Материалдар / Сүйіспеншілік жолындағы өмір» республикалық біріңғай сабағының жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сүйіспеншілік жолындағы өмір» республикалық біріңғай сабағының жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Білім алушыларға ертеңгі өмірлерінде кәсіби біліктілікті қалыптастырудағы ынтымақтастықта болу, өзара адами қарым-қатынастың маңыздылығын ұғындыру; әр студент жүрегіне өмірге, ата - анасына, ең жақын адамдарына, қоршаған ортаға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Маусым 2022
311
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖШС Каспий өңірі «Болашақ колледжі


Сабақтың тақырыбы: Сүйіспеншілік жолындағы өмір» республикалық біріңғай сабағының жоспары

Модуль/пән атауы: Өзін-өзі тану

Педагог: Көшербаева Г.К. дайындады

Өткізу уақыты: 2022 жылғы «11» ақпан

Жалпы мәліметтер

Курс, топ: «ВТ-21»

Сабақтың түрі: Республикалық біріңғай сабақ

Сабақтың мақсаты: Білім алушыларға ертеңгі өмірлерінде кәсіби біліктілікті қалыптастырудағы ынтымақтастықта болу, өзара адами қарым-қатынастың маңыздылығын ұғындыру; әр студент жүрегіне өмірге, ата - анасына, ең жақын адамдарына, қоршаған ортаға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.


Сабақтың міндеттері:

  • жақсы көру, сүйіспеншілік ұғымдарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;

  • сүйіспеншілікпен қарым - қатынас жасауға баулу;

  • риясыз сүйіспеншілік жасауды үйрету;

  • білім алушыларды туған елін, жерін, ата - анасын сүюге және мейірімділік пен ізгілікке тәрбиелеу;

  • шығармашылық жұмыстар орындауда өзінің өмірлік ұстанымын көрсете білу дағдыларын дамыту.

Жабдықтар мен материалдар:

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы Сара Алпысқызының суреті, бейнероликтер, презентациялар, оқушылардың өзін-өзі тану декадасы күндерінде орындаған шығармашыдық жұмыстарының көрмесі, шығармашылық жұмыстарға арналған дайындамасы.

 

Сабақ барысы:


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс әрекет

Ұйымдастыру кезеңі

Жағымды күйге ену, тыныштық сәті

 

Жәймен көзіңді жұмып мені тыңдаңыздар. Тамаша таңертеңгі ашық күнді елестетіңіз. Сіз тынық та ерекше көлдің жағасындасыз. Тек қана сіздің тыныс алғаныңызбен судың сылдыры ғана естіледі.  Күн жарқырап нұрын төккен сайын сіз өзіңізді жақсы сезінесіз. Құстардың сайрағанымен  шегірткенің шырылын естисіз. Сіз салмақтысыз. Ауа таза және мөлдір, сіз барлық денеңізбен күн жылуын сезінесіз, сіз осы тыныш таңертеңгі мезгіл сияқты бірқалыпты және қозғалыссыз тұрсыз. Сіз өзіңізді бақытты сезінесіз. Барлық  дене мүшелеріңіз тыныштыққа және күн нұрына бөленуде. Сіз жақсы дем алудасыз. Енді жайлап көзімізді ашамыз. Біз тынығып, көңіл-күйіміз жақсарады, сергекпіз жағымды сезімдер күні бойы бізбен бірге болады.

Кіріспе сөз

Құрметті білім алушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың басты мақсаты жалпыадамзаттық құндылық «сүйіспеншілік»  туралы түсінікті «қоғамға қызмет етудің» мәне мен мағынасын ашу.

Яғни, сүйіспеншілік ұстанымы жоқ адам өз қоғамына адал қызмет ете алмайды, себебі шынайы сүйіспеншіліктің басы да, соңы да болмайды. Ол барлық уақытқа бірдей – өткенде де, бүгінгіде де, болашақта да өмір сүреді. Өмір мен сүйіспеншілік екі бөлек емес, өмір мен сүйіспеншілік бір бүтін. Сүйіспеншілік: қорқынышты білмейді, өтіріктен аулақ қашады. Бастан болмаса ауыздан шықпайды, ол жүректен шығады. Береді және кешіреді, эго алады және ұмытады. Бұл Эгоның болмауы, ал эгоизм бұл Сүйіспеншіліктің болмауы. Бұл барлық діндердің тамыры, барлық жазбалардың мәні, барлық жолдардың қиылысы, барлық адамдардың шабыты. Риясыз сүйіспеншілік марапат іздемейді. Ол Өзі – сый.

Бүгінгі қоғамда осы қасиеттерге аса назар аударып, баланы кішкентайынан адамгершілікке, сүйіспеншілікке, адалдыққа үйрету керектігін түсінген Сара Алпықызы 2001 жылдан бері еліміздің мектептерінде, «Өзін-өзі тану» бағдарламасы саралаудан өткізіліп, оқу жүйесіне енгізген болатын. Ал  2010-2011 оқу жылынан бастап бұл пән жалпы білім беретін мекемелердің барлығына жаппай енгізілді. Ол – бірегей пән, өз-өзіңді түсінуге, өз ішкі әлеуетіңді ашуға, қоршаған ортамен үйлесімде өмір сүруге, оның дербес және сонымен қатар, ажырамас бөлшегі болуға мүмкіндік береді. Балалардың бұл пәнді қуанышпен қабылдауының тағы бір себебі – бұл пәнді зерделеу ерекше беріледі. Өйткені мұнда олардың заттарға және өмірге деген өзіндік көзқарасы, пікірі ескеріледі. Сонымен бірге, бұл пән қандай да бір уақыттық шеңбермен шектелмейді, ол өмір бойы жалғасады.

Дәйексөз

«Адамдардың ортасында өмір сүріп бақытты болу дегеніміз – ең алдымен өзіңе тиістіні тындыру, өз борышыңды ақтай білу деген сөз»

Василий Сухомлинский

Оқытушның әңгімесі, мәтінмен жұмыс

Балалар, біз қоғамға деген қызмет көрсету керектігі және де риясыз сүйіспеншілік туралы айтып жатырмыз. Осы қасиеттерді "Өзіңді өзің таны" атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы Сара Алпысқызының бойында көруге болады.

 Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы Қызылжар ауылында дүниеге келді, ертең ол кісінің туған күні! 1962 жылы Сара Алпысқызы Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шықты. Комсомолдардың жастар тойы тойланды, үш қызы, үш немере ұлы, үш немере қызы және шөбересі бар. Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы ЖТОО-заводын бітірген, экономист, ҚазМУ-дың құрметті профессоры. ЖТОО-ны аяқтағаннан кейін Қарағанды металлургиялық комбинатында жұмыс істеген.

Тәуелсіздік алу Қазақстан мен көп ұлтты халқының тарихында бетбұрысты кезең болды. Егемендіктің алғашқы жылынан бастап, елдің қоғамдық өмірінің барлық салаларында терең қайта құрулар басталды. Қазақстан үшін осы күрделі кезеңде жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар қиын жағдайда қалды. Сара Алпысқызы "Бөбек" қайырымдылық қорының негізін қалаушы. Қор көмекке зәру панасыз балаларды өз қамқорлығына алып, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тұрғысына білім алып, тәрбиеленуіне мән береді.

 

«Бөбек» балалар қоры Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылы өмірдің қиын жағдайында қалған балаларды қолдау мақсатында құрылды. Ол кезде қор қызметінің басты бағыты республиканың барлық аймақтарында балалар үйі мен денсаулық сақтау балалар мекемесіне гуманитарлық көмек көрсету болды. Қоғамдық приюттардағы балаларға қамқорлыққа алу және тәрбиелеудің толымсыздығын сезінген «Бөбек» қорының Президенті Сара Алпысқызы жетім балаларға бүкіл әлеммен қамқор болу сияқты қазақ халқының гуманистикалық дәстүрін жаңғырту үшін көп күш салды.

Қазақстанның балалар үйін қайта қалыптастыру үшін отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мен жасөспірімдер үйін құру жөніндегі халықаралық «SOS Киндердорф» қорының тәжірибесі қолданылды. Бұл ұйымдарда жетім балалар өздерінің жаңа ата-аналарын, ағалары мен апаларын және отбасылық бақытқа кенеледі. Ал балаларынан бас тартқан жас аналарға өмір қиындықтарын жеңгеннен соң өз балаларына қатысты құқықтарды пайдалануға мүмкіндік беретін үміт үйлері таза қазақстандық «ноу-хау» болып табылады.

Қордың қайырымдылық қызметінің басты бағыты ата-ана қамқорлығынан айрылған балаларға әлемнің жарқын бояуларымен (яркие краски мира) рақаттануға: білім алуға және демалуға, денсаулығын түзеуге және шығармашылықпен айналысуға, өз қабілеттерін дамытуға және достасуға мүмкіндік беретін, мамандандырылған «Бөбек» қорын құру болды.  

Сара Алпысқызының оң бастамасымен елімізде «Үміт Үйлері» пайда бола бастады. Бұл жетімдікке қарсы күрестің ең алғашқы қадамдары болды. Үміт Үйі перзентханада-ақ өз баласынан бас тартатын жас аналардың қайғысын жеңілдету үшін құрылған. Оларды сәбиді мүлде тастап кетпеуге, уақытша Үміт Үйіне беруге көндіреді. Олармен шарт жасалады және осы шартқа сәйкес олар балаларынан бас тартпауға, оларға келіп тұруға, олармен араласуға тиіс. Үміт үйлерінің қамқорлығындағы 80 пайызға жуық баласы жетімдік қамытын кимей, өз отбасыларына қайта оралады.

 

Балаларды қорғау ісіне қосқан көрнекті үлесі үшін Сара Алпысқызына ЮНИСЕФ-тың арнайы марапаты – ана мен бала бейнесі бар күміс мүсінше табысталған. Ана мен баланы қорғау ісіндегі жанқиярлығына осылайша ТМД секілді беделді әлемдік ұйым да қызығушылығын білдірді және әлем жұртшылығы да баға берді.

Адам – жасаушы, құрушы. Ол әлемге зұлымдық, бүліншілік емес, игі істер және ойлар әкелуі керек. Және ол Жер ғаламшарында, яғни, өз үйінде не болып жатқанына жеке өзі жауап береді. Себебі әлемдік тепе-теңдіктің сәл ғана бұзылуы түзеуге келмейтін салдарларға алып келуі мүмкін. Қандай жағдай болмасын біз және біздің балаларымыз, немерелеріміз, шөберелеріміз барлық өмір сынынан адамның жоғары атағын лайықты түрде алып шығуымыз керек. 

Өмір мектебі деп Сара Алпысқызының жалпы адамдық құндылықтар туралы терең философиялық ойлар табуға болатын «Путь к себе», «Во имя жизни», «Этика жизни» кітаптарын атауға болады. Бұл жай ғана сөздер емес, бұл – әрекетке әрдайым орын бар өмір ұстанымы.

Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаты тұлғаның рухани-адамгершілігін дамытуда. Қазақстандық қоғамда өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу және рухани-адамгершілік білім беру жалпы ұлттық, адамзаттық, этномәдениеттік және жеке тұлғалық құндылықтарға негізделген. Олар адамға қоғамда қызмет етуде өзін толықтай танып білуіне, өмірдегі өзінің орнын ұғынуға және ролын түсінуге мүмкіндік береді. Өзін-өзі тану білім берудің құндылығын күшейтеді, тұлғаның  ең маңызды риясыз сүюін ашып және дамуын көрсететін, өзіне және өзінің күшіне сенуге, жақсылық жасауға, физикалық, психикалық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық дамуда үйлесімге жетуде өзін жетілдіруге және түсінуге мүмкіндік береді.

Байқағанымыздай, «Бөбек» қорының тарихы – қоғамның сау ғибратты күші жұмылдырылған, игі істер мен ақталулардың үздіксіз эстафетаның жарқын шежіресі. «Бөбек» қоры қызметінің артықшылығы қазіргі кезеңде өзін-өзі тану идеясын қазақстандық қоғамда тарату болып табылады. Бұл ұлттың басты мүдделерін сай келеді, себебі ата-бабамыз айтып кеткендей: «Даналық мақсаты – еркіндік, мәдениет мақсаты – кемелдік, білім мақсаты – махаббат, оқу мақсаты - тұлға»

Сара Алпысқызының қоғамға қызмет етуі бойынша жұмыстарын көрсететін бейнеролик немесе презентация көрсету

 

Презентация (бейнеролик) үшін Сара Алпысқызының қайырымдылық қызметі туралы сюжеттер, оның педагогтармен, оқушылармен әңгімелерінің үзінділері таңдалады. Кіріспе сөз кезінде оқушыларға көрген сюжеттерді аяқтағаннан кейін берілген сұрақтарға жауаптарын  талқылау ұсынылады. Ұзақтығы – 5 минуттан аспайды.

 

Рухани-адамгершілік мазмұнында әңгімелесу

Балалар, қалай ойлайсыңдар,  әр адам адамдарға өз махаббатын, осындай қоғамға деген сүйіспеншілігін бере алады ма?

Неге сіз олай ойлайсыңыз?

Адам өмірінде риясыз сүйіспеншіліктің көрінісі не?

Күнделікті өмірде сүйіспеншілікті қалай көрсете аласыз? Мысалдар келтіріңіз.

Жалпы сүйіспеншілік білдіру – адамның шынайы табиғи көрінісі, демек, қайырымды іс жасай отырып, сен нағыз Адам боласың. Бұл мақсатты «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы өзінің өмірлік ұстанымы ретінде іс-әрекетінде қолданып бізге үлгі ретінде көрсетіп тұр.

Шығармашылық жұмыс

 

Ән айту

«Туған ел» әні

 Сөзі мен әнін жазған Арман Дүйсенов

Рефлексия

 

Ойланып, болашақты жоспарлауға байланысты рефлексия жүргізуді ұсынамыз. Оқушыларды болашақтағы болатын оқиғаларға жауап беру арқылы дайындау.

Қоғамға, Отанға, елге адал қызмет етудің нақты жолдарын іздеу, ұсыну.

- Мен риясыз сүйіспеншілікті көрсету үшін оны қалай жоспарлаймын?

· Не істеу керек?

- Мен бүгін не өзгерте аламын?

Іске асырудың жолдары мен құралдарын анықта

- Мен қоғамға қалай пайда әкеле аламын?

Қорытынды

Ыңғайланып отырыңыздар, көздеріңді жұмыңдар. Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар және осы сабақтан үйренген жақсы қасиеттерді ойымызға түйіп, жүрегімізге сақтайық. Рахмет. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

 

 

 


«Туған ел» әні

 Сөзі мен әнін жазған Арман Дүйсенов




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!