Материалдар / Стреске қарсы ойыншықтар қаншалықты пайдалы?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Стреске қарсы ойыншықтар қаншалықты пайдалы?

Материал туралы қысқаша түсінік
Стреске қарсы ойыншықтар қаншалықты пайдалы? Стресске қарсы ойыншықтар мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында тез танымал бола бастады. Мұндай ойыншықтарға сұраныс жыл сайын артып келеді. Еріксіз сұрақтар туындайды – «Балаларға мұндай ойыншықтар не үшін керек? Мүмкін бұл жай жарнамаланған өнім шығар, Бұл сәнді ойыншықтар балаларға пайдалы ма? Олар шынымен тыныштандырады ма? Ойыншық оқуға қалай әсер етеді, ол алаңдатпайды ма?
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қазан 2022
1034
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

119 мектеп-лицейі












Ғылыми жоба тақырыбы:

Стреске қарсы ойыншықтар қаншалықты пайдалы?








Авторы: Бекжан Әлихан

Жетекшісі:Алтынбекова Толғанай Жангелдіқізі






2022 жыл



МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ ........................................................................................................3


НЕГІЗГІ БӨЛІМ


2. 1 Стресс дегеніміз не?................................................................................5

2. 2 Ең танымал стресске қарсы ойыншықтар.............................................6

2. 3 Соңғы тренд – поп-ит және симпл-димпл ...........................................13

2. 4 Антистресс ойыншықтарының адамның эмоционалды

жағдайына әсері.......................................................................................16



ІІІ Тәжірибелік бөлім


3. 1 Оқушылармен жүргізілген сауалнама нәтижелері..............................17

3. 2 Өз қолымызбен стресске қарсы ойыншық жасау ...............................18


ІҮ ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................19


Ү ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...................................................21



АБСТРАКТ


Зерттеудің өзектілігі: Стресске қарсы ойыншықтар мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында тез танымал бола бастады. Жақында біздің достарымыз бен сыныптастарымыздың арасында да стреске қарсы ойыншықтар үлкен қызығушылық бар екенін байқадым. Көбісі ойыншықтарды мектепке алып келеді, ол оларды тыныштандырады дейді. Мұндай ойыншықтарға сұраныс жыл сайын артып келеді. Еріксіз сұрақтар туындайды – Балаларға мұндай ойыншықтар не үшін керек? Мүмкін бұл жай жарнамаланған өнім шығар, Бұл сәнді ойыншықтар балаларға пайдалы ма?

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер стреске қарсы ойыншықтар туралы кеңінен ақпарат ала отырып, олардың балалардың денсаулығына пайдалы не зиян екендігін анықтайтық болсақ, онда стреске қарсы ойыншықтар туралы хабарымыз молайып, салауатты өмір салтын ұстауға дене қызығушылығымыз артар еді. Стреске қарсы ойыншықтар балаларға пайдалы, ашуды жеңіл басуға көмектеседі, көңіл-күйді көтеруге мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Стресске қарсы ойыншықтардың пайдасы мен зиянын зерттеу, олар шынымен эмоционалды шаршағанды басуүшін қажет пе, әлде бұл жай сән бе?

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді зерттеу және талдау;

  • Стресс және антистресс сөздердің мағынасын анықтау;

  • Стреске қарсы ойыншықтардың ең танымал түрлерімен танысу;

  • Бастауыш сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізу;

  • Сауалнаманың нәтижелерін талдау;

  • Сауалнама нәтижелері бойынша қорытынды жасау;

  • Стерске қарсы ойыншықтың баламасын қолдан жасап көру.

Ғылыми жұмысының ғылыми жаңалығы. Стреске қарсы ойыншықтардың түрлеріне сипаттама жасалынды. Оқушылар арасында осы ойыншықтарға қарым-қатынастары туралы сауалнама жасалды. Стреске қарсы ойыншықы қолдан жасап алу шеберлік сабағы көрсетілді.

Жұмыс қорытындысы. Стреске қарсы ойыншықтардың пайдалы жақтары анықталып, оның адам денсалығына тигізетін әсері айқындалды.

Зерттеудің теориялық мәнділігі: Стреске қарсы ойыншықтардың түрлеріне, пайдалы жақтарына зерттеулер жасалынды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: Зерттеу нәтижесінде жинақталған материалдар болашақта стреске қарсы ойыншықтардың пайдасы туралы әрі қарай зерттеп, зерделеймін деушіге көмекші құрал, сондай-ақ мектептің оқу әдістемелік жұмыстарына, дүниетану, жаратылыстану сабақтарында, таңдау курстарында кеңінен қолдануға енгізуге болады.

Жұмыстың орындалу әдістері. Стреске қарсы ойыншықтар туралы терең танысу, деректер жинау, ғылыми ізденіс, зерттеу, талдау, салыстыру әдістері қолданылған.

АБСТРАКТ


Актуальность исследования: антистрессовые игрушки быстро набирают популярность среди школьников и подростков. Недавно я заметил, что даже среди наших друзей и одноклассников есть большой интерес к антистрессовым игрушкам. Многие приносят игрушки в школу, говорят, что она их успокаивает. Спрос на такие игрушки растет с каждым годом. Невольно возникают вопросы «Зачем детям такие игрушки? Может быть, это просто рекламируемый продукт, эти модные игрушки полезны ли детям?

Научный прогноз исследовательской работы: если бы мы получили широкую информацию об антистрессовых игрушках и определили, что они полезны или вредны для здоровья детей, мы получили бы больше информации об антистрессовых игрушках и больше физического интереса к здоровому образу жизни. Антистрессовые игрушки полезны для детей, помогают легче подавить гнев, позволяют поднять настроение.

Цель исследовательской работы:

Изучение пользы и вреда от антистрессовых игрушек, действительно ли они нуждаются в снятии эмоциональной усталости, или это просто мода?

Задачи исследовательской работы:

- изучение и анализ литературы по проблеме исследования;

- Определение значения слов ударение и антистресс;

- Знакомство с самыми популярными видами антистрессовых игрушек;

- Проведение анкетирования учащихся начальных классов;

- Анализ результатов опроса;

- Делать выводы по результатам анкетирования;

- Попробовать альтернативу игрушке против стерса вручную.

Научная новизна научной работы. Составлена характеристика видов антистрессовых игрушек. Был составлен опрос учащихся об их отношении к этим игрушкам. Продемонстрирован мастер-класс по изготовлению антистрессовой игрушки своими руками.

Итоги работы. Раскрыты достоинства антистрессовых игрушек, раскрыто их влияние на здоровье человека.

Теоретическая значимость исследования: проведены исследования видов, полезных сторон антистрессовых игрушек.

Практическая значимость исследования: накопленный в результате исследования материал в дальнейшем будет изучен и изучен о пользе антистрессовых игрушек, а также может быть широко использован в учебно-методической работе школы, на уроках познания мира, естествознания, курсах по выбору.

Методы выполнения работ. Использовались методы глубокого знакомства, сбора данных, научного поиска, исследования, анализа, сравнения о антистрессовых игрушках.


ABSTRACT


Relevance of the study: anti-stress toys are rapidly gaining popularity among schoolchildren and adolescents. Recently, I noticed that even among our friends and classmates there is a great interest in anti-stress toys. Many people bring toys to school, they say that it calms them down. The demand for such toys is growing every year. Involuntarily, the questions arise: "Why do children need such toys? Maybe it's just an advertised product, are these fashionable toys useful for children?

Scientific forecast of the research work: if we received broad information about anti-stress toys and determined that they are useful or harmful to the health of children, we would get more information about anti-stress toys and more physical interest in a healthy lifestyle. Anti-stress toys are useful for children, help to suppress anger more easily, allow you to raise your mood.

The purpose of the research work:

Studying the benefits and harms of anti-stress toys, do they really need to relieve emotional fatigue, or is it just a fashion?

Tasks of the research work:

- study and analysis of the literature on the research problem;

- Definition of the meaning of the words stress and antistress;

- Introduction to the most popular types of anti-stress toys;

- Conducting a survey of primary school students;

- Analysis of the survey results;

- Draw conclusions based on the results of the survey;

- Try an alternative to the toy against the sters manually.

Scientific novelty of scientific work. The characteristics of the types of anti-stress toys are compiled. A survey of students about their attitude to these toys was compiled. A master class on making an anti-stress toy with your own hands was demonstrated.

The results of the work. The advantages of anti-stress toys are revealed, their impact on human health is revealed.

Theoretical significance of the study: studies of the types and useful aspects of anti-stress toys have been conducted.

Practical significance of the research: the material accumulated as a result of the research will be further studied and studied about the benefits of anti-stress toys, and can also be widely used in the educational and methodological work of the school, in the lessons of world knowledge, natural science, elective courses.

Methods of work execution. The methods of deep acquaintance, data collection, scientific search, research, analysis, comparison about anti-stress toys were used.





«№ 119 мектеп-лицейі

2 «А» сынып оқушының

«Стреске қарсы ойыншықтар қаншалықты

пайдалы?» атты ғылыми жобасына

Пікір



«Стреске қарсы ойыншықтар қаншалықты пайдалы?» атты ғылыми жұмысы қазіргі уақытта балалардың көптен қызығатын ойыншықтарына арналған стреске қарсы ойыншықтардың пайдасы мен зиянын танып білуге, оның түрлерін кеңінен тарқатып, адам денсаулығын сауықтыру мақсатында қолданылуын зерттей отырып, оның қыр-сырын ашып көрсетуге арналған.

Ғылыми жұмыста стреске қарсы ойыншықтардың бірнеше түріне сипаттама жасалынған. Олардың әрқайсысының пайдалы жақтары айқындалған. Соңғы уақытта біршама танымал болған поп-ит, симпл-димпл ойыншықтарына арнайы тоқталып, олардың адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтары, ойынды ойнау әдістері көрсетілген.

Ізденуші сонымен қатар, үй жағдайында қолдан стерске қарсы ойыншық жасау шеберлігін таныстырады. Сауалнама жүргізу арқылы қазіргі уақытта балалардың осы ойыншықтарға деген қарым-қатынасын айқындаған.

Жалпы алғанда ғылыми жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.






119 мектеп-лицейінің Бастауыш мұғмлімі: Алтынбекова Т.Ж



«№ 119 мектеп-лицейі

2 «А» сынып оқушының

«Стреске қарсы ойыншықтар қаншалықты

пайдалы?» атты ғылыми жұмысына

К Ү Н Д Е Л І Г І

(2022 жыл)


Атқаратын жұмыс тізімі

Мерзімі

Жетек-ші қолы

Нәтижесі

1

Ғылыми жұмыстың тақырыбын айқындау мақсатында ғылыми жетекшімен кеңесу, пікірлесу

қаңтар-ақпан

2022 ж.


«Стреске қарсы ойыншықтар қаншалықты пайдалы?» зерттеудің тақырыбы болып бекітілді.

2

Ғылыми жетекшімен үнемі кеңесе отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Наурыз-сәуір, 2022 ж.


Жұмыстың мақсатымен, міндетімен таныстым. Орындау барысы туралы мағлұмат беріп, пайдаланатын әдебиеттерді көрсетіп берді.

3

Зерттеу тақырыбы негізінде интернет, баспа материалдарымен танысып, олардың ішінен қажеттілерін іріктеу


Мамыр-маусым

2022 ж.


Берілген материалдармен танысып, өзіме қажетті мағлұматты алдым.

4

Ғылыми жетекшіден кеңес алу

Қыркүйек-қазан 2022 ж.


Қажетті материалдарды жинақтап, саралап-жүйеледім.








І Кіріспе


Біз зерттеу үшін дәл осы тақырыпты таңдадық, өйткені көпшілігіміз бұл ойыншықтар туралы ұғыммен және ойыншықтардың өзімен таныспыз. Қайда қарасаңыз да, қолында ашу басар ойыншық ұстаған біреуді көресіз және бұл балалар ғана емес, ересектер де жаңа трендті қызықтауға қарсы емес.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Стресске қарсы ойыншықтар мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында тез танымал бола бастады. Жақында біздің достарымыз бен сыныптастарымыздың арасында да стреске қарсы ойыншықтар үлкен қызығушылық бар екенін байқадым. Көбісі ойыншықтарды мектепке алып келеді, ол оларды тыныштандырады дейді.

Мұндай ойыншықтарға сұраныс жыл сайын артып келеді. Еріксіз сұрақтар туындайды – «Балаларға мұндай ойыншықтар не үшін керек? Мүмкін бұл жай жарнамаланған өнім шығар, Бұл сәнді ойыншықтар балаларға пайдалы ма? Олар шынымен тыныштандырады ма? Ойыншық оқуға қалай әсер етеді, ол алаңдатпайды ма?

Жаңалығы:

Бүгінгі күні стресске қарсы ойыншықтарға арналған жұмыстар бар. Алайда, біз бұл тақырыпты өз сынып оқушылары зерттеуді жөн көрдік және бұл біздің зерттеуіміздің жаңалығы.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Стресске қарсы ойыншықтардың пайдасы мен зиянын зерттеу, олар шынымен эмоционалды шаршағанды басуүшін қажет пе, әлде бұл жай сән бе?

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді зерттеу және талдау;

  • Стресс және антистресс сөздердің мағынасын анықтау;

  • Стреске қарсы ойыншықтардың ең танымал түрлерімен танысу;

  • Бастауыш сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізу;

  • Сауалнаманың нәтижелерін талдау;

  • Сауалнама нәтижелері бойынша қорытынды жасау;

  • Стерске қарсы ойыншықтың баламасын қолдан жасап көру.

Зерттеу объектісі: Түрлі стресске қарсы заманауи ойыншықтар

Болжам: стреске қарсы ойыншықтар балаларға пайдалы, ашуды жеңіл басуға көмектеседі, көңіл-күйді көтеруге мүмкіндік береді.

Зерттеу әдістері:

1. Интернет желісінің әдебиеттері мен материалдарын зерделеу

2. Сауалнама

3. Алынған нәтижелерді талдау

















II НЕГІЗГІ БӨЛІГІ


2. 1 Стресс дегеніміз не?


Балаларға, ересектер сияқты, қазіргі әлемде өмір сүру оңай емес: үй тапсырмаларының шексіз саны, бірнеше үйірмелерге бару шаршауға және көңілсіздікке әкеледі; ата-аналармен және сыныптастармен қақтығыстар бізді алаңдатады және уайымдатады, оған қоса дененің эмоционалды жағдайына әсер ететін көптеген факторларды тағы бар. Ағзаның осы күйі – стрес деп аталады.

Стресс – бұл адам ағзасының шамадан тыс жүктелуіне, жағымсыз эмоцияларға немесе жай монотонды өмірге қарсы ағзаның білдірген реакциясы. Стресс кезінде адам ағзасы адреналин гормонын шығарады, ол одан шығудың жолын іздеуге мәжбүр етеді.

Адам мазасыздықты сезінген кезде қолында бар нәрсені айналдыра бастайды. Бұл әсіресе мектеп оқушыларына тән: олар қақпақтарды сындырады, тұтқаларды бұрап, ашады не жабады, бір нәрсені қайталап істей береді. Ал біздің қайсымыз мектепте қаламды тістеп тастамадық? Кейбір минималды әрекеттердің жасалуы осындай алаңдаушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді.

Стресс жағдайынан шығып кету оңай емес. Мәселені шешудің тамаша баламасы ересектерге де, балаларға да жарамды антистресс ойыншықтары болуы мүмкін.

Антистресс – бұл стреске толғымен қарама-қайшы, қиындықтарды жеңуге көмектесетін құрал.

Бүгінгі таңда стресті жеңілдету, күнделікті проблемалардан алшақтату үшін жасалған көптеген өнімдер бар. Алғаш мұндай өнімдер Жапонияда пайда болды. Олар жануарлар, текшелер, доптар, спинерлер, жастықтар және басқалар түрінде жасалады. Сондықтан өзіңе ыңғайлы стреске қарсы ойыншықтарды таңдау өте оңай.

Соңғы уақытта стреске қарсы ойыншықтар танымал бола бастады. Олар күлкілі көрінеді, қолдануға оңай және депрессияға өте тиімді. Олардың жасалу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!