Материалдар / Су – тіршілік көзі.

Су – тіршілік көзі.

Материал туралы қысқаша түсінік
мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Маусым 2018
246
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Айналамен таныстыру.

Сабақтың тақырыбы: Су – тіршілік көзі.Сабақтың мақсаты:
  • Су –тіршілік көзі екенін, пайдасы, маңызы, қасиеті туралы білімдерін кеңейту.
  • Тәжірибе жасау барысында бақылағыштық, дәм сезу дағдыларын жетілдіру.
  • Қоршаған ортаны қорғау, суды ластамауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап,сергіту сәті, ойын, тәжіриебелер.Көрнекі-құралдар: тақырып бойынша суреттер, тақтаға ілетін құралдар, су, сүт, қасық, бояу түрлері, стакан, айна, қант.

I аптаСабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).Жылулық шеңберінде тұрып жылы лебіз, тілек сөздерін айту.Шаттық шеңбер: (балалар шеңбер бойында тұрады)-Күніміз арайлы болсын-Ауамыз таза болсын-Аспанымыз ашық болсын-Суымыз мөлдір болсын-Ал енді балалар барлығымыз жайғасып отырайық, арқамызды тік ұстап, әдемі отырамыз. Бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, ал сендер мұқият тыңдап жұмбақты шешіңдер. Дәмі де жоқ, түсі жоқ Пайдаланбас кісі жоқ (су) Ол не? Жауабы: Су.Дұрыс балалар, әрине су.III. Жаңа сабақ.Видео «Су айналымы»Міне осылардың барлығы сумен байланысты. Балалар  ал сендер білесіңдер ме су қайдан, қалай пайда болатынынЕндеше мен сендерге толығырақ түсіндіре кетейін.Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып, өзенді құрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып, қайта оралады. Жаңбырдан аққан кішкентай сулар бірігіп, жылғалар болып, үлкен теңіз құрайды.Тақтамен жұмыс: Бұлттар жапсыру.

IY.Сергіту сәті:  Күн болып жанайық. Су болып ағайық. Терең - терең демалып, Жүгіріп, жүгіріп алайық.II аптаСабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).тәжірибе: «Су мөлдір»Балалардың алдында екі шыны ыдыс тұрады, біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдыста да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды (суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық  көрінбейді)тәжірибе: «Суда дәм жоқ» Балалар су ішіп көреді. Онда дәм бар ма?  Су дәмсіз. Енді осы алдарыңдағы суға қантты салып көріңдер. Суды былғап ішіп көріңдер. Қандай дәм пайда болды?Балалар: ТәттіАльбоммен жұмыс: Су бейнеленген суреттерді түрлі-түсті бояумен бояу. IY.Сергіту сәті.III аптаСабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).Психологиялық дайындық.Табиғат! Тіршіліксің тұнып тұрған.Сен – күнсің!Көтерілген күліп қырдан.Сен – Көлсің, Сен – Ормансың, Сен – Бұлақсың,Адамды сұлулыққа құнықтырған.тәжірибе: «Судың иісі жоқ» Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінеді. Стакандарыңа сарымсақты салыңдар. Стакандарыңдағы суды иіскеп көріңдер иісі пайда болды ма?-Жарайсыңдар, балалар! Сонымен су-түссіз, дәмсіз, иіссіз, тұрақты пішіні жоқ табиғи ресурс. «Тез жина!» ойыны. Қырқылған бұлттардың бөліктерін құрастырып жинау. Альбоммен жұмыс: Су, бұлт бейнеленген суреттерді түрлі-түсті қарындашпен бояу. IY.Сергіту сәті.IY аптаСабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).Шаттық шеңбер: Аспанымыз ашық болсын! Көк туымыз биік болсын! Деніміз сау болсын! Еліміз тыныш болсын! тәжірибе: «Су сұйық- сондықтан ағады» Балаларға стақандағы суды екінші бос стақанға төкпей-шашапай құюды ұсынамыз. Су аға ма? Неліктен? Өйткені ол сұйық. Егер ол  сұйық болмаса ақпайды.тәжірибе: «Судың түсі өзгереді» Алдарыңда бояулар тұр, сол бояудың бір түсін суға қосып көріңдер. Судың түсі өзгерді ме?-Жарайсыңдар, балалар! « Кім жылдам» ойыны. Бұлттардың суреттерін құрастырып тақтаға жапсыру.IY.Сергіту сәті: V. Бекіту. Саусақ жаттығуы: Саусақтар шынжыр болады Үзілмейді тартсаңда Ал, піл келіп шынжырды, Үзіп кетті басқанда. Тұмсығымен доп іздеп, Ойнағысы келеді Достық үшін пілге мен Гүл сыйлағым келеді. VI. Қорытынды.Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау. -Су кімдерге не үшін қажет екенін айтайықшы-Адамдарға, жануарларға, құстарға, өсімдіктерге қажет.- Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар. Бұлардың қай-қайсысы да сусыз тіршілік ете алмайды. Сондықтан «Су – тіршілік көзі» деп айтамыз.Судың иісі, дәмі, түсі бар ма?Қандай тәжірибе жасадық?Сусыз өмір сүруге бола ма?Суды күнделікті өмірде қалай пайдаланамыз?Су-түссіз, бояу қосқанда өзгеред і.Су-дәмсіз, бірақ қант қосқанда дәмі өзгереді.Судың пішіні болмайды.-Жарайсыңдар балалар! VII. Бағалау.Балаларды жеке-жеке мадақтау.























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ