Материалдар / Стартер реле жұмысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Стартер реле жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Арнайы пән оқытушыларымен, өндіріс шеберлеріне. Тәжірбие алмасу үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қазан 2020
924
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САРЫЖАЗ КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ




Келісемін Бекітемін Колледж әдіскері Колледж директорының ӨОЖ

__________Г.Қапалбаева орынбасары _______А.Шамшенов

«___ » Қаңтар 2020 жыл. «___» Қаңтар 2021 жыл.








АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ


Мамандығы: 1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»


Біліктілігі: 1201072 «Көліктерді жөндеу слесарі»


Модуль атауы: КМ 06.Автокөліктерге бастапқы диагностика, ТҚК және жөндеу жүргізу





Тақырыбы: Стартер реле жұмысы







Құрастырған: Арнайы пән оқытушысы __________ Дауқабақ У

( лауазымы, Т.А Ә. )

.




Ақбейіт 2020 ж







МАЗМҰНЫ

1. Сабақ жоспар

1.1. Ашық сабаққа арналған материал

1.2. Стартер видео ролик

2. Сабақты бекітуге арналған сұрақтар

2.1. Сабақты бекітуге арналған карточкалар

2.2. Сабаққа қатысты ойын

3. Қорытындылау үй тапсырмасын беру






































Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі.

САБАҚ ЖОСПАРЫ. №13

Модуль атауы:КМ 06. «Автокөліктерге бастапқы диагностка, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, жүргізу»

«___»_______20_____ж


Сабақ жоспары

Курс

2

Топ №32


Сабақ саны

13

Мамандық-біліктілік:

1201000 «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

1201072 «Көліктерді жөндеу слесарі»

Модуль атауы:

«Автокөліктерге бастапқы диагностка, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, жүргізу»

Мерзімі:

Ұзақтығы :

45 мин

Өткізу орны:

Трактор автоморбиль кабинеті 15

Сабақ тақырыбы:

Стартер реле бөлшектері және жұмысы

Сабақ мақсаты:

Стартер реле бөлшектерін жөндеу жұмыстарын жүргізу (диагностикалау,техникалық қызмет көрсету,жөндеу) іс-шаралар кешенін жүргізу тәртібін меңгерту

Сабақ міндеті:-

- Стартер реле бөлшектерін жұмыс приніпін құрылысын түсіндіру

- Тоқ жеткізгіш щеткаларды түсіндіру

- Фаза орамдарының катушкасын жұмыстарын үйрету

- Якорь пластиналарының пакетін меңгерту

Күтілетін нәтиже

- Стартер реле бөлшектерін жөндеу жұмыстарын жүргізу жұмыстарын жүргізу

- Тоқ жеткізгіш щеткаларды түсінеді

- Фаза орамдарының катушкасын үйренеді

- Якорь пластиналарының меңгереді

Сабақ түрі:

Теориялық ашық сабақ

Оқу әдістемесі,әдістемелік педагогикалық әдістер,педагогикалық технологиялар:

Бағалау критерийлері

Үздік: Стартер реле бөлшектерін құрылысын жұмыс принціпін жұмыстарын реттеу жұмыстарын жүргізуді. біледі.

Жақсы: Якорь пластиналарының реттеу жұмыстарын жүргізуді жүргізуді біледі Тоқ жеткізгіш щеткаларды жөндеуде қиындық туындайды бірақ біледі

Қанағаттанарлық: Стартер реле Якорь пластиналарын аз түсінген бірақ кемшіліктері бар. Оқытушы көмегіне сүйенеді

Қажетті құрал-саймандар,жабдықтар:

Конспект,нұсқау карталар, плакаттар, құрал-саймандар, макеттер, диагностикалауға арналған құралдар,

Қосымша оқулық көздері:

Автомобиль құрылысы. А.Ордабаев, А.Серіков. Автомобильдің құрылысы және пайдалануы. П.Жүнісбеков

Оқытушының байланыс ақпараты:

Әдіскер: Қапалбаева Г.А


Оқытушы: Дауқабақ У


Тел:87756837584,daukabakov@mail.ru






Сабақ тақырыбы: Стартер реле бөлшектерінің жұмысы



Жаңа тақырыпты түсіндіру (меңгерту).

Қозғалтқышты оталдыру үшін иінді білікті минутына кемінде 60-80 рет айналдыру қажет. Автокөлікте жүргізушінің жұмысын жеңілдету мақсатында қозғалтқышты оталдыру үшін тұрақты ток электр қозғалтқышы-стартер қолданылады. Стартер-полюс башмақтары бар қораптан, қоздыру орамдарынан, коллекторы мен сым орамдары бар якорьден, қақпақ пен щетка ұстағышы, щеткалардан құралады. Қозғалтқышты оталдырған шақта стартердің күші мол токты пайдаланылатын болғандықтан қоздыру орамы мен якоры стартердегі генераторға қарағанда өзгешелеу келеді, мұнда қимасы тік бұрышты болатын жуан мыс сым пайдаланылады.

Якорь айналғанда оған күш түсіру үшін қоздыру орамы якорь тізбегіне тізбектеле жалғастырылған. Стартердің қорабында қоздыру орамы катушкаларымен бірге төрт полюс башмактары орнатылады. Стартердің төрт щеткасы болады, щеткалар қақпақтың артқы жағында щетка ұстағыштарда орнатылады, щетканың екеуі қоздыру орамы катушкалар ұшымен жалғанған.

Стартердің білігі жетек арқылы маховиктің тісті тәжімен және қосқышпен жалғасады. Стартердің орамдары арқылы электр тогы өткенде якорьдің магнит өрісі мен полюс башмактары магнит өрісінің өзара әсері нәтижесі негізінде жұмыс істейді. Мұндай өзара әсердің нәтижесінде якорь орамдарының тізбектері магнит өрісінен итеріледі, сөйтіп орамның якорі айналуға келеді.

Стартердің жетегі қозғалтқышты оталдырғанда стартер білігі шестерняларын маховиктің тісті тәжімен жалғастыру және қозғалтқыш жұмыс істеуімен стартердің білігін маховиктен ажырату қызметін атқарады. Стартердің жетек механизмі қосу тарқышынан, шлицті төлкеден және шестернялы еркін қозғалып тұратын муфтада құралады. Еркін қозғалып тұратын муфтаның жетек сыртқы қорабы бар шлицті төлкесі және шестернямен тұтас құйылған жетектегі сыртқы қорабы болады.

Стартер аккумулятор батареясының электор энергиясын механикалық энергияға айналдырады

Қозғалтқышты кілт тұтқасын сағат тілі бағытымен шегіне дейін бұрай отырып, іске.

Автокөліктерде дистанцияық басқарылатын және электрмагнитті қосылатын стартерлер қолданылады. Жетек қосқыш реледен, екі орамы бар тартқыш реледен (тартқыш және ұстағыш), ашалы тартқыштан, серіппеден, шлицті төлкеден және еркін қозғалатын муфтадан тұрады.

Тартқыш орамы якорь орамыны түйістіре, ал ұстағыш орамы тізбектеле қосылған. Стартерді қосу үшін оталдырғыш кілтті оңға қарай тоқтағанына дейін бұрау керек, сонда реле орамының тізбегі тұйықталады. Реле орамы жасаған магнит өрісі контактілерін тұйықтайды да, осының нәтижесінде күш релесінің тартқыш және ұстағыш орамдары электр тізбегіне қосылады. Орамдардың магнит өрістерінің әсерінен күш релесінің кіндік темірі және онымен байланыста болатын тартқыш тартылады да, жетек шестернясы маховик ұшымен ілініседі. Кіндік темірдің екінші жағындағы мыс контакті диск шестерня қосылғаннан кейін стартердің электр күш тізбегін тұйықтайды. Қозғалтқыш жұмыс істесімей-ақ генераторда электр қозғаушы күші пайда болады, сөйтіп қосқыш реле орамы генератор мен батарея кернеуі арасындағы айырмашылық әсерінде болады. Қосқыш реледе магнит өрісі азаяды, осыған орай контактілері серіппенің күшімен өзара ажыратылады. Ұстағыш орамның тізбегі ажыратылады да, күш релесінің кіндік темірі және онымен бірге тартқыш пен қосқыш дискі бастапқы қалпына оралады, стартер ажыратылады. Стартер көп дегенде бес секундқа ғана қосылады. Қажет болған жағдайда стартерді арада 0,5-1 минут өткеннен кейін қайтадан қосуға болады. Міне, осы уақытта аккумулятор батареясының жұмыс қабілетінің қалпына келуі үшін қажет. Стартерді екі-үш рет қайталап қосқаннан кейін қозғалтқыш оталмаса, стартердің ақауы түзетіледі.


Стартерлердің ақаулары. Стартерлерге тән ақаулар төмендегідей: стартер оталмайды, стартердің якорі иінді білікті бұрмайды, стартерді қосқан кезде оның тістерінің шықыры қатты естіледі.

Егер стартер жұмысқа қосылмаса, онда фараларды немесе кабинадағы қалпақты шамды қосып, қызудың қалай өзгеретінін бақылау қажет. Егер ол өзгермесе, стартер тізбегінде ток болмағаны. Ток тізбектің үзілуі, қозғалмалы түйіспелі дискінің жеке стартер релесі қысқыштарының күйіп кетуі, коллектордың ластануы, щеткалардың тозуы, щетка ұстайтын серіппелердің әлсіреуі нәтижесінде келмеуі мүмкін.

Стартерді қосқан кезде естілетін шырт еткен дыбыс, стартер релесі мен іске қосқыш реленің жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Мұндай дыбыстың жиілігі мен маховик тәжіне шестерняның жиі соғылуының себебі-стартер релесінің ұстатқыш орамында үзіктің болуы. Бұл кезде реле якорі ұстатқыш орамның көмегінсіз, тек қана ішке тартылатын орам арқылы тартылады.

Егер стартер іске қосылса, ал мотордың иінді білігі баяу немесе мүлде айналмаса, онық себебі аккумулятор батареясының разрядтануынан, қысқыштардың тотықтануынан, коллектордың күйіп кетуінен, щеткалардың тозуы мен салбырауынан болуы мүмкін.

Стартерді қосқан кездегі тістердің күшті шықырынан іске қосқыш шестерня тістерінің немесе маховик тәжінің тозуы немесе жаншылуы байқалады.



Стартердің бөлшектерін автокөліктен шешіп, қайта жинау тәртібі:

 

1.Автомобильде қосу жүйесінің орналасуымен танысу:

а) қосу рукаяткасымен қозғалтқыштың иінді білігін бір-екі айналымға айналдыру.

б) стартер – көмегімен қозғалтқыштың иінді білігін айналдыру.


  1. Қозғалтқыштың стартерді мынадай ретпне қарау:

а) қосқыштың қысқыштарынан сымдарды және педаль тягаларын ажырату.

б) стартерді қосқышты ажырату.

в) алдын-ала щетка ұстағыштың серіппесін созып тұрып, щетканы шығару.

г) екі тарту винтін бұрап шығарып, қақпаны корпустан ажырату не якорды шығару.

д) стартердің қосу механизімінің жетегін шашып көру.


3.Стартер жұмысын анықтау және оның бөлшектерінің құрылымымен танысу.

 









Жаңа сабақты бекіту (қорытындылау).


1. Топ Карточка тапсырма


1.Стартердің құрылысын айтыңыз және (плакат, макеттен) көрсетіңіз




2. Топ Карточка тапсырма


1.Стартер реленің жұмыс принціпін айтыңыз




3. Топ Карточка тапсырма


1.Стартерге ТҚК және ақауы және жою жолдарын айтыңыз




Викториналық сұрақтар

1. Қозғалтқышпен иінді білікті айналдыруға арналған бөлшек (Стартер)

2. Стартердің айналатын бөлігі (Якорь)

3. Стартер білігі шестерниясы нені айналдырады (Маховик)

4.Стартердегі тістердің шықыры нені білдіреді (шестерния тістерінің тозуы, маховик тәжінің тозуы)







Бағалау.

1. Студенттердің үй жұмысын тексеру нәтижесі бойынша;

2. Жаңа тақырыпқа қатысып, орындау нәтижесі бойынша;

3. Бекіту сұрақтарына жауап беру нәтижесі бойынша;

4. Ортақ бағамен бағалау.


6. Үйге тапсырма: Қозғалтқыш стартері тақырыбының мазмұнын айту.




Қолданылған әдебиеттер тізімі:


1. Жүнісбеков П.Ж. және басқалар. Автомобиль құрлысы және пайдалануы. – Фолиант, Астана 2007 ж.

2. Алиев Б., Жүнісбеков П.Ж., Тракторлар мен автомобильдер (құрлысы). Алматы., 2000 ж., - 360 бет.

3. П.Ж.Жүнісбеков, М.Т.Жетпейісов, Г.А.Мамедалиев. М.С.Дүйсенбаев. Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету. Астана, - Фолиант, 2007 ж. – 248 бет.



























Бағалау критерийлері


Үздік: Стартер реле бөлшектерін жөндеу жұмыстарын. жүргізу, реттеу жұмыстарын жүргізуді. біледі.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!