Материалдар / Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға бағытталған «Саналы ұрпақ» және «Адал ұрпақ» клубтарымен таныстыру
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға бағытталған «Саналы ұрпақ» және «Адал ұрпақ» клубтарымен таныстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Күні

27.11.2023

Класы, жетекші

7 «Б» Самалбаева Н.А

Сабақтың тақырыбы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға

бағытталған «Саналы ұрпақ» және «Адал ұрпақ» клубтарымен

таныстыру

Мақсаты

Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу    жағдайлары жайлы түсінік  қалыптастыру.

Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту

Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру


Күтілетін нәтижелер



Өз ойларын еркін жеткізе біледі

Өмірмен байланыстыра алады

Патриоттық тәрбие қалыптасады


Керекті жабдықтар


Интерактивті тақта,плакат, кітаптар, видео

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу.

Құндылықтар

«Ар-ұят» абыройын асыру

«Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы

Сөзіне берік, ісіне адал болу;

Сабақ барысы:

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе (5мин)



















Тұсаукесер

(10мин.)


1.Оқушылармен амандасу.

- Сәлематсыздар ма, оқушылар?

Бүгінгі тәрбие сағатымыз сыбайлас жемқорлық тақырыбына арналған. сыбайлас жемқорлық жергілікті проблема болудан қалып,ұлт шегінен тысқары құбылысқа айналғаны, оның қоғамды және барлық елдердің экономикасын қамтып отырғаны белгілі.

Мектебімізде Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттайтын,тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдесетін және қатысатан «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылған. Клуб сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық; мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу бағытында жұмыстарды атқаруда.

Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңынна сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу деп түсініктеме берілген.

Мұғаліммен амандасады.










«Адал ұрпақ» клубының жұмысымен танысу






Негізгі бөлім

(15мин)



«Сыбайлас жемқорлық» деген не?

Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік - “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін шыққан. Рим құқығында "corrumpire" түсінік болған, ол “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.

 Сыбайлас жемқорлықтың шығу тарихына тоқтала кетйік: жемқорлық б.з.б. IV-III-мыңжылдықтарда  Алдыңғы Азияда Шумерліктерде, Б.з..б. III-II мыңжылдықтарда Мысыр, Өзен аралығы, Үндістан, Қытай, Иудей  халықтарында пара алу түсінігі болған. Карфаген, Рим империясы, Византия, Осман империясы секілді өз заманы-ның құдіретті мемлекеттерінің ыдырап, жойылып кетуінің ең басты себептері-нің бірі осы сыбайлас жемқорлық.

Өкінішке орай, барлық әлем елдері сияқты «Сыбайлас жемқорлық» Қазақстан Республикасында  айналып өткен жоқ. Қылмыстың бұл түрінің біздің қоғамымыздың да барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Ең қауіптісі, ол білім беру, медицина сияқты ізгілікті діттеген салалардан бастап құқық қорғау органдарына дейін бой көрсетіп жүр.

2- жүргізуші. Келесі сөзді топ мүшелеріне берейік.

1 оң қанат

2 сол қанат

Бейне роликке назар аударайық! (видео ролик көрсетіледі)

Топтарға тапсырма: Осы бейне роликті көрген кезде қандай сезімде болдыңдар?

Роликтегі адамдардың әрекеті дұрыс па немесе бұрыс па?

(2 топ бірден аргумент келтіреді)

Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары:

- қоғамның бақытты болашағын тежейді;

- елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді;

- жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.

Келесі тапсырма : жағдаят шешу

Азамат Ғ.Қанатов Еуразия ұлттық университетінің 4 курс студенті. Оқу жылы аяқталуда, алда 8 пәннен мемлекеттік емтихан тапсыруы қажет.

Оның ата-анасы оқу үлгерімінің нашар екенінен хабарсыз. Баласының жоғарғы оқу орнын аяқтап, диплом алып, болашақта үлкен маман иесі болатынына сенімді, үлкен үміт күтеді. Ол емтиханнан 2 рет құлағаннан кейін, Университеттің бірнеше оқытушысының әр қайсысына 30 мың теңгеден пара береді.

1.Азамат Қанатов Ғ әрекеті дұрыс па не бұрыс па? 
2. Мұндай жағдайда оқытушылардың іс-әрекеті дұрыс па не бұрыс па ? 
3.
Қанатов Ғ. біреуге пара бергені үшін жауапқа таруға болады ма?  Иә болады. Жоқ болмайды.

(Топтар талқыға салады)




































Бейне роликпен танысады
















Ұсынылған жағдаятты шешеді

Қорытынды

(10мин.)




«Ой жалғау» 
1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)

2. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн) 
3. 
Ақырын жүріп .... (анық бас) 
4. Асыл тастан ... (өнер жастан) 
5. Тура биде... (туған жоқ)

6.Хан болсын, ханға лайық ... (Заң болсын )
7. Батыр болсын, жорық жолы... ( мақұл болсын )
1. Ұрлық түбі ... (қорлық) 
2. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ) 
3. Әдепті бала ... (арлы бала) 
4. Тәрбие ... (отбасынан басталады) 
5. Әділ істің...(арты игі)

6. Абыз болсын, абыз сайлау... ( парыз болсын)
7.  Би болсын, би түсетін... ( үй болсын

Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктерімізді пайдалануға тырысайық .

Патриоттық ән . Атамекен орындалады.










.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!