Материалдар / Сұрақтарды дұрыс қою және жауап алу- оқытудың тиімді жолы.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сұрақтарды дұрыс қою және жауап алу- оқытудың тиімді жолы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға оқыту барысында ,оқушыларға сұрақтарды дұрыс қою және жауап алу арқылы- оқытудың тиімді жолын таңдай білуге көмектеседі .
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Сәуір 2021
339
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сұрақтарды дұрыс қою және жауап алу- оқытудың тиімді жолы.


Қазіргі кезеңде өзекті болып отырған «оқу қоғамдастығы» деген ұғым бар, онда оқушылар да, мұғалімдер де өздерін білім алушылар деп есептейді. Оқушылардың арасында бірлескен жұмыс, бір-бірін қолдау, топтық рух мадақталады.Ал ұстаздар тарапынан, оқыту барысында дұрыс сұрақ қоя біліп және оған алынатын жауапты мұқият зерделеп, содан кейін туындайтын сұрақтарды ойластырудың маңызы үлкен.

Оқу үдерісінде оқушылардың білім алуларын қолдау мақсатында сұрақ қоюдың түрткі болу,сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әр түрлі түрлерін пайдаланамын.

Түрткі болу дегеніміз : түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін керек, мысалы,, сұрақты қарапайым етіп қою,өткен материалға оралу,ойға салу,дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу.

Мысалы , 4-сыныптың әдебиеттік оқу пәнінде жазушы Жүсіпбек Қорғасбектің «Сынақшы-ғарышкер» әңгімесі бойынша ,оқушыларға қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың жастық шағы туралы өткен,алдыңғы материалға сүйене отырып,оқушылардың бұрыннан білетін ақпараттарын басшылыққа алып ,оларға мәтін бойынша қарапайым сұрақтан бастап,күрделі түрткі сұрақтар қою арқылы әңгіменің мазмұны мен негізгі ойы толық ашылды.

Сынақтан өткізу: сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет, сонымен бірге «Тағы да мысал келтіре аласыз ба?»деген сияқты сұрақтар тапсырманы орындау барысында оқушыға бағыт бағдар береді.Жоғарыда аталған мәтінмен жұмыс барысында оқушылар,қазақтан шыққан басқа ғарышкерлер Т.Мұсабаев пен А.Айымбетов туралы да ақпараттарды мысалға келтіре отырып,дүниетанымдарын кеңейту, өз ойларын нақты білдіру мақсаттарына қол жеткізілді.

Қайта бағыттау сұрақтары дегеніміз: сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау,мысалы, «Көмектесе алатындар бар ма?» деген сұрақты қою арқылы, осы мәтінмен жұмыс кезінде, «Сынақшы-ұшқыш болудың қиындығы неде?» ,» «Тоқтар басына түскен қиындықты қалай жеңе білді ?» деген сұрақтарға жауаптарды оқушылар бірлесе іздеп, мәтіндегі кейіпкердің іс-әрекетін бағалады.

Оқытуды диалогтік тәсілімен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыра отырып, сұрақ қою арқылы мен: («Мұғалімге арналған нұсқаулық» 2012ж ІІІ басылым, 41- бет)

  • оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырдым;

  • оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтадым;

  • оқушыларға білімін  құштарлықты дамытуға, қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектестім;

  • оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал еттім;

  • оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал жасадым;

Қорыта келгенде, білім беру мен білім алуда оқушы мен мұғалімнің, оқушы мен оқушы арасындағы диалогтің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі, дамуы байқалды,сұрақтарды дұрыс қою және жауап алу кезінде, оқушылардың сабаққа қызығушылығы артты, білім деңгейі жоғарылады , тақырыпты терең меңгеруге мүмкіндік алады.










Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!