"Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Сыбайлас-жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: _________


Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Модуль/пән атауы

Парасаттылық мектебі

Педагог

Тұрғара Нұрсая

Курс

1

Топ

22

91

92

93


Сабақтың типі

Тренинг-сабақ

Күні


Мақсаты, міндеттері

«Сыбайлас-жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі

«Сыбайлас-жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

Қажетті ресурстар


Жабдықтар: Компьютер, интербелсенді тақта, интернет желісі.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері



1.Ұйымдастыру кезеңі:

Студенттермен амандасу, түгелдеу, тазалықты тексеру, студенттерді мозайка арқылы екі топқа бөлу.


2.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Сыбайлас - жемқорлық деген не?

Сыбайлас - жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай - ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс - әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас - жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.

ҚР “Сыбайлас - жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас - жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “... мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай - ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай - ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.

1. Адамгершілік, әділеттілік туралы мақал-мәтелдер .

1.Адамгершілік болмай, Әділдік болмас.2.Адамның ұяты бетінде, Адамгершілігі ниетінде.3.Адамгершілікке арналған үш сауал бар: Шөлге құдық қазған бір сауап, Өзенге көпір салған бір сауап, Жолға ағаш еккен бір сауап. 4.Адалдық — ардың ісі.5.Шындық жоқ жерде сұмдық көп.6.Адамның әдемілігі шыншылдығында. 7.Ақихат сөзде алалық жоқ. 8.Әділ айтқан жеңер. 9.Әділдікке жығылмайтын адам жоқ. 10.Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады, Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады..

3.Жаңа материалды бекіту кезеңі


2. «Сұрақ-жауап» ойыны:

1. Пара беру дегеніміз не?

2. Пара мен сыйлықтың айырмашылығы қандай?

3. Сыбайлас жемқорлық дегенімізді қалай түсінесіңдер?

3. Жағдаяттар

Әр топқа ситуациялық жағдайлар беріледі, оқушылар топ ішінде талқылап, сахналайды, сұрақтарға жауап береді. Топтар бір-бірлерінің жауаптарын тыңдап, өз ойларын айтады.

4.Топтық тапсырмалар:

а) Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасады. Ерланның есіне асханада ақша майдалатқан Қайрат түседі. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып алу керектігін Маратқа айтады. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырады. Ойында арам ойы жоқ Қайратты Ерлан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етеді. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол ақшасының жоқ екендігін айтса да, соңынан бұл істің қалжың емес екендігін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере салады. Аман - есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертеді. Ерлан мен Марат егер бұл істі біреуге айтсаң, онда жақсылық болмайтындығын Қайратқа жақсылап ұғындырады.

Сұрақтар: 1. Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелген? 2. Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады? 3. Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды? 2 - топтың тапсырмасы:

б) Нұрлан 5 - сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға деген талабы жақсы. Оқыса жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата - анасының тәрбиесі баланы жолдан тайдырады. Нұрланның ата - анасы бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, кейде тіпті апталап келмей қалатын кездері де болады. Мектепте, сыныпта ата - аналарға байланысты өтетін жиындарға да келмейді. Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата - анасымен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиже шықпайды. Ата - анасы құрғақ уәде беріп құр шығарып салады. Бірер күн өткен соң жаңағы оқиға қайта қайталанады. Білім алу баланың басты міндеті екенін біле тұра оны орындауда әке - шешесі салғырттық танытады.

Сұрақтар: 1. Нұрланның ата - анасының қылығын қалай бағалайсыздар? 2. Сынып жетекшісінің орнында болсаңыз не істер едіңіз? 3. Ата - ананың бала алдындағы міндеттері қандай?

5.Сұрақ-жауап:

  1. Мұғалімге мерекелерде гүл шоқтарын сыйлау жемқорлыққа жатады ма?

  2. Емделіп болған науқас дәрігерге өзінің алғысын белгілі - бір сыйлықты ( гүл, сағат, портрет.....) сыйласа жемқорлыққа жатады ма?

  3. Жоғарғы оқу орындарында білім алушылар, емтихан уақытында оқытушыларына үстел жасаса, бағалы сыйлық әперсе, жемқорлыққа жатады ма?

6.Тренинг

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі барлық алынған білімдері бойынша, әр топқа жеке тапсырма беріледі, тапсырманы сахналау керек.

1 жағдай: Колледж оқытушысы емтиханда сізді үшінші рет құлатты. Өзінің барлық келбетімен, пара беруіңізді сұрайды. Сіздің әрекетіңіз?

2 жағдай: Сізге, қызмет жетекшісіне, заңнамаға сәйкес емес арнайы қызмет үшін ақшалай көмек ұсынады. Сіздің әрекетіңіз?

3 жағдай: Ыстық жақта демалу үшін, сізге жедел түрде шетелдік құжат қажет. Бірақ оны бір айдан кейін ала аласыз. Сіздің әрекетіңіз?


4.Сергіту сәті:

Қолтырауын әдісі

Ортаға ойынға шыққан студентке әр түрлі сөздер беріледі сол сөзді құлағында музыка ойнап тұрған екінші студентке түсіндіріп беруі керек

Керек сөздер

Ақша, пара, жемқорлық, сыбайластық, сыйлық, қылмыс, түрме, жаза тағы да басқа сөздер

5. Қорытынды:


Сыбайлас-жемқорлықты қалай жоюға болады ?


Пара бермеу және алмау.


Мақсатты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс

Жемқорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және БАҚ-на хабар беріңіздер.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.08.2024
296
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі