Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәденетті
тәрбиелеу
Сыбайлас жемқорлықпен күресу, қоғамда сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері қазіргі таңда
саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдерге
ортақ.
Қызымет өкілеттігін теріс пайдалану, пара алу,
пара беру, парақорлыққа делдал болу, сеніп тапсырылған бөтен
мүлікті иеленіп алу немесе сарапшының жалған қортыңдысы, сот
актісінің орындалмауы т.с.с., осындай қылмыстардың барлығы
жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы
жасалды.
Бүгінде Қазақстан Республикасында сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік мәртебе берілген,
сыбайлас жемқорлықты жою және оның көріністерін болдырмау жөнінде
қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
ауқымды науқан жүргізілуде.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
мемлекет саясатының басым бағытарының бірі болып айқындалған. Қазір
елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қолданылуда, оның
негізі «Сыбайлас жем қорлыққа қарсы күрес туралы» және «
Мемлекеттік қызымет туралы» заңдары болып табылады. Осы бағытта бір
қатар бағдарламалық құжаттар жүзеге асырылуда, мемлекеттік қызымет
істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында
міндеттерді іске асыратын арнайы уәкілетті орган құрылған, сыбайлас
жемқорлықа қарсы күрес аясында халықаралық ынтымаққастық белсенді
жүзеге асырылуда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-бұл адамдардың
сыбайлас жемқорлықты құқық бұзушылық ретінде қабылдауды білдіретін
ұғымдар, теориялар, түсініктер мен қөзқарастар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана - адамгершілік
және адамгершілікке жат қылықты, құқықтық және құқықтық емес, заңды
және заңсыздықты көрсетіп береді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың функцялары бар
олар:
-тынымдық, реттеуші,бағалаушылық,
болжамдық.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың танымдық
функциясы
- сыбайлас жемқорлықты құқық бұзушылық ретінде
танып, ол туралы білімді жинақтап, оның негізінде адами өзара
қарым- қатынастарды орнатудан тұрады.
Реттеуші функциясы. Сыбайлас жемқорлыққ қарсы
сана- қоғамда өте маңызды, қажетті бағыттар беру арқылы реттеуші
болады. Реттеу нәтижесінде адамдар сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылықтарға қарсы болады.
Бағалау функциясы өмірлік тәжірбе мен практика
негізінде, өмірдің әртүрлі жағы мен құбылыстарына жеке адамның
қатысын және көзқарасын білдіреді. Әдеп нормасы мен заңдар бағалау
обьектісіне айналады. Нақты айтқанда, бағалау функциясы адамдардың
сыбайлас жемқорлыққа қатынасын анықтап береді. Бағалау функциясының
көмегімен адамдар этикалық кодекске, құқық пен заңнамаға, құқық
қорғау органдарына, азаматтық қоғамға,атқарылатын міндеттерге,
айналасыныдағылар мен өздерінің де сыбайлас жемқорлыққа қарсы
көзқарастарын бағалайды.
Болжамдық функция әдеп пен құқықтың болашақтағы
жай күйін қоғамдығы адамдардың психологиясын көре білу
мүмкіндігінен тұрады.
Демек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдиниет,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастырудан басталады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың нәтижесінде
қоғамда бірлік, әдеп, игі адами қарым-қатынас пен ұйымшылдық
сақталады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдинет құқық пен
адамгершілікті қамтиды,оның ерекшелігі осында.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет-бұл адамның
саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу
қабілетін қалыптастыру болып табылады. Қоғамда адамгершілікпен
сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін қалыптастыру өте
маңызды.
Сыбайлас жемқорлықақа қарсы мәдениет- ол тек қана
сана емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
барысында, адамдар сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды қолдау керек.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның жоғары әдеп, құқықтық
мәдениттер негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін
білдіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды
қоғамның барлық азаматтары игеруі тиіс.
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
Заңының 9- бабында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
қалыптастыру» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілерінің
қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар
жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыретін шегінде жүзеге
асыратын қызметі»-дейді. Ол білім беру, ақпараттық және
ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылды.
Осы жерде, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін
құндылықтар жүйесі дегеніміз не? Ол қандай құндылықтар деген
сұрақтар пайда болды?
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
қалыптастыру мынаны көздейді:
-Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не? Сыбайлас
жемқорлықтың қандай түрлері бар?-деген сұрақтарға жауап
іздеу;
-адамгершілік,этикалық мәдениетті
тәрбиелеу;
-құқықтық сауаттылық;
-қоғамда адамдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы
тұруға ынталандыру;
-мүдделер қақтығысының барлық көріністеріне қарсы
болу.
Мынандай қызметтерді орындау
қажет:
-сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін
қалыптастыру;
-«сыбайлас жемқорлық» сөзінің өзін
қабылдамау,адамгершілікпен тойтарыс беру;
-құқықтық жаппай оқу арқылы құқықтық білім мен
тәрбиені қамтамасыз ету.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет-қоғамда
адамдардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге бағдарланған,
сондықтан оның нақты қызметі сыбайлас жемқорлық, адамгершілік,
заңдылық, экономикалық, экологиялық, психологиялық көріністерді
болжай білу.
Сыбайлас жемқорлықтың шығу себептерін
жойып,сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылды жандандырған
жөн.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
қалыптастыруда заңнаманың сапалы борлуы, құқық қолдану практикасы,
тиісті міндеттемелерді сақтау, азаматтардың құқықтары,
бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау өте
маңызды.
Әдептілік-құқықтық қағидаттарды білу мен ұтымды
конформистік сенімдерді үйлестіру-қоғам өміріндегі тәртіптіліктің
қуатты факторы.
Қорытындыда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейі жоғары болса,
азаматтар қоғамда сыбайлас жемқорлықтың тұрақсыз екенін сезінетін
дәрежеде болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің
міндеті-сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы тұра білу қабілетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылықтарға қарсы болу,оларды жария түрде жоққа шығару болып
табылады.
«Аққала жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
БАЯНДАМА
ТАҚЫРЫБЫ:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәденетті
тәрбиелеу
ОРЫНДАҒАН: Г.КАЗЫБАЕВА