Материалдар / Сұйықтардағы электр тогы

Сұйықтардағы электр тогы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сұйықтардағы электр тогының жүру механизмі, электролиттер туралы, оладың техникада және өмірдегі маңызы, электролиз құбылысы туралы ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2023
1450
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бекітемін»

Директордың оқу ісі жөніндегі

орынбасары: Р.Жаймақова



Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4.3 Әр түрлі ортадағы электр тогы

Колледж:Арал көпсалалы колледжі

Күні:

Мұғалім: Жансүгірова Г.

Оқу тобы: 16


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Сұйықтардағы электр тогы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.3.5 - электролиттердегі электр тогын сипаттау және электролиз заңын есептер шығаруда қолдану;

Сабақ мақсаттары

Электролит ерітіндісінің электродында тотығу-тотықсыздану реакцияларының нәтижесінде жүретін электролиз процесін талдау, электролиз процесінің өндірісте қолданылуын зерттеу

Бағалау критерийлері

  • Оқушылар электролиттердегі электр тогы туралы сипаттайды

  • Электролиз құбылысының практикадағы маңызын ұғынады

  • Электролиз кезіндегі өнімнің массасы мен көлемін анықтауға берілген есептерді шығара алады

Тілдік мақсаттар


Оқушылар

Электролиз процесінің ғылыми-теориялық негіздемесін сипаттай алады.

Сипаттауда келесі сөздер қолданады: Cathode, Anode, Ions, Oxidation, Anions, Cations, Selection Products және т.б.

Құндылықтарды дарыту

- тапсырма мазмұны арқылы топтық және жұптық жұмыстар ұйымдастыруда қарым-қатынас мәдениетін дамыту (құрмет, ынтымақтастық, жауапкершілік);

- сын тұрғысынан ойлана алатын, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.

Жаһандық азаматтық: өз елімен бүкіл азамзат игілігі үшін қызмет ететін ұрпақ тәрбиелеу.

АКТ қолдану дағдылары

Ақпаратты интербелсенді тақта көмегімен презентациялау, LearningApps платформасында жұмыс жасау

Пән аралық байланыстар

Химия курсынан электролиттік диссоциация, иондану реакцияларын біледі

География, материалтану.


Бастапқы білімі

8 сынып: тұрақты электр тогы тізбегі, Ом заңы, электр тогының сипаттамалары, электр тізбегі элементтері, электр энергиясы мен қуаты, термисторлар мен фоторезисторлар.

Сабақ барысы

Сабақ бөлімдері

Сабақ барысында жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Көңіл күйлерін шапалақпен білдіру.

Әдіс-тәсілдер: «Шапалақ».


Сабақтың ортасы

10-15 мин














3 мин





30-35 мин

























































5-7 мин




















25-30 мин

Үй жұмысын тексеру: мұғалім үй жұмысын тексереді.

  1. «Жасырын сұрақтар» Конфетте жасырылған сұрақтарға жауап береді

Әр дұрыс жауап 1 монета

Сұрақтар:

Металдарды ата

Металдардағы электр тогын тасымалдаушылар нелер?

Жартылайөткізгіштердегі электр тогын тасымалдаушыларды ата?

Диод не қызмет атқарады?

Транзистор қандай қызмет атқарады?

Диод дегеніміз не?

Металдардағы электр тогын зерттеген ғалымдарды атаңыз

Асқынөткізгіштік дегеніміз не? Кім ашты?

Жартылайөткізгішті приборлар қайда қолданылады?

Жұмыс түрі: Жеке жұмыс.



Үй тапсырмасын бекіту. Жаңа тақырыпты ашу.

«Мозайка» тәсілі арқылы өткен сабақты қорытындылап, жаңа сабақ тақырыбын ашу


Тәжірибе көрсете отырып проблемалық жағдай туғызу. Сабақ мазмұнын ашу

Жаңа сабақ:

Электролиз (электро... және грек. lysіs – еру, ыдырау) – еріген немесе балқыған электролитке батырылған электродтарда электр тогы әсерінен жүретін химиялық реакция. Электролиттер арқылы өткен электр тогы химиялық энергияға айналады. Электролиз электролитпен толтырылған ыдысқа екі электрод орналастырып, оларды тұрақты ток көзінің полюстеріне жалғастыру нәтижесінде өтеді. Электролиз аппараттарын электролизерлер, электролиттік ванналар деп атайды. Электролизерлер корпусы болат, керамика, пластмасса, шыныдан жасалады. Коррозия мен жоғары температурадан сақтау үшін корпустың ішкі беті гуммирланады, пластмасса, отқа төзімді кірпіш немесе коррозияға берік материалмен қапталады. Катодтар дайындау үшін болат, түсті металдар (сынапқорғасынплатина, т.б.), металдар қорытпасы, көмір немесе графит қолданылады. Анодтар еритін және ерімейтін болады. Еритін анодтар жоғарыда аталған түсті металдан, көміртекті болаттан, кейбір қорытпалардан, ерімейтін анодтар платина, графит немесе көмір, никель және қорғасын, марганец қос тотығы, магнетиттен жасалады. Ерімейтін анод электролиз кезінде бүлінбейді. Электр өрісінің әсерінен электролиттердегі зарядталған бөлшектердің – иондардың ретсіз қозғалысы белгілі бір бағытқа келеді: катиондар катодта, аниондар анодта зарядсызданады, яғни катиондар катодтан жетіспейтін электрондарын қосып алып тотықсызданады, аниондар анодқа артық электрондарын беріп тотығады. Балқыған натрий хлоридін  болатындықтан, Na+ катодтан жетпейтін электронын қосып алып, яғни тотықсызданып,NaCl электролиздегенде электролитте катион Na+ және анион Cl натрий  иондары анодқа артық электрондарын беріп, яғни тотығып газ түрінде Cl2 бөлінеді. Бұл мысалда анод хлор әсерінен бүлінбейтін төзімді материалдардан (платина, графит) дайындалады. Натрий хлоридінің (NaCl) судағы ерітіндісін электролиздегенде катодта бөлінген металл сумен әрекеттесіп сутек және сілті 2Na+2H2O=H2+2NaOH, анодта бөлінетін хлор сумен әрекеттесіпметалл күйінде бөлінеді. Cl тұз қышқылы мен хлорлылау қышқылын Cl2+H2O=HCl+HClO түзеді. Су ерітіндісінде электролиттің диссоциалануынан түзіін иондардан басқа, судың диссоциациялануынан сутек катионы мен гидроксил анионы болады, сондықтан катодта зарядсыздана алатын металл иондары және сутек катиондары болады. Қандай ионның зарядсыздануы олардың активтік қатардағы орнына, иондар концентрациясы мен электрод материалына байланысты. Оңай зарядсызданатын металдар активтік қатардың соңында, қиын зарядсызданатын металдар активтік қатардың бас жағында орналасқан. Электролиз процесі нәтижесінде бөлінетін заттың мөлшері сол заттың табиғаты мен электролиттен өткен ток мөлшеріне байланысты (Фарадей заңдарын қараңыз). Электролиз процесі лабороторияда, ғылыми-зерттеу жұмыстарында, өндірісте кеңінен қолданылады. Өндірістерде электролиз арқылы көптеген металдар, сілтілерхлорсутекоттекауыр су, көптеген органикалық заттар, тағы басқалары алынады. Электролиз техникада бедерлі заттардың көшірмесін металл бетіне түсіру, металл жалату, металдарды электролиттік тазалау, тағы басқалары қолданылады. Тез және өте жоғары дәлдікпен анықтайтын аналитикалық әдістер де электролиз процесіне негізделген

Электролиздің қолданылуы:

Медицинада, металлургияда, гальваностегия, гальванопластика, т.б.

Тиын монеталардың жасалуы, материалы туралы

Нибрасс-никель мен латунь ертітіндісі

Нейзильбер: Мыс, никель, мырыш(күміске ұқсайды)

Қазір: іші болат, сырты никель мен мыс

Талдау және зерттеу ұйымдастыру мақсатында диалогтық оқыту әдісі қолданылады. Мұғалім презентация көмегімен келесі мәселелер төңірегінде оқушылар арасында сұхбат ұйымдастырады: электролиттік диссоциация, диссоциация дәрежесі, рекомбинация, электролиттер, Фарадей заңы.

Жұмыс түрі: сынып көлемінде.

Бағалау: мұғалім комментарийі, (2-10 ұпай)

Жаһандық азаматтық: адамзат игілігі үшін электролиз процесінің өндірісте қолданылуына талдау жасау.


Жаңа сабақты пысықтау. Есеп шығару

Электролиттен 5 А электр тогы өткенде 15 минут ішінде электродта қанша күміс түзілетінін анықтаңыз




Жұмыс түрі: сынып көлемінде.

Бағалау: мұғалім комментарийі, (2-10 ұпай)

Әдіс-тәсілдер:

  1. «Кім жылдам?»

  2. Дискриптор:

LearningApps платформасы арқылы берілген сұрақтардың жауабын енгізіп жазады (10 ұпай)

  1. «Есеп шығару».

Электролиттен 300 мА электр тогы өткенде электродта 2 мг мыс пайда болды. Электр тогының электролиттен өту уақытын анықтаңыз (10 ұпай)

Бағалау критерийі

Электролиз құбылысын сипаттайды

Электролиз заңдарын қолданып, есептер шығарады

Дискриптор:

  1. Есептің шартын жазады

  2. ХБЖ-на келтіреді

  3. Электр тогының өту уақытының формуласын қорытады

  4. Ізделінді шаманы есептеп табады

Жұмыс түрі: жеке

  1. «Ақиқат, жалған» Берілген тұжырымдардың рас, жалғандығын анықтайды . Барлық дұрыс жауап үшін 10 ұпай

Жұмыс түрі: жеке жұмыс..

Бағалау: өзін-өзі бағалау. Оқушылар тапсырма соңын дескрипторлары бар бағалау критерийлері арқылы бағалауға қатысады.


Конфетке жасырылған сұрақтар



Тиын монеталар











Интербелсенді тақта

LearningApps платформасы


Тиын монеталар









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ