Материалдар / Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларының тақырыбы мен идеясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларының тақырыбы мен идеясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларына жалпы шолу жасалып, тақырыбы мен негізгі идеясын анықтадық
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Сәуір 2023
508
3 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларының тақырыбы мен идеясы



Орынбасарова Тұрсын Ерланқызы

Студент, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе облысы, tursyn0303@mail.ru, 87007228303, +7 701 396 7671

Аңдатпа: Бұл мақалада белгілі ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларының негізгі идеясы мен айтар ойы,шығармаларының басты кейіпкерлерінің бейнесі туралы сөз етіледі.Сонымен қатар жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін ақын шығармашылығындағы құндылықтар мен зиялы қауым өкілдерінің қоғаммен байланыстыра отырып,тұлға дамуына әсер ететін негізгі факторлар,жеке тұлғаның тәрбиелеу мәселесі қамтылған.





Сұлтанмахмұт Торайғыров – ағартушы-демократ, ақын, педагог, ол қысқа да жарқын 27 жыл ғана өмір сүрді және артынан құнды поэтикалық байлық қалдырды.С.Торайғыровтың шығармашылық мұрасында педагогикалық жұмыстар болмаса да, біздің көзқарасымыз бойынша, ақынның ұстаз ретінде тұлғасы айқын берілген және оның адамды адамгершілікке тәрбиелеу мәселелеріне қатысы анық көрінеді.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық мұрасын зерттеуге көптеген еңбектер арналған, мысалы, А.Акбаева, К.Жарықбаев, Б.Кенжебаев, К.Қойбағаров және т.б, олардың еңбегіне біз ақынның адамгершілік аспектісін айқындауда сүйенеміз.Ақынның барлық шығармаларында ол “жаңа әлеуметтік бастамаларда қазақ даласында қоғамдық өмірді қайта құру туралы арманымен” байланыстырған оның жоғары адамгершілікті адамды тәрбиелеуге деген қызығушылығы байқалады.С.Торайғыровтың мұрасын зерттушілер атап өткендей, ақын шығармаларының кейіпкерлеріне рухани тазалық тән, олар адал, еңбекқор, батыл және жігерлі, әділдік жеңісіне ұмтылған адамдар (“Адасқан өмір” поэмасының кейіпкері, “Кедей” поэмасындағы қойшы, “Қамар сұлудағы” Ахмет, “Мұңданамын” әңгімесіндегі мұғалім, “Қалай мен Есімнен айырылдым” әңгімесіндегі молда және т.б. ). С.Торайғыровтың пікірі бойынша, әділеттік қоғамдағы адамгершілік пен адамгершіліксіздіктің негізгі критерийі.

С.Торайғыровтың ойы бойынша қандай факторлар жеке тұлғаның қалыптасуына әсер етеді? К.Жарықбаев атап өткендей, “Кедей” поэмасының эпиграфында, “Әлемде бардың бәрі белгілі әрекеттердің, шарттардың және ортаның нәтижесі. Адам осы әрекеттерді жүзеге асырады, бұл оның жануарлардан айырмашылығы. Осыған адам ақылымен ойлап табылғанның бәрі негізделген” , ойшыл-ақынның негізгі философиялық кредосы берілген: жеке тұлғаның қалыптасуында өмір шарттары, орта жағдайы және адамның өзінің белсенді әрекеті шешуші рөл атқарады.Өзінің шығармаларында С.Торайғыров бақыт, жақсылық және зұлымдық секілді адамгершілік категорияларының мазмұнын ашады.

Ойшыл-ақынның пікірі бойынша, бақыт – өмірдің қуанышына кенелу мүмкіндігі, сол себепті С.Торайғыров әрбір азаматқа, әділеттікпен өмір сүру мүмкіндігін беретін әлеуметтік құқықты бекіту қажеттілігін жақтайды. Онсыз адам бақытты бола алмайды.

С.Торайғыров береке, рахатқа тек еркін қоғамда ғана қол жеткізуге болады деп ойлайды, онда әркімнің өз ісі үшін жауапкершілігін сезінуі қоғамның кемелденуінің негізгі өлшемі болады.С.Торайғыровтың нанымы да таңдандырады, адамның мақсаты да – бұл барлығының игілігі, ал барлығының мақсаты – әркімнің игілігі. “Уәде” өлеңінде басты кейіпкер үшін бақыт – өз ұлтын көркейтуде білімін қолдану үшін ғылымдар мен тілдерді меңгеру.С.Торайғыров, адам өмірге келгенде таза да күнәсіз бейкүнә болады деп санайды. Ойшыл-ақынның пікірі бойынша, қатал өмір жағдайы адамды жамандық жолына түсуге мәжбүрлейді, сонда да ақын жүрегінде жақсылық пен парасаттың жеңетініне деген үміт оты өшпейді.

С.Торайғыров, жақсылық пен жамандық арасындағы таңдау адамның адамгершілік деңгейімен негізделеді деп ой тұжырымдайды, бұл өз кезегінде, индивидтің білімділік, тәрбиелілік және еңбек сүйгіштік дәрежесімен түсіндіріледі. Міне осы қасиеттердің болмауы қазақтардың өмірінде көптеген бақытсыздықтарды тудырды.

Сұлтанмахмұт Торайғыров адам жақсылық жасауы керек деп толғанады.Жамандықтың негізгі түрлері ретінде С.Торайғыров өлім мен соғысты алады. “Өлім – бұл жамандық, бірақ осы зұлымдық күшіне мен бағынамын.”Соғысқа келетін болсақ, С.Торайғыров соғыс идеясының өзі адамгершілікке жат және моральды. Соғыс адамдарды “бұйрық бойынша кесіп, шабатын ” “қанышерлерге” айналдырады. “Соғыс салдарлары” өдеңінде ақын соғыстың адамзатқа әкелетін барлық зардаптарын ашып көрсетеді.Соғыстар, өлім және аурулар жерде жұмақ өмірді болдырмайды, себебі зұлымдық рухсыздық атмосферасын және бір-бірін түсінбеушілікті тудырады.Бірақ, адамның опасыздығына қарамастан, С.Торайғыров адам санасының жеңісіне сенді және адамның бақытты өмір құқын қорғады.

Біз С.Торайғыровтың “Таныстық”, “Айтыс” атты поэмаларына ерекше көңіл аудару қажет деп ойлаймыз. Бұл шығармалары жастарды адамгершілікке тәрбиелеуде маңызды құрал болып табылады. Сонымен қатар, ойшыл ақынның этикалық көзқарастарын және оның адамның адамгершілік тәрбиесі теориясына қосқан үлесін айқын да терең ашады.

Таныстық” поэмасын “Алаштың бар баласына” еркіндікті, теңдікті және достастықты жария еткен алғашқы идеялық-саяси партия – “Алаш” партиясының мүшелерін сипаттайтын тарихи құжат ретінде қарастыруға болады. Қазақ халқын бірлікке шақыра отырып, алаштықтар өздерінің әрекеттерін халық еркімен ұштастыруға тырысты. Поэманың құндылығы, С.Торайғыровтың өзінің ұлы замандастарына құрмет білдіруі: “Алашорданың” премьер-министрі Әлихан Бөкейхановқа, партияның идеялық шабыттандырушылар А.Байтұрсыновқа, М.Дулатовқа, А.Ермековке, Х.Ғаббасовқа, алғашқы қазақтың құқық магистрі Ж.Ақбаевқа, дәуірдің білімді әйелдерінің бірі Н.Құлжановаға, “қазақ халқының Сократы” Шәкәрім Құдайбердиевке және т.б. Олардың шығармашылығымен таныстыруды С.Торайғыров әрбір адамның қоғамдық парызы беп санады, себебі олар қазақ ұлтының бетке ұстардалы мен мақтанышы болды. Бірақ та поэманың мазмұны кейіпкерлерге портреттік сипаттама беруден ғана тұрады: шығарманың лейтмотиві адам құндылықтары мен антиқұндылықтарын салыстыру мен өзара түсінуішілік мәселелерін салыстыру мәселесі болып табылады. Әдеби-көркем аспектіде поэма ерекше жазу стилімен ерекшеленеді. С.Торайғыров Платонға еліктей отырып, ғалым қазақтың білімсіз қазақтың сұрағына жауап бере отырып, оқырмандарды ХХ ғасырдағы қазақ зиялыларының өкілдерімен таныстырады.

Бұл поэмасында С.Торайғыров қазақ ұлтының дәуірлеу жолдары туралы ой толғайды. Шешімін ол халыққа білім беруге ұмтылған дарындарды анықтаудан көреді. С.Торайғыров мәдени процесске жетуді мәдениетті, ізгілікті және шын мәніндегі зиялы адамдарға сенім арту керек деп сенеді. Сонда қазақ жерінде Абайға ұқсас данышпандар саны өседің. Егер олар қажетті білім мен тәрбие алса, онда ол Лев Толстой көтерілген “аспан биігіне” қол жеткізуге болады.

Ал қазіргі заманғы қоғамда, С.Торайғыровтың пікірі бойынша, кедейлікте өмір сүретін, күнделікті наны үшін мағынасыз қара жұмыспен айналысатын бақытсыз дарындар толып жатыр. Ал болашақ осы дарындармен байланысты, сондықтан да оларға қамқорлық көрсету, жағдай жасау қажет. Дарынды адам, жүйрік тұлпарға ұқсас:

Көп талант бабын тапсаң, жүрекке ұқсап,

Бабын тапсаң, жұрт қалар даңқына ере алмай.[1.38б]

Адамдық антиқұндылықтар арасында кең тарағаны ретінде С.Торайғыров мансапқорлықты алады.Бұрын қазақтарға мансапқролық жат болатын. Олар далада тыныш өмір сүрді. Бірақ та, Қазақстанның әлеуметтік-саяси өмірінде 1917-1918 жылдары болған өзгерістер бұл мәселені бірінші орынға шығарды. Бұрын белгілі бір әулеттер мен руларда жауапты қызмет орындары мұрагерлікпен берілетін болса, әртүрлі партиялар мен топтардың пайда болуы мұны түбегейлі өзгертті, билік басына алдыға қойған мақсаттарына жету үшін ешқандай жолдар мен құралдардан жиренетін адамдар келе бастады. С.Торайғыров поэмада комиссар болғысы, құрылтай жиналысына өткісі, өздерінің туыстарын комитетке өткізгісі келетін кейбір алаштықтардың әрекеттерін әшкерелейді. Бұл үшін бәрін қолданады: сөзбен қоқан-лоқы, насихат, жәбірлеу, жер аудару, моральдық жәбірлеу. Бұл туралы поэмада сипатталатын бір көрініс куә. Бұл көріністе шенеунік Дурмановтың Думаға сайлауда жергілікті халықтың көпшілік дауысын алу үшін депутат ретінде жанында молданы ұстағаны және қазақ тілін үйренгені әңгіме болады.

Таныстық” поэмасында С.Торайғыров тағы да бір әлеуметтік-адамгершілік мәселесін көтереді – ол әйел еркіндігі мәселесі. Ақын Қазақстандағы әйелдер қозғалысының белсенді қатысушысы , журналист И.Құлжанованы толығымен қолдады. Әйелдерді күңдіктен босатуды қолдады.Поэмасында С.Торайғыров, алаштықтармен съезде көтерілген қазақ әйелдеріне бостандық беру үшін қажетті шаралармен таныстырады: “оларды күйеулерінің алдында күңдіктен, отбасы мен туыстарының қаталдығынан құтқару. Әйелдерді қалың малға сатуды тоқтату. Күйеу таңдау құқын туыстарына емес, қыздың өзіне беру. Бесіктен атастыруға тыйым салу және кәмелеттік жасқа толғаннан кейін ғана үйленуге рұқсат беру, қыздар – 16 жастан, ұлдар – 18 жастан. Білім алу әйелдерге де, еркектерге де теңдей болуы тиіс. Оқытуды бөлек емес , бірге, жеті жастан бастап қыздар мен балаларды бірге қосып. ” Сонымен қатар ақын көп әйел алуға да қарсы шығады.

С.Торайғыров азат етуші-батырларды үш категорияға бөледі. Біріншісіне ол болашаққа сенетін, оған еліктеуге болатын кемел адамдарды жатқызады. С.Торайғыровтың пікірі бойынша мұндай адамдар қатарына Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, нәзипа ханым, А,Ермеков, Х.Ғаббасов жатады. Ақын ерекше Ә.Бөкейхановты, А.Байтұрсыновты, М.Дулатовты атайды, оларды планеталарға теңейді: Ә.Бөкейхановты – Айға, адамдардың құрмет тұтатын қасиетті заты; М.Дулатовты – Күнмен, оның қызметінің маңыздылығын атай отырып; А.Байтұрсыновты – Венерамен – аспандағы ең жарық жұлдызбен.

Бұл үштіктің қызметін ақын М.Горькийдің әңгімесіндегі Данко ерлігіне теңейді. Олар қазақ халқының тәуелсіздігіне қол жеткізу үшін, большевиктер секілді қантөгіс, соғыс жолын таңдаған жоқ, саяси күрес жолына түсті, ұлтық сана сезімді оятуға тырысты. Олар Алаш Орда өкіметін орнатып және “Алаш” автономиясын құрғанда, олардың талпысынтары шынайы болды.Бұл категорияның басқа бір өкілі – С.Торайғыровтың досы мен ұстазы, технологиялық институттың түлегі, профессор Әлімхан Ермеков. Ол Алаш Орданың “вице-премьері” болды және Алаш қозғалысына, қозғалыс сөзден нақты істерге ауысқан кезде қатыса бастады. Ақын Ә.Ермековты қазақ жерінің заңғар көгінде шарықтаған бүркітке теңейді. С.Торайғыров өзінің ұстазын бірқатар қоғамдық (халқына берілгендік, оның жақсы тұрмыс халіне қамқорлық, кедейлікке жаны ашу, байларды жек көру және т.б.) және жеке (қарапайымдылық, мейірбандық, достық ниет, адалдық, әділдік және т.б. ) ізгілер қатарына қосады.

С.Торайғыров поэмасында Х.Ғаббасовтың жеке қасиеттері мен қоғамдық қызметіне жоғары баға береді. С.Торайғыров Х.Ғаббасовта бастаған істі аяғына дейін жеткізу дағдысын, сөзден де істі жоғары қоятындығын, ұстамдылығын, тапқырлығын, санлылығын бағалайды. “Халқына қызмет ету – адамның парызы”- міне бұл Х.Ғаббасовтың ұраны болды. Ақын мұны айта отырып, оның съезде қойылған мәселелерді шешуде қосқан қомақты үлесін атап өтеді.С.Торайғыровтың айтуы бойынша, Н.Құлжанова қоғам және әдебиет салаларында ерекше әйел болған. Өз өмірін қазақ әйелдерінің өмірін жақсарту үшін, оны күңдіктен босату үшін күреске арнады. С.Торайғыров толығымен қолдаған Н.Құлжанованың пікірі бойынша, отбасы сүйгендердің тең құқығы ұстанымына құрылуы тиіс. Бұл пікірді Қазақстанның көптеген жас әйелдері мен прогрессвиті адамдары бөлісті және қолдады.

Зиялылардың екінші категориясына С.Торайғыров партияға өту – өзінің меркантильді мақсаттарына жетудің тәсілі ретінде болған алаштықтарды жатқызады. С.Торайғыров бұл адамдарды адамгершіліксіз эгоситер қатарына жатқызады. Антикейіпкерлер ге С.Торайғыров заңгер М.Боташевті, прокурор Ж.Ақбаевты, қорғаушы Р.Марсековты жатқызады, бірақ та оларды ақтайтын мәліметтер де бар, негізінен, алғашқы қазақ құқық магистрі Ж.Ақбаев туралы.С.Торайғыров прокурор Ж.Ақбаевты орыс тілді халықтарға орынсыз шабуылдан тұратын арзан әдістермен халық арасында атақ-даңққа ие болған адам ретінде сипаттайды. Жеке мінездемесі де мақтанарлық емес. Ол жеңілтек, шыдамсыз, қыңыр, ашуланшақ адам ретінде көрсетілген. Бірақ, басқа көзқарастарға сәйкес, Ж.Ақбаев – әртүрлі дарын иесі. Ол алғашқы қазақ құқық магистрі, зерттеуші-тарихшы, ғалым энциклопедист, бостандық үшін белсенді күрескер. Ол бар өмірін халқының тәуелсіздігі үшін күреске арнады. Сол себепті де Ж.Ақбаевтың есімі тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихында лайықты орын алуы тиіс. Өкімет комитетінің құрамына сайланған Ж.Ақбаевтың еңбегі оның “Алаш” партиясының саяси бағдарламасын жасауға қатысуы болды. Сталиндік түрмеде Ж.Ақбаевты қатты қинайды, 1932 жылы оны бес жылға Воронеж қаласына жер аударады. Ауруы әбден асқынған және өлер шағы жақын қалған Ж.Ақбаевқа Алматы қаласында емделуге рұқсат беріледі, ол мұнда 1934 жылы қайтыс болады. Сондықтан да, мұндай ерлік өмір және қайғылы қаза оған сәйкес баға беруді және есімін құрметпен есте сақтауды талап етеді.

М.Боштаев төмен білімді адам ретінде суреттеледі. Оның алған дипломы біліміне сәйкес келмейді, мансапқор, лауазымды орын үшін бәріне дайын екендігі айқын сипатталады.

С.Торайғыров Р.Мәрсековты “майда кеңсе қызметкері” және“Обломов” деп суреттейді. Өзі туралы жоғары пікірдегі Р.Мәрсеков өзін әдеби ет сыншылы ретінде санайды, бірақ та оның ғылыми қызметі бір сөзді басқамен ауысытурдан аспады.

Адамдардың үшінші тобына С.Торайғыров Б.Сәрсенов пен С.Сабатаевты жатқызады. Ақын оларды білімді, іскер, батыл, дарынды, борышына адал деп санайды. С.Торайғыров бір жағынан, олардың жеке басының қасиеттеріне бас исе, екінші жағынан – олардың қоғамдық қызметінің белсенді сипатта болмағанына өкінеді.

Поэмада Шәкәрім Құдайбердиев бейнесі айрықша орын алады. Ол шынайы философ, нағыз данышпан ретінде сипатталады.С.Торайғыров қазақ халқының ағарту ісіне салмақты үлес қосқан Шәкәрімнің білімділігін жоғары бағалайтындығын көрсетеді, оны Ә.Бөкейхановпен, А.Байтұрсыновпен қатар қояды. С.Торайғыровтың пікірі бойынша, Ш.Құдайбердиевтің беделі, оның нағыз гуманист және интернационалист екендігінде, ол адамды қандай да бір ұлттың өкілі емес, жеке тұлға, “саналы адам тұлғасы” ретінде көреді.

Шәкәрімнің еңбегі оның “халық арасында болуы”, оларды дана сөздерімен шындық жолына бастауы. Ш.Құдайбердиевтің ерекше бірегей бейнесі, С.Торайғыровтың пікірінше, оның “лас әлемде адалдығын, адамдығын және тура көзқарасын сақтай алуында ”. Осылайша, “Таныстық” поэмасында С.Торайғыров,қазақ халқының рухани мәдениетінің прогресіне жан жақты себін тигізген қазақ халқының зиялылар қауымымен қорғалатын өрлеу және мәдени дәстүрін сақтау құқын, білім алу мен өркениет құқын дәлелдеуді мақсат етіп қояды, өзінің адамгершілік ұстанымын ашады, сол кезеңдегі көптеген көрнекті қайраткерлердің мінездемелері негізінде өзінің адамгершілік құндылықтар мен антиқұндылықтарға қатысын көрсетеді. “Таныстық” поэмасы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны, оның мақсаттары, міндеттері, сондай-ақ жеке тұлғаның адамгершілік тәрбиесінің критерийлері туралы мәселені тереңірек қарастыруға себін тигізеді.

Айтыс” поэмасына да “Таныстық” поэмасы секілді ұзақ уақыт тыйым салынды, себебі онда ұлттық мазмұн болды.“Айтыс” – ойшыл-ақынның сүйікті шығармаларының бірі. Өкінішке орай, бұл поэма ақынның қайтыс боулына байланысты аяқталмаған. Бірақ та аяқталмаған болса да, бұл поэма біздің атақты отандасымызбен қалдырылған баға жетпес шығарма.

Поэма қазіргі күнде де көкейкесті мәселе – Қазақстанның суверенитеті мен тәуелсіздігіне , ұлттық қауіпсіздігіне және қазақ тілін мемлекеттік деп мойындау құқына арналған. 12 тараудан тұрады. Бұл поэмасында С.Торайғыров уақыттың тарихи кезеңін, “Қобыланды” мен “Ер Тарғын” дәуірінен бастап 1918 жылға, көтерілістің басталуына дейінгі кезеңін қамтыған. Бұл даму жақсы жаққа қарай бағытталмаса да, поэма дала халқының, қазақ салттары мен дістүрлерінің, тілінің және әдебиетінің өзінше бір әнұраны секілді. С.Торайғыров онда ұлттық түп тамырына жат өмір салтын жүргізіп отырған “қалалық” қазақтарды әшкерелейді.Зертетумізіге қатысты ерекше қызығушылықты оныншы тарау тудырады. Онда ойшыл өз ойларын келесі тезистерде береді:

- “Егер заманың түлкі болса, тазы боп шап”. Басқа сөзбен айтқанда, егер қиын уақытта өмір сүрсең, әрқашан дайындықта бол. Кең мағынада бұл тезис адамды, өзін бос және соқыр ретінде сезінбеуі үшін саяси және әлеуметтік-экономикалық сауаттылыққа, барлық өмірдік жағдайда бағдарға, қырағылық пен сезімталдыққа үйретеді.

- “Бірінші қылышты өзіңе сына, егер ауырмаса басқаларға да тигіз”. Яғни мейірбан болу керек, адамдарға қатігез оцмен және жек көрушілікпен қарау.

- “Жамандыққа жақсылықпен жауап бер (Өзіңді таспен атқанды, аспен ат)”. Тезис мейірбандық пен бекзаттыққа үйретеді.

- “Мың рет сөзбен қоректіндіргенше, бір рет шын мәнінде тамақтаныдыр. ” Тезис тұлға аралық қатынастарды құруға үйретеді.

- “Аспандағы шымшықтан, қолдағы торғай артық”. Әркім өз шамасы келетін жұмысты істеуі тиіс.

- “Алтынмен қапталған ер жүру кезінде ыңғайсыз” болса, оны өртеп жібер. Адам үшін заттарды таңдау олардың сұлулығына емес жеке басының қасиеттеріне бойынша таңдау қажет. Дос қиын сәттерде адал болуы тиіс.

- “Бірінші ақша тап, содан кейін талап ет.” Адамдар өзі нанын таба алуы тиіс. Тезис басқаның еңбегін пайдаланушыларға, жеңіл пайцда табудың әуесқойларына қарсы бағытталған.

- “Өзіңнің мүмкіндіктеріңе қарай талап ет” Бәрінде шамасын сақтау қажет.[2.64 б].

Айтыс” поэмасында С.Торайғыров ескілікті идеалдандыра отырып, қазақтардың дала өмірінің адамгерлішік құндылықтарын көрсетеді, сол кездегі қоғамды сынайды, ондағы адамның адамгершілік деградациясын, бұл деградацияның себебін, сондай-ақ оны жеңу шартын ашады.С.Торайғыров бұрын қазақтың ана тілімен үйлесімдікте болғанын, ұлттық салт-дәстүрын құрматтегенін және сақтағанын, оған жоғары мораль, бекзаттық, таза ойлар тән болғанын атап өтеді. Бірақ та қазақтардың өмірінде болып жатқан және олардың көзқарасына Абай уақытынан бастап, яғни ХІХ ғасырдың ортасынан бастап әсер еткен үлкен өзгерістермен байланысты қазақ адамы бұзыла бастады. Мұның себебін С.Торайғыров қазақтың өзінің түп тамыры мен тілінен айырыла бастағанынан, бауырлық,туыстық қарым-қатынастың тазалығы бұзылуынан іздейді, оның есесіне далалықтарға тән емес жағымпаздық пен бос сөздік өрістеді. Хандар бұрынғы билігінен айырылды, қыздар – мейірбандылығынан. Қоғам жалпы өзінің бұрынғы пәктігінен, намысынан және дәрежесінен айырылды. Адамдар атақ, даңқ үшін өтірікке, сатып алуға, күш қолдануға дейін барады. Көшпенді халық өміріне тән емес мансапқорлық, арызқойлық, бәсекелстік, жалқаулық секілді құбылыстар пайда болды.

1911 жылды С.Торайғыров ұлттық жоғары деградация және оның бірлігінің жоғалу кезеңі деп сипаттайды. Қазақ қоғамы “адам адамға қасқыр” ұстанымы бойынша өмір сүрген және “бәріне қарсы соғыс” жүргізуші қасқырлар мен аюлар тобырын еске түсірді.1917 жылғы көтеріліс және одан кейін елдегі болған бостандық қозғалыстары С.Тоарйғыровқа қоғамның жаңару мен өркендеу үмітін берді. Ақын қазақтардың ескі моральға құрылған таза өзара қарым-қатынасын еске алады. Олар әлі де далада кейбір жерлерде сақталып келеді, балалар ата-анасын сыйлайды, әйелдер – күйеулерін, далада махаббат адал, туыс жандар пайдакүнемдік пен зұлымдықсыз таза сезіммен қосылады, даладағы махаббат сатылмайды және тұрақсыз емес. Далалықтар күні бойы еңбек етеді. Далалықтар қонақжай. Олар үшін бастысы ұят сезімі мен құдайдың кәрінен қорқыныш. Олар әділдікке және зұлымдықтың жазаланатынына сенеді. Сонымен қатар ақын қалалықтардың мінез-құлқын сынайды: олардың жалқаулығы, сәнге құмарлығын, мейрамханалардағы тойлар, азғындаған өмірі, мансапқорлық, баюға деген ұмтылысы және т.б.

Поэманың соңғы тарауы Қазақстанның суверенитеті мен тәуелсіздігі мәселелеріне арналған. Бұл мәселені шешу үшін қазақтарға ұлттық сана-сезім, бауырластық және бірлік секілді қасиеттер болуы керек, олар өнем мен ғылымды меңгеруі тиіс, ұлттық қарулы күштері болуы керек деп ой тұжырымдайды С.Торайғыров.Сонымен, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әдеби-көркем мұрасын зерттеу негізінде біз мынадай қорытындыға келдік, ақын, ағартушы және педагог жастарды адамгершілікке тәрбиелеудің теориясына елеулі үлес қосты;

- адамгершілік тәрбиесінің мазмұнын ашты, адамгершілік құндылықтары мен антиқұндылықтарына айқын шек қойды;

- жастардың адамгершілік тәрбиесінің мақсаты н, міндеттерін және жолдарын көрсетті, яғни өзінің елі – Қазақстанды суверенитет пен ұлттық тәуелсіздкке әкелу үшін адам қандай көзқарастарға, мұраттарға, қаситтерге ие болуы керектігін көрсетті;

- жастардың адамгершілік тәрбиесінің критерийлерін жасады;

- жастардың адамгершілік тәрбиесінің міндеттерін тиімді шешу үшін құнды ұсыныстар берді.

Айтыс” поэмасы дала халқының, қазақтың салт-дәстүрінің, тілінің және әдебеитінің өзіндік ерекшелігі бар әнұраны іспеттестігін негізге ала отырып, біз С.Торайғыровтың өсіп келе жатқан жас буынның адамгершілік тәрбиесінің мәселелерін мәдени-тарихи тұрғыдан қарастырғанын байқаймыз.Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың, Ш.Құдайбердиевтің, С.Торайғыровтың көзқарастары Қазақстан Республикасында оқытушының кәсіби этикасының теориялық негіздерінің қайнар көздерінің бірі болып табылады.





Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қ.Ергөбеков.«Сұлтанмахмұт Торайғыров,» (екі томдық шығармалар жинағы) I том. Алматы, «Ғылым»,1993

2. Шаяхметов Ш.Ш, Жарықбаев Қ.Б. Қалиев С.Қ.,Қозыбаев М.Қ, Қирабаев С.С,Уманов Г.А.,Нұрахметов Н.Р. «Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы» Алматы, «Рауан» 1994

3. Жарықбаев Қ.Б.,Қалиев С.Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі».Алматы, «Санат» 1995.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!