Материалдар / Сүйектен жасалған бұйымдар және жасалу технологиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сүйектен жасалған бұйымдар және жасалу технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазыналы халқымыздан аманат болып жеткен қолөнердің бағасы қашанда кеміген емес.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Наурыз 2020
1395
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Сүйектен жасалған бұйымдар және жасалу технологиясы

Секциясы: Экономика және бизнес

Дайындаған:Құлынтаев Ақниет Ануарбекұлы –Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Кемерши ауылы «Қ.Жазықов атындағы орта мектебі»КММ.

Ғылыми жетекшісі: Қазиева Флюра Қоңыратбайқызы







































Тақырыбы: Сүйектен жасалған бұйымдар және жасалу технологиясы

Мақсаты:Қазыналы халқымыздан аманат болып жеткен қолөнердің бағасы қашанда кеміген емес. Ал, ел ішіндегі өнердің құдіретін алтынға теңесек, ол да артық айтқандық болмас еді. Сонау ықылым заманнан бастау алған өнегелі өнерімізді бүгінге дейін жаңғыртып, көпшілікке ұсынып келе жатқан өнердің бірі сүйекті өңдеу арқылы бұйымдар жасау,рухани жаңғырудың қалыптастырудағы бірден-бір өнерімізді насихаттау,таныстыру,жаңғырту.

Міндеттері:

1.Мал шаруашылығымен, аңшылықпен айналысқан қазақ халқы жануарлардың сүйектерін де түрлі қажеттеріне жарата білген. Қазақ шеберлері үй жиһаздарын, саз аспаптарын, т.б. әзірлегенде оларды әшекейлеп безендіру үшін мүйіз бен сүйекті кеңінен пайдалана отырып,тұрмыс-тіршілігінде кеңінен пайдалана білгенін айту

2.Үй жануарлары мен түз тағыларының мүйізі мен сүйегі, тұяғы жарай береді. Атап айтқанда: еліктің, бұғының, бұланның, арқардың, қарақұйрықпен бөкеннің (киіктің) мүйіздері мен ірі қараның қабырға сүйектері, жақ, жауырын,ұсақ малдың кәрі жілік сүйектері жарамды. Сүйек, мүйізді өңдеуге, әрлеуге ағаш шеберлерінің құрал-саймандары қолдана білу әдісін меңгеру.Қазіргі таңда қалдықсыз технология арқылы кез-келген бұйымдарды жасап алуға болады.Оған аса бір қиыншылықтың қажеті жоқ.Еңбек ете білген адамға бәрін жасауға болады.Өзімді қызықтырған сүйектен жасалған бұйымдарды жасауды қолға алып келемін. Әрине,оны өңдеу үшін көптеген құрал-саймандар мен қол еңбегі мен ой еңбегі қажет етеді.

Жасалу технологиясымен таныстырсам: Алдымен алынған сүйектер ұзақ уақыт бойы кептірілсе жілік ішінегі майларда қурап, бір қалыпқа келеді. Жаңадан алынған сүйектепді қайнатып, лас заттардан,сіңір еттерінен тазартып,кептіріледі. Ол кептіру кезінде белгілі бөлме температурасында бір тәулік ұстаған пайдалы.Ыссы температурада ұсталмайды.Сүйек ондай кезде мүжіліп,сынғыш болады. Сондықтанда кептіру үшін бір қалыпты +20 градус та кептіріледі,аударып отырылуы керек. Екіншіден кепкен сүйектер тазартылады:1) наждакпен (ысқышпен) ысқыланып, щеткамен сүртіледі.3) қайтадан біраз уақыт қойылып үй температурасында ұсталады.4) Салынатын мүйіздерден сызбалар сызылып, жобасы әзірленеді 5) бояулар анықталып, алғашқы бояу жұмыстары басталады. 6) Бояу,лак (жылтырлату ) үшін керамика мен сүйектерге арналған арнайы бояуы таңдалынып алынады. 7) Сүйек бірінші боялады,қайтадан тағы бір рет боялады. Себебі алғашқы бояу сүйекке сіңіп кетеді. Сүйекті әшекейлеу үшін түрлі моншақтармен де әшекейленіп жасалады.Сонымен қатар сүйек атауларын айырып біліп отырған жөн,себебі әр сүйекті қолданғанда оның да қолдану орны анықталып отырады.Сол себепті сүйектерден жасалатын бұйымдарды қай жануарлардың сүйегінен,қылынан,тұяғынан,қандай сүйектерінен алынатынын айтып көрсетіп отырмын.

Асық – Жіліктің басындағы асықтар жуылып, боялып ойын ойналған.
Ескек – Жылқының қос жауырынан жасалады.
Қамшы сабы – Ақбөкен мүйізінен жасалады.
Қасық – Арқар және таутеке мүйізінен жасалады.
Қож – Жылқының жауырын сүйегінен жасалған қалақ.
Желпуіш – Жылқының құйрығынан маса, шыбын-шіркейден қорғану үшін жасалады.
Қымыз ожау – Арқар және таутеке мүйізінен жасалады.
Сабаутіс – Жылқының тұяғы мен сүйегінен жасалатын, жылқы құйрығын тарауға арналған құрал.
Сойшаңғы – Жылқының жіліншік сүйегін екіге жарып жасалған шаңғы.
Сүйек әшекейлері – Жылқы мен түйенің асық жіліктерінің жіңішке жағы (пышақ, қылыш, қанжар, ожау саптары, кебеже, төсек ағаш, сандық,тер,піспек басы адалбақанқ, қант тоқпақ, домбыра көркемделеді.
Тарақ – Жылқының тұяғынан жасалады (сиырдың мүйізінен де жасалады.
Шақша – Сиыр, серке мүйіздерден жасалады.
Шүмек – Қойдың асық жілігінен жасалды.
Тұяқтас –  Жылқының қос тұяғынан жасалған көне ұрмалы саз аспабы.
Тұяқ тақа – Жылқының  тұяғынан жасалған, лайсаң жермен жүруге арналған аяқ киім.

Қазақ халқының негізгі шаруашылығы малға байланысты болғандықтан, олар малдың етін, сүтін, майын, терісін, жүнін, сүйегін, мүйізін, тіпті тезегіне дейін тұрмысқа жаратып пайдаланған.Малдың сүйегі мен мүйізі көбіне зергерлік бұйымдар мен тұрмыстық құралдарға лайықталған, тіпті «Асық»,«Ақсүйек» ойындарында ойнаған. Малдың омыртқаларымен бал ашып, ауа-райының болжамдарын жасаған.Менің сүйек өнімдерін пайдаланудағы мақсатым: ата-бабамыздың қолөнерін жаңғырту, рухани жаңғырту аясында кеңінен қолымнан келгенше түсіндіріп,көрсету. «Ата көрген оқ жонар ана көрген тон пішер»деген халық даналығын басшылыққа алып, жас ұрпақты тәрбиелеуде,балаға эстетикалық білім беруде ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбие құралын орнымен пайдалану бүгінгі күн үшін ерекше манызды технология сабағында оқушыларды енбекке,өнерге баулу арқылы кәсіптік бағдар берудін алғашқы қадамдары жасалады. Ұлттық салт дәстүрімізді одан әрі дамыту үшін көбірек біліп көп үиренуіміз керек Бір күндігімізді ойламай ертенімізді де ойлап кейінгі өсіп келе жатқан жеткіншектерімізге қазақтың салт дәстүрлерінің ерекшеліктерін түсіндіре отырып ұлттық өнерімізге қызықтыра білуіміз керек.Қолөнер қоғам өміріндегі енбектің өнердің рөлін түсініп өнер адамдарына деген құрметке тәрбиелейді. 
Қолөнер жастарды қоғамдық пайдалы өнімді енбекке тәрбиелейді 
Болашақ бүгіннен басталатынын ұмытпағанымыз жөн! Оған заман талабына байланысты технологиялық әдістерді пайдаланып, қызықты және жан – жақты тәсілмен өткізе алсақ, болашақ ұрпақтың білімді болатынына сенімдімін.


Picture 333



Picture 342

Picture 19



Picture 339





















Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қасиманов С. Қазақ халқының қол өнері. Алматы 1995 ж.

  2. Н.А. Якупова Р.Ш.Алимсаева Технология 12 жылдық 7 сынып Алматы мектеп 2009 ж.

  3. Е. В. Ермилова И.А. Товченик Технология 9 сынып Алматы мектеп 2009 ж.

  4. Ғаламтор материалдары





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!