Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
сыбайлас жемқорлық - өзекті мәселе
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сыбайлас жемқорлық-өзекті мәселе.
Сыбайлас жемқорлық қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр.Бұған әрине себептер өте көп.Мұны көбіміз білеміз.Бірақ күресуде өте енжарлық танытып отырмыз.Барлығын көре отырып енжарлық таныту керек секілді болып отырғанымыз да байқалады.Біздің қазіргі Қазақстанда көбісі дерлік сыбайластықты,жемқорлықты,парақорлықты,заңсыз сыйақы алуды ішкі бір жасырын, әрі болу керек норма сияқты ұстау позициясына айналдырып алған сияқты.Елімізде көптеген белсенді түрде жүргіліп отырған іс-шаралар,шығарылып отырған заңдар да аз емес,бірақ тоқтата аламай отырмыз.Әрине өмірлік тәжірибе бізге мұны ия тоқтату мүмкін емесін дәлелдеп отыр.Алайда күресуді тоқтату керек деген жоқ.Қажетінше күресу керек деп отыр.Күресті теледидар арқылы,әртүрлі видеороликтер арқылы,табличкалар,заңнамалар,ҮЕҰ-дар арқылы,журналистер,жиналыстар,конференциялар т.с.с жүргізудеміз.
Әрине бұл өз дәрежесінде жаман емес,алайда біздің ішкі бетіміздегі күрес нақты деңгейде болып отырған жоқ.Қоғамда көріп,біліп,сезіп отырғанымыздай жалған нанымдағы мақтаныш тудырарлық жағдайларға дейін әкеліп отыр.Мысалы қоғамымызда қалталы азаматтарға қызығушылық өте үлкен дәрежеде неге ? Өйткені белгілі бір дәрежеге жеткен ағаларымыз,азаматтарымыздан өз деңгейінде теріс тәрбие беріп отыр.Бала кішкентайынан мұнымен күрес болып отырғандығын білсе де, өз ортасында айтылмау керек «себебі ол сен үшін,сенің болашағын үшін» деген теріс,тәрбиелік желеумен және мұны жасырын ұстау керектігін біліп отыр.
Айта кетейік екі бірдей адам жұмысқа тұру үшін мекеме басшысына жолықса екеуі бірдей диплом көрсетседе,білім деңгейі төмен болсада пара ұсынып отырған қызметкерді жұмысқа қабылдау жағдайлары,жол ережесін бұзған азаматтар маи инспекторларына пара беру арқылы құтылып отыр,ірі көлемде жасалған қылмыстарды кодекстеріміздегі жеңілдетілген баптарға ауыстырып,қылмыстылық дәрежесін ауыстыруға да пара беріп отыр,оқуға түсуге де беріп отыр,мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес қыла отырып сыбайластықтар тағы болып отыр т.б. Мұны көрген бала,қалталы болсаң болды сотталмайсын,жұмыста да тез өсесің, керек десеңіз сол орынға барып баяғы берген ақшамды қайтарам,одан әрі байып отырам деген психологиялық масылдық ауруына ұшырайды. Үлкен ағаларымыз,азаматтарымыз да жасырын ұстау нормасына айнадырып және қоғамдық тәрбие,үйдегі тәрбие де ішкі жағынан ақсап ары қарай жалғасын тауып отыр.Осы болып жатқан қылмыстылық жайттар бұқара халықтың арасында анығырақ айтсақ жағдайы төмен отбасыларында «пара беруге жетіспеушілік» болғандықтан үлкен ыза тудыруы мүмкін.Білімді жастар білімі бола тұра білім алудан кенже қалып отырған жайттар да кездеседі,білім ордаларында пара беру жайттары да аз кездеспейді,медицина саласы да осындай жайттармен ақсаңдап отыр,ҚҚО-дарында да аз кездеспейді,барлығы көріп, біліп отыр.Тіпті қоғам зардаптарында көріп отыр.Білімсіз бітірген маманнан білімді ұрпақ өнбей отыр,халыққа сапалы медициналық көмек көрсете алмай отыр,қылмыскерлер әрі қарай қылмысын жалғастырып тіпті кейбірі кәсіпке айналдырып отыр.
Статистикалық мәліметтер бойынша жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық сипатындағы тоқсан тоғыз қылмыстық іс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 28,5 пайызға өскен. Басым бөлігін өзгенің мүлкін заңсыз иелену, қызметін асыра пайдалану, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау, пара беру сияқты әрекеттер құрап отыр.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті облыстық басқармасының айтуынша аталған 99 қылмыстың 75 (75,8%) мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен, 9 (9,9%) –ы прокуратура органдарымен, 11(11,1%) ішкі істер органдарымен және 4 (4,04%) – мемлекеттік кірістер департаментімен анықталған.
Айта кету керек, үстіміздегі жылдың өткен алты айының қорытындысы бойынша жемқорлыққа жол беріп, заңды белшесінен басқан мемлекеттік қызметшілердің қырық біріне тәртіптік жаза көрілсе, он бірі қызметіне толық сай еместігі туралы ескерту алды, ал бесеуі жылы орнын босатты.
Мұнан түйетініміз азайту әлі де керек,әлі де жетіспейді.Басты мәселе ішкі психологиялық жағымызды дұрыс тәрбиелеуіміз керек болып отыр.Рухани жағынан өз-өзімізді біртіндеп емдеуіміз керек болып отыр.Әсер ететін және мәжбүрлейтін факторларда жоқ емес әрине ,айта кетсек экономикалық ахуал,әлеуметтік отбасындағы жетіспеушілік,мамандарға тиісті деңгейде жалақының аз төленуі,т.с.с.жайттар.
2019 жылдың 20-мамырында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өтті.Осы кеңесте Мемлекет басшысы
елімізде жемқорлықтың дендеп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, бұның қоғамға қауіпті дерт екенін айтты.Сонымен қатар жыл сайын Қазақстанда орташа есеппен 2 мыңнан астам сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс тіркеледі.Мыңнан аса адам жауапқа тартылады. Бұл – батпандап кіріп, мысқалдап шығатын кесел. Осы ауруды қазір шұғыл түрде емдемесек, ертең кеш болуы мүмкін сондықтан, оның тамырына балта шауып, түбегейлі жою қажет. Бұл дертпен бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бірлесіп күресуге шақырды. Мемлекетте оған қажеттінің бәрі бар екенін атап өтті.
– Біріншіден,бізде жемқорлыққа қарсы күресте қару бола алатын мықты мемлекеттік институттар бар.Мемлекеттік аппарат жұмыс істеу тәсілін өзгертіп, жемқорлықтың жолын кесуі керек.Екіншіден, жемқорлықпен күрес халықтың табанды сұранысына ие.Әкімшілік сауалнама жүргізеді, өзім де ел аралап жүремін.Сонда байқағаным, біздің қоғам жемқорлықпен ымырасыз күресуге дайын. Үшіншіден, біздің елді дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жоспарларымыз жемқорлықты түбегейлі жойған жағдайда ғана жүзеге аспақ, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президентіміздің сара саясын
басшылыққа ала отырып,еліміздегі терең дендеген дертті халық
болып,қолға алып,келер ұрпақты бұдан сақтандырып егеменді еліміздің
болашағына даңғыл жол салып беру біздердің асыл парызымыздың бірі
ретінде іске асыруымыз
қажет.