Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Су-өмір көзі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«І. Жансүгіров атындағы орта мектебі »КММ.
Су – өмір көзі
(Кіріктірілген сабақ)
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі:
Байжакупова Ш.М.
2017жыл, Наурыз
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: «І. Жансүгіров атындағы орта мектебі»КММ
Мерзімі: 17/04-2017жыл
Мұғалім: Байжакупова Ш. М.
Сынып: 4
Оқушы саны: 8
Тақырыбы: Су – өмір көзі
Құндылық: Ақиқат, дұрыс әрекет
Қасиеттер: Тазалық, қамқорлық,
Сабақтың мақсаты: «Су – тіршілік көзі» түсініктерін дамыту Сабақтың міндеттері:
|
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) АКТ, Үлестірмелі материалдар, үнтаспа, күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш. |
І. Ұйымдастыру кезеңi 5 жұмыс құралын түгендеу, күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш. |
2-мин. |
ІІ. Тыныштық сәтi. « Теңізге саяхат »
|
3-мин. |
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру Су тақырыбына жазылған тыйым сөздер |
2-мин. |
ІҮ. Жаңа сабақ Мұғалім: Riddle.I make up 70 of the Earth, but only 3 of me is fresh,1 in 6 people don`t have enough of me, some claim it`s human right, and others claim it for profit. What am I? I am in human body. In ever living thing.In the air. In lakes, rivers, seas, oceans. I am pure . I am a solid.I am a gas.I am tasteless. I am odorless. Water is Life. Су – тіршілік көзі. Water is a physical need of the human body. We can live without food up to 30-40 days, but without clean drinking water we won’t survive even 3-4 days. This should come as no surprise: the body of an adult consists of around 60-70 percent of water. It is contained in all tissues, and it is essential for metabolic processes, temperature regulation, nutrients transportation via the circulatory system and waste removal. It participates in almost all physiological processes. Lack of water can cause various diseases – from headache to muscle spasms and cramps. An average daily water intake for an adult person is about 2.5 liters including the water containing in food and drinks. Of course, some liquid is contained in all kinds of food: fruit, vegetables, milk, meat and even bread. However, try to drink at least 1.5 liters of pure drinking water apart from your meals. Some people need even more water. They are pregnant women, people leading an active lifestyle, and those who eat a lot of high protein and high-fiber food. On the contrary, people leading sedentary lifestyle and eating a lot of fruit and vegetables can reduce water intake. |
Ағылшын тілі, Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ахмадиева Б.Б. Жұмбақ жасыру, шешу 5-мин |
Мұғалім: Су – тағы да бір керемет қасиетке ие. Ол судың жер бетінде үнемі тынымсыз айналыста жүретіндігі. Күн сәулесі қызуынан мұхит, теңіз, көл, өзен сулары буланып, ауа қабатына барады. Ауаның салқын қабатына көтерілгенде қоюланып, бұлт түзеді. Бұлт ауаның ағысымен қозғалысқа түседі де жауын-шашынға айналып қайтып оралады. Бірақ ұзақ уақыт тұрақтамайды қайтадан ауаға ұшып шығады, ал бір бөлігі топыраққа сіңеді. Онда өсімдік қорегіне айналып, құрлықты жасыл жамылғысына орайды. Топырақ қабатынан өткен су сүзіліп тазарады. Топырақ қабатына онша сіңбеген су бастау-бұлақ түрінде жер бетіне шығады, өзендерге құяды. Ал топырақтың терең қабатына жиналған су жер асты суы деп аталады. |
Дүниетану оқулығы 4-сынып, 40-бет Бастауыш сынып мұғалімі: Биназарова Г.О. 3-мин |
Ү. Дәйексөз. «Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат » М. Хакімжанова
|
Өзін-өзі тану оқулығы 4 сынып
2-мин |
ҮІ. Оқиғаларды әңгiмелеу (Мұғалімнің сыйы) Тұзды су (Өсиет әңгіме) Бір кездері өз ісінің шеберлері шәкірттеріне бір кәсіпті үйретіп қана қоймай, оларға өмірлік сабақтар беріп, шын мәнінде осындай өмір ұстазы бола алған ұста болған екен. Жыл сайын ұстаның шәкірттері кәсіпті үйреніп, өз істерін ашып, табысты болатын. Бір күні ұстаның достарынан біреу ұлын етіп келіп, ұстаға шәкірт етіп тастайды. Жаңа шәкірт ештеңеге көңілі толмайтын, жылаңқы біреу екен. Ағашқа жіберсең,қолдарына батқан шөгірді айтып қыңқылдайды.Бір жұмыспен қалаға шықса, қайтқанға дейін жолдың қандай жаман болғанын, күннің қандай ыстық болғанын, алушының қандай қырсық болғанын айтып, тағдырына зарлап қайтатын. Ұста қанша шағымданба десе де, шәкірт осы бір әдетін тастамайтын. Содан бір күні ұста шәкіртті тұз алуға жібереді. Бір уыс тұзды бір кесе суға салып жіберіп, « осы суды іш» дейді ұста. Шәкірт тұзды суды ұрттап, іше алмай түкіріп жібереді. Ұста«су қандай екен?» деп сұрайды шәкіртінен. Шәкірт «өте тұзды!» дейді. Мұны естіген ұста «тұзды ал да, менімен жүр» дейді. Шәкірт тұзды алып, ұстаның артынан барады. Көлдің жағалауына келіп, ұста бір уыс тұзды алып төгеді. Бұл жолы да шәкіртіне «көлдің суын ұртта да маған дәмі қандай болғанын айт» дейді ұста. Шәкірт көлдің суынан ішіп, «өте дәмді» дейді. Ұста «тұздың дәмін сездің бе?» деп сұраса, шәкірті түк сезбегенін айтады. Сол кезде ұста шәкіртіне қарап былай дейді: Өмірдегі жайсыз жағдайлардың барлығы бір уыс тұз секілді. Егер сен бір кеседей ғана су болсаң, су ішкендегідей барлық ащылықты татып, өміріңе кері әсер етесің. Егер де мейірімің мен көңілің көлдей кең болса, өміріңде кездесетін жайсыздықтардың ешбірі, бір уыс тұздың бір көлге әсер етпегеніндей, өміріңе ащылығын сездірмейді деген екен. |
Өзін-өзі тану.kz журалы. №2,2017жыл. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Байжакупова Ш. М. 5-мин |
ҮІІ. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. Тапсырмалар: І-топ: Судың қандай қасиетін байқап, білдіңдер? «Су ... . » сөзіне жауаптарыңды жалғастырып жазыңдар ІІ-топ: «Адам өзінің бойына судың қандай қасиеттерін сіңіріп, үйрене алады деп ойлайсыңдар?» «Судың ластануы » бейнеролик |
7-мин 5-мин. |
ІХ. Қорытынды. -Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын, адамға қорек, нәр беретін байлық көзінің бірі – су. Су – біздің өміріміздің көзі. Өйткені су жоқ жерде тіршілік жоқ. Суды халқымыз ерекше қадір тұтқан. Олар адамның жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлаған береке бастауы деп қараған. Бірақ бүгінгі таңда қоршаған ортаның ластанғаны, соның ішінде судың таза болмауы адамдардың тигізіп отырған зиянының салдары.Таза су ішпеген, таза суға шомылмаған халық науқастанады. Бұл тек ауа, су, тамақтың ластануынан ғана болып жатқан жоқ. Ауру ішкі ойымыздың, сөзіміздің, ісіміздің ластануынан басталады. Осы ішкі ластану сырттай көрініс табады. Нағыз сыртқы өзгеріс ішкі өзгерістен соң пайда болады. Сондықтан тек суды ғана емес, айналамызды, қоршаған ортаны таза ұстау, денсаулығымызды сақтау өз қолымызда екенін ұмытпайық! |
3-мин |
ХІ. Үй тапсырмасы. Оқушылардың сабақтан түйген ойларын пысықтау үшін тапсырма беріледі.
Бір күнде неше рет ағызатынын есептеу, оны үнемдей білу. Суды қайда, не үшін пайдаланғандықтарыңды ойланып, судың адам өміріне аса қажеттілігі жайлы түйген ойларын дәптерге жазу. |
2-мин |
ХІІ. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз. Бәріңізге үлкен рахмет!!! |
3-мин |
ХІІІ. Рефлексия. |
3-мин. |
«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған
Дүниетану және ағылшын сабағының жоспары
Мектеп: «І. Жансүгіров атындағы орта мектебі»КММ
Мерзімі: 17/04-2017жыл
Мұғалім: Байжакупова Ш. М.
Сынып: 4
Оқушы саны: 8
Тақырыбы: Су – өмір көзі
Құндылық: Ақиқат, дұрыс әрекет
Қасиеттер: Тазалық, қамқорлық,
Сабақтың мақсаты: «Су – тіршілік көзі» түсініктерін дамыту Сабақтың міндеттері:
|
Ресурстар:(материалдар, көздері) АКТ, Үлестірмелі материалдар, үнтаспа, күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш. |
Сабақтың барысы: Сыртқы интеграция (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану) |
Ескерту
|
Ішкі нтеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау)
1.Үй тапсырмасын тексеру Су тақырыбына жазылған тыйым сөздерді оқып, мәнін ашу. Суға түкірме. Суды бекер ағызба. Судың бетін ашық қалдырма. Түнде су алуға барма. Суды лайлама. Бұлақты былғама. Ағынды суға кір жума. 2.Оқиғаларды әңгiмелеу Тұзды су (Өсиет әңгіме) Оқиғаларды әңгiмелеу арқылы оқушыларға адамның көңілі бір кеседей ғана су болса, су ішкендегідей барлық ащылықты татып, өміріңе кері әсер ететінін, ал егер де мейірімің мен көңілің көлдей кең болса, өмірде кездесетін жайсыздықтардың ешбірі, бір уыс тұздың бір көлге әсер етпегеніндей, өміріңе ащылығын сездірмейтіні жайлы айту. 3. Шығармашылық іс-әрекет «Адам өзінің бойына судың қандай қасиеттерін сіңіріп, үйрене алады деп ойлайсыңдар?» сұрағын қою арқылы судың ерігіштік қасиеті сияқты сезімін таза, мөлдір, өкпе-ренішті бойында сақтамай ерітіп, өз ойларын топырақ сияқты сүзгіден өткізіп, тазарып отыру керектігі жайлы түсіндіріледі. 4.Үй тапсырмасы Оқушылардың сабақтан түйген ойларын пысықтау үшін тапсырма беріледі.
Бір күнде неше рет ағызатынын есептеу, үнемдей білу. Суды қайда, не үшін пайдаланғандықтарыңды ойланып, судың адам өміріне аса қажеттілігі жайлы түйген ойларын дәптерге жазу. 5. Сабақтың қорытынды сәті: -Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын, адамға қорек, нәр беретін байлық көзінің бірі – су. Су – біздің өміріміздің көзі. Өйткені су жоқ жерде тіршілік жоқ. Суды халқымыз ерекше қадір тұтқан. Олар адамның жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлаған береке бастауы деп қараған. Бірақ бүгінгі таңда қоршаған ортаның ластанғаны, соның ішінде судың таза болмауы адамдардың тигізіп отырған зиянының салдары.Таза су ішпеген, таза суға шомылмаған халық науқастанады. Бұл тек ауа, су, тамақтың ластануынан ғана болып жатқан жоқ. Ауру ішкі ойымыздың, сөзіміздің, ісіміздің ластануынан басталады. Осы ішкі ластану сырттай көрініс табады. Нағыз сыртқы өзгеріс ішкі өзгерістен соң пайда болады. Сондықтан тек суды ғана емес, айналамызды, қоршаған ортаны таза ұстау, денсаулығымызды сақтау өз қолымызда екенін ұмытпайық! |
|