Материалдар / Сыбайлас жемқорлықпен күрес – уақыт талабы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – уақыт талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2024
139
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БЕКІТЕМІН

Директордың тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары

_____________А. Батырханова

«Таза сессия» акциясы аясында

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес – уақыт талабы» атты

тақырыптық жиынның

б а ғ д а р л а м а с ы

Мақсаты:

Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі №267 Заңы,


Жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі біздің жиынымызға хош келдіңіздер!

Жиынымызға келген қонақтарымызбен таныс болыңыздар:__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Біздің оқу орнында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық - түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіледі. "Таза сессия"  атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясының көмегімен студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша заңнаманы бұзу фактілеріне қырағылығын арттыру мақсатында өткізіліп отырған жиынымыздың тақырыбын «Сыбайлас жемқолықпен күрес - уақыт талабы» деп алып отырмыз.

"Таза сессия" акциясының мақсаты - құқықтық сананы және студенттердің белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзу көріністеріне төзбеушілік болып табылады.


1 видео ролик

Жүргізуші: Сыбайлас жемқорлық – бұл ұйымдасқан қылмыс катализаторы, оның өмір сүру ортасының қажетті бар бөлігі: Бір-бірімен тығыз байланысқан бұл құбылыстар мемлекетке де, қоғамға да өте қауіпті әсіресе жаңа қалыптасып келе жатқан демократия жағдайында коррупция ұятқа қалдыруы мүмкін, мелекеттік қызметтегі адамдардың сеніміне тазалығына күмән туғызады, сенімсіздік оларға ғана емес, жалпы мемлекет беделіне нұқсан келеді, конституциялық құқықтар тапталады, заңдылық принциптері бұзылады, сол себепті ҚР-ның дамуы, одан әрі өсуі тежеледі.

Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп қатерлерінің бірі екендігі баршаға аян. Сондықтан да, оны болдырмау, алдын алу мақсатында елімізде көптеген іс шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Алайда, жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келеді дегенімізбен, жегіқұртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндердің қатары да уақыт өткен сайын көбейе түсуде.


Баяндама: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті»

Оқитын: Әдиханов Әділет ағай

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Жемқорлық — ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек.

«Жемқорлық — індет, жою — міндет». Сондықтан да онымен күресті тек заң қызметкерлері ғана жүзеге асырады деп бойымызды аулақ салмай, бірлесе күресу баршамыз үшін маңызды іс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу, оның алдын алу — барша қазақстандықтардың міндеті мен талабы болу керек. Олай болса Қазақстанның әрбір азаматы қоғамның жанашыры болып, жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуіміз қажет. Сонда ғана сыбайлас жемқорлықтан таза «Мәңгілік Ел» боламыз.


2 видео ролик


Жүргізуші: 1998 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы қабылданып, онда сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік орган басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілді. Аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тосқауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі. Осындай келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы. Өйткені, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімділік жетіспейді. Сол себепті де мұндай ауыр кеселді тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен жеңе алмаймыз. Жемқорлықпен күресуді бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады.


Ендігі сөз кезегін Жастар Ресурстық орталығы басшы орынбасары

Серіков Жанболат ағайға береміз.


Жүргізуші: «Әрбіріміз қазіргі уақытта да, болашақта да сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ деп айтатын болсақ, әрбір қазақстандық жемқорлықты жеңуге болатынына сенетін болса, елдегі сыбайлас жемқорлықты жеңу әбден мүмкін екеніне көзім жетті. Ең бастысы, әрбір азаматтың қазірден бастап осыған ұмтылуы маңызды.

Құрметті әріптестер мен оқушылар! Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңбұзушылық орын алып жатқанына куә болсаңыз, яғни пара ұсынылып немесе беріліп жатқанын көрсеңіз, бюджет қаржысының ұрлануы жоспарланып жатқанын білсеңіз, қызметін асыра пайдалану орын алып жатқанына куәгер болсаңыз, ондай заңсыздыққа тосқауыл қою үшін ҚР Мемлекетік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хабарласуыңызға болады»

Қорытындылай келе халқымызда «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» деген қанатты сөз бар. Сондықтан да, құлқынның қамын ойлаған кейбіреулердің теріс әрекеті бүкіл ұжымға кері әсерін тигізбеуі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесе ымырасыз күрескеніміз дұрыс.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!