Материалдар / Сүзбе құрамындағы крахмалл мен өсімдік майын анықтау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сүзбе құрамындағы крахмалл мен өсімдік майын анықтау

Материал туралы қысқаша түсінік
Сүзбелі ірімшік құрамындағы крахмалл мен өсімдік майын анықтаған нәтижелер келешекте халықтың денсаулығын сақтауда, аурудың алдын алуда маңызды рөл атқаратындықтан, оларды келешекте биология, химия пәндерінің сабақтарын өткізгенде, зертханалық жұмыстарды орындағанда пайдалануға болады және бұл тақырыпта көптеген ғылыми жұмыстар жүргізілетін болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қаңтар 2023
802
20 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы

«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»КММ









Тақырыбы: « Сүзбелі ірімшік құрамындағы

крахмалл мен өсімдік майын анықтау»









Авторы: 7 в сыныбы оқушысы Токанов Акылжан

Жетекшісі: Химия пәнінің мұғалімі Гүлдар Кәмелбекқызы







Семей қаласы

2023 жыл




МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ


1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

3

1.1. Сүзбелі ірімшіктің шығу тарихы .

1.2. Сүзбелі ірімшіктің адам ағзасына әсері

1.3. Сүзбелі ірімшіктің түрлері мен құрамы


4

5

6

2 ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ



2.1. Зерттеу материалдары

8

2.2. Зерттеу әдістері

8

2.2.1.Сүзбелі ірімшік құрамындағы крахмалды анықтау

2.2.2. Сүзбелі ірімшік құрамындағы өсімдік майын анықтау

8



3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАУ


3.1. Сүзбелі ірімшік құрамындағы крахмалды анықтаған нәтижелер

16

3.2. Сүзбелі ірімшік құрамындағы өсімдік майын анықтаған нәтижелер

3.3. Сүзбелі ірімшік түрлерін қолдануға бағытталған ұсыныстар

19


9




9

ҚОРЫТЫНДЫ


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


10

















КІРІСПЕ


Зерттеу жұмысының мақсаты:

Сүзбелі ірімшік құрамындағы крахмалл мен өсімдік майын анықтап, алдын алу шараларын қарастыру.

Зерттеу гипотезасы: Сүзбелі ірімшік құрамындағы крахмалл мен өсімдік майын анықтаған нәтижелер келешекте халықтың денсаулығын сақтауда, аурудың алдын алуда маңызды рөл атқаратындықтан, оларды келешекте биология, химия пәндерінің сабақтарын өткізгенде, зертханалық жұмыстарды орындағанда пайдалануға болады және бұл тақырыпта көптеген ғылыми жұмыстар жүргізілетін болады.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Зерттелетін ірімшіктерді іріктеп алу;

  2. Сүзбелі ірімшіктер құрамындағы крахмалл мен өсімдік майын анықтап, бағалау;

  3. Сүзбелі ірімшіктер құрамындағы крахмалл мен өсімдік майы аз өнімдерді пайдалануды қарастыру.

Зерттеу нысандары «Эмиль», «Восток-продукт» және табиғи үй сүзбелі ірімшіктері.

Зерттеудің әдістері: Зерттеу жұмысында зерттеу, ой-пікірлерді жинақтау, салыстыру, талдау, қорыту, сипаттау т.б. әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Дүкеннен сатып алынған және үйде жасалған ірімшік құрамындағы крахмалл мен өсімдік майының болмауы және ол өнімді қолдану.

Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңыздылығы: Зертханалық жағдайда орындауға қолайлы, әрі нақты нәтиже береді.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспе, әдеби шолу, зерттеу материалы мен әдістемесі, зерттеу нәтижелері, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.















3

1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1.1. Сүзбелі ірімшіктің шығу тарихы .

Сүзбенің шығу тарихына тоқтала кетсек,оның нақты қашан және қалай пайда болғаны ешкімге мәлім емес.Ғалымдар тек қана шамалап айта алған.Олардың пайымдауынша,бұрынғы заманда бір адам сүтті күннің көзіне тастап кеткен. Күннің түскен сәулелерінен әлгі сүт ашып,қышқыл болып қалған.Әрине,бұндай сүтті ішуге келмейді,сондықтан әлгі адам оны төгіп тастаған.Бірақ,сол төккен жерде бір уыс мата жатқан.Осылайша,сарысу матадан өтіп кеткен,ал сол сүзбелі ірімшіктің өзі матада қалып қойған.Сөйтіп,әлгі адам матада қалған сүзбелі ірімшіктің дәмін көрсе,ол өте дәмді,жеуге болатын тағам болып шығады.Осыдан соң адамдар,сүтті күн көзіне қойып,ашытып,матадан өткізіп,сүзбелі ірімшік жасай білген.Уақыт өте келе,әрине,технология дамып,сүзбелі ірімшікті жетілдірілген әдіспен жасай бастады.Жалпы,сүзбелі ірімшік жайлы ең алғаш Рим жазушысы, ғалым, тарихшы Марк Теренция Варонна жазған болатын.Ол елде де сүзбелі ірімшікті ерте заманнан пайдалана бастаған,оны ежелгі жазылған жазбалардан байқауға болады.Бірақ,римдіктер оны ферменттің көмегімен сүтті ашыту арқылы дайындады. Олар сүтті бұзау, ешкі немесе қарыннан дәм алды (бұл процессті, әрине, қазіргі заманғы адамға елестету қиын). Мұндай ұйытқыны сүтпен ыдысқа салып, оны жылы күйінде қалдырды, сүт пісіп, сүзбелі ірімшік дайын болды.Тағамның бұл түрін байлар да,кедейлер де бірдей қолдана білген. Сүзбелі ірмшік сол ерте ғасырдағы әрқашан үстелдің төрінен табылатын тағамдардың бірі болды.Сондықтан да,сүзбелі ірімшіктің жасалу жолдарын адамдар қазіргі таңға дейін жетілдіріп,көптеген жасау әдістерін ойлап тауып,әлі де зерттеу үстінде.

1.2. Сүзбелі ірімшіктің адам ағзасына әсері

Сүзбелі ірімшік дәстүрлі ақуызды, сүт қышқылды жоғары тағамдық және емдік-диеталық қасиеті бар өнім. Оны пастерленген тұтас не көк сүтті ұйытып және алынған қоймалжыңнан сарысудың бір бөлігін бөлу арқылы өндіреді. Сүзбелі ірімшік сүттен дайындалған, кальций мол керемет тағам. Онда 14-тен 18 пайызға дейін ақуыз мөлшері кездеседі. Сүзбелі ірімшікте жасұнық құрылымы мүлде жоқ. Сондықтан, ет, құс еті және балықтағы ақуыз көздерінен ерекшеленеді. Сүзбелі ірімшік жеңіл қабылданады және толығымен қорытылады. Сүзбелі ірімшіктегі майдың көлемі 20 пайызға дейін жетуі мүмкін, бірақ диеталық майсыздандырылған түрлері де бар. Оның майсыздандырылған түрлері аминқышқылының алмастырылмайтын түрі метионинге бай. Ол ағзадағы холестерин көлемін азайтып, бауыр майлануының алдын алады. Ал бауырдың майлануы ағзаға токсиндерді немесе түрлі дәрі-дәрмектерді қабылдауға мәжбүрлейді.

4

Пайдасы

Тұқым қуалау арқылы келетін бұлшық ет дистрофийін емдеу кезінде ауырған адамға анаболикалық стероидттердің көп дозасын береді. Осылайша, стероидтардың бауырға әсер етуінің алдын алу үшін ауырған адам міндетті түрле күніне 300 грамм сүзбе ірімшігін жеуі тиіс. Аяғы ауыр және емізулі баласы бар әйелдер кальций мен басқа да микроэлементтерге бай сүзбелі ірімшікті жиі қолданғаны жөн. 5-7 айлық сәбиге де сүзбе беруге болады. Балалар үшін сүттен жасалған, ұзақ уақыт қайнатылмаған майсыз сүзбелі ірімшік тиімді. Сүзбелі ірімшік ағзадағы ұлпаның өсуіне және қалыпқа келуіне жақсы әсер етеді. Сонымен қатар, жүйке жүйесі мен қан айналым және жүрек қызметіне пайдалы. Сүзбелі ірімшік тек қана балалар үшін ғана емес, егде адамдарға да аса қажет. Ол бауырды, атеросклерозды және гипертониялық ауруларды емдеу кешінде диета құрамына кіреді. Сүзбелі ірімшік асқазандағы және ұлтабардағы жараны, созылмалы гастритті, өт қабындағы созылмалы ауруларды, панкреатитті, ішек ауруларын емдеуге көмектеседі. Бұл тағам кез келген диета құрамына енеді. Құрамындағы кальций тұзы мен фосфордың көлемі және екеуінің физиологиялық тұрғыдағы жақсы қатынасының әсерінен сүзбелі ірімшік өзге тағамдардан ерекшеленеді: шамамен 0,4 %. Атап өту керек, сүзбелі ірімшіктегі кальцийдің молдығы туберкулез кезінде, сүйек сынғанда, рахит кезінде, бүйрек пен жүрек ауырғанда жақсы әсер етеді.Диеталық сүзбелі ірімшік қант диабетімен ауыратындарға, әлсіреген адамдарға, жарақат алып, күйік шалған, жүрегі ауыратын адамдарға аса қажет. Емдік құрамының әсерінен сүзбелі ірімшіктің емдік қасиеті де мол. Сүзбелі ірімшітің құрамындағы казеин жануарлардаға ақуызды алмастырып, тойымдылығымен ерекшеленеді. Емдік қасиетінің арқасында сүзбелі ірімшік сүйек тканін қатайтады, атеросклероздан қорғайды. Ол көптеген диеталарадың құрамына енеді. Сүзбелі ірімшік жүйке жүйесін нығайтып, сүйек тканін қалпына келтіретін қасиетімен де ерекше. Асқазан-ішек ауруларында сүзбелі ірімшік емдік мақсатпен қолданылады. Өйткені, қорытылуы тез, жеңіл қабылданады. Мұндай аурулар кезінде майсыздандырылған, диеталық сүзбелі ірімшікті немесе қаймаққа ұқсас, ең бастысы қышқылдығы төмен сүзбелі ірімшік қолданған жөн. Әдеттегі сүзбелі ірімшіктің қышқылдығы асқазан жарасы немесе гастритпен ауыратындар үшін де жоғары саналады. Мұндай сырқаты бар адамдарға тығыз сүзбелі ірімшікті ұсынамыз. Халықтық медицинада сүзбені пайдаланды. Әсіресе, өкпе қабынуы мен бронхиттті емдейді. Ол үшін қышқыл сүзбелі ірімшіктен компресс дайындайды: 200 грамм сүзбелі ірімшікті бір ас қасық балмен араластырады. Алынған қоспаны тегістеп матаға жағады да, жоғарыдан жабады.

5

Зияны

Сонымен қатар,сүзбелі ірімшіктің пайдалы жақтарынан бұрын,зиянды жақтары да бар.Мысалға,сүзбелі ірімшікті төзуге болмайтын ауру кезінде қолданбайды. Сонымен қатар, бүйрек ауырған кезде де қауіпті. Өйткені, сүзбелі ірімшік қатарында ақуыз көп. Одан бөлек, майлылығы жоғары сүзбе ірімшігі қандағы холестерин мөлшерін көбейтеді және мұның нәтижесі семіру мен атеросклерозға әкелуі мүмкін. Уақыты өтіп кеткен, бұзылған сүзбелі ірімшікті қолдануға болмайды (үй сүзбелі ірімшігінің мерзімі 36 сағат, ал дүкеннен сатып алынған сүзбелі ірімшік 5 күнге дейін шыдайды). Өйткені, бұл ішек инфекциясын тудыруы мүмкін.

1.3. Сүзбелі ірімшіктің түрлері мен құрамы

Сүзбе ірімшігінің түрлерінде тоқталсақ, жаңа ғана айтып кеткен майлы сүзбе өндіру үшін құрамында шамамаен 18% майы бар сүттен жасалған сүт қолданылады.

Майсыз сүзбе ірімшік майы жоқ сүттен жасалады. Мұндай сүзбе құрамында барлық пайдалы заттар бар және оны диета кезінде де тұтынуға болады.

Кальциленген сүзбе ірімшік сүтті кальций хлоридімен ашыту арқылы өндіріледі.

Сонымен қатар, түйіршіктелген сүзбе бар, ол ұзақ сақталады және майлыға қарағанда үлкенірек.

Құрамы.

Сүзбе ірімшік - өте минералды заттар, минералдар, аминқышқылдары, ақуыздар және сүт қанттары бар өте қоректік тағам. Сүзбе фосфорға, магнийге, натрийге, темірге және кальцийге бай. Сүзбе құрамында РР, В1 және В2, А, С дәрумендер бар. 100 грамм сүзбе ірімшік құрамында: Май - 9 г, протеин - 16,7 г, көмірсулар - 2 г, А дәрумені - 80 мкг, РР витамині - 3,1722 мг, С дәрумені - 0,5 мг, В1 дәрумені - 0,04 мг, В2 дәрумені - 0,3 мг, фосфор - 220 мг, натрий - 41 мг, калий 112 - мг, кальций - 164 мг, магний - 23 мг темір - 0,4 мг калория - 155,3 ккал.

Сүзбе ірімшігі - тез бұзылатын өнім, сондықтан сіз оны аз мерзімде ғана қолдана аласыз. Тоңазытқышта сүзбе ірімшігі екі күннен артық сақталмауы керек. Егер ол ескірсе, оны қолданар алдында оны жылыту керек, мысалы, ірімшік, құймақ немесе кәстрөл пісіру керек. Әрине, сүзбе үйде дайындалуы да мүмкін.

Сүзбе ірімшігінің сіңімділігі жайында айтсақ, оның басты ерекшелігі - оның тез әрі оңай сіңіру қабілеті. Одан алынған ақуыздар ет, сүт және балық ақуыздарына қарағанда тезірек ұлпаларға енетіндігін ғалымдар дәлелдеді.

6

Сонымен қатар, құрамында ақуыз көп майлы сүзбе ірімшігі, диеталық тағамға қарағанда тез сіңеді. Алайда, оның құрамында май көп, сондықтан, артық салмағы бар адамдарға майсыз сүзбе ірімшігін жеген жөн. Егер сіз оны тіпті түнде қолдансаңыз, ол қосымша салмақ қоспайды. Айта кету керек, сүзбе ірімшік дайындауды үйде дайындаған жөн, оны үйде жасауға болады, өйткені ол әлдеқайда пайдалы. Ол үшін сүзбе ірімшігіне арналған сүтті тез қайнатып, салқындату керек. Немесе оны 80 градус температураға дейін қыздырып, оны он бес минуттай ұстап пастерлеуге болады. Отыз градусқа дейін суыған сүтте жалпы сүт массасының шамамен бес пайызын ашытқыны құйып алуыңыз керек. Ашытқы ретінде қаймақ немесе қышқыл сүт алуға болады. Ашыған сүті бар ыдысты жылы жерге қою керек, содан кейін тромб пайда болған кезде сарысу бөлініп, пресс астына қойылғанға дейін оны дәке кигізеді. Кейде сүзбе ірімшігін пісіру үшін шикі сүт қолданылады. Бұл жағдайда, ол тромб пайда болғанша жай жерге жылы жерге қойылады. Алайда, мамандар шикі сүттен сүзбе жасауға кеңес бермейді, өйткені оның құрамында денсаулыққа қауіпті микроорганизмдер болуы мүмкін.























7

2 ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

2.1. Зерттеу материалдары

Зерттеуге «Эмиль», «Үй ірімшігі» , «Восток-продукт» сүзбелі ірімшіктері алынды.

2.2. Зерттеу әдістері

1.Сүзбелі ірімшік құрамындағы крахмалды йодтың спирттегі ертітіндісі арқылы анықтау.

2. Сүзбелі ірімшік құрамындағы өсімдік майын жылы су арқылы анықтау


2.2.1.Сүзбелі ірімшік құрамындағы крахмалды анықтау

Алынған сынамаларға йодтың спирттегі ерітіндісін тамызамыз.

Егер йод ерітіндісінің түсі өзгермесе ірімшік құрамында крахмалл жоқ.



2.2.2. Сүзбелі ірімшік құрамындағы өсімдік майын анықтау.

Алынған сынамаларға жылы су қосып араластырып,тұндырамыз.

Егер тұндырылған ірімшіктегі судың бетінде сары түсті май байқалмаса онда ірімшік құрамында өсімдік майы жоқ.

















8





3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАУ

3.1. Сүзбелі ірімшік құрамындағы крахмалды анықтаған нәтижелер

3.2. Сүзбелі ірімшік құрамындағы өсімдік майын анықтаған нәтижелер


3.3. Сүзбелі ірімшік түрлерін қолдануға бағытталған ұсыныстар


Құрамында крахмалл мен өсімдік майы анықталмаған «Восток продукт» өнімі және үй жағдайында дайындалған сүзбелі ірімшік болғандықтан осы өнімдерді алуды ұсынамыз.



























Қолданылған әдебиеттер:

  1. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D2%AF%D0%B7%D0%B1%D0%B5

  2. https://www.inform.kz/kz/densaulyk-suzbenin-paydasy-men-ziyany-turaly_a2856047

  3. https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/50461/

  4. https://ogorodland.ru/kulinarnye-sovety/tvorog-istoriya-proisxozhdeniya-tvoroga/

  5. http://www.novostioede.ru/article/istoriya_tvoroga/


































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!