Шу өңірі туған өлкем!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шу өңірі туған өлкем!

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған жердің жуасы да тәтті демекті ақ иық Алатаудан бастау алатын Шу өзенінің қос қанаты ежелден-ақ жергілікті жұрттың құтты қонысы болған.. Ғылыми деректерге сүйенсек, біздің жыл санауымыздан бұрын Шу өңірінде Сақ аталған елдің бір бұтағы өмір сүрген. Бесінші ғасырдың орта тұсында Шу өңірі Түрік қағанатының құрамына кіреді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№83 мектеп-гимназия"
шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының

география пәні мұғалімі Нуралбаева Гулсим Болатхановна



Шу өңірі туған өлкем!

Туған жердің жуасы да тәтті демекті ақ иық Алатаудан бастау алатын Шу өзенінің қос қанаты ежелден-ақ жергілікті жұрттың құтты қонысы болған. Ғылыми деректерге сүйенсек, біздің жыл санауымыздан бұрын Шу өңірінде Сақ аталған елдің бір бұтағы өмір сүрген. Бесінші ғасырдың орта тұсында Шу өңірі Түрік қағанатының құрамына кіреді. Осы кезде Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Шу өңірінде де қалалық мәдениет бой көтереді. Ел мал шаруашылығымен бірге, отырықшылдық кәсіпті де игереді. Шу қырғыз және қазақ жеріндегі ана өзендердің бірі. Ұзындығы – 1186 км (Қазақстан аумағында 800 км) Қырғыз Алатауынан бастау алып, Бетпақ шөліне дейін созылып ағатын өзеннің екі жақ бетіндегі кеңістік Шу өңірі аталады.

Шу ауданы Жамбыл облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлініс. 1939 жылғы құрылған.Ауданның жалпы жер көлемі 1203030 гектар. Тұрғын саны 98000 адам. Аудан аумағындағы 36 елді мекен 18 ауылдық округке біріктірілген және Шу қаласы. Аудан орталығы Төле би ауылы, облыс орталығынан ара қашықтығы 270 шақырым.
      Шу ауданы Мойынқұм, Мерке, Қордай аудандарымен және Қырғыстан Республикасымен шектеседі.

Шу қаласының атауы Шу өзенінің құрметіне аталған, ал Шу термині қытай тілінен аударғанда "су" дегенді білдіреді. Бірақ, Еркебай Қойшыбай бұл терминнің атауы түркілік рулардың бірі: шу, шуе, шуй, чуе этнонимінен алынған деп болжаған.

Шу ауданы негізінен мал және егін, бау-бақша дақылдарын өсіруге мамандандырылған. Ауданның өндірістік-экономикалық даму қарқынының өркендеп өсуіне оның қалаға таяу орналасуы әсер етуде.

      Солтүстігінде Мойынқұмның құмды алқабы, орта бөлігінде Талас өзенінің аңғары жатыр солтүстікке қарай жазық келеді. Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық. Ауаның орташа температурасы қаңтарда 6-9 градус, шілдеде 23 – 26 градус. Жауын шашынның орташа жылдық мөлшері 150 – 300 миллиметр.

       Жері таулы-шалғынды, шалғынды-сұр, шалғынды-батпақты келеді. Онда жусан, жантақ, сораң шөп, қамыс, құрақ, бұталы өсімдіктер, тағы басқа өседі. Ақ бөкен, арқар, қоян, түлкі, қасқыр, шиебөрі, қырғауыл, тағы басқа мекендейді.

      Аудан аумағындағы жер қойнауынан құрылыс материалдары,күйдірілген кірпіш, құм өнімдері, бетон кірпіштер тағы басқа өндіріледі.

      Ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемі 639240,6 гектар, оның ішінде суармалы 27446377 гектар, тәлімі егістік 113538,27 гектар, көп жылдық екпелер 114 гектар, шабындық 1847,35 гектар жайылым 494196,91 гектар жер учаскелері.

Шу өңірі тарихи-археологиялық мұралар мен ескерткіштерге бай. Біздің заманымыздың басындағы қорғандар мен зираттар тобы, ортағасырлық Қорғаншы, Ақсутөбе, Қосқұдық, Сарғау, Тастұмсық сияқты ежелгі қалалар орны, Шатыркөл жəне Үңгірлі мыс кен орындары, төменгі Теректі жартастарындағы бейнелер, Тастұмсық, Қарауыл төбесі, Қасымбек, Қырықүй, т.б. археологиялық жəне мəдени кешендер мен ескерткіштер көптепкездеседі. Батысын Мойынқұм алқабының құмды-қырқалы төбелері, шығысын Кіндіктас сілемінің батыс бөлігі, орталық жəне солтүстік бөлігін Шу-Іле тауларының Айтау, Хантау, Аңырақай таулары, қиыр солтүстігін Жусандала үстірті даласы алып жатыр. Жер қойнауынан мыс рудалары (Шатыркөл кен орны) мен құрылыс материалдары барланған.

      

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.11.2021
753
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі