындарында ұйымдастыру жұмыстарын іске асыру арқылы атқарады . Кәсіпорындағы техникалық қауіпсіздікті ұйымдастыру жұмысын жақсырту техникалық қауіпсіздікті сақтау инженеріне жүктеледі.
Бөлімшенің бастығы аға инженерімен бірге жұмысшыларда техникалық қауіпсіздік сақтауға үйретуі қажет.
Барлық жұмысшылар жұмысқа қабылданған кезде міндетті түрде техникалық қауіпсіздік ережелерінен нұсқау алуы қажет.
Арнайы құрылған комиссия алдағы уақытта жылына бір рет техникалық қауіпсіздігінен жұмысшылардан сынақ алуы қажет.
Жүк көтеру машиналарының жүргізушілері жұмысқа арнайы оқығаны жөнінде анықтамасы болмаса жібермелуі керек сонымен қатар айналмалы бөлігінің сырты қораппен жабылуы қажет.
Бөтен шулар мен тербелістер еңбек етушілердің денсаулығына зиянды әсер етеді. Олардың еңбек өнімділігін төмендетеді. Дыбыстар жұмысшының орталық жүйесіне тыңдау жүйесі арқылы жетіп , жүйкені қоздырып отырады. Дыбыстар әсерінен еңбек өнімділігі 60% дейін кемуі мүмкін. Дыбыстарды азайту үшін бірнеше құрылыстың, инженерлік техникалық жұмыстар атқарылады. Жону станоктары шуды аздау шығаруы үшін тербеліс азайтқыш, дыбысты жұту құралдарын пайдаланады. Слесарлық верстактарда дыбыс азаюы үшін үстінгі қабатына арнайы жұмсақ дыбыс жұтқыш заттар салынады.
Тербеліс кезінде жұмысшының нерв жүйесі, жүрек қан тамырлары, жалпы шаршағандық пайда болуы мүмкін. Сол үшін жұмыс атқару құралдарына , электрлі құралдарға техникалық дұрыс қызмет көрсету сақтау қажет. Белгілі уақыт өткен соң тексеріп , жөндеуден өткізіп отыруы қажет.
Агрегатты жөндеу және құрастыру процесстері үлкен агрегаттарды көтеріп тасымалдау жұмыстарымен байланысты , осыған байланысты бөлімшедегі көтеріп тасымалдау құралдары ақаусыз болуы тиіс және оларды тікелей мақсатта пайдалану қажет .
Бұл жабдықтарды пайдалануға арнайы дайындықтан өткен жұмысшылар жіберілуге тиіс . Тальтердің және ілгіштердің техникалық жағдайы жұмысқа жарамды болуы қажет .
Жұмыс аспап – саймандары жарамды болуы тиіс.
Электр қуатын пайдаланатын құрал – саймандардың жермен тұйықталған , электр сымдары үзіксіз , жалаңаштанбаған жұмсақ жарамды болуы тиіс , резина кілемшелерімен қолғаптарды киіп пайдалану қажет .
Агрегаттық бөлімшесі өрт өшіретін құралдары мен жабдықталуы және өрт сөндіруші тобы құрылуы қажет.
Бөлімшеде бөлшектрді жуу барысында бөлінетін булар, зиянды иістер желдеткіштер арқылы бөлімшеден шығаруы тиіс.
ҚОРЫТЫНДЫ
Автобильдердің электр жабдықтары тұрақты және мүмкіндігінше өзгереді.
Автомобильдердың электр жабдықтары жүйесі ең күрделі жүйелердің бірі болып табылады. Сондықтан әр жабдықтың құрылысы мен жұмыс істеу принципін біліп қоймай, тізбекте бірігіп жүйелі түрде жұмыс істеуін білу керек.
Электрлік жабдықтар жүйесінің құрылысы мен жұмысын жеткілікті игеру болашақ маманға электр жүйесінде кездесетін ақауларды айқындауға және уақытылы қызмет көрсету ережесін орындауға көмегін тигізеді.
Сондықтан олардың сигналдау мен жарық беру жүйесінде өзіндік өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Бұл жүйе автомобильдердің электр жабдықтарында ерекше орын алады және жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Берілген зертханалық жұмыстағы шарттарды орындау теориялық білімді қорытуға және оларды терең меңгеруге өзіндік әсерін тигізеді.
Электр қуатын пайдаланатын құрал – саймандардың жермен тұйықталған , электр сымдары үзіксіз , жалаңаштанбаған жұмсақ жарамды болуы тиіс , резина кілемшелерімен қолғаптарды киіп пайдалану қажет .
Агрегаттық бөлімшесі өрт өшіретін құралдары мен жабдықталуы және өрт сөндіруші тобы құрылуы қажет.
Ақаулы стартерді шеберханада тексеріп, жөндейді бұл ақаулар нәтижесінде стартердің мүлде істен шығуына әкеліп соғады. Стартер жеткіліксіз айналым жасап аз мөлшерде қуат береді. Стартер іске қосылып айналады бірақ иінді білік айналыссыз. Стартердің жұмысы кезіндегі шудың көп болуы сияқты ақаулар кездеседі.
Егер стартер жұмысқа қосылмаса, онда фараларды немесе кабинадағы қалпақты лампаны қосып, қызудың қалай өзгеретінін бақылау қажет. Егер ол өзгермесе, стартер тізбегінде ток болмағаны.
Стартерді қосқан кездегі тістердің күшті шықырынан іске қосқыш шестерня тістерінің немесе маховик тәжінің тозуы немесе жаншылуы байқалады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Жүнісбеков П.Ж. Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы: Оқулық – Астана: Фолиант, 2007-360
2. Жүнісбеков П.Ж, М.Т.Жетпейісов, Г.А. Маметалиева, М.С. Дүйсенбаев Автомобильді жөндеу және техникалық қызмет
3. Баутин В.М. Экономика агросервиса. М. Информагротех. 1994.
4. Батищев А.И. Восстановление деталей с/х техники. М. Информагротех. 1995.
5. Варнаков В.В. Технический сервис машин с/х назначения. М. «Колос». 2003 г.
6. ГОСНИТИ. Комплексная система ТО и ремонта машин в сельском хозяйстве. М. 1990.
7. ГОСНИТИ. Система ТО и ремонта машин по результатам диагностирования. М. Информагротех,1995.
8. Дюмин И.Е. «Ремонт автомобилей». М. «Транспорт». 1995г.
9. Канарчук В.Е. «Восстановление автомобильных деталей». М. «Транспорт».1995 г
10. Курчаткин В.В. «ТО и ремонт машин в с/х». М. «Академия». 2012г.
11. Матвеев В.А. Техническое нормирование ремонтных работ в сельском хозяйстве. М. «Колос», 1990.
12. Румянцев С.И. Ремонт автомобилей. М. Транспорт. 1995г.
13. Смелов А.П. Курсовое и дипломное проектирование по ремонту машин. М. «Колос». 1990 г.
14. Справочник инженера по техсервису машин и оборудования в АПК, М. «Росинформагротех». 2003 г.
15. Туревский И.С. «ТО автомобилей», М., ИД «Форум» - 2007г.
16. Ульман И.Е. Техническое обслуживание и ремонт машин. М. «Агропромиздат». 1990г.
17. Черноиванов В.И. Каталог. Машины и оборудование для технического сервиса в АПК. М. 1993.
19