Материалдар / STEAM технологиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

STEAM технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Осындай білім мен дағдылар балаларға STEAM-бағыт береді, ол қазіргі әлемдік білім берудегі негізгі трендтердің біріне жатады. STEAM дегеніміз не? Егер осы аббревиатураны талдайтын болсақ, онда мынау шығады: S – science, T – technology, E – engineering, A – art және M – mathematics. Алғаш қарағанда аббревиатура ауқымды әрі күрделі секілді көрінеді, алайда, талдай келе, бәрі түсінікті: жаратылыстану ғылымдары, технология, инженерлік өнер, шығармашылық – бүгінде қазіргі әлемде сұранысы арта түскен пәндер осы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2022
9585
26 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ғаламдық мәселелердің шешімі көпжоспарлы тәсілді, шығармашылық және талдамалық процестердің үйлесімін талап етеді, ал білім беру жүйесіндегі инновациялық процестер жалпы жүйені жаңаша ұйымдастыруды талап етеді. Ол үшін қоғамға әлеуметтік белсенді, дербес әрі өзін өзі дамытуға қабілетті шығармашыл адамдар қажет.

Қазіргі Қазақстанда әлемдік білім беру кеңістігіне бағдарланған жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Және біз, педагогтар, осы процестің педагогикалық теория мен практикадағы елеулі өзгерістермен қатар жүретінін байқадық.

Мектеп жасына дейінгі балаларды, сондай-ақ танымдық қызметті дамыту және оқыту ынтасын қалыптастыру – мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың аясында педагогтардың алдында тұрған басты міндеттер осы, оның тұжырымдамалы негізі баланы білімге қанықтыру емес, керісінше алдағы өмірдің түрлі салаларындағы мәселелерді өз бетімен және шығармашылық тұрғыдан шешуге мүмкіндік беретін біліктіліктерді дамыту болып табылады.

Алған дағдыларын қолдануды үйренгендер ғана осы дағдыларды меңгереді, ертеңгі күннің көшбасшыларына айналады.

Осындай білім мен дағдылар балаларға STEAM-бағыт береді, ол қазіргі әлемдік білім берудегі негізгі трендтердің біріне жатады.

STEAM дегеніміз не? Егер осы аббревиатураны талдайтын болсақ, онда мынау шығады: S – science, T – technology, E – engineering, A – art және M – mathematics.

Алғаш қарағанда аббревиатура ауқымды әрі күрделі секілді көрінеді, алайда, талдай келе, бәрі түсінікті: жаратылыстану ғылымдары, технология, инженерлік өнер, шығармашылық – бүгінде қазіргі әлемде сұранысы арта түскен пәндер осы.

Осы бағыттың мәні– жоғарыда аталған пәндерді кешенді оқыту. Білім алушылардың білімінің мықты математикалық және ғылыми негізін қалай отырып, инженерлік және дизайнерлік әдістердің көмегімен сыни ойлау дағдылары қалыптасады, нақты әлемде кездесетін мәселелерді шешуді үйретеді.

STEAM әдістемесінде міндеттерді шешудің шығармашылық, бейстандартты тәсілі басымдыққа ие. STEAM міндетті компоненті – алған білімін нақты әлемде практикалық қолдануды іздеу.

Бүкіл әлем бойынша STEAM-жаратылыстану-ғылыми циклінің пәндеріне: технологияға, инженерияға, тұлғаның көркемдік дамуы мен математикаға мектепке дейінгі тәрбие және оқыту кезеңінде баса назар аударады. Бұл мектепке дейінгі білімнің адамның жалпы дамуындағы бірегей әрі құнды кезең екендігіне байланысты. Дәл осы кезеңде баланың қарқынды дамуы орын алады: танымдық, тілдік, физикалық, көркемдік-эстетикалық және әлеуметтік-коммуникативтік; ойлаудың, жадының, зейіннің және қиялдың психикалық қызметтері дамиды; танымдық әрекеттері қалыптасады; қызығушылықтары, білуге құмарлығы және танымдық ынтасы дамиды.

Осыған байланысты мектепке дейінгі ұйым жағдайында барлық жас тобындағы балалардың құрылымдық қызметін дамыту бойынша жұмыс жүйесін енгізу керек: әдістемелік тексерілген, жүйелі және мақсатты түрде жүзеге асырылатын, үлгі, жағдай, модель, ойлауы, сызбалар мен схемалар бойынша құрылымдауды қамтитын, құрылыс материалын, түрлі материалдардан жасалған көлемді әрі жалпақ материалдарды, соның ішінде LEGO, ТИКО, жұмсақ модульдерді қолдану арқылы каркастық құрылымдау, сондай-ақ мектепке дейінгі ересек жаста ұсынылатын компьютерлік құрылымдау. Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті арқылы осы жүйеге балалардың қағазды, картонды, табиғи және қалдық материалды қолдану арқылы жасаған көркем еңбегімен байланысты жұмыс қосымша енгізілуі мүмкін.

STEAM әдістемесінің балаларға жаңалықтарды өз бетімен ашу мүмкіндігін беретіндігі тартымды. Аталмыш STEAM-біліктіліктер (жоғарыда аталған білім салаларының аясындағы негізгі дағдылар) қызықты практикалық сабақтардың көмегімен дамиды, олар балалардың білуге құмарлығын оятады, балаларға сыни ойлауды үйретеді, ал STEAM білім беру салалары зерттеу мен еркін шығармашылық үшін көптеген мүмкіндіктер береді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру стандартында (бұдан әрі – МДТОМБС) құрылымдау Үлгілік оқу бағдарламасының міндетті бөлігінің компоненті, балалардың зерттеушілік қызметін, шығармашылық белсенді, қадағалау, эксперименттеу машықтарын дамытуға ықпал етуші қызмет түрі ретінде белгіленді. Бала құрылымдау барысында алатын тәжірибе зерттеушілік, шығармашылық қызмет, техникалық шығармашылық, құрылымдық (инженерліктің алдындағы) ойлауын дамыту тұрғысынан таптырмайды.

МДТОМБС іске асыру қазіргі мектепке дейінгі ұйым педагогтарынан инновациялық дамыту ортасын ұйымдастыруды, балалармен жұмыстың жаңа дәстүрлі емес нысандарын қолдануды талап етеді. Осы тұрғыдан құрылымдық-үлгілік қызмет педагогтың шәкіртінің білімін, тәрбиесі мен дамуын үйлетіруге мүмкіндік беретін мінсіз жұмыс нысаны болып табылады. Білім беру конструкторлары арқылы пән ортасын барынша құбылтуға және оны дамытушы етуге болады.

Алайда, балаларды дамытудың құрылымдық-үлгілік қызметінің әлеуеті педагогикалық практикада жеткілікті деңгейде қолданылмайды. Негізіннен Үлгілік оқу бағдарламасында құрылыс жинақтарынан, табиғи және қалдық материалдан, қағаздан және картоннан құрылымдауға назар аударылады. Балалардың құрылымдауын ұйымдастыру үшін қолданылатын материалдар арасынан педагогтар әмбебап дамытушы конструкторлардың дайын жинақтарын сирек қолданады. Білім беру конструкторларының өте қымбат тұруы және оларды жеткілікті мөлшерде сатып алудың мүмкін бола бермеуі осының себебі болып табылады.

Педагогтардың білім беру конструкторларын қолдану арқылы құрылымдаудың педагогикалық технологияларын жеткілікті деңгейде меңгермеу мәселесі өзекті болып қала береді.

Қазіргі білім беру конструкторлары дегеніміз не?

Бүгінде білім беру нарығы қызықты конструкторлардың көп мөлшерін ұсынады, алайда олардың бәрі білім беру конструкторлары деп атала ма?

Білім беру конструкторы сай болуы тиіс өлшемшарттар:

біріншіден, конструктор шексіздікке ұмтылуы тиіс, яғни педагог пен бала ойлауға қабілетті құрылымдау нұсқалары мөлшерін ұсынуы тиіс; ол қиялды шектемеуі тиіс;

екіншіден, конструкторда күрделендіру идеясы болуы тиіс, қағида бойынша, ол құрамдас элементтермен, конструктордың бөлшектерімен қамтамасыз етіледі, бұл құрылымдауды алуан түрлі әрі болашақты күрделі етеді;

үшіншіден, конструктор бөлшектерінің жинақтары балалардың жасы мен құрылымдау міндеттеріне қарай әр жинақпен ретті жұмыс мүмкіндігін қамтамасыз ететін конструкторлар желісіне кіруі тиіс;

төртіншіден, балалардың қоршаған орта объектілерін конструктордың бөлшектерінен жаңғыртуы мен саналы құрастыруынан көрініс табатын мағыналық жүктеме мен білімге ие болуы тиіс (нәтижесінде балалар білімді меңгереді және пәндік-сезімдік тәжірибесін көрсетеді).

Балалар білім беру конструкторларын қолдану арқылы өз бетімен не ересектің көмегімен түрлі пән салаларындағы білімді кіріктіруді талап ететін практикалық міндеттерді немесе мәселелерді шешуде білім алады. Нәтижесінде жобалық құрылымдық қызмет орындаушыны емес, қайраткерді тәрбиелеуге, тұлғаның еріктік қасиеттері мен әріптестік әрекеттестік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Білім беру конструкторларымен өткізілетін зерттеу ойындары қызығушылық пен білуге құмарлықты ынталандырады, мәселелі жағдайларды шешу қабілетін, мәселені зерттеу, қолда бар ресурстарды талдау, идеяларын ұсыну, шешімді жоспарлау және оларды іске асыру, баланың техникалық, математикалық сөздіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

МДТОМБС балабақшада оқу моделінен, яғни тікелей білім беру қызметінен бас тартуды қарастырады. Ойын бұрынғыдай жетекші қызмет түрі болып қалады. Білім беру конструкторларымен жұмыс балаға әлемді ойын арқылы зерттеуге мүмкіндік береді. Балалар құрылымдауын ұйымдастыру үшін қолданылатын түрлі материалдар ішінен балалар құрылымдауын ұйымдастыру үшін барынша әмбебап әрі дамытушы LEGO конструкторларының дайын жинақтары болып табылады.

LEGO жинақтары инженерлік ойлауды және ғылыми-техникалық шығармашылықты дамытуға ықпал етеді. Конструктормен қарқынды темппен ойнау барысында қолдың ірі және ұсақ моторикасы дамиды, балалар бөлшектер мықты бекітілуі және құрылыс құламауы үшін біріктіру жолын тез түсіне бастайды. Биік конструкцияларды тұрғызу балаларды қызықтырады, олар өздері үшін ірі элементтерге толы ересек әлемде өздерін сенімді сезіне бастайды. LEGO-құрылымдаудың жоғары ойындық құндылығы конструкциялардың алуан түрлілігіне байланысты, оларды осы текшелерден құрастыруға болады, бұл педагогтарға конструктормен жұмысты ұйымдасқан оқу қызметінің перспективалық жоспарына оңай енгізуге, балалар сабақта өтіп жатқан кез келген өтпелі тақырыпты қолдауға мүмкіндік береді. Балалар жұмыс істейтін схемалардың күрделілігін біртіндеп ұлғайтуға болады, бұл педагогқа әртүрлі жастағы балалар топтарымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың құрылымдық-үлгілік қызметін дамытуға бағытталған тиімді инновациялық технологияларды іздеу бізге ТИКО бігерей білім беру конструкторларымен танысуға мүмкіндік берді.

ТИКО – бұл 3D-үлгілеуге арналған жаңа заман конструкторы. Бұл мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесін түрлендіруге мүмкіндік беретін дамыту материалы, сондай-ақ ғылыми-техникалық модельдеу (құрылымдау) саласындағы керемет құрал.

3D-модельдеу технологиясы балалардың геометрия саласындағы қарапайым түсініктерін қалыптастыруға көмектеседі, логикалық ойлауын және білуге құмарлығын дамытады, өз бетімен және шығармашылық тұрғыдан құрылымдауға мүмкіндік береді. Бір жағынан, бала шығармашылық, танымдық ойынға қызығады, басқа жағынан – бұл технологияны қолдану МДТОМБС сәйкес жан-жақты дамуға ықпал етеді.

3D-модельдеу сабақтары техника ғылымдары саласында терең білім алуға, құнды практикалық машықтар мен дағдыларды меңгеруге көмектеседі, тәртіп пен ұжымда жұмыс істеу машығын тәрбиелейді.

Мектеп жасына дейінгі балаларға 3D-модельдеуді мақсатты әрі жүйелі түрде үйрету мектепте оқуға дайындықта ауқымды рөл атқарады.

Бұл балаға құрылымдық және шығармашылық қабілеттерін таныту мүмкіндігін берудің, мектеп жасына дейінгі балаларды техникалық шығармашылыққа тартудың керемет мүмкіндігі.

Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық тәсілдерді үйрету күрелі міндет болып табылады, сондықтан математикамен танысу қызықты ортада, кез келген адамды, тіпті тым мазасыз баланың өзін қызықтыра алатын ортада өтуі тиіс. Ал бұған математика бойынша геймификациялық әдістер жақсы көмектеседі, олар цифрмен, санмен, санау негіздерімен, арифметикалық әрекеттермен, «көп-аз» ұғымдарымен жеңіл, қызықты таныстыруға мүмкіндік береді.

Ойын барысында арифметика бойынша тапсырмаларды шешу арқылы балада дұрыс жауапты табудың қосымша ынтасы қалыптасады, ойында жеңіске жету арқылы марапат алуға ұмтылады, ал ойын процесінде жаңа ақпарат жақсы есте сақталады. Мәжбүрлеп оқыту емес, дәл осындай мәжбүрсіз, қызықты нысан қызықтыруға, бастысы мектеп жасына дейінгі баланың жаңа пайдалы материалға деген қызығушылығын сақтауға мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің тәжірибелі-эксперименттік қызметі – STEM-жүйенің құрамдастарының бірі. STEM-әдісті енгізу элементі деп Үлгілік оқу бағдарламасының тақырыбына кіріктірілген эксперименттік модульдерді санауға болады.

Осы модульдерді дайындау және өткізу педагог тарапынан күш салуды талап етеді. Алайда, жақсы нәтиже береді. Жаңа ойындар мен тәсілдер балаға маңызды ғылыми идеяларды жақсы меңгеруге көмектеседі. Мысалы, «Жас физик» жинағы балаларға физика негіздерімен танысуға көмектеседі: токтың, дыбыстың, жарықтың қозғалыс қағидаттарын, сондай-ақ модельдерді құрастыруда инженерлік дағдыларын дамытады. Су, тұқым, топырақ, ауа, өсімдіктер мен басқа объектілер балалардың назарынан тыс қалмайды. Балалар заттармен эксперименттеу арқылы қағаздың тарихы мен қасиеттері туралы бәрін біледі, шыны заттар әлеміне саяхат жасайды, жеңіл пластмасса мен мата туралы, және тағы көптеген заттар туралы біледі. Осылайша, балалардың диалогтық тілі дамиды, олар хабарлай жұмыс істеуді, бір-біріне жол беруді, өзінің дұрыстығын дәлелдеуді немесе топтағы басқа балалардың дұрыстығын мойындауды үйренеді.

+

STEAM біздің балаларымызды, өнертапқыштардың, жаңашылдардың және көшбасшылардың болашақ буынын ғалымдар секілді зерттеулер жүргізуге, технологтар секілді модельдеуге, инженерлер секілді жасауға, математиктер секілді талдамалы түрде ойлауға және бала секілді ойнауға шабыттандырады. Балалар жаңаны білудің шынайы ынтасына ие. Олар өз жауаптарының жауабын табу арқылы өздерін қоршаған ортаны үнемі зерттейді. Егер затты суға тастаса, оған не болады: батып кетеді немесе қалқып жүреді? Егер машинаны төбешіктен түсірсе, оған не болады? Тізбекті реакцияны қалай жасаймыз? Осы сұрақтардың жауаптарын іздеу математиканы, технологияны, физиканы, инженерлік жобалауды және тіпті ғажап өнерді меңгеруде баланың болашақ жетістіктерінің негізін құрайтын дағдыларын жүйелі түрде дамытады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!