Материалдар / "Сүйіспеншілік - өмір негізі" 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Сүйіспеншілік - өмір негізі" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары 9 сыныпқа арналған, мұғалімге әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Сәуір 2021
828
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалімнің сабақ жоспары

Мектебі: Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп – интернаты Пәні: Өзін-өзі тану

Мұғалімі: Керимкулова Эльмира Сыныбы: Күні: __________________

Сабақтың тақырыбы: Сүйіспеншілік – өмір негізі

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: адалдық, риясыз қызмет ету, мейірімділік


Ресустар

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «сүйіспеншілік» жалпыадамзаттық құндылығы туралы түсініктерін «қоғамға қызмет етудің» мәні мен мағынасын ашу арқылы кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

- «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С. А. Назарбаеваның қоғамдық қызметін үлгі ету арқылы «қоғамға қызмет ету» түсінігінің мәні мен мағынасын ашу, оқушылардың қоғамға пайдалы қызметтерінің нәтижесін талдау;

- шығармашылық жұмыстарды орындауда өзінің өмірлік ұстанымын көрсете білу дағдыларын дамыту;

- өз істерінде жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып адамдарға көмек көрсете білуге тәрбиелеу;



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Жағымды көңіл – күйге келу (Баяу музыка)

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Музыка қойылады


5 минут




Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді. 1992 жылғы ақпан айынан бастап – «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Бүгін «Бөбек» қорының негізін қалаушы Сара Алпысқызының туған күні. Ол «Бөбек» қорын құрып, жетімдерге жәрдемдескен, «Өзін өзі тану» пәнін білім бағдарламасына енгізіп, жеткіншектерді ізгілікке баулыған тұлға. 2010 жылдың 1ші қыркүйегі «Өзін өзі тану» пәні Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіне жаппай енгізілді.
«Өзін өзі тану» пәнінің балаларға, ата аналарға, ұстаздарға берер көмегі зор. Бүкіл адамзатқа өзінің жылуын сыйлап, өмірге деген жақсы көзқарасын оятып, бір біріне деген қарым қатынастарын жақсартып, өмірдің дұрыс жолына бағыттайды. Сонымен қатар, адамның рухани жан дүниесін ашуға көп көмегін тигізіп отыр.


  1. Дәйексөз

«Сүйіспеншілік танытуда, жақсылық жасауда батыл болыңдар! Қиындықтарға қарамастан, бейсаналы «қаламаймын» және «қолымнан келмейді» деген кертартпаларға қарамастан өз бойларыңдағы жасампаз Сүйіспеншілікті жарыққа шығаруға тырысыңдар». С.А.Назарбаева


  • Дәйексөзден не түсіндіңдер?


3. Әңгімелеу: Сара Назарбаева туралы бейнебаян.

Талқылау сұрақтары:

  • Өздеріңіз Сара Алпысқызы туралы қандай мәліметтер білесіздер?

  • Бұл кісіні «Алтын жүректі ана» деп атаудың сыры неде?

  • Ана сүйіспеншілігінің киесі туралы қандай ой-пікір қосар едіңіздер?

  • Ананың жүрек лүпілінен қандай ғажайыптар туындайды?

  • Өздеріңіз ана болсаңыздар қандай сезімде болар едіңіздер?



5 минут

4.Шығармашылық жұмыс

1.Тапсырма. «Бес неліктен» – бұл белгілі бір мәселенің негізінде жатқан себеп-салдарлы байланыстарды анықтауға арналған тәсіл. Тәсілдің негізгі міндеті «Неліктен?» сұрағын қайта қою арқылы мәселенің пайда болуының алғашқы себебін іздеу болып табылады.

Мысалы:

  • Неліктен сүйіспеншілік танытуда батылдық қажет?

  • Көптеген адамдар сүйіспеншілік танытудан қорқады.

  • Неліктен адамдар сүйіспеншілік білдіруден қорқады?

  • Жауапсыз қалудан қорқады.

  • Неліктен адамдар жауапсыз қалудан қорқады?

  • Адамдардың сүйіспеншілігі бір кездері жауапсыз қалып, қазір жүректері жабылып, сүйіспеншіліктері тұншығып қалған.

  • Неліктен сүйіспеншілік адамда тұншығып қалған?

  • Бойыңдағы сүйіспеншілік таныту, қуаныш сыйлау қабілетін ашу үшін үлкен күш керек. Жақсылық жасау үшін қиындықтарды жеңе білу қажет.

  • Неліктен жақсылық жасау керек?

  • Адамдар бір-біріне сүйіспеншілікпен қатынас жасайды және ол көбейеді.

Қорытынды: Тіршіліктің негізгі тірегі – сүйіспеншілік. Сүйіспеншілік – тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі. Жарық дүниеде барша кедергі-кесапатты жеңетін күш те осы сүйіспеншілік. Ізгілік жаршыларының қолында кез келген дұшпанды тізе бүктіретін қару және барлық қақпаны айқара аша білетін кілт бар. Ол – сүйіспеншілік.


2.«Сөз ойыны»

Өзіңді 20 сөз ғана қолданатын «Сүйіспеншілік» әлемде өмір сүремін деп елестет. Ол 20 сөз осы сынып ішіндегі сөздер болуы керек.

1._______________ 11._____________________

2._______________ 12._____________________

3._______________ 13._____________________

4._______________ 14._____________________

5._______________ 15._____________________

6._______________ 16._____________________

7._______________ 17._____________________

8._______________ 18._____________________

9._______________ 19._____________________

10.______________ 20._____________________

Осы 20 сөзді пайдалану арқылы 3 сөйлем жазу.


5 минут

























10 минут

Кеспе қағаздар

5. Топпен ән айту Топпен ән айту

«Абзал ана»

Сөзі Жұбан Молдағалиевтікі

Әні Александр Зацепиндікі

Солғанша гүлім көзде тұнып,
Ана деп ән салам.
Кетейін мейлі жүзге толып,
Бөбекпін мен саған.
Қайырмасы:
Мама, мама, мама,
Мәңгі дос сен ғана.
Абзал асыл ана,
Көңілің кең дала.
Данасың сен маған,
Дарасың сен маған,
Мақтанатын, мархабатым, махаббатым!
Ардақтысың есіміңмен,

Ел ана деп адам.
Жер ана деп адам,
Тербеледі бесігіңде,
Ана жан аңсаған.
Арнадым ән саған.
Қарызбыз әжім, ақ шашыңа,
Көзіңнің жасына.
Өзіңсің бақыт бақшасы да,
Өмірдің басы да.
Қайырмасы:
Мама, мама, мама,
Мәңгі дос сен ғана.
Абзал асыл ана,
Көңілің кең дала.
Данасың сен маған,
Дарасың сен маған,
Мақтанатын, мархабатым, махаббатым!

Музыка және мәтіні

6.Үй тапсырмасы.

«Бесігін әлемнің тербеткен» тақырыбында эссе жазу

.

7.Соңғы тыныштық сәті:

Енді түзу де еркін отырып, көзімізді жұмып, бүгінгі сабақта айтылған ғибратты әңгімелер мен өнегелі ойлардағы ізгі қасиеттерді, адамзаттық асыл қасиеттер туралы алған білімдерімізді, сабақтан алған әсерлерімізді бір сәт көз алдымыздан өткізіп, жүрегімізге терең бойлатып, әр кез жадымызда сақтайық.

«Адам несімен күшті? Өзінің сүйіспеншілігімен! Біздің өміріміз сүйіспеншілікке негізделген: сүйіспеншіліктен туылып, сүйіспеншіліктен нәр алып, сүйіспеншілік үшін өмір сүреміз, махаббат Тәңір бізге берген нәрселерді сақтау үшін Сүйіспеншіліктің атымен құрыламыз, жақсылық жасаймыз, құрамыз да!»




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!