Материалдар / Сүйіспеншілікпен өмір
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сүйіспеншілікпен өмір

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға арналған ертегілер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2020
522
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалім сыйы.

Әңгіме «Отыз жұмыртқа»:

Ол бараларға үнемі әділдік, иман, адамгершілік, біреудің «ала жібін аттамау» жайлы көп айтатын. Сондықтан да оның өз аты Әділ болмаса да, «Әділ мұғалім» деп кеткен. Оның баласы Қуандық та әділдікті өзіне мұрат тұтып өсіп келе жатыр. Ол өз әкесін ерекше үлгі тұтатын, мақтаныш ететін. Бар ынта – пейілін жақсы, қайырлы істерге жұмсайтын. Бірақ ойына алғанын істемей қоймайтын еркелігі, аздаған құлығы да бар еді. Бір күні күнделікті әдеті бойынша ол қораны тазалап, бұзауларды суарып келген. Жиюлы шөптің үстіне жүгіріп шыққан. Сол-ақ екен табанының астынан «ғо-қо-қақ, ғо-қо-қақ» деп көршінің ақ тауығы тура қашқаны. Алғашында шошып қалған ол біраздан соң өз-өзіне келіп, тауық шыққан жерді дұрыстап қадай бастады. «Ақ мекиен мұнда тегін жатқан жоқ, жұмыртқалап жатыр» деп ойлайды.

Ол жұмыртқалапты. Дәл осы кезде әкесінің ел мақтайтын әділдігін бір сынағысы келіп кетті.

- Ә – к – е! Деп үй жаққа жүгірді.

- Не, не болып қалды, балам? – деп әкесі бұған қарай жүгірді.

- Әке бері келіңізші. Мен жұмыртқа, к-ө-п жұмыртқа тауып алдым–деді.

- Жұмыртқаң не, қайдағы жұмыртқа? – деді әкесі.

- Кәдімгі жұмыртқа. Көп. Отыз. Көршінің ақ мекиені барғой, сол біздің шөптің үстіне жұмыртқалап жүріпті.

- Әке ешкім көрмей тұрғанда жинап алайық. Үйден юір ыдыс әкеле қойыңыз, - деді. Әкесіне ойлауға да мұрсат бермеді. Ойында ештеңе жоқ әкесі:

- Жарайды, тұра тұр, мен... қазір, - деді де үйге кіріп кетті. Ілінбей қайта шыққан ол Қуандыққа шешесінің жаулығын ұстатып жатып: - Абайла, жан-жағын қара, біреу-міреу көріп қоймасын, - деді. Ойында «біреу көріп қалмаса екен» дегеннен басқа түкте жоқ. Ол есік көзіне таяи бергенде артынан Қуандығының «Әке» деген үні естілді. Ол кілт тоқтап «Балам» деді. Сонда ғана жүрегінің дір еткенін білді.

- Әке мені кешіріңіз. Мен сізді сынап көрейін деп едім. Сіз де мені сынап едіңіз. «Біреудің ала жібін аттауға болмайды» дегенді күнде айтасыз, ал өзіңіз неге ала жіпті аттап тұрсыз? деген Қуандық сықылықтап күліп.

1. Біреудің «ала жібін аттама» дегенді қалай түсінесің?

2. Өзіңе-өзің адал болу деген не?

3. Әкең екеуіңнің араларыңда болған өзіңе әсер қалдырған ерекше оқиға бар ма?

5 Шығармашылық жұмыс. http://talimger.org/load/ash/ozin/adaldy_adamdy_belgisi/18-1-0-4176





Мұғалім сыйы:

«Еңбек түбі- береке»

Хамит атасымен әңгімелескенді ұнатады. Балабек қария көп жыл бойы сушы болған қазір құрметті демалыста сонда да үйде отырғанын көрмейсің. Хамитті ертіп үй жанындағы бақ ішіне жеміс егіп жүргені, оны  ешқашан шаршатпайтын.

-Ата маңдай тер деген не?- деп сұрады бірде Хамит.

Атасы ойға шомды. Көзін бір нүктеге қадады әжімдері тереңдеді. Сонан соң Хамитті жетектеп  өзі көшет алып жүрген тоғайға келді.Хамиттің  қолына күрек ұстатты. Қане екі-үш рет қазып ал өзі шеткерек барып ағаш көлеңкесіне жайғасты. Хамит пора-пора болып терледі. Жылдар өтіп жатты. Көшеттер үлкен ағашқа айналды да ,  алма ағаштары  мол жеміс берді. Хамитке қып-қызыл алманың біреуін үзіп қолына ұстатты.

-Маңдай тер деген осы Хамитжан.Өзіңнің маңдай теріңнің жемісі -деді атасы.




























Мұғалім сыйы.

«Ана махаббаты» аңыз әңгіме

Бір күні балалары бір келісімге келе алмай анасына келіп сұрақ қояды:

-Анашым, сіз біздердің қайсысымызды ерекше қатты жақсы көресіз?

Анасы үндеместен, шырақты жағып былай дейді:

-Мынау- шырақ, ол — мен!

Оның жалыны- менің сендерге деген сүйіспеншілігім.Осыдан кейін анасы тағы бір шырақты алып, өз шырағы арқылы жақты.

-Бұл менің- тұңғышым, оған мен өз жылуым мен сүйіспеншілігімді бердім. Қараңдаршы, екінші шырақты жағуыммен менің жылуым, сүйіспеншілігім азайды ма?

- Жоқ!

-Менің шырағымның жалыны бір қалыпты.

Сонымен анасы қанша баласы бар сонша шырақ жақты. Шырақтың жалыны көбейіп, одан сайын көп жылу берді…

Аналарың сендерді үнемі сүйіспеншілікке бөлейді, ал сендерде аналарыңды үнемі риясыз сүйіспеншілікке бөлеңдер!

Сұрақтар:

1.Балалар не себепті келісімге келе алмады?

2.Ана өз сүйіспеншілігін  қалай көрсетті?

3. Риясыз  сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіңдер?

 

-Сендер  шыр етіп дүниеге келгенде ата-анаңның қуанышында шек болмады. Ал сендер алғаш рет сәби жүректеріңмен анаңның аялы алақанын, мейірленген риясыз сүйіспеншілігін сезіндіңдер. Сондықтан да барлық жақсылықтың негізі осы риясыз сүйіспеншіліктен басталып, адам жанын нұрға , көңілін қуанышқа бөлейді.















Мұғалім сыйы.

«Жанашырлық»

Бір күні базар қақпасына кіре берістен Әбунасырдың төбесін көзі шалғанда-ақ елпілдей жүгіріп бір жігіт қасына жетіп барды.-Ассаллаумағалейкум,ұстаз!

-Уағалейкумәссалам,аманбысың, жігітім? Әрекетің өнімді ме?

-Хадари-хал,ұстаз!

-Маған бірдеңе айтайын деп пе ең?

-Базардан алған заттарыңызды үйіңізге жеткізіп берейін...

-Ә, онда, соңымнан ер...Әбунасыр базардан керек –жарағын алды ,көп айналмай үйіне қайтты.Жігіт ұстаздың затын арқалап жүрді.Аулаға кірген соң,Әбунасыр ақысын төледі.Сонда жігіт:

-Ұстаз, ренжімесеңіз,маған жанашырлықтың не екенін түсіндіріп бермес пе екенсіз?...-деп өтінеді.Ғұлама тұңғиық ойға шома тұрып ,жігітке қадала қарады.-Жарайды,ұғындырайын,есіңде жүрсін,-деді ғұлама жігіттің талабын қостағандай күлімдеп.

-Жанашырлық ағыл-тегіл су емес.Ол- адамның адамға бөлінген мейір –шапағаты арқылы пайда болатын ізгілік. Әр адам өзі көздеген мақсатқа жетуге ұмтылады.Сонда қиындыққа тап болса,бір мейірімді кісі көмектесіп, жебеп жібереді.Ақ ниеттен туған сол жақсылық –жанашырлық деп аталады.-Жігіт бас иіп, алғыс айтты да,кетіп қалды.

Сұрақтар:

1.Әбунасырға жігіт қай жерде жолықты?

2.Жігіт Әбунасырдан нені түсіндіріп беруін өтінді?

3.Әбунасыр жанашырлықтың мағынасын қалай түсіндірді?

4.Жанашырлық қасиет адамдарға не береді?

5.Ол қандай әрекетте көрінеді?

6.Бұл әрекеттердің адам өміріндегі маңызы қандай?

7.Айналамызға жағымды оймен қарау бізге қандай күш береді?

8.Осы күшпен қандай жетістіктерге жете аламыз?













Мұғалім сыйы.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды.Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды.Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді.Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.  Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі.Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп,жау жатқан жағаға келеді.Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады.Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді.Алып барған соң ол жаудың қолбасына:

-Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп,сатып алуға келдім.Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ.Бір-ақ нәрсе беремін. Ол—өзімнің өмірім.Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім,-дейді.Қолбасы ойланып отырып,оны сынамақ болады да:

-Жарайды,мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын.Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды,-дейді.

-Ол не?-деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.

-Маған сенің көздерің керек,-дейді қолбасы.

-Ол да болсын,көзімді ал да,досымды босат,-дейді жігіт.Ол бұл сыннан тоқтаусыз өтеді.Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып ,зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: "Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп,қапыда бас салған жағдайда болмаса,бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар”,-деп түйеді.Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.

Сұрақтар:

Адал достық пен бауырмалдық дегенде нені түсінесіңдер?

Аңыз- әңгімедегі жауынгерлердің іс-әрекеттеріні мейірімділікке жата ма? Неліктен?

Сендер адал достарыңды бауырмыз деп санайсыңдар ма?

Олардың адалдығын қай іс-әрекеттерінен байқадыңдар?














Мұғалім сыйы.

 Ауыз, мұрын және көз тату – тәтті өмір сүріп жатты. Өкінішке орай, үшеуінің арасында ойламаған жерден дау – дамай басталды. Оны бастаған сөйлемпаз ауыз бәрінен көп жұмыс істегеніне қарамастан жұрттың бәрінен төмен орналасқанын тілге тиек етіп, мұрынға қарап айғай салды:

- Әй, мұрын! Мен бағзы заманнан бері ненің дұрыс, бұрыс екенін айтып тыным таппай жұмыс істеп келемін, ал сенің қолыңнан не келеді? Соған қарамастан, менен неге жоғары отырасың?!

-М...м..., - деп тартыншақтады мұрын. Сенің ішіп – жейтін тамағыңның иісін айыратын мен емес пе? Мен келісіп бергеннен кейін барып бәрі саған түседі. Сондықтан мен сенен бекерге жоғары отырған жоқпын.Көз болса, ауыз бен мұрынның ұрыс – керісін бақылап отырған еді. Екеуіне жақтырмай қарап былай деді:

- Әй, екеуің, сендердің кім жоғарыда, кім төменде екенін талдауға қандай құқыларың бар? Шынына келсек, бәрінен жоғары тұратын мына біз – көздер! Алыс – жақынның бәрін көріп тұратын бізбен кім таласа алады? Ең жоғарғы орынға біз лайықпыз.Сөйтіп, көздер мақтанып жатқанда өздерінің жоғары жағынан төніп тұрған екі қара қасты байқап қалды да, ашу шақырды:

- Әй, сендер, қанша жыл өтсе де өзгермейсіңдер, қап – қара болып! Бізден жоғары отырғандарыңнан не пайда? Мұндай сөздерді естіген қастар көңілсіз кейіпте түйіліп:

- Мейлі, бізден ешқандай пайда жоқ болса болсын, бірақ қасы жоқ бет қандай болып көрінер еді? – деді.

Сұрақтар:

1. Бұл дау – дамайда сіз кімнің жағында болар едіңіз?

2. Дауды доғару үшін сіз ауыз, мұрын, көз бен қасқа не айтар едіңіз?
















Мұғалім сыйы.

«Екі дос»

«Жақсылықты есте сақта,жамандықты ұмыт» атты аңыз әңгімесі.

Бірде екі дос шөл даланы шарлап келе жатыпты.Кенеттен олар өзара дауласып,бір досы екіншісін шапалағынан тартып жібереді.Шапалақ алған досы ауырсынып тұрсада ештеңе білдіртпестен құмға былай деп жазады: «Мені бүгін ең жақын досым шапалағымнан тартып жіберді». Олар ары қарай жүріп,бір көлге кезігеді.Көлге шомылғысы келеді. Шапалақ алған досы суға түсіп шомыла бастаған кезде кенеттен бала суға батып кетеді.Осы сәтте досы ойланбастан суға сүңгіп барып досын құтқарып алды.Суға батқан досы есін жиып,тасқа былай деп жазады:«Мені бүгін ең жақын досым өмірімді құтқарып қалды».

Бетінен ұрған және оны құтқарған жігіт досынан :-«Неге жаңа мен сені ренжіткен кезде оны құмға,ал құтқарған кезде тасқа жаздың?» деп сұрапты.Сонда досы былай дейді:-«Сен мені ренжіткен кезде оны құмға жазғаным, жел ұшырып әкету үшін.Ал маған жасаған жақсылығынды тасқа қашап жазған себебім, жел оны өшірмес үшін» деген екен.

Сұрақтар:

1.Әңгіменің мазмұнынан нені түсінуге болады?

2.Досының жасаған ісін дұрыс әрекет деп қабылдай аламыз ба? Неге?

3.Неге досының ренжіткенін бала құмға жазды?

4.Ал жасаған жақсылығын неге тасқа жазды?

5.Осы екі достың орнына өзімізді қойып көрсек,сіздер қандай әрекет жасар едіңіздер?





















Мұғалім сыйы.

«Сүйіспеншілікпен өмір»

 Баяғы өткен заманда бір аралда түрлі сезімдер өмір сүріпті.Олар Бақыт, Мұң және сүйіспеншілік екен.Бір күні аралды су басатын болып,олар кемеге отыруға әзірленіпті.Барлығы кемемен кетіп,аралда тек сүйіспеншілік қана қалыпты.Сүйіспеншілік мәңгі қалғысы келді.Бірақ аралды су түгел басқан шақта Сүйіспеншілік Байлықты көмекке шақырады.Сүйіспеншілік одан кемесіне отырғызуын өтінеді.Байлық әдемі кемемен келіп:-Менің кемемде ақша мен алтындарым көп,соған орын жоқ, сені ала алмаймын,-деді.Сүйіспеншілік енді Тәкаппардан көмек сұрады.Тәкаппар әдемі кемесімен өтіп бара жатып:

-Сүйіспеншілік,мен саған көмектесе алмаймын.Сенің үстің малмандай су,кемемді бүлдіресің,-деді.Енді сүйіспеншілік Мұңнан көмек сұрайды.Мұң айтады.

-Ооо...Сүйіспеншілік,менің мұңым жетерлік,жалғыздықты қалаймын,-дейді.Сүйіспеншілік арал жанынан Бақыттың өтіп бара жатқанын көрді.Бақыттың бақытты болғаны сонша,Сүйіспеншілікті естімеді.Бір кезде бір дауыс естілді: «Сүйіспеншілік кел,мен сені бірге алып кетемін»-деді.Мұны айтқан қария еді.Сүйіспеншілік өзі қуанышты сезінгені сонша,қарияның атын сұрауға да ұмытып кетті.Олар жерге жеткен соң,қария кетіп қалды.Сүйіспеншілік Білімнен оған көмектескен адамның кім екенін сұрады.Сонда Білім:

-Ол-Уақыт,-деді.-Уақыт?-деді Сүйіспеншілік,-онда маған Уақыт неге көмектесті?-деді.Білім күліп,ақылмен жауап берді.

-Тек Уақыт қана Сүйіспеншіліктің Өмірге аса қажет екенін біледі,-деді.


















Мұғалім сыйы.

«Ажалдан құтқарған асыл сөз»

Ерте кезде бір хан шеру тартып келе жатады. Бір шөлейт, сусыз далаға кездесіп, әскері де аттары да шөлдейді. Осылай зымырап келе жатқанда, алыста бір кішкене бұрат көрінеді.Хан жігіттеріне адырла жер ауыз сусыз болмайды, барып қараңдар дейді.-Шапқыншылар адырдың үстіне шықса, қойнауда бір қора қой бағып жүрген қойшыны көреді.Қойшыны кісі құрлы көріп амандаспайды.

-Су қайда? деп зіркілейді.

- Су деген көлме? дейді қойшы.Өзің қалай қисық сөйлейсің дейді. Бізге ана ханға ауыз су керек дейді ежіреген шабармандар. Мен хан ішеді деп қақсиып жатқан бұлақ жоқ дейді қойшы. Шабармандар одан әрі ызаланып, күш көрсетпек болады, қойшы тізерлеп отыра кетіпті.Хан райынан қайтып қойшыны босатқызыпты.Сонда қойшы: Ей тақсыр хан жердегі бос жатқан суды таба алмайтын басшы болып шығыпсыз,көшпелі қос өзеннің адыры ана тұрған,соны таппай қолыңызды қақсытып келесіз, келешекте қалай жол табасыз дейді, осыны айтып қойшы өгізіне тебініп қалып қойына жүріп кетіпті. Хан қапа болып, сөзден жеңіліп қала беріпті.
























Мұғалім сыйы.

«Бүркіт пен оның балапандары»

 Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір ерекше қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге өрлігімен өнеге болған әлгі бүркіт бір жылы өмірінде бірінші рет үш балапан басып шығарыпты. Балапандардың қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты. Ұшып келе жатып ол, өзіндік өмірге қанат қаққалы тұрған балапандарынан соңғы рет сынақ алып, былай деп сұрапты:

-Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп бағып-қаққанымды жақсы білесіңдер. Ертең өскесін, осының өтеуі ретінде маған қандай жақсылық жасайсыңдар?Біріншісі айтыпты:

-Анашым, сенің ақ сүтіңді ақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Мен сені өмір бойы қанатыма мінгізіп алып жүрем. Дүниенің төрт бұрышын түгел аралатам, таңғажайып тамашаларды көзіңмен көретін боласың.Бүркіт басын шайқап, уысындағы балапанын теңізге тастап жіберіпті. Бірінші балапан теңіз тұңғиығына батып кете барыпты.

Сосын екіншісіне бұрылып: -Ал сен не айтасың,-депті.Екіншісі айтыпты: -Анашым, мен сені ел аралатып, босқа әуре қылмаймын. Ғаламның барлық кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеліп берем, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады.Бүркіт тағы да басын шайқап, уысын жазып жібергенде, екінші балапан да біріншінің соңынан кете барыпты.

Бүркіт үшінші балапанына бұрылып, жарықшақ толы дауыспен былай депті: -Ал, сен мені қалай жарылқамақсың?Сонда үшінші балапан былай деп үн қатыпты:

-Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы ақиқатты ақтармасқа амалым жоқ. Маған жасаған жақсылықтарыңның шеті де, шегі жоқ екенін, оны өтеуге менің барлық ғұмырым жетпейтінін жақсы білемін. Дегенмен, менің өмірім сені әлемді аралатуға да, сан түрлі ғаламаттарды алдыңа алып келуге де арналмайтынын айтқым келеді. Мен, сенің маған жасаған жақсылықтарыңның барлығын өз балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын.Кәрі бүркіт сонда ғана көкірек кере терең дем алып:

-Біздің әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті,- деген

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!