Материалдар / Сұрапыл романындағы лексикалық мағынасы өгерген туынды сөздер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сұрапыл романындағы лексикалық мағынасы өгерген туынды сөздер

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеу жұмысы Сұрапыл романындағы лексикалық мағынасы өгерген туынды сөздер. Зерттеудің өзектілігі туынды сөздерді зерттеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Сәуір 2022
592
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады












Зерттеу жұмысы


СҰРАПЫЛ РОМАНЫНДАҒЫ ЛЕКСИКАЛЫҚ МАҒЫНАСЫ ӨЗГЕРГЕН ТУЫНДЫ СӨЗДЕР







АВТОР: Тәрбие Бүлдіршін _________

(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы, мерзімі)














Петропавл, 2019 ж.


ЖОСПАР

Кіріспе.......................................................................................................................3

1Сөздің лексикалық мағынасының өзгеруі, жолдары........................................5

1.1Туынды сөздер туралы түсінк..........................................................................5

2Сұрапыл романындағы лексикалық мағынасы өзгерген туынды сөздер......12

2.1 Шығармадағы.................12

2.2Сөз мағынасының қолданылу сипатына қарай түрлері...............................14

2.2.1 Шығармадағы лексикалық мағынасы өзгерген туынды сөздердің сөйлемдегі қызметі ...............................................................................................14

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................33

































Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Тілдің сөздік қорын үздіксіз байытып отыру негізінен тілдің ішкі мүмкіндіктерімен, заңдылықтарымен байланысты. Басқа тілдерден сөз қабылдау арқылы да тілдің сөздік қоры байып отыратыны көпшілікке таныс. Бұл- құбылыс қай тілге де жат емес және ертеден келе жатқан белгілі жағдай. Басқа тілден кірген сөздерді былай қойғанда, тілдің ішкі мүмкіндігі арқылы сөздік қорды молайтып, тілге үнемі қосылып жатқан жаңа сөздердің бәрі де белгілі жолмен жасалып, тілдің лексикалық қорынан орын тебеді. Тілде жаңа сөздердің жасалу жолы, тәсілдері аз емес. Бірақ олардың жалпылық жағын ескеріп, жинақтап үш түрлі тәсілді көрсету қазақ тіл білімінде дәстүрге айналып қалды. Олар: синтетикалық (морфологиялық), аналитикалық (синтаксистік) және лексика- семантикалық тәсілдер. Сөзжасамның лексика- семантикалық жолын белгілі ғалымдар Б.О.Оразбаева, Ф.А.Ғаниев өте көне тәсіл деп санаса, Ғ.С.Садвакасов бұл жолды сөзжасамға тән тәсіл деп қарамайды. Ғалым Ғ.С.Садвакасовтың пікірі - «сөзжасам қалай болғанда да белгілі бір аффиксация жолымен жасалады» деуі [1, 100 б.]. Тілдің негізгі сөздік қоры мен грамматикалық құрылымының қарым- қатынасына және олардың ішкі даму заңдылығына лайық сөздердің ішінара бір мағынадан екінші мағынаға ауысып отырулары тек өткен – қазіргі заманның ғана жемісі емес, ілгері уақытта да болатын құбылыстар екені даусыз. «Лексика-семантикалық тәсіл белгілі бір сөздердің жаңа мағынаға ие болуы, көп мәнді, ең бастысы омонимдік қатарда келуі арқылы жасалады. Сондай-ақ осы жол кейбір сөздердің ол бастағы мәнін жоғалту не болмаса әлсірету барысында басқа бір сөз тобының қатарынан танылуға жол береді» [1, 99 б.].

Зерттеу нысаны. Шығармадағы лексикалық мағынасы өзгерген туынды сөздердің ерекшелігі.

Зерттеу пәні. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеуші ғалымдардың еңбектерін негізге ала отырып, Какімжан Қозыбаевтың «Сұрапыл» романындағы лексикалық мағынасы өзгеріске ұшыраған туынды сөздерді табу, ерекшеліктерін көрсету. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттердің шешілуі көзделді:

  • Сөздің лексикалық мағынасының өзгеру жолдарын анықтау;

- Сұрапыл романындағы туынды сөздің стилдік мәнін ашу;

- Сөз мағынасының қолданылу сипатына қарай мағынасын анықтау.

Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Жұмыста зерттеуші ғалымдардың еңбектерін негізге ала отырып, жазушы Какімжан Қозыбаевтың «Сұрапыл» романындағы сөз тудырудың ерекшеліктері қарастырылып, анықталды.

Курстық жұмыстың дереккөздері. Зерттеу жұмысында Салқынбай А. «Қазіргі қазақ тілі», Сарбалаев Ж. «Сөзжасам мәселелері», Аханов К. «Тіл білімінің негіздері» т.б. зерттеу еңбектері, отандық ғалымдардың диссертациялық зерттеулері, оқу құралдары, ғылыми мақалалар.

Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысында негізінен ғылыми сипаттау, жүйелеу, баяндау, талдау әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Жұмыс барысында талданған тұжырымдар мен нақты деректерді көмекші құрал ретінде практикалық тұрғыдан қолдануға болады.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

Сөздің лексикалық мағынасының өзгеру жолдарын анықтау;

- Сұрапыл романындағы туынды сөздің стилдік мәнін ашу;

- сөз мағынасының қолданылу сипатына қарай мағынасын анықтау

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады, соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.


































1 СҰРАПЫЛ РОМАНЫНДАҒЫ ЛЕКСИКАЛЫҚ МАҒЫНАСЫ ӨЗГЕРГЕН ТУЫНДЫ СӨЗДЕР

1.1 Сөздің лексикалық мағынасының өзгеруі, жолдары


Сөз тілдің, оның сөздік құрамының заттар мен құбылыстарды, олардың қасиеттерін, шындық өмірдегі қатынастарын атап білдіретін негізгі бірлігі, дербес бөлшегі болып саналады. Лексикалық жүйенің даралық қасиетке ие негізгі бірлігі бола отырып, сөз жеке тұрып та, басқа сөздермен тіркесіп те тарихи қалыптасқан ұғымдарды білдіріп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіліп отырады. Сонымен қатар әр сөз не түбір морфемадан немесе түбір мен қосымша морфемадан тұрады. Қандaй сөз болсa дa, ол мағынасымен есепке алынып, белгілі кәдеге, қатынас құралы болуға жарайды. Бірақ сөзің барлығы мағына жағынан міндетін бірдей өтей бермейді. Мысалы, дербес лексикалық мағынасы бар зат есім, сын есім, сае есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеуіш сөздердің қызыметі бірдей емес. Жалпы лексикалық мағынаны айтқан уақытта ғалымдардың, көзқарасы пікірлері әр түрлі болып келеді. Көптеген ғалымдар лексикалық мағынаның тек затың атауын, сынын, санын білдіретін сөздере ғана болады десе, кейбіреулері одағай, есімдік, көмекші сөздерде лексикалық мағынаның болмайтынын айтады. Соңғы зерттеулер мен пікірлерге сүйенсек қазақ тіліндегі барлық атауыш сөздердің белгілі бір мағынасы болатынын дәлелдейді. Белгілі ғалым Ғ.Айдаров өзінің еңбектерінде «көне жазба ескерткіштер тілінде сөз тудырудың қазіргі тірі тұлғаларының бірсыпырасы барын және өлі тұлғалардың кездесетінін де айтады» [2, 9] Сөздің лексикалық мағынасының өзгеруінің, оның жаңа мағынаға ие болуының екі түрлі себебін көрсетер болсақ:

  1. Сөздің лексикалық мағынасының өзгеруінің, оның жаңа мағынаға ие болуының тілден тыс сыртқы себептері

2.Тілдік немесе лингыистикалық себептер

Лексикалық мағына сөздің басқа мағыналарының тууына негіз болады, сол себепті сөз мағыналарын саралағанда ең алдымен оның лексикалық мағынасына көңіл аудару керек.

Сөйлемде сөздердің бір тұтас бірліктен тұруы өте сирек кездеседі, әдетте сөйлемдегі сөз бірнеше мағыналық бөлшектен тұрады. Ол мағыналық бөлшектер марфемалар деп аталады. Басқаша айтқанда, сөздің морфологиялық құрылымы морфемалардан тұрады. Морфема деп сөзің бөлшектенуге келмейтін бөлшегі аталады. Осымен байланысты морфема екіге бөлінеді.

  1. Негізгі морфема деп әрі қарай бөлшектеуге келмейтін лексикалық мағынасы бар морфема аталаы. Мысалы: ат, ақ, бөл, бар, кел, кет, жас, өс т.б қазақ тілінің өсуі барысынды бұл марфемалар осы құрамда лексикалық мағынаны білдіреді, әрі қарай бөлшектеуге болмайды, әрі қарай бөлшектенсе мағына бермейді, сондықтан бөлшектенбейді.

  2. Морфеманың екінші түрі көмекші морфемалар. Олар өздігінен жеке қолданылмайтын, сөйлемде сөйлемде сөзің құрамында ғана қолданылып, оған түрлі грамматикалық мағына үстейтін, морфемалар аталады.

Сонымен атауыш сөздердің бәрі заттық ұғым сияқтыжалпы мағынаны білдіргенімен, іштей зат есім сөздер нақты мағыналары жағынан бір-бірінен ерекшеленеді. Мысалы:

Қыз кемітсе,

Жігітпе арланбаған!

Қалай төмен болады жардан бағаң!

Қызды қыз деп сүймеймін!

Сұлулық ол!

Ал сұлулық қашан да арман маған!

Осы өлең жолдарында қыз, жігіт, жар, баға, сұлулық, арман деген зат есім сөздер қоланылған. Осы алты зат есім сөздің бәрінде де заттық ұғым бар. Бірақ олпрдың мағынасында әр түрлі ерекшелік бар. Осындағы қыз, жігіт, жар деген зат есім сөздердің мәнін, түрі, түсңі, тұлғасын көзбен көріп, қолмен ұстауға болады. Сондай-ақ олар – адам атаулары, жанды затты білдіреді. Ал баға, сұлулық, арман деген зат есім сөздер- әр түрлі заттардың аты, сол арқылы о басқа заттардан ажыратылады.


Сонымен бірге лексикалық мағынаның өзгеруіне көп тәсілдер әсер етеді. Лексика-семантикалық тәсілде сөз мағынасының өзгеруіне байланысты ол үнемі бір сөз табынан екінші сез табына ауыса бермейді. Сондықтан лексика-семантикалық тәсілдін іштей айырмасы бар:

1) сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі;

2) сөз жаңа мағына алса да, сөз табын өзгертпей өз сөз табының құрамында қалуы.

Сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі. Ешбір тілдік бірліктің көмегінсіз, сез дыбыстық құрамын сақтай отырып, сөз мағынасы өзгеріп, басқа сөз табына көшеді. Мысалы, қорған, айтыс, жарыс, бірге, біреу, басқа, өзге т.б. Бұл сөздердің дәл осы тұлғада, осы құрамда тілде басқа мағыналары бар және ол мағыналары алғашқы негізгі мағынаға жатады. Олар:

1) қорған, айтыс, жарыс - етістік, қимыл, бірге, біреу - сан есім, сандық ұғым, басқа - сын есім, өзге - есімдік. Жоғарыда осы сөздердің: 1) қорған, айтыс, жарыс зат есімге көшкен мағынасы, 2) біреу -есімдікке көшкен мағынасы, 3) бірге, басқа, өзге -сын есімге көшкен мағынасы келтірілді. Сөздің жаңа мағынаға ие болуы, сол арқылы басқа сөз табына көшуі түрлі жолмен іске асады. Оның ішінде ғылымда заттану (субстантивация) тілдерге кең тараған түрі. Ал заттану -көбіне ықшамдау заңдылығына байланысты бо-латын құбылыс. Мысалы, қазіргі тілде бір жұма, бір жеті деген тіркестер бір-бірімен мағыналас. Осындағы жеті (апта) сөзінің заттық мағынасы алғаш "жеті күн" мағынасында қолданылып, күн сөзінің қолданыста түсіп қалып, ықшамдалуынан оның заттық мағынасы жеті сөзіне көшкен, сонда жеті сөзінің заттануына күн сөзінің қолданыстан шығуы себеп болған. Үші, жетісі,қырқы, жүзі, тоқсан (оқу мезгілі) сөздері де осы ретте заттанған. Соққан, туысқан, суыртпақ, қашаған, туған сияқты зат атаулары да жоғарыдағы сияқты сөздермен бір жол, тәсіл арқылы заттанған. Бір, біреу сөздерінің есімдікке көшуі, бірге, басқа, өзге, кетеген, қашаған сөздерінің сын есімге кешуі, бірден, етпетінен, басқа, текке, зорға, бекерге, әреңге, алға, артқа, әзірге, қазірге, күніге, кейде, артта, алда, баяғыда, қапыда, қапелімде, әуелден, ежелден, шетінен, лажсыздан, төтеден, шынымен, жайымен, түйдегімен т.б. осы сияқты сөздер үстеуге көшуі көнеру арқылы жүзеге асқан. Бұл сөздер тілде осы тұлғада, осы қосымшалармен қолданылып жүріп, бірте-бірте басқа мағынаға ие болып, жаңа мағынасына қарай сөз табын өзгерткен, бұл үрдісте сөйлем (контекст) үлкен қызмет атқарған. Келтірілген мысалдар тілдің сөздік құрамын байытуда лексика-семантикалық тәсілдің өзіндік орны барын білдіреді.

Тілдегі сөздердің түрлену жүйесінің бір ғана парадинасы және тек синтетикалық тәсіл арқылы түрленген сөзтұлғасын түрлендіретін парадгмалар көп, олар әр түрлі, мәслен зат есімнің, етістіктің әрқайсысының бірнеше сөз түрлендіруші парадигмалары бар. Олай болса, сөздердің тұлғасының қалай түрленуіне байланысты. Сонымен қатар лексикалық мағына түбір сөз арқылы беріледі.

 Сөздің өзге сөздермен қарым – қатынасқа, байланысқа түспей, жеке-дара тұрғанда тікелей түсінілетін халық таныған логикалық-заттық ұғымы, лексика-семантикалық түсінігі лексикалық мағына деп аталады. Сөздің лексикалық мағынасы адам санасында зат, құбылыс, әрекет жайында ұғым, түсінік пайда болғаннан кейін ғана қалыптасады. Екінші сөзбен айтқанда, лексикалық мағына дегеніміз- әр сөздің бір тілде сөйлейтін ұлт таныған, жалпыға түсінікті, меншікті мағынасы. Лексикалық мағына-сөздерді бір-бірінен ажыратып танудағы ең негізгі мағына. Сондықтан да ол сөздің басқа мағыналарының тууына негіз болады. Сөз лексикалық мағына арқылы ғана жеке-даралық сипатқа ие болады. Шындық өмірдегі заттар мен құбылыстардың сапасы мен қасиеттері де, қарым-қатынастары да сан алуан. Әр түрлі сапа қасиеттер, қарым-қатынастар сөздің лексикалық мағынасының құрамына еніп, бір сөздің екінші бір сөзбен ажыратылып жатуына не байланысып жатуына себепші болады. Түбір арқылы берілетін, арнаула грамматикалық мағынасы болмайтын, лексикалық мағынамен жарыса қолданылатын, жалпыланған, дерексізденген мағынаны лексика-грамматикалық мағына дейміз. Сөздердің бойында лексикалық мағына менлексика-грамматикалық мағына жеке-жеке өмір сүрмейді, бірімен екіншісі біте қайнасып, араласып жатады. Лексика-грамматикалық мағына, өзге де грамматикалық мағыналар сияқтылексикалық мағынаның жетегінде болады, соның негізінде анықталады. Сөз лексикалық әрі грамматикалық мағыналардың жиынтығынан құралып, біртұтас мағынаны білдіріп, сөйлемнің кірпіші бола алады.

Грамматикалық мағыналар да ақиқат дүниені бейнелейді, сәулелендіреді, солармен белгілі бір дәрежеде қарым-қатынас жасайды. Сөздердің лексикалық мағынасы сыртқы дүниемен араға ойлау процесін салып, адам миының қызметі негізінде байланысса, грамматикалық мағына лексикалық мағына арқылы ғана байланысады. Демек, лексикалық мағынаның шындық өмірді сәулелендіруі мен грамматикалық мағынаның сәулелендіруі бірдей емес. Лексикалық мағына жеке сөздерге тән болса, грамматикалық мағына белгілі бір сөз табына енетін сөздердің тобына тән.

Жұрнақтар мен жалғаулар тарихи жағынан алып қарағанда, ертеректе дербес мағыналы сөздер болған. Бірақ кейбір қосымшалардың төркінін табу қиын, өйткені олардың алғашқы негізі туралы ешқандай із қалмаған. Дегенмен –мен, (-пен, -бен) көмектес септігінің бирлан шылауынан, -тын, (-тін) жұрнағының тұрған есімшесінен, -ша жұрнағының шақ сөзінен шыққандығын түркологтар дәлелдеп отыр. Бұлар мағынаның толық тарылғандығына мысал бола алады (Барлыбаев Р. Қазақ тілінде сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы. –А., 1968).



1.1 Туынды сөздер туралы түсінік

Туынды сөздер – тіліміздегі ең көп сөздер, өйткні олар тілдің барлық кезеңінде үздіксіз жасалап, тілге қосылып, сөздік қорды үнемі байытып отырған. Сондықтан туынды сөздердің түрлерін білу үшін, сөзжасамдық тәсілдерді білу керек. Сөзжасамдық жұрнақ тәсілі арқылы туынды түбір сөздер жасалады.Мысалы өткір< өт+кір, жарлы<жар+лы, кәсіпкер<кәсіп+кер, сана <сан+а жем<же+м.

Туынды сөздер құрамына қарай дара және күрделі болы, екі үлкен топқа бөлінеді. Дара және күрделі туынды сөздердің осылай бөлінуі олардың екі түрлі тәсілмен жасалуына байланысты. Жұрнақ тәсілімен жасалған туынды сөздер дара туынды сөздерге, яғни туынды түбірге жатады. Мысалы: зейнеткер, тәлімгер, оралман, оқырман, айыпкер, өсімтал, оқылым, пікірлес, оралман, намысқой, адалдық т.б. Дара туынды сөздер лексикалық мағына береді, бір ғана сөзден тұрады. Дара туынды сөздерге негізінен туынды түбір сөздер жатады. Мысалы: кәсіпкер, аялдама, оқырман, көрермен, өзгер, қосақта, сөйлесім, жалақор, тілші т.б.

Дара туынды сөзге мағына тәсілі арқылы жасалған туынды сөздердің дара түрі де жатады. Мысалы: буын, тасыымал, құн, нарық, баға т.б Бұл сөздер күнделікті өмірде қолданылып, бейтарап мағынасы және солардың негізінде кейін жасалған термин мағынасы бар. Термин мағынасында бұл сөздер туынды сөздерге жатады, бірақ мұндай сөздер туынды түбірлерге қарағанда әлдеқайда аз. Дара туынды сөздердің негізін туынды түбір сөздер құрайды.

Қазақ тіл білімінде түбір сөз туынды сөз туынды түбір деген терминдердің жігі ажыратылмайды. Кейде олар бірінің орнына бірі қолданылуы кездесе береді. Сондықтан оқулықта бұл терминдердің қандай мағынада қолданылғанына түсінік берілді.

Түбір сөз- мағыналы бірліктің грамматиклық тұлғаларға түрленбей тұрғандағы сөздіктерде берілетін түрі. Мысалы, он, жақсы, отыр, сыбызғышы, жылыжай, жолқиыс, әсемпаз, талапкер т.б. Бұлардың әрқайсысының да – тілде белгілі мағынаны білдіретін сөздер. Осылардың қалай жасалғандығына, құрамдарының түрлілігіне қарамастан, бәрі де түбір сөздерге жатады.

Түбір сөз деп лексикалық мағына беретін, сөздікте белгілі орны бар, белгілі бір сөздер тобына жататын сөздер аталады. Түбір сөздер екі үлкен топқа бөлінеді, олар: негізгі түбір және туынды түбір. Негізгі түбір сөз бір морфемадан ғана тұрады, әрі қарай бөлшектеуге келмейді, тұтас тұрып лексикалық мағына береді. Мысалы: ол, ел, ата, ана т.б

Қандай сөз болса да, тілдің даму тарихында тілдік өзгерістерден өткен. Сондықтан түбір сөздерді ажырауға тілдегі қазіргі қалыптасқан қалпы негізге алынады.

Туынды сөздер – тіліміздегі ең көп сөздер, өйткені олар тілдің барлық кезеңінде үздіксіз жасалып, тілге қосылып, сөздің қорды үнемі байытып отырады. Туынды сөздер құрамына қарай екі үлкен топтан тұрады. Олар: 1)дара туынды сөздер 2) күрделі туынды сөздер.

Туынды сөздердің дара және күрделі болып екіге бөлінуі олардың екі түрлі сөзжасамдық тәсілмен жасалуына байланысты. Атап айтқанда, дара туынды сөздер сөзжасамдық жұрнақ тәсілімен жасалған. Мысалы: зейнеткер, тәлімгер, оралман, айыпккер, өсімтал, сөйлем т.б. Дара туынды сөздер лексикалық мағына береді, бір ғана сөзден тұрады.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!