Материалдар / «Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай мен Қатаған бейнесі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай мен Қатаған бейнесі

Материал туралы қысқаша түсінік
«Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай мен Қатаған бейнесін ашу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қаңтар 2023
137
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Талдықорған қаласының облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қысқа мерзімдік сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: «Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай мен Қатаған бейнесі

Бөлім

Толғауы тоқсан қызыл тіл

Педагогтің аты-жөні

Трусбекова Салтанат Кабидулдановна

Күні


Сынып

7 «А» сынып

Қатысқандар

Қатыспағандар

Сабақтың тақырыбы

«Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай мен Қатаған бейнесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.3.1 әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан мәтіндегі цитаталарды қолдану арқылы сипаттау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы: әдеби туындыдағы кейіпкер бейнесін анықтайды, шығарма мәтінінен дәйексөздерді анықтау арқылы кейіпкер типін сипаттайды.

Көптеген оқушы: әдеби туындыдағы кейіпкерді бейнесін анықтауда өз пікірлерін айтады.

Кейбір оқушы: әдеби туындыдағы кейіпкерді бейнесін анықтауда өз көзқарастарын білдіріп, мысал келтіріп дәлелелдейді, қорытынды ой жазады.

Бағалау критерийлері

Шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, оқиға желісін анықтайды.

Кейіпкер типтерін анықтайды.

Шығарма мәтінінен дәйексөздерді анықтау арқылы кейіпкерді сипаттайды.

Кейіпкердің бейнесін ашуда өзіндік пікір-көзқарастарын білдіріп, дәлел келтіріп, қорытынды ой жазады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, түгендеу және назарларын сабаққа аудару.

Ынтымақтастық ахуал құру

«Мен сенің ерекше қасиетіңді бағалаймын, себебі ...» тренингі

- Балалар, мен де сендердің ерекше қасиеттеріңді бағалаймын. Себебі, сендер өте алғыр, өнерлі, білімге құштар шәкіртсіңдер. Жарайсыңдар!

Өткен сабақпен байланыс

«Текшедегі сұрақтар» әдісі

(Текшенің әр бетінде сұрау есімдіктері жазылады)

Не? Қашан? Қайда? Қандай? Қалай? Неге?

Мұғалім тақырып бойынша сұрақты қояды. Сұрақтар оқушының еріннен оқу мүмкіндігін болдырмай, қалдық есту қабілетін дамыту үшін жабық түрде беріледі. Оқушы есту арқылы қабылдамаса, сұрақ көріп-естуге (еріннен оқуға) беріледі.

  • Сүйінбай мен Қатаған жайлы не білесің?

  • Сүйінбай қырғыздың ақыны Қатағанмен қашан айтысқа түседі?

  • Сүйінбай мен Қатаған айтысы қайда болады?

  • Аста қандай адамдар бас қосады?

  • Сүйінбай мен Қатаған айтысы қалай аяқталады?

  • Қатаған неге жеңілді?

(Ж) «Маңызды аймақ» әдісі. Графикалық органайзерге оқиғалар тізбегін ретімен орналастыру.

Қара Бәйтіктің шешімі.

Халықтың қошеметі.

Қағілез, қайыстай Қара жігіттің тиісуі.

Орманханның ас беруі.

Тезек Төренің дегбірсізденуі.

Қырғыздың шоң манабы Бәйтіктің Сүйінбайды тануы.

Сүйінбайдың Қатағанға айтқаны.

Жолда.

Сүйінбайдың сый алуы.

Сүйінбайдың елге қайтуы.

Дұрыс нұсқасы:

1.Орманханның ас беруі.

2.Қырғыздың шоң манабы Бәйтіктің Сүйінбайды тануы

3.Қағілез, қайыстай Қара жігіттің тиісуі

4.Тезек Төренің дегбірсізденуі

5.Сүйінбайдың Қатағанға айтқаны

6.Қара Бәйтіктің шешімі

7.Сүйінбайдың сый алуы

Дұрыс жауаппен салыстыру арқылы өздерін бағалау ұсынылады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.


Оқушылар мұғаліммен амандасады.


Парталас отырған оқушылар бір-біріне қарап, ерекше бағалайтын қасиеттерін айтады.





Әр оқушы текшені партаға айналдырып тастайды. Текше бетіне түскен сұрау есімдігін оқып, еске сақтайды. Оқушылар мұқият тыңдап, өзіне түскен сұрау есімдігі бар сұрақты естігенде, қол көтеріп жауап береді. Оқушылар бір-бірінің жауаптарын тыңдап, қажет болған жағдайда толықтырып отырады.





Жұптық жұмыс

Оқушылар маңыздылығына бойынша оқиғаларды төменнен жоғары қарай ретімен органайзерге орналастырады. Артығын маңызды аймақтан шығарады.

Дұрыс жауаппен салыстырады.


«Басбармақ» әдісі арқылы дескриптор бойынша керібайланыс жасайды.











Оқушылар сабақ тақырыбы мен мақсатымен танысады.





























Өзіндік бағалау «Басбармақ» әдісі

Дескриптор:

- Сұраққа жауап береді.

- Оқиғалар тізбегінің ретін анықтайды.

- Артығын маңызды аймақтан шығарады.




Слайд






Сұрау есімдіктері жазылған текше









Графикалық органайзер

«Маңызды аймақ»

Оқиғалар тізбегі

1 ... 10 цифрлар

Сабақтың ортасы

Еске түсіру

Дәйек сөзцитата – түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді.

Топқа бөлу. Қима қағаздар арқылы екі топқа бөлу. Әр қима қағаздің екінші бетінде топ атауы жазылады.

1-топ «Сүйінбай тобы»

2-топ «Қатаған тобы»

Мақсатқа жетуде әр топ өз кейіпкерінің бейнесін ашу үшін тапсырмалар орындайды.

(Т) 1-тапсырма. «Галереяны шарлау» әдісі. Кейіпкер әрекеттерінің дұрыс-бұрыстығын анықтау.

Тұжырымдар бөлек-бөлек ілінеді.

1-топ «Сүйінбай тобы»

  1. Сүйінбай асқа құттықтауға, қол жайып, құран оқытқалы келгенін айтады.

  2. Сүйінбай қырғыздың шоң манабы Бәйтікпен айтысады.

  3. Сүйінбай кең байтақ жері мен үш жүздің даңқты батырларын сөзге қосады.

  4. Сүйінбай өзін жүйрікке, бұлбұлға, бүркітке, қаршығаға теңейді.

  5. Сүйінбай жеңісіне алтыннан ер-тоқым, бес отау, тоғыз жүз түйе, он бес жылқы сұрайды.

2- топ «Қатаған тобы»

  1. Бадана көз, сұлу жігіт – Қатаған.

  2. Қатаған Тезек төренің тасасында отырып, домбырамен өлеңдетеді.

  3. Қатаған Жантай батыр мен қырғыздың көптігін айтып мақтанады.

  4. Қатаған өзін батырға теңейді.

  5. Қазақта қандай жақсылар бар?- деп сөзбен тиіседі?

(Т) 2-тапсырма. Кейіпкерлердің типтерін анықтауда тірек сөздердің ішінен кейіпкер бейнесін ашатын сөздерді таңдап, оқулықтан дәйексөз келтіру арқылы сипаттау.

  • Сүйінбай мен Қатағанды қандай кейіпкер деп ойлайсыңдар? (жағымды-жағымсыз кейіпкер)

1-топ. Сүйінбайдың 5 қасиетін анықтайды.

2-топ. Қатағанның 5 кемшілігін анықтайды.

Тірек сөздер: әдептілік, өзімшілдік, тектілік, намысшылдық, батылдық, шыншылдық, мақтаншақтық, ұялшақтық, сабырлық, қанағатшылдық, дөрекілік, жасқаншақтық, қорқақтық, имандылық, менмендік, мәдениеттілік, елжандылық, ақкөңілділік, қызғаншақтық, өтірік айту, алғырлық, қамқорлық, мейірімділік, жанашырлық, тәкаппарлық.

Кейіпкер

Дәйексөз

Сипаттау


(Ж) 3-тапсырма. Тапсырма бойынша айқын саралау.

Топтардағы оқушыларға жеке-жеке беріледі.

1. «ПОПС» формуласы. «Кейіпкер туралы не ойлаймын?» сұрақ аясында ой-пікір жазу.

• Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім .

2. Кейіпкерге хат жазу.

Хат жазу алгоритмі

1.Амандасу

2.Естіген-білгенін жазу.

3.Өтініш-тілек немесе ұсыныс жазу

4.Хат иесін көрсету

3. «Синквейн» әдісі. Кейіпкерге бесжолды өлең жазу

1.Зат есім

2.Сын есім

3.Етістік

4.Төрт сөзді сөйлем

5.Түйін сөз


Оқушылардың жазба жұмыстарын тыңдап, керібайланыс беру.

Оқушылар слайдтағы анықтаманы оқып, дәйексөзді еске түсіреді.


Оқушылар қима қағаздарды таңдап, екінші бетінде жазылған топ атауы бойынша екі топқа бөлініп отырады.




Топтық жұмыс.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!