Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
КММ "№19 жалпы орта білім беретін мектеп"
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
Тақырыбы: "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты"
Дайындаған: Альсеитова Сымбат Бокенбаевна.
2018-2019 оқу жылы
Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты.
Мақсаты:
1. Сыбайлас жемқорлық деген не екенін, онымен күресу жолдары жөнінде негізгі түсінік қалыптастыру арқылы білімдерін толықтыру ;
2. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту; дүниетанымдарын кеңейту;
3. Патриоттық, адамгершілікке тәрбиелеу;
Түрі: Дөңгелек үстел
Әдісі: пікір алмасу, баяндау, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: бейнематериал "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында, таратпа буклеттер
Дөңгелек үстелдің барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Баяндама жасау.
3. Презентация қорғау
Тулегенова Саяжан:
Құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің дөңгелек үстеліміздің тақырыбы "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты". Осыған орай барлығымыз назарымызды экранға аударып, бейнематериалға байланысты өз ойларымызды білдірейік.
Ортаға салған пікірлеріңізге рахмет, енді сыбайлас жемқорлық дегеніміз не? Оның қағидалары және онымен қалай күресуге болады деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік. Ол үшін дөңгелек үстелімізге қатысушылардың баяндамаларын тыңдайық.
Арин Дильназ:
“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
Маратқызы Ельназ:
1998 жылғы 2 шiлдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды да, лексикалық қорымызға «сыбайлас жемқорлық» (коррупция) деген сөз тіркесі енді.
ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.
Қанат Нұрәділ:
Сыбайлас-жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларын сақтау және жүзеге асыру сыбайлас-жемқорлықпен күресте өте маңызды. Бұл қағиданың сақталуының кепілі азаматтардың өздерінің белсенділігі болып табылады, сыбайлас-жемқорлық үдерістерді бұқаралық ақпараттық құралда (одан әрі БАҚ) жариялау, бұқара өкілдерінің сот үдерістерінде болуы; өтініштерді прокуратураға, экономикалық және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттікке және басқа құқық қорғау органдарына беру. Қазіргі таңда ҚР Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас-жемқорлықпен күрес бойынша Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдердің ақпараттық мөлдірлігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару органдарының рұқсат ету және әкімшілік құзыреттерін оңтайландыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың электронды жүйесіне көшу негізінде мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау.
Ермекова Нұрай:
Сыбайлас-жемқорлық әсіресе мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Мұндай жағдайда ол биліктің монополиясын, мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдау өкілеттігін күшейтеді және шенеуніктердің қатал құқықтық есеп беруін және бақылауда болуын жою симбиозын көрсетіп-білдіреді. Практика көрсеткендей, сыбайлас-жемқорлық мемлекеттік жүйенің барлығын бұзады, мемлекеттік билік беделінің және мемлекеттік қызмет абыройның құлдырауына ықпал етеді. Сыбайлас-жемқорлық экономиканың дамуына кедергі жасайды және ұйымдастырылған қылмыстың, әсіресе экономика саласында, өсуіне ықпал жасайды. Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, болдырмау, алдын алу және өз құзыреті шеңберінде оларды жасаған адамдарды жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметі, қаржы және әскери полиция органдарымен жүзеге асырылады.
Қасымова Нұрай:
Аталмыш органдардың лауазымды
адамдары заңнама белгілеген мерзімде іс, материал, хаттама жіберген
адамға немесе органға жазбаша сыбайлас-жемқорлық қылмыс, әкімшілік
құқық бұзушылық туралы көрсетіп-білдіру жіберуге, оларды қарағанның
нәтижелері туралы хабарлауға тиіс.
Заңға сәйкес бұл органдар олардың құзырынан шығатын шаралар
қабылдауға және жауапты мемлекеттік лауазымда отырған адамдардың
жасаған сыбайлас-жемқорлық қылмысын анықтаған әр оқиға туралы құқық
статистикасы және ақпарат органдарына дереу мәліметтер жіберуге
міндетті.
Сыбайлас-жемқорлық кінәсі тағылған шенеулік қарсы іс-әрекет жасауы мүмкін, сондықтан өз заңдылығын мойындату үшін заң жағынан нық болған дұрыс.
Сонымен қатар, салық басқармасының ғимаратында, есептілік қабылдайтын Орталықта қызметкерлерге бақылау жасау үшін бейне жазбалар түсірілетін камералар және ұсыныстар мен шағымдарға арналған кітапшалар мен жәшіктер орналастырылған.
Тулегенова Саяжан:
Жемқорлыққа мыналар жата ма?
1. Мұғалімге мерекелерде гүл шоқтарын сыйлау жемқорлыққа жатады ма?
2. Жоғарғы оқу орындарында білім алушылар, емтихан уақытында оқытушыларына үстел жасаса, бағалы сыйлық әперсе, жемқорлыққа жатады ма?
Неліктен?
Сериккалиева Асем:
Жасыратыны жоқ сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды, себебі бұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда өкіметке, билікке деген сенімсіздік тудырады. Өкінішке орай, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты-бармақ басты әдет әлі де болса қалмай келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз.
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Кеңестер одағы кеңістігінде алғаш рет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдады, бұл заң жобасы арқылы жемқорлыққа қарсы күрестің негізі принциптерін анықтап, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың және оған байланысты жауапкершіліктің артылуының түрлері анықталды.
Слямгазиева Арай:
Елімізде 18 қараша 2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданғаны да баршаға мәлім.
Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу - жалпыға ортақ міндет.
Тулегенова Саяжан: келесі бейнематериалға назар аударайық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мүмкін бе?
Смагулова Еркежан:
Қазіргі заманғы әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде. Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ. Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болып келеді.
Толыбаева Адина:
Қазақстанда экономиканы жандандыру және ауқымды әлеуметтік түрлендіру жағдайында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысқан бүтіндей стратегияның қажеттілігіне анық көз жеткізілді.
Осыған байланысты 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді.
Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту, сондай-ақ Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
Шаймуратова Аяулым:
Стратегиямен белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты бағыттары мынадай:
● мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар қолдану;
● қоғамдық бақылау институттарын енгізу;
● мемлекеттік сыңайлы және жеке меншік секторларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау;
● құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;
● сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру;
● сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Ерғазиева Нұрай:
Осы бағыттар шеңберінде «сыбайлас жемқорлық» ұғымын қайта қарастыруға және жемқорлық құқықбұзушылықтар арасына нақты шек қоюға, мемлекет тіршілігіне азаматтық бақылау жүйесін құру және енгізуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ азаматтардың көпшілік ақпаратқа еркін рұқсат алуын қамтамасыз ететін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы», «Қоғамдық бақылау туралы», «Көпшілік ақпаратқа рұқсат туралы» жаңа заңдары дайындалып, қабылданатын болады.
Тулегенова Саяжан: бейнематериалға назар аудару арқылы еліміздегі сыбайлас жемқорлық қандай салаларда басым екеніне назар аударып, ой бөлісіп, бүгінгі тақырып аясында қорытынды жасасақ.