Материалдар / "Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттің беделіне нұқсан келтіретін дерт"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттің беделіне нұқсан келтіретін дерт"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп қатерлерінің бірі екендігі баршаға аян. Сондықтан да, оны болдырмау, алдын алу мақсатында елімізде көптеген іс шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Алайда, жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келеді дегенімізбен, жегіқұртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндердің қатары да уақыт өткен сайын көбейе түсуде.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2019
421
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттің беделіне нұқсан келтіретін дерт" құқықтық оқу

б а ғ д а р л а м а с ы

1 ролик "Нұр Отан партиясы жемқорлықпен күрестің жаңа тетік терін әзірлеу" туралы видео роликті тамашалаңыздар.

Мақсаты:

1. Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру;  «Жемқорлық» деген не екенін түсіндіру;
2. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту; дүниетанымдарын кеңейту;
3. Патриоттық тәрбие қалыптастыру;

Көрнекілігі: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі №267 Заңы.

Жүргізуші: Құрметті оқытушылар және студенттер бүгінгі құқықтық оқуымыздың тақырыбы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында сіздерге қысқаша түсінік беріп өтеміз.

2 ролик "Жемқорлық - ғасыр дерті"туралы видео роликті тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп қатерлерінің бірі екендігі баршаға аян. Сондықтан да, оны болдырмау, алдын алу мақсатында елімізде көптеген іс шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Алайда, жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келеді дегенімізбен, жегіқұртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндердің қатары да уақыт өткен сайын көбейе түсуде.

Баяндама: "Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттің беделіне нұқсан келтіретін дерт"

оқитын_________________________________________________________.

Біз қазіргі таңда болашағы зор,  жетістігі мол қоғамда өмір сүріп келеміз. Алайда бұл қоғамның шешімі табылмай  тұрған  бір  дерт бар  ол- сыбайлас жемқорлық.  Елiмiзде осы  дертке  арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық.

«Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді.  Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар, сондай-ақ  жеке басшылардың өз қызмет бабында жеке басының баюы болып табылады. Басқа адамдардың мүддесі үшін пайдаланғанда мемлекетті де, қоғамды да бұзатын әлеуметтік қасірет.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Өйткені, ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан да онымен күресті  тек заң қызметкерлері ғана   жүзеге асырады деп бойымызды аулақ салмай, бірлесе күресу баршамыз үшін маңызды іс болып табылады.

Елбасы   Н. Ә. Назарбаев   «Қазақстан жолы-2050:  Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру- аса маңызды міндет екендігін атап көрсеткен болатын. Бұл сыбайлас жемқорлықпен күресудің бірден бір жолы. Елбасының бүгінгі таңда алға қойып отырған міндеті мен талабы да осы. Олай болса қоғам, оның әрбір мүшесі болып жемқорлықпен күресіп, ол дерттің қоғамда әрі қарай ушықпауына  жол бермеуіміз керек.

Елімізде жемқорлық дертіне  қарсы күрес шаралары күшейтіліп келе жатқандығын да  айта кету керек.  Соның ішінде  ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы Заңдар  және «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген болатын. Қызмет құзыреті бойынша Тәртіптік кеңесі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі талаптарының сақталуын қадағалап,  аталған заңнама мен кодекс талаптарының бұзылуына жол берген қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарау белгіленген.  Сонымен қатар сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарламаларда жүзеге асырылып келеді. Бірақ,  бұл тек іс қағаз жөнінде қалмай, күнделікті қолданысқа айналдыруымыз керек.

Тәуелсіз еліміздің экономикасының дамуына кедергі келтіретін,  қоғам дертіне айналған мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Қоғамдағы осы  дертпен бірлесе күрессек, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстардың санын азайтып, экономикамыздың бұдан да әрі көркейе берері сөзсіз. Астана қаласының Әділет Департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі осы дерке қарсы күресуде. Яғни,  атап айтқанда бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жою туралы шараларды жүзеге асыруда. Барлық бөлім қызметкерлеріне ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талаптарын бұзған жағдай да, қатаң жауапкершіліктер көзделетіндігі туралы ескерілді.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ.

2 ролик "Жемқорлық"

Жүргізуші: 1998 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы қабылданып, онда сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік орган басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілді. Аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тосқауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі. Осындай келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы. Өйткені, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімділік жетіспейді. Сол себепті де мұндай ауыр кеселді тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен жеңе алмаймыз. Жемқорлықпен күресуді бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады.

Жүргізуші: №3 ролик "Жемқорлыққа жол жоқ" туралы тағы бір видео ролигімізді тамашалаңыздар.

Баяндама: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әр азаматтың міндеті»

оқитын_______________________________________________.

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.

Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа Жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық мүшелеріне, сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті.

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтармен айналысуының негізгі себептері мыналар болып табылады:

1.Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық білім дәрежесінің төмен болуы;

2.Құқық бұзушылыққа немқұрайды қарайтын, қызметтік тәртібі төмен кейбір мемлекеттік органдар;

3.Кейбір мемлекеттік қызметшілердің мемлекет мүддесін емес, өзінің жеке басының жайын күйттеуі;

4.Кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы заң талаптарын орындау жөніндегі жұмысының мардымсыздығы;

Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің үддесінен шығатынымыз сөзсіз. Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз.

Жүргізуші: Колледжімізде де сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу мақсатында бір қатар іс-шаралар атқарылып жатыр. Солардың ішінде 1-2 курс топтардың арасында "Біз коррупцияға қарсымыз" тақырыбында суреттер конкурсы, 3-4 курс топтары арасында "Жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында үнпарақтар конкурсы болып өтті және колледжде "Сыбайластыққа жол жоқ", "Сыбаластық - қоғамның жегі құрты" тақырыбында қабырға стенділері әзірлеп ілінді.



4 ролик "Жемқорлыққа жол жоқ" туралы тағы бір видео ролигімізді тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Біздің міндет – халыққа қызмет!»деп белгілеп берген ұран негізінде: «Халықтың сенімін ақтау үшін -  мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін жоғарлатуға, олардың қызметін азаматтардың мүдделері үшін қанағаттандыруға, мемлекеттік қызмет сапасын жақсартып, мемлекеттік қызметшілерге этикалық және тәртіптік мінез-құлық қалыптастыруға бар күш-жігерімізді салуымыз қажет» дегенді жиі айтады. Айта кету керек, қазіргі таңда облысымыздағы 567 мемлекеттік органдар қызмет атқаруда, оның ішінде, жергілікті атқарушы органдар – 403, аумақтық мемлекеттік органдар – 147 және өкілді органдар – 17.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Республикамызда мемлекеттік қызметшілер саны – 98 мыңға жуық, яғни халық санын бір мемлекеттік қызметшіге шаққанда 171 адамға келеді екен. Ал, тиісінше Оңтүстік Қазақстан облысында халық санының көптігіне байланысты, бір мемлекеттік қызметші 360 адамға қызмет жасайды екен.

Сұрақтар:

1. Мұғалімге мерекелерде гүл шоқтарын сыйлау жемқорлыққа жатады ма?
2. Емделіп болған науқас дәрігерге өзінің алғысын белгілі - бір сыйлықты (гүл, сағат,портрет.....) сыйласа жемқорлыққа жатады ма?
3. Жоғарғы оқу орындарында білім алушылар, емтихан уақытында оқытушыларына үстел жасағаны , жемқорлыққа жатады ма?

Қорытындылай келе халқымызда «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» деген қанатты сөз бар. Сондықтан да, құлқынның қамын ойлаған кейбіреулердің теріс әрекеті бүкіл ұжымға кері әсерін тигізбеуі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесе ымырасыз күрескеніміз дұрыс.









































"Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттің беделіне нұқсан келтіретін дерт" тақырыбындағы құқықтық оқудың

х а т т а м а №

09.01.2019 ж.

Күн тәртібі:

  1. "Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттің беделіне нұқсан келтіретін дерт" туралы.

  2. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әр азаматтың міндеті" туралы.

Мақтарал аграрлық колледжінің құқық пәнінің оқытушысы Г.Ауелбекова құқықтық оқу тақырыбын ашып, сөз кезегін ___________________________________________________________ке берді.

________________: Біз қазіргі таңда болашағы зор,  жетістігі мол қоғамда өмір сүріп келеміз. Алайда бұл қоғамның шешімі табылмай  тұрған  бір  дерт бар  ол- сыбайлас жемқорлық.  Елiмiзде осы  дертке  арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық.

«Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді.  Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар, сондай-ақ  жеке басшылардың өз қызмет бабында жеке басының баюы болып табылады. Басқа адамдардың мүддесі үшін пайдаланғанда мемлекетті де, қоғамды да бұзатын әлеуметтік қасірет.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Өйткені, ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан да онымен күресті  тек заң қызметкерлері ғана   жүзеге асырады деп бойымызды аулақ салмай, бірлесе күресу баршамыз үшін маңызды іс болып табылады.

Елбасы   Н. Ә. Назарбаев   «Қазақстан жолы-2050:  Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру- аса маңызды міндет екендігін атап көрсеткен болатын. Бұл сыбайлас жемқорлықпен күресудің бірден бір жолы. Елбасының бүгінгі таңда алға қойып отырған міндеті мен талабы да осы. Олай болса қоғам, оның әрбір мүшесі болып жемқорлықпен күресіп, ол дерттің қоғамда әрі қарай ушықпауына  жол бермеуіміз керек.

________________: Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.

Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа Жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық мүшелеріне, сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті.

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтармен айналысуының негізгі себептері мыналар болып табылады:

1.Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық білім дәрежесінің төмен болуы;

2.Құқық бұзушылыққа немқұрайды қарайтын, қызметтік тәртібі төмен кейбір мемлекеттік органдар;

3.Кейбір мемлекеттік қызметшілердің мемлекет мүддесін емес, өзінің жеке басының жайын күйттеуі;

4.Кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы заң талаптарын орындау жөніндегі жұмысының мардымсыздығы;

Қаулы:

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарысы іс-қимылдардың алдын алу мақсатында колледжде қажетті шараларды жүйелі жүргізу және жандандыру.

 

Жиналыcтың төрағасы:                                                   Ауелбекова Г.

Жиналыстың хатшысы:                                                   Құлназарова Ж.















Баяндама: "Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттің беделіне нұқсан келтіретін дерт"

оқитын_________________________________________________________.

Біз қазіргі таңда болашағы зор,  жетістігі мол қоғамда өмір сүріп келеміз. Алайда бұл қоғамның шешімі табылмай  тұрған  бір  дерт бар  ол- сыбайлас жемқорлық.  Елiмiзде осы  дертке  арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық.

«Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді.  Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар, сондай-ақ  жеке басшылардың өз қызмет бабында жеке басының баюы болып табылады. Басқа адамдардың мүддесі үшін пайдаланғанда мемлекетті де, қоғамды да бұзатын әлеуметтік қасірет.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Өйткені, ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан да онымен күресті  тек заң қызметкерлері ғана   жүзеге асырады деп бойымызды аулақ салмай, бірлесе күресу баршамыз үшін маңызды іс болып табылады.

Елбасы   Н. Ә. Назарбаев   «Қазақстан жолы-2050:  Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру- аса маңызды міндет екендігін атап көрсеткен болатын. Бұл сыбайлас жемқорлықпен күресудің бірден бір жолы. Елбасының бүгінгі таңда алға қойып отырған міндеті мен талабы да осы. Олай болса қоғам, оның әрбір мүшесі болып жемқорлықпен күресіп, ол дерттің қоғамда әрі қарай ушықпауына  жол бермеуіміз керек.

Елімізде жемқорлық дертіне  қарсы күрес шаралары күшейтіліп келе жатқандығын да  айта кету керек.  Соның ішінде  ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы Заңдар  және «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген болатын. Қызмет құзыреті бойынша Тәртіптік кеңесі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі талаптарының сақталуын қадағалап,  аталған заңнама мен кодекс талаптарының бұзылуына жол берген қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарау белгіленген.  Сонымен қатар сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарламаларда жүзеге асырылып келеді. Бірақ,  бұл тек іс қағаз жөнінде қалмай, күнделікті қолданысқа айналдыруымыз керек.

Тәуелсіз еліміздің экономикасының дамуына кедергі келтіретін,  қоғам дертіне айналған мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Қоғамдағы осы  дертпен бірлесе күрессек, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстардың санын азайтып, экономикамыздың бұдан да әрі көркейе берері сөзсіз. Астана қаласының Әділет Департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі осы дерке қарсы күресуде. Яғни,  атап айтқанда бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жою туралы шараларды жүзеге асыруда. Барлық бөлім қызметкерлеріне ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талаптарын бұзған жағдай да, қатаң жауапкершіліктер көзделетіндігі туралы ескерілді.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ.





































Баяндама: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әр азаматтың міндеті»

оқитын_______________________________________________.

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.

Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа Жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық мүшелеріне, сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті.

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтармен айналысуының негізгі себептері мыналар болып табылады:

1.Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық білім дәрежесінің төмен болуы;

2.Құқық бұзушылыққа немқұрайды қарайтын, қызметтік тәртібі төмен кейбір мемлекеттік органдар;

3.Кейбір мемлекеттік қызметшілердің мемлекет мүддесін емес, өзінің жеке басының жайын күйттеуі;

4.Кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы заң талаптарын орындау жөніндегі жұмысының мардымсыздығы;

Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің үддесінен шығатынымыз сөзсіз. Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!