400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Сұғанақшы – табиғат жауы».

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға, сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Cабақтың тақырыбы: «Сұғанақшы – табиғат жауы».


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: оқушылардың жер бетіндегі барлық тіршілік иелерінің бір – бірімен өзара байланыстығын, олардың пайдалы және зиянды жақтарын, адам- қоғам- табиғат арасындағы қарым – қатынастың ұлттық салт –

дәстүрлермен байланысын, табиғаттың маңыздылығын түсіндіру.


ә)Дамытушылығы: табиғат туралы дүниетанымын кеңейту, қызығушылығын , қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.


б) Тәрбиелілігі: табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғауды үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру, оларды аялауға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Қанатты сөздер, суреттер, табиғат жайлы оқулықтар, музыка жазылған үнтаспа, слайд.


Кіріспе сөз:

Жер бетінің сәнін келтірер сәулеті мен бағалы басты байлық дәулеті саналатын – жасыл желектер. Орман мен тоғайды, шөптесін өсімдіктерді аялауға , қамқорлық жасап қорғауға арналған қаншама тағлымы мол танымдық мұралар бар. Солардың ертеден сақталып келе жатқаны – тыйым сөздер. Мұның бәрі де обал мен сауап деген ұғымдарға байланысты айтылады. Мысалы: «Көкті жұлма», «Көкті таптама», «орманды өртеме», «бұтақты сындырма» және т.б.

Жасыл желек – жердің сәні саялы,

Қамқор болсаң жапырағын жаяды.

Мейірім мен жылуын арна жүректің,

Соған қоса алақан керек аялы.

Сайыс 5 бөлімнен тұрады.

  1. Айтылуы бойынша зиянкес жәндіктерді ата.

  2. Сурет бойынша мағынасын түсіндір.

  3. Мақал – мәтелдердің экологиялық мағынасын түсіндір.

  4. Үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) қорғауға алынған өсімдіктердің аттарын жаз.

  5. Терминдік сөздерге түсініктеме бер.


«Сұғанақшы – табиғат жауы» сайысының әр бөлімі 6 тапсырмадан тұрады.

Айтылуы бойынша зиянкес жәндіктерді ата

Сурет бойынша мағынасын түсіндір

Мақал – мәтелдердің экологиялық мағынасын түсіндір.


Үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) қорғауға алынған өсімдіктердің аттарын жаз

Терминдік сөздерге түсініктеме бер

10

10

10

10

10

20

20

20

20

20

30

30

30

30

30

40

40

40

40

40

50

50

50

50

50

60

60

60

60

60


Айтылуы бойынша зиянкес жәндіктерді ата.

10.- Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорып зақымдайды және қоймаларда астық, дән, ұн, кепкен жеміс, көкөніс өнімдерімен қоректенеді, кейбіреулері індет таратады.

Жауабы: кенелер

20. – Өсімдіктердің тамырымен қоректенеді. Солардың ішінде бүлдірген, қызылша, картоп нематодасы көп зиян келтіреді. Зиянкес кеміргіштер Қазақстанда өте көп таралған. Олар астық дақылдарын, көкөністер мен жеміс – жидектерді зақымдайды, қоймада сақталатын азық – түлік қорына шығын келтіреді, сондай ақ жұқпалы аурулар таратады. Ауыл шаруашылығы өнімдері шығынының 20%- ы зиянкес кеміргіштер кесірінен болады.

Жауабы: жұмыр құрттар

30. Жердің астында тіршілік етеді. Орта жастағы дернәсілдері және ересек жәндіктері жердің астында 1 метрге дейінгі тереңдікте тіршілік етеді. Өмір сүру уақыты 1 жылдан көп уақытқа созылады. Өсімдіктің тамырын, сабақтарын жер асты бөлігін, өскіндерін және тұқымдарын жеп зиян келтіреді. Олар ылғалды, суармалы жерлерді, негізінен көкөніс алқаптарын мекендейді. Өсімдіктердің көшеттеріне өте көп зиян келтіреді.

Жауабы: бұзаубас

40. Құрғақшылық жылдары сандары өте көп болғанда егінге, көкөніске, жеміс ағаштарына зиян келтіреді. Антеналары денелерінен ұзын үлкен жәндіктер. Жылына бір рет ұрпақ береді. Топырақта, өсімдікте және олардың ұлпаларында жұмыртқалары қыстайды.

Жауабы: шекшектер

50. Адамның және сүтқоректілердің қанын сорып тіршілік ететін ұсақ жәндіктер отряды. Қылтанақты түтікшенің ішінде орналасқан ауыз мүшесі шаншып соруға бейімделіп тұмсықшаға айналған.көкірегінде үш жұп келте аяқтары бар, олардың ұшында матаға немесе шашқа жабысуға бейімделген имек тырнақтары жақсы жетілген.

Жауабы: бит

60. Қосқанаттылар отряды, қысқамұртшалы тік жапсарлылар отряд тармағына жататын қансорғыштар. 3 мыңнан астам түрлері белгілі. Мұртшалары тесіп сору қызметін атқарады. Қанаттары бір бірінен алшақ орналасады. Тіршілігінің көбінде ауада ұшып жүреді. Ылғалды аймақтарда жиі кездеседі, адамды және жануарларды шағып, қанын сорады. Олар топалан, қарасан, түйнеме ауруларын таратады.

Жауабы: сона


Сурет бойынша мағынасын түсіндір.

  1. DrawObject6 DrawObject5 DrawObject4 DrawObject3 DrawObject2 DrawObject1











Мақал – мәтелдердің экологиялық мағынасын түсіндір.

  1. Жерге еткен жақсылық жерде қалмайды.

  2. Жайлауы жақсының әр бұтасының түбі бір кесек ет.

  3. Жалғыз ағаш орман болмас

  4. Жалғыз ағаш орман болмас

  5. Бір тал кессең, он тал ек.

  6. Отансыз адам- ормансыз бұлбұл.


Үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) қорғауға алынған өсімдіктердің аттарын жаз.

Терминдік сөздерге түсініктеме бер.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31.10.2018
507
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі