Материалдар / "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттердің көз қарасы" (дөңгелек үстел)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттердің көз қарасы" (дөңгелек үстел)

Материал туралы қысқаша түсінік
1.Сыбайлас жемқорлық туралы оқушыларға толықтай түсініктеме беру. Пікір талас ұйымдастыру.Оқушылардың ой пікірлерін ортаға салып талқылау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Ақпан 2021
560
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жоспар:

1.Сыбайлас жемқорлық туралы оқушыларға толықтай түсініктеме беру. Пікір талас ұйымдастыру.Оқушылардың ой пікірлерін ортаға салып талқылау.

2.Дөңгелек үстелге әр топқа тақырып тастау арқылы олардың өзара талқылап,содан кейін қысқада нұсқа өз пікірлерін айту.

3. Аталмыш мәселе қоғамда қалай орын алуда? Яғни антикоррупция өз жұмысын қаншалықты атқаруда? Осы мәселеге байланысты қандай іс шаралар орындалуда? /оқушылар пікірі/

4.Сыбайлас жемқорлық қаншалықты зиян алып келуде? Қоғамға кері әсері қандай?

/түсініктеме беру/

5.Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықпен және ол үшін жуаптылық. Заңның қолданылу аясы?

6.Қортынды сөз.

1-слайд. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  студенттердің көзқарасы» тақырыбында жалпы 3 курс 32 топ студенттері  арасында  дөңгелек  үстел өткізілді.



Осы  өткізілген  дөңгелек  үстелдің  мақсатына  тоқтала  келе, жемқорлыққа қарсы  күресу  үшін өсіп  келе  жатқан  жас  ұрпақтың, халықтың идеологиясын, ойлауын өзгерту керектігін  айтып  өту.

Құрметті студенттер! Ең алдымен бүгінгі Сыбайлас жемкорлық туралы тақырыбымызды не себепті дөңгелек үстел ретінде өткізіп отырғанымыз туралы сипаттама беріп өтейік.

2- слайд. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай Қазіргі заман бой жарыстыратын заман емес Ой жарыстыратын заман. Ия,дәл солай екенін барлықтарыңыз білесіздер. Сол себепті сіздер өз араларыңызда ой пікір алмасу арқылы,ойларыңызды ашық,нақты айтып ортаға салу арқылы білімдеріңізді шыңдау болып табылады.



  1. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

3-слайд. Сұрақ: Сыбайлас жемқорлық дегенді қалай түсінесіздер?


Сыбайлас жемқорлық – бұл әлеуметтік зиян, оны осы күнге дейін ешқандай мемлекет жеңіп көрген емес. Өз пайдасы үшін мүмкіндіктерін пайдаланып қоғамға залалын келтіру, әлеуметтік қарым – қатынастын боларлықтай тазалық жағдайын жасау арқылы ғана сыбайлас жемқорлықты шектеуге болады.Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың, лауазымдық дәрежелерін қолдана отырып және де лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар.
Сыбайлас жемқорлық ежелгі кездерден – ақ белгілі. Бұл туралы мәліметтер ежелгі мәдениетте, яғни мемлекетті басқару туралы өнер шығармаларында, Мысыр, Үндістан, Қытай, Грекция, Иудей діни және құқықтық әдебиеттерінде кездеседі.
Ел басы президентіміз Н.Ә.Назарбаев мемлекеттік қызметтің ішіндегі ең негізгісі сыбайлас жемқорлықпен күрес деп жариялап,мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында осы әлеуметтік зиянмен күресуге жаңа тапсырмалар енгізді.Кеңестік мемлекеттердің ішінде Қазақстан ең бірінші болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң қабылдады да халықаралық конвенцияларға қосылды.

















5-слайд. Сыбайлас жемқорлықтың екі түрі:

1.Мемлекеттік немесе қоғамдық мүліктерді жемқорлық жолмен ұрлау; 2.Мемлекеттік қызметтердің әрекетінде ұрлық белгілері байқалмаса да,олардың қандай да бір артықшылықтарды заңсыз жолмен алу мақсатымен өз қызметтік жағдайын теріс пайдалану;

Сыбайлас жемқорлық не екенін түсініп білдіңіздер. Енді сіздерге тағы сұрақ: Сыбайлас жемқорлық К.Р-да қай жылы заңда қабылданды?

1998 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы қабылданып, онда сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілді. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тоқсауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі. 



Заңның ең басты құндылығы, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптен сақтауға, сондай-ақ жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, тыю және ашу жолында мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.  

7-слайд. Дөңгелек үстелге тақырып тастау. Талқылау. 10минут



І. Сыбайлас жемқорлық достары... (Жемқорлық сияқты қоғамның басқада маселелері)

ІІ.Егер мен басшы болсам....

ІІІ. Сыбайлас жемқорлықтың зияны. (ой қозғау)

















8-слайд. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың  пайда  болуымен күресудің  бірнеше әдістері ұсынылды:

  • Заңды  қатайтып  және  оның орындалуын  қатаң  қадағалау, сол  арқылы  жазалау  қаупін күшейту.

  • Лауазымды  адамдарға  ережелер  мен  заңдарды  бұзбай  өздерінің  кірістерін көбейтуге  мүмкіндік беретін  экономикалық  механизмдерді  туғызу.

  • Нарық пен  бәсекелестіктің  рөлін  күшейту, сол  арқылы  сыбайлас  жемқорлықтан  түсетін  ықтимал  пайданың  көлемін азайту!

 

9-слайд. Ал, парақорлардың  санын  қысқарту  үшін:

  • Ар-намыс  кодексі  талаптарының  орындалуын  қадағалау.

  • Тәртіптік  комиссияның  орындалуын  қадағалау.

  • Қоғамдық  кеңестің,  және  т.б орындалуын  қадағалау.

Сыбайлас жемқорлық қазіргі өміріміздегі қауіпті құбылыс болғандықтан, ол қоғамның демократиялық негіздеріне қатер туғызып, заң мен әділеттілікке деген сенімді жоятын құбылыс екені, елімізде осы құбылысқа тосқауыл болатын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның қабылдануы құқықтық тәртіптің нығаюына үлкен жол бастайтындығы айтылды.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу туралы, жемқорлық көріністерінің алдын-алу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу керек.

«Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп - қатерлерінің бірі болып табылады. Сондықтанда оны болдырмау, алдын-алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Алайда, жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келеді дегенімізбен, жегі құртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндердің қатары да уақыт өткен сайын көбейе түсуде.

Осындай келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жүргізу тек сот,құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы. Мемлекеттік органдарда жұмыс жасайтындардың өзгенің тағдырына, жұмысына деген немқұрайдылығы, тоңмойын шенеуініктердің тойымсыздығы, қарапайым анықтама алуы үшін шеті мен шегі жоқ кезек көптеген азаматтар мемлекеттік қызметкерлерді пара алуға өздері арандатады. Өйткені халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімділік жетіспейді. Сол себепті де мұндай ауыр кеселді тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен жеңе алмаймыз. Жемқорлықпен күресуді бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады. 
Құқық қорғау органында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкер, жемқорлықпен күрес жүргізуші органға басқа құқық қорғау органына қатысты жемқорлық қылмыс туралы жалған ақпарат беретін болса, құқық қорғау органының қызметкері тәртіп бойынша қызметінен босатылады немесе жемқорлықпен күрес жүргізетін органның ұсынуы бойынша сәйкес функцияларды орындаудан босату жолымен жауапқа тартылады.

17-слайд. Шариғат бойынша пара алу және беру ең үлкен күнә болып саналады. Ол туралы құранда да расталған.

18-слайд. Сонымен   сөзімзді  қорытындылай  келе  студенттерге  жоғарғы деңгейде  білім мен  тәрбие  беріп, жоғары  кәсіби  білімі  бар, бәсекеге  қабілетті  мамандардың  жан-жақты  даму керектігі туралы №8 Мойынқұм колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Еркебаева Ф. апайға береміз.
Жиынға қатысушылар сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір азаматтың борышы. Егемен еліміздің тұрақтылығын,бейбіт қалпын сақтау барша жұрттың қолында. Көк туымыздың желбіреуі еліміздегі тұрақтылыққа,тыныштыққа,ынтымаққа тікелей байланысты .
Сыбайлас жемқорлықпен етене күресуге баршаңызды шақырамыз.
















Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

«№8 Мойынқұм колледжі»мемлекеттік коммуналдық

қазыналық кәсіпорыны





Ашық тәрбие сағаты.

Тақырыбы:


Shape1

(дөңгелек үстел)







Өткізген: Тушумова Л.Т.









Мойынқұм ауылы.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!